Инфоурок Всеобщая история Научные работыДоклад "Қазақстан ескерткіштерін зерттеу"

Доклад "Қазақстан ескерткіштерін зерттеу"

Скачать материал

 Қазақстан тарихы. Тарих (араб сөзі-«зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме») адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өскен өлкенді, еліңді оқып – уйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы азаматтық даму тұрғысынан қарастырамыз. Адамзат тарихы бірнеше қоғамдық құрылыс сатысынан өткен: Алғашқы қауымдық құрылыс, Құл иеленушілік құрылыс, Феодалдық құрылыс, Капиталистік құрылыс, Социалистік құрылыс. Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп - өнуін алғашқы қауымдық құрылыстағы ру – тайпалардан бостандығын ешбір жоққа шығаруға болмайды. Археологиялық деректер негізгінде дәуірлерді  сипаттайтын  мәдениеттер  арқылы  өзіндік  мерзімдер  жасалған. Осы мерзімдеу  бойынша  адамзат  тарихы  тас, қола,  темір  және  орта  ғасыр дәуірлеріне  бөлінеді. Ол еңбек  құралдарының мен оны  жасаудың  дамуымен  дәйектеледі.

Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет. Археологиялық зерттеулер дегеніміз не? Ол қандай ғылым? Археология гректің екі сөзінен құралған, archailos-ескі, logos-ғылым, яғни көне ғылым. Археология- тарих ғылымының көне дәуірлерін, оның ескерткіштерін зерттейтін басты бір саласы. Ол қандай ескерткіштер: алғашқы адамдардың тастан құрал-сайман жасайтын жерлері немесе олар тұрған үңгірлер, қоныстар, зираттар, орта ғасыр дәуіріндегі қыстақ-кенттер, қалалар, қорғандар, қыстаулар, т.б. Адамдардың тіршілік әрекетінен қалған қалдықтарды археологиялық ескерткіштер деп атайды. Оларды зерттейтін ғалымдарды археологтар, қазақша айтсақ, көне дәуірдің мамандары дейді. Тарихшылар сол археологиялық деректерді пайдаланып, жерімізде өмір сүрген алғашқы қауымның өмір тіршілігінің тарихын жазады. Адамзаттың даму эволюциясын зерттейтін ғылым- антропология деп аталады.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда планетамызда адамдық ғұмыр б.д.б. 2,5 – 1 млн. жылдар арасында басталған. Оның басты дәлелі сол алғашқы адамдардың тастан жасаған құралдарының табылуы. Археолог ғалымдар осы тастан жасалған құралдарды зерттеп, ежелгі адамдардың тас дәуірін басынан өткізгендіктерін дәлелдеген. Ежелгі адамдардың сүйек қалдықтары Африканың оңтүстік шығысынан, Қытай, Индонезия, жерлерінен табылған. Сондықтанда бұл жерлер алғашқы адамдардың пайда болған Отаны болып табылады. Әзірше біздің жерімізден алғашқы адамдардың қаңқалары табылған жоқ. Бірақ та бұған қарап жерімізде алғашқы адамдар өмір сүрмеді деген ой тумауы керек Өйткені, археолог Х.Алпысбаевтың зерттеуіне қарағанда, жеріміздің оңтүстік аймағында ежелгі адамдардың өмір сүргендігі дәлелденіп отыр. Ғалымның Бөріқазған, Тәңірқазған жерлерінен тапқан тас құралдарының жасалған кезі б.д.б. 800-700 мың жылдар шамасын көрсетеді.

            Жерімізде тас дәуірінің ескерткіштерінің арнайы зерттеле бастауы 1946-жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылып, оның жанында зор әсерін тигізген. Осы институттың ғылыми қызметкерлері Х. Алпысбаев 1959-1960 жылдар арасында, Қаратау археологиялық экспедициясының бөлімшесін басқарып, ежелгі адамдардың ескерткіштерін тауып, тарихи маңызды жаңалықтар ашқан. Ол өзінің атақты «Оңтүстік Қазақстанның ежелгі тас дәуірі 1979» атты ғылыми еңбегін жариялаған. Бұл еңбек бүкіл дүние жүзі тас дәуірінің мамандарына қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың өмірі жайында үлкен пікір туғызған. Ғалымның еңбегіне тас дәуірінің маманы, атақты академик А.П. Окладников өте жоғары баға берген ХХғ. 70-80 жылдарынан бастап жеріміздің түкпір-түкпірінде тас дәуірінің зерттелу мәселесі жаппай қолға алынған. Көрсетілген мерзім ішінде А.Г.Медоев, А. Артюхов, М.Н. Клапчук, В.С. Волошин, Б.Ж. Әубекеров, А.П. Деревянко т.б. археологтар жаңа ескеркіштер ашып, ежелгі тас дәуірінің зерттелуіне өз үлестерін қосты. Ал 80-жылдардан бастап бұл дәуірдің зерттелуіне үлкен үлес қосқан археолог тас дәуірінің маманы Ж.Қ. Таймағанбетов болды. Ғалым өзіне дейінгі зерттеушілердің ғылыми пікірлерін өзінің ашқан жаңа материялдарымен салыстыра отырып, жеріміздегі ежелгі адамдар өмірінің даму мерзімдерінің жаңа хронологиялық кезеңдерін жасады.

            2. Ежелгі адамдардың даму кезеңдері.  Археология ғылымының зерттеуі бойынша ежелгі адамдар алғашқы кезде тастан құралдар жасаған. Тастан жасалынған құралдардың біртіндеп жақсаруына қарағанда, тас дәіріндегі адамдар өздерінің бастарынан ұзақ екі кезеңді өткізген.

Тас дәуірінің кезеңдері:

Палеолит (Ежелгі  тас ғасыры б.з.б. 2,6млн-12 мыңжылдық арасы)

            1. Ерте палеолит (2мнл -100-80 мыңж. б.з.д)

          2. Орта палеолит (100-80-35-40 мың ж. б)

            3. Жаңа палеолит    (40-12 мың ж .б)

            Көне тас дәуірі, 2. Жаңа тас дәуірі. Көне тас дәуірінің өзі екі кезеңнен тұрады. 1. Алғашқысы Олдувей кезеңі, мұның өзі екі кезеңге бөлінеді. 1. Олдувей б.д.б. 2,5 млн. жылмен – 800 мың жылдар арасы. Атауы Африканың Олдувей шатқалынан табылған адам сүйегіне байланысты аталған. 2. Ашелль кезеңі  б.д.б. 800 мың жыл – 140 мың жыл арасы. Бұл кезеңнің ескерткіштері Францияның Сент Ашелль жерінен табылған. Көне тас дәуірінің соңғы кезеңінде екі кезеңнен тұрады. 1. Мустье б.д.б. 140-40 мың ж. Мустьеде Францияның Мустье үңгірінен табылған тас құралдарға байланысты. 2. Көне тас дәуірінің соңғы не ақырғы кезі, бұл Ориняк, Салютра материалдарына жерімізде Ш. Уәлиханов атындағы қоныстың бірінші мәдени қабатынан және Ащысай, Қанай жерлерінен табылған.

            Көне тас дәуірінің ең алғашқы Олдувей кезеңі әзірше біздің жерімізден табылған жоқ. Ал табылған тас құралдар мерзімі жағынан дәл Олдувейге жетпегенімен, оған жақындау, Оңтүстік Қазақстанның Арыстанды өзенінің бойынан табылған тас құралдар. Олар жеріміздегі ең көне тас дәуірінің кезінде өмір сүрген адамдарының құралы болып отыр. Өзінің жасалуы жағынан тым дөрекі, ауыр тік бұрышты болып келеді. Мұндай құралдар бір нәрсені соғуға не оны кескілеуге, қыруға пайдаланған. Шамасы адамдар өздерінің көздеген мақсаттарына пайдалана білген тәрізді. Тас құралдармен бірге үлкен шақпақ тастар, дөңес жүрекшелер (өзектер-нуклеустер) бірге табылған. Ең ежелгі еңбек құралдары жеріміздің Кеңірдек елді мекенінің жанынан да табылған. Олар «клектон тұрпат тас» деп аталады. Бұлардың соғатын қыры тым үлкен болған. Олай болуы алғашқы адамдардың тіршілік жасау жолындағы бір қадам болса да алға жылжыған әрекеттерінің нәтижесі еді.

            Көне тас дәуірінің Ашелль кезеңі  б.д.б. 800-140 мың ж. шамасында ғұмыр кешкен адамдардың тас құралдары Оңтүстік Қазақстанның Бөріқазған, Тәңірқазған тұрақ жайларынан табылған. Археологтар бұл қоныстардан алынған тас құралдарды төрт топқа бөледі. Тас құралдардың түрлерінің мұндай бөлінуінің өзі тастан құрал-сайман жасаудың жақсара бастағандығын көрсетеді.

Мезолит (орта тас ғасыры) (12-7 мың ж.б.з. дейін). Мезолит кезеңі шамамен 7 мың жылға созылады. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек (20 шақты тұрақтар).

Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстар пайда болды, жебелі садақ, бімеранг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.

Аңшылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Шебер садақшы минутына 20 оқ атты. Садақ оғы 80-10 м, күрделі садақ оғы 450 м. жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды. Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты. Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте-бірте Америка материгі.

Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарды кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікке Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, орал өзендерінің бойына қоныс аударды.

Мезолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.Солтүстік Қазақстан - Мичурин, Боголюбово, Явленка, тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз.

Орталық Қазақстан - Әкімбек, Қарағанды.

3. Неолит – жаңа тас ғасыры (8-7 мың ж. б.з. дейін) орасан зор жаңалықтарға толы болды, тас өңдеу жоғары дәрежелі деңгейге жетті, балшықтан ыдыс жасау және мал шарушылығы мен егіншілік пайда болды. Жаңа тас ғасырында экономикалық өрлеу жүріп, шаруашылық қарқынды дами түсті, өндіруші шаруашылықтың пайда болуы, өнімді еңбектің көбеюі тарихта «неолиттік революция» деп аталды. Ал, отты жағуды үйрену және оны пайдалану нағыз экономикалық революцияның  басталған кезі болып табылған.

Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш  ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.

Неолит дәуірінің басты еркешелігі - өнімді еңбектің пайда болуы.

Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты, кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар (микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады.

Кен өндірудің алғышқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Солтүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің басталғандығын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді.

Неолиттік ежелгі адамдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы (Солтүстік Қазақстан) маңынан табылған қабірде өртелген мәйіттің күлі (кремация) болған. Қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерледі.

Бұл дәуір – тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылған кезең.

Қазақстан жерінде 600-ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Бұлақ бойындағы тұрақтар.

2. Өзен жағасындағы тұрақтар.

3. Көл жиегіндегі тұрақтар.

4. Үңгірдегі тұрақтар.

Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің ерекшелігі – ашық үлгідегі тұрақтар.

Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырланған жер – Атбасар ауданы (Ақмола обл.). Таралған аумағы: Есіл өзенінің аңғары – Қазақтың ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б.з.б. VII мың ж. аяғы -  VI мың ж. басы).

Келтеминар мәдениетінің (б.з.б. IV мың ж. аяғы – ІІ мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 жж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары – ІІ-VI , Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т.б. тұрақтары.

Мақанжар мәдениетінің көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр.

Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

- Арал маңы - Сексеуіл (Арал тұрақтар тобы), Ақеспе;

- Оңтүстік Қазақстан - Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ;

- Шығыс Қазақстан - Нарым, Қызылсу, Сатшықыз;

- Солтүстік Қазақстан - Қаратомар, Иман-Бұрлық, Дамсы, Ботай;

- Батыс Қазақстан - Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс;

- Орталық Қазақстан - Қосқұдық, Ырғыз. Қараторғай, Батпақ;

- Солтүстік-батыс Қазақстан - Явленка, Карлуга, Боголюбово, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді.  

Сонымен, жаңа тас дәуірінің кезі көне тас дәуіріне қарағанда, адам баласының бір қадам болса да ілгері қарай басқандаған айқын көруге болады. Ең бастысы, шаруашылықтың үш түрінің (мал егін, қолөнер) пайда болуы, оның алға қарай дамуы. Шаруашылықтың бұл түрлерінің дамуы, адам баласының өсіп-өнуіне басы артық материалдық игіліктерді өндіруіне мүмкіндіктер жасады. Ал материалдық игіліктердің өсуі адам қоғамының дамуының басты қайнар көзі.       

4. Қола дәуірі (б.д.б ІІ-І м.ж басы). Сонымен мыс-тас дәуірінің кезінде адам баласы металдан қару-жарақ жасауды үйрене бастайды. Мысты тас дәуірінің ескерткіштері Жаңа тас дәуірінің  соңғы кезіндегі ескерткіштермен аралас кездесіп отырса ал, мыс қола дәуірінің ескерткіштерінің алғашқы кезімен аралас кездесіп отырады. Олай болуы заңды. Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уакытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ. Ал, керісінше, қола дәуірі біршама жаксы зерттелген. Қола таза күйінде табиғи кездеспейді, ол екі металдың қоспасы (мыс пен қорғасын). Қоланың пайда болуы адам өміріне үлкен жаңалық әкелді, металл қорыту басталды. Бұл дамудың алғашқы прогрессивтік қадамы. Сондықтан да мысты тас дәуірі тастан, қола сияқты күрделі металға өту кезіңіндегі өтпелі дәуір. Қола мысқа қарағанда берік, қатты металл, одан жасалған қару-жарақ, құрал-сайман, әлдеқайда берік болған.

            Қола дәуірінің мәдениеттері. Қазақстан қола дәуірі кезінде өмір сүрген ру-тайпалардан қалған ескеткіштер бірнеше мәдениетке бөлінеді, ал мәдениеттер бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Сол кездегі адамдардың рухани және материалдық мәдениеттері жағынан біртіндеп даму процестеріне орай бөлінудің өзіндік мәні бар. Әр облыстардағы жерлеу әдет-ғұрыптарының жергілікті өзгешелігі болғанымен, жалпы  бірыңғай дәстүр болған. Олар ескерткіштердің сыртқы көріністерінен де және ішкі көріністерінен де толық байқалады. Ғылыми зерттеулердің көрсетуі  бойынша, Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың мәдениеті, Андрон және Беғазы-Дандыбай мәдениеті болып екіге бөлінеді. Андрон мәдениетінің өзі үш кезеңге бөлінеді. 1.Федоров, 2.Алакөл, 3. Замараев, Археолог А.М.Оразбаев Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін осы кезеңдерге бөлуге негізінен қосылғанымен, Замараев кезеңін жеке мәдениет деп қарауды құптайды. Ғалымның айтуы бойынша бұл кезеңде алдыңғы кезеңдерге ұқсамайтын өзіне тән жерлеу әдет-ғұрыптарының барлығын көрсете келіп, оны Замараев мәдениеті деп атау дұрыс дейді. Сол сияқты Шығыс Қазақстанды зерттеген ғалымдар (С. Черников, А.Г. Максимова  ) жинаған материалдарына сүйене отырып, андрон мәдениетінің материалдарының ұқсастығына қарсы болмайды. Бірақ олар Шығыс Қазақстан жерінен табылған қола дәуірінің ескерткіштерін 4 кезеңге бөледі: 1. Усть-Бөкен, (ХVІІІ-XVI ғ.ғ). 2. Қанай (ХVI-XIV ғ.ғ). 3. Кіші-Краснояр (XIV-IX ғ.ғ) және 4. Трушник (IX-VIII ғ.ғ), Орталық Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген Қ.Ақышев (1950) оны Андрон және Қарасу деп екіге бөледі. Орталық Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын жүргізген академик Ә.Х.Марғұлан қола дәуірінің соңғы кезеңінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дандыбай мәдениеті деп атауды ұйғарды. Бұл мәдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы, Саңғыру, Айбас дарасы, Дандыбай ескерткіштеріе жатқызады. Көрсетілген ескерткіштерден алынған материалдар қола дәуірінен темір дәуіріне өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дәлелдейді. Кітапта қола дәуірінің қоңыстары, егін шаруашылығына қажетті салынған тоспалар мен арық-тоғандар жайында материалдар өте көп берілген. Соңғы екі тарауы қола дәуіріндегі адамдардың діни-наным сенімдеріне және өнеріне арналған. Жалпы алып қарағанда, академик Ә.Х. Марғұланның бұл монографиялық  Орталық  Қазақстан жеріндегі қола дәуірі кезінде өмір сүрген адамдардың тұрмысынан және қоғамдық құрылысы жағынан хабар беретін тұнып тұрған шежіре деп айтуға болады.

            Қола дәуірі Қазақстанның басқа да аудандарында зерттелген Батыс Қазақстанда, Кіргелді І-ІІ молалары, Тастыбұлақ  моласынан алынған материалдарға қарағанда, Андрон мәдениетінің Федоров кезеңіне жататындығы байқалған. Андрон мәдениетінің үш кезеңге бөлінуінің себебі олардың өзіне тән ерекшеліктері бар.

         Федеров кезеңінде адамдарды жерлегенде, өртеп күл-көмірін қойған. Ал кейбір жерлерде өртемей оң жақ қырымен ұйықтап жатқан тәрізді жерлеп, бас жағына ас салынған құмыра, біз, пышақ тағы басқа құралдары мен әшекей бұйымдары бірге қойылады. Жасалған көзелердің сыртына салынған өрнектері өте әдемі. Сұр көзелердің шығыңқы келген иықшалары (выступ) болады. Ал Алакөл кезеңінде өлікті жерлегенде, жартылай өртеп қою болмаған, көзелердің сыртындағы иықшалары жойылып, көзенің жаны ернеуінен түбіне қарай күрт түседі. Ал сыртындағы өрнектер көзенің тұла бойында үш бөліктен салынған, ернеуінен мойнына дейін бір бөлек, бүйірінде екінші, түп жағында үшінші бөлік. Өрнектер  көбінесе геометриялық сызықшалар, әсіресе, үш бұрышты, мен андровый және қошқар мүйізді үлгілерде кездеседі, қола дәуірінің осы екі кезінің қыштан жасалған ыдыстарының сыртындағы ою-өрнектердің үлгілері қазақ халқының тұзкиіз, текемет, алаша, кілем, сырмақ сияқты бұйымдарының үлгі-өрнектермен ұқсастығын көруге болады.

            Қазақстан жерінже ертеде өмір сүрген ру-тайпалар мен соңғы кездегі қазақ халқының ою-өрнектеріндегі ұқсастықтардың болуын жай ғана кездейсоқ ұқсастық   деп қарауға болмайтындығы, ол ұқсастықтардың арасында белгілі бір ертеден келе жатқан байланыстың барлығында деп ұғынған дұрыс. Ұқсастықтар тек үлгі өрнектерде ғана емес діни нанымдардың қалдықтарында болғандығын да байқауға болады. Мәселен, қола дәуірінің адамдарының тәңірге, күнге, отқа табынуын олардың өлген адамдарын өртеп қою, сонымен қатар моланың екі-үш кейде одан да көп шеңбер сияқты тас қоршаулармен қоршалуы, ғалымдардың пікірі бойынша , күнге табынғандық болса, ал адамдарды өртеп қою отқа табынушылық. Мұндай діни нанымдар қазақ халқында осы күнге дейін кездеседі. Қазақта келін түскенде отқа өлі-тірі риза болсын деп май тамызу, өлген адамның жатқан жеріне шығарып салған соң үш күнге дейін шырақ жағу сияқты діни әдет-ғұрыптар. Күнге табынудың бір көрінісі көктемде алғаш рет күн күркірегенде, әйелдер қолдарына шөміш пен қысқышты ұстап алып, бір-біріне ұрыстырып үйді айнала "от көп, көмір аз от көп, көмір аз" деп жүгіруі, Ш.Уалихановтың жазуы бойынша, күннің күркірегенінен қорыққандық емес, жақсы тілек, мал басының аман болуы, сүттің мол болуын тілегендік. Мұндай әдеттің орындалуы Жетісу жерінде XXғ. 50-жылдарға дейін орын алып келген. Әдет-ғұрыптардың сонау ерте кезден бүгінгі таңдағы қазақ  халқының арасында этникалық байланыстың барлығына күмәндану мүмкін емес. Археологиялық зерттеулерден қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрып, салт-санасынан бүгінгі күнге дейін жеткен әдет-ғұрыптарды көптеп келтіруге болады.

          Замараев кезеңі қола дәуірінің соңғы кезеңі. Ғалымдар темір дәуірінде өтетін өтпелі кезең деп те атайды. Оның өзіне тән ерекшеліктері: 1) адамды өртемей шалқасынан жатқызып жерлеуі. 2) Замараев кезеңінде құмыралардың жасалуы сапасы жағынан және сыртына салынған өрнектерінің әдемілігі жағынан нашарлай бастайды. Ал діни нанымдар сол алдыңғы кезеңдердегідей сақталады. Ғылыми пікірлерге қарағанда, жоғарыда көрсетілген кезеңдерде өмір сүрген рулар бірінің орнын екіншісі басып, екіншісінің орнын үшіншісі басып дамып отырған. Оны қазба жұмысы кезіндегі алынған материалдардан толық байқауға болады.  Қазақстанға қола дәуірінің кезінде басқа жатқан, әсіресе, Сібір жақтан адамдар ауысып келді деген пікірлер орынсыз айтылған.

         Қола дәуірі Қазақстанның шығыс, оңтүстік және Жетісу жерлерінде де біршама тексерілген . Шығыс Қазақстанда қола дәуірінің алғашқы кезеңі  Қанай, Сарыкөл, Жаңажұрт, Қойтас ескерткіштермен белгілі болса, ал соңғы кезі Ертіс өзенінің сол жағалауына орналасқан Трушников селосының жанындағы ескерткіштерден белгілі. Жоғарыда аталған ескерткіштерден алынған материалдар өздерінің кейбір жергілікті өзгешеліктері болмаса, басты жерлеу салты мен материалдық жағынан Қазақстанның Орталық және Солтүстік аудандарындағы қола дәуіріне ұқсас. Шығыс Қазақстандағы өлген адамдар жай жерден қазылған қабірлерге жерленген. Көзе ыдыстардың пішінінің көпшілігі құмыра тәріздес. Қанай және Трушников селоларының жанындағы қола дәуірінің қоныстарын зеттегенде, екі бөлмелі жер үйлердің орны ашылған. Қоныстан мыстан жасалған құралдар және мыс қорытқанда ағып түскен қорытпалар табылған. Мұндай көрініс қоныста қола қорыту үшін жасалған әрекеттерді байқатады.

         Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу жерлерінде өте аз кездеседі. Бұл туралы қола дәуірінің мамандары неге олай екендігі жайлы осы күнге дейін белгілі бір пікірге келген жоқ. Оңтүстік Қазақстан қола дәуірінің ескерткіштері Шымкент обылысының Созақ ауданындағы Бабата деген ауылдық жанында Таутары деген жердегі молалар мен Қызылорда обылысының " Талапты" совхозының Бесарық сайының ішіндегі Құйықты молаларынан белгілі. Ал Жетісу жерінде Шу-Іле тауларының оңтүстік жағындағы қарақұдық сайындағы молалардан белгілі.

        Алынған материалдарға қарағанда, жоғарыда айтылған ескерткіштердің бірінші тобы Андрон мәдениетінің Алакөл дәуіріне жатса, ал екінші аталған мәдениеттің Федоров дәуірінен, Алакөл кезеңіне өтетін мезгілде өмір сүрген қола дәуірінің тайпаларының ескерткіштері. Көрсетілген аудандарда қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу мәселесі Қазақстан археологтарының  күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бірі, Алайда облысы, Жамбыл ауданы, Таңбалы тас деген жердегі қола дәуірінің кезіне жататын суреттерге қарағанда Жетісу аймағында бұл дәуірдің жақсы дамығанын көрсетеді.

       Қола дәуірі кезінде шаруашылықтың дамуы. Қола дәуірінің қоныстарынан, молаларынан табылған үй-жануарларының сүйектері мал шаруашылығының дамыған кезін білдіреді. Ф. Энгельс " бұл дәуірде пайда болған мал бағушы адамдар тағылар тобының арасынан бөлініп шыға бастағаны- осының өзі алғашқа еңбек бөлінісінің пайда болғаны" (1)-дейді.

       Мал басының көбеюі алғаш рет өнім кезінің өсуін көрсетеді. Бақташылық мал шаруашылығы мен шаппа шот егін шаруашылығы қатар дами бастайды. Қола дәуірінің соңғы кезіне жататын ескерткіштерден табылған материалдар бойынша мал басы көбейіп, енді жайылым іздеп, жаз айларында жайлауға шығатын көшпелі мал шаруашылығы пайда болады. Мыс –тас дәуірі кезінде түйені қолға үйретуді орталық Қазақстандағы қола дәуірі кең түрде жүргенін археолог  К.А.Ақышевтің ғылыми пікірлерінен байқауға болады. Мұндай ірі жануарлардың қолға үйретілуі өз кезінде прогрессивтік жағдай. Ол адам баласы қоғамының алға қарай дамуына қосылған үлес болып табылатындығына ешбір талас жоқ. Мал шаруашылығының, оның ішінде қой, ешкі, түйе сияқты үй жануарларының өсуі адамдардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсетеді. Оған дәлел Айшырақ, Атасу, Қанай сияқты молалар мен қоныстардан сүйектен, тастан жасалған ұршық  бастарының, қоладан жасалған ине, тебен, (Бұғылы III) бездерінің табылуы, мал терілерінен киім тігілгенін көрсетеді. Қола дәуірінің ескерткіштерінен тастан жасалған шаппа-шоттар, сүйектен, қоладан жасалған орақтарды, тас үккіштердің табылуы өзен бойларында егін шаруашылығымен айналысқандарына дәлел.

        Металлургиялық өндірістің дамуы. Қоладан жасалған құрал-жабдықтың және әшекей бұйымдардың көптеп табылуына құрағанда, ежелгі адамдар руда бар жерді тауып металл өңдеуді игерген.

       Академик  К.И.Сәтбаевтың зеттеуіне қарағанда, ертедегі кеншілер құрамында 5 пайыздан астам мысы бар руда пайдаланған. Жезқазған рудасынан 1000000 тоннадан астам мыс алынған.

       Имантау кен орнынан қола дәуірінің адамдары 48мың тонн мыс рудасы алған. Руда алынған жерлерде металдан, тастан, сүйектен жасалған құралдар табылған. Олардың ішінде қоладан жасалған балға шоттар, тастан жасалған балға, киік мүйізінен сыналар, руданы тері қаптарға салу үшін пайдаланған жауырын және ағаш күректер кездеседі.

       Ал металл қорытатын арнайы ошақтар, Жезқазған обл. Жерінде Мыңқұдықтан, Шығыс Қазақстан жерінде Шүлбі өзенінің Ертіске құяр жерінде, Қанай ауылының маңында табылған. Мыс рудасының күлі Атасу, Сұйықбұлақ, қоныстарынан кездессе, кесек-кесек рудалар, шлактар, мыс құймалары Бұғылы-1 қорымдарынан, Бескөл-1, Алексеевка , Қанай, Петровка-2 қоныстарынан табылған.

      Метеллург ғалым Г.Н.Шербенның зерттеуне қарағанда ежелгі металлургтер мыс пен қалайыны жеке-жеке қорытып алатын. Белгілі бір қару-жарақ немесе құрал-сайман жасағанда, мысқа қажетті қалайыны қосып отырған. Қоладан жасалған химиялық анализдерге қарағанда, ежелгі металлургтер метал қорытып қола алудың қарапайым технологиясын пайдаланған. Олар әр түрлі құралдар жасау үшін қорытпаға өздерінің қарауы мыс пен қалайыны пайдаланған. Жасалған құралдардың мықты болуы үшін қорытпада қалайының үлесі көбірек болса, металдың қатты, бірақ сыңғыш болуын, ал оның үлесі азырақ болса металдың жұмсақ және иілгіш болатынын білген. Сол себептен соққыш құралдар жасау үшін қалайыдан  5%-дан 9%-ға дейін, ал тескіш құралдар үшін және құрылыс құралдарының кейбір түрлері үшін 9%дан 12 % -ға дейін, кейде одан да көп қалайы қосатын болған. Сәндік бұйымдарда қалайының пайыздық мөлшері көп болады. Ал, егін немесе шөп оратын орақтарда қалайының мөлшері аз болған, үйткені егер ол көп болса орақтың жүзі сынғыш болып ол тез істен шығады.

               Құйма шеберханаларының орындары Кіші-Красноярка, Алексеевка, Петровка -2, Новоникольск-1 мекендерінен табылған. Бұлардан орақ, шүйделі балта, қанжар, пышақ, найзалар мен жебелердің ұштары құйылған құйма қалыптар табылған. Ал сәндік заттарды көпшілік жағдайда соғу, қақтау, ойып өрнектеу тәсілдерімен жасаған.

              Қоладан киімге тағатын дөңгелек, қыспа өрнекті ілгектер, білезіктер, моншақтар, өңіржиектер жасалған.

             Қола дәуірінің зергерлері алтынмен апталған самайға тағатын әртүрлі салпыншақтар, сырғалар, күрекше тәрізді түйреуіштер, ромбы тәрізді тармақты және сопақша ілгектер жасаған.Зерігерлер осы қола дәуірінің өзінде әйнек тәрізді ұнтақ алып одан моншақ және әртүрлі әшекей бұйымдар жасаған.

            Дегенмен, бұл кездегі адамдар әлі де болса тастан, сүйектен құрал жасауды өмірден біржола шығарып тастай алмаған. Оған дәлел қоладан жасалған құрал-жабдықтардың өзі өмірге деген қажеттілікті толық өтей алмағандығын көрсетеді.

            Қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінің ескерткіштеріне жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстар-бұл кездегі өмір сүрген адамдардың шаруашылығынан, әдет-ғұрып, наным-сенімдерінен ғана ақпар беріп қоймай, олардың саяси-әлеуметтік және қоғамдық құрылысынан да хабар береді. Қазба жұмысы жүргізілген молаларда, отбасылық, аталық рулық зираттар кездеседі. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болған. Мәселен, отбасылық  молалар бір қоршаудың ішінде жерленсе, ал аталық-рулық молаларда ер адамның жанына оның әйелі қоса жерленген. Рулық молалар бір-бірінен онша қашық орналаспайды. Жерленген адамдардың мұндай топтарға бөлінуі-аталық-рулық құрылыстың дами бастағандығын көрсетеді. Кейбір қазба жұмысының материалдарына қарағанда, әлеуметтік теңсіздіктің басталғандығын байқау қиын емес. Орталық Қазақстан, Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бұғылы-3, Шығыс Қазақстанда Сарыкөл молаларына жерленген адамдар басқа жерленгендерге қарағанда ерекше қойылған. Біріншіден, олардың қабірлерінің сыртқы көрінісі ерекше үлкен көз тартарлық етіп, архитектуралық жобасы жақсы салынған. Екіншіден, олардың жанынан табылған заттардың алуан түрлі және қымбат бағалы болып келуі. Ғылыми пікірлерге қарағанда,олар ру ақсақалдары немесе тайпа көсемдері.

            Ру, тайпаның көсемдері екендігін тек молалардан ғана емес, оны зерттелген қоныстардан да байқауға болады. Мәселен, Солтүстік Қазақстандағы Алексеевка селосының жанындағы қола дәуірінің қола қонысына жүргізілген қазба жұмысының кезінде, қоныстың дәл ортасыныа отналасқан жер уйден, басқа үйлерге қарағанда, тұрмысқа қажетті көптеген алуан түрлі бұйвмдар табылса және көсемдердің қолға ұстайтын белгісі «Бульва» дөңгелек шоқпары табылған. Архиолог ғалым О.А. Ктивцовой-Гракованың атна қарағанда, бұл үйде тұрған адам өз кезінде белглі бір әлеуметтік-саяси беделді адам болған. Міне, мұндай көріністер Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезңнде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай басталғандығын білдіреді.

            К.А. Ақышевтың пікіріне қарағана бұл кезде бір тайпамен екінші тайпаның бір-бірмен қосылу процесінің басталған кезі деп бұл шындығында  дұрыс айтылған пікір, ол мүмкін бейбіт түрде жүру немесе бір тайпамен екінші тайпаның арасындағы бірін-бірі жаулап алу үшін жүргізілген соғыстың болуыда ықтимал оған дәлел: біз жоғарыда жазған Орталық Қазақстанның  Балақұлболса  деген жеріндегі қола дәуірінің моласынан табылған адамның жамбас сүйегінде қадалып тұрған жебенің өзі сондай бір тайпанын арасындағы соғыстын болғандығына ешбір күмән келтірілмейді. Осындай ділелдің өзі-ақ өола дәуірінің соңғы кезінде тайпалар бірлестігінің құрыла бастағандығының айғағы.

            Қазақстандағы андрон тайпаларының өз кезінде басқа жерлердегі тайпалармен айырбас сауда қатынасын жасағандығын көруге болады. Мәселен, Оңтүстік Сібір жеріндегі Афанасьев мәдениетінің молаларынан Арал теңізінде кездесетін ұлылардың сүйекткрі табылған. Ұлу сүйектері Орталық Қазақстанның Нұра, Малдынұра, Атасу, Шерубайнұра-молаларынанда өте көп кездеседі. Андрон тайпаларының молаларынаң Египет, Месопатами жерінде жасалатын әйнек тәріздес (бисер) моншақтарда табылған. Мұның өзі сауда жұмысының қола дәуірінің кезінде-ақ жандана бастағандығына дәлел.

            Қола дәуірінің мәдениеті. Қоладан жасалған құрал-саймандардың П.Б. еңбек өнімділігін аттырып, адам баласының тіршілікке деген құлшнысын күшейтеді. Археологиялық зеттеулерге қарағанда, қола дәуіріндегі тарихи тұрғындардың материалдық мадениеті жағынан мыс-тас дәуіріне қарағанда әлде қайда алға басқандығын байқатады. әсіресе бұл кездегі қоныстардың, тұрақты мекен жайлардың көптен табылуы тұрғын үй-жай салуда қола дәуірінде үй жасайтын ұсталардың көбейе бастағандығын көрсетеді.

            Қазақстанда жүргізілген зеттеу жұмыстарының барысында, Орталық Қазақстаннан 50-жуық қоныс 150-ден аса қорым табылып, 10 қонысқа,40қорымға қазба жұмысы жүргізілген. Ал Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс, 200-ге жуық қорым ашылған. Мұндай тұрақты қоныс жайлар Шығыс, Оңтүстік Қазқастан мен Жетісу аймағынан да  ашылып зерттелген. Әдетте қоныстар өзендердің жағасына жайылымы кең жерлерге, көл маңына орналасқан. Шағын қоныстар 6-10 үйден, ал үлкендері 12-20 үйлерден құралған. Үйлер өзен жағасына бір немесе бірнеше қатар болып жасалған. Ал мүйісті салынған үйлердің ортасында ашық алаң қалдырып, оны айналдыра үйлер салынады: бұл алаң тұрғындардың қоғамдық жыйын откізетін немесе мал қоралайтын жерлері болған тәрізді. Үйлер көпшілік жағдайда жартылай жерден қазылып жасалған жертөлелер болып кездеседі. Зерттелген үйлердің тұрпаттарына қарағанда үш түрлі болған: 1-тік бұрышты, 2-сопақша,3- үш бөлмелі сегіз тәрізді. Бәрінің сыртқа шығар жолына дәлізі болған.

            Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың наным-сенімдері. Бұл дәуірдің адамдары табиғаттың бір тылсым күші бар деп оған сенумен болады. Өйткені бұл кездегі адамдардың күнкөріс жағдайы табиғатқа байланысты еді. Сондықтан адамдар табиғат күшін бір құдірет деп сенді. Сол себептен де күнге, отқа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне табынады. От пен Күн адамға жылу мен жарық береді, өсімдіктер дүниесі жануарларға қорек болады. Міне мұның бәрі адамның өмір сүруіне қажетті нәрселер. Бұл жағдайды адам үшін жасап отырған табиғаттың құдіретті күші деп білген. Мұндай жақсылық туғызып отырған табиғат күшіне адамдар табынумен ризашылықтарын білдіріп отырған. Мәселен, адамдар өздерінің күнге деген ризашылығын қаптырмалардың үстіне бір ортадан жан-жаққа шашырап тұратын шұғыла түріндегі салынған өрнектерден көруге болады. Мұндай күнге табынушылықты Алматы облысы Таңбалы тас деген жердегі тасқа салынған суретте адам басынан күн сәулесінің шашырап тұрғаны анық байқатады. Ал жерленген адам зираттарын екі-үш қатар дөңгелетіп тас қоршаулармен қоршау да күнге табынудың символы. Ғалымдардың пікіріне қарағанда зират басындағы қоршаулар онда жерленген адамның сол қоршаудың ішінен сыртқа шығып кетуі үшін жасалған. Ал отқа табынудың белгісі өлген адамдарын бүтіндей не жартылай өртеп қабірдің ішіне күл-көмірін қоюлары. Бұл сенімнен ежелгі адамдардың ұғымдары бойынша, от денені жамандықтан тазартады және өлген адамды зұлым рухтан қорғайды.

            Сонымен қатар қола дәуірінің кезіндегі адамдар ата-бабалар әруағына сыйыну, о дүниеде оған сену сияқты наным сенімдері болған. Оған дәлел жерленген адамдар мен бәрге олардың тірі кездегі заттарын бірге қою. Зират басында құрбандыққа мал шалып ас беру сияқты салт-дәстүрлер жасалған. Қола дәуірнің айға, жұлдыздарға да табынған. Бұлар археологтардың пікірлеріне қарағанда, бұлар тек сәндік үшін ғана қолданылмай оларды бір кіиелі күші бар деген сенімдері болған. Ал екінші бір пікірлерге қарағанда, жануарлар тісі «бой тұмар» ретінде тағылып адамда зұлым рухтардан қорғайтын күш ретінде пайдаланған.

            Сонымен қола дәуірінің кезіндегі наным  сенімдерге қарағанда, адамдардың ой-өрістерінін дамуы олардың қздері туралы және өздері ғұмыр сүріп отырған таби орта туралы дәни дүние танымдарының күрделене түскені байұалады.

            Қазақ жеріндегі қола дәуірі - дүние жүзіндегі қола дәуірінің ажырамас бір бөлігі. Бірнеше мындаған жылдардың өткендігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан, бұдан былай да сақтала беретін әдет-ғұрып, салт-сан, әсемдік-сәндік өнердің бастамасы болып келген үлгі-ою өрнектер халқымыздың ұлттық мақтанышы болып жалғасуда. Олар жаңа өмірдің рухани жан дүниесімен жаңаша жасарып, әрі қарай жалғаса бермек.   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Қазақстан ескерткіштерін зерттеу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 682 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 4787
    • DOCX 34.9 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Артукметова Фенуна Юлчиматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8625
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе