Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад "Баланы тіл мәдениетіне баулу"

Доклад "Баланы тіл мәдениетіне баулу"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

"Баланы тіл мәдениетіне баулу"

Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасындағы тағлым мен үлгі-өнегенің, балабақшадағы тәлім-тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі.

Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшадай қара» - деген де тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын меңзесе керек.

Дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, ол нәрестенің өсуіне, жан-жақты жетілуіне, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін айқындап, ата-аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру көзделуде.

Отбасы мен балабақшадағы тәрбиенің өзара тығыз байланыста болуына бағыт-бағдар берілуі – тәрбиенің тірегі екені белгілі.

Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың: «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді», - деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған. Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңғал да, адал сәбилеріміздің тәрбиесіне кедергі келтіретін «Лаулаған өрттей келеңсіздіктердің алдын алу ұрпақ тәрбиесіне жанашырлық, болашаққа жол ашу» деп білеміз.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу тек балабақшаның мойнында емес, ата-ананың осы қадамдағы орны ерекше.

Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.

Тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап, «Өнер алды – қызыл тіл» деген.

Тіл – адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.

Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ойын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызық та тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.

Қазіргі заманда жас ұрпағымызды өз ана тілінде, өз халқының рухында тәрбиелеуіміз керек.

Тіл мәдениетін дамыту жұмыстарын ата-аналар мен тәрбиешілер қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар - тәрбие әліппесі, өнер көзі. Сондықтан баланы тіл мәдениетіне тәрбиелеуде ата-аналар: «Кім неден күшті», «Қайым батыр», «Бақыт құсы», «Сары ат», «Алтын балық», «Алтын айдар», «Мақта қыз бен мысық», «Сұлу күнекей», «Қасқыр мен ер жігіт», «Екі қаз, бір бақа», «Қу тышқан», «Алдар көсе», «Түлкі мен қоян», «Үш жолдастар» - деген ертегілерді оқып беріп, баладан ертегіні қайта сұрап, бала қиялы мен тілдік сөздік қорға ерік беру керек.

Бүгінгі күні «Бояулы ертегілер» дәптері шыққан, сол дәптердегі оқылған ертегі кейіпкерлерін баланың өзіне бояту танымдық қабілетін де арттырады. Баланың есінде ертегі бояу арқылы да қалады.

Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Күнделікті ата-ана балаға, ойыншықтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар т.б. туралы жұмбақ жасырып отырса бала қоржынындағы сөздік қорлары молаяды.

Мысалы: Іші жел, өзі жеңіл

Жүгіреді дәміл, дәміл

(доп)

Жаздай жүріп балға тояды

Қыстай тәтті ұйқыға батады

(аю)

Сұйық, бірақ су емес,

Ақ, бірақ қар емес

(сүт)

Өзі ақ, тәтті болады

Аузыңа салсаң, еріп қалады

(қант)

Жаңбырдан кейін шығады

Басына құлақшын киіп тұрады

(саңырауқұлақ)

Секіреді, жүгіреді, өзі қорқып жүреді (қоян)

Құйрығымен сылаң сылаң етеді

Барлығын алдап кетеді

(түлкі)

Баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр - жаңылтпаштар. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.

Ата-анаға ескертетін жайт, жаңылтпаштарды айтқызуда өз баласының сөйлеудегі дыбыстардың айтылуына көңіл бөліп, дұрыс таңдау қажет.

Мысалы: Көк кесе, көп кесе

Көп кесені әкелді кеше


Ұш, ұш, ұш

Ұшсаң құсша ұш


Дүкенде ара балы бар

Ара балын барып ал

Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Балабақшадағы тәрбиелеу оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту існде тәрбиешімен бірге ата-ана да:

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші де, ата-ана да үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорды дамыту жұмыстары бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын барысында дамытылады.

Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Сондықтан да тәрбиешілер әрбір тәрбие сағатында негізінен көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек етеді. Осындай көрнекілікті ата-ана отбасында балаға көрсетіп отырса, баланың дүние танымы, тілдік мәдениеті жетіле берер еді.

Адамға екі нәрсе тірек:

Бірі тіл, бірі дінің жүректегі – деп жазған Ж.Баласұғын.

Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды роль атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік және тілдік емес құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу қабілетін дамытуға бағытталған. Тілді дамытуда баланың қатарластарымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.

Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады. Оның алғашқы ұстазы – ата-анасы, тетелес ағалары мен әпкелері. Олармен күнбе-күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді. Адамның тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлұм кең болады. Сондықтан бала тілін кішкене күнінен байытып, ойын кеңейте түсу үшін халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармалардан үзінділер оқып таныстырудың маңызы зор.

Осындай мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармалардан үзінділер оқып беру, есте сақтаған шығарманы өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорларын молайтады, оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіре білуге жаттықтырады.

Ата-ана да баланың тіл мәдениетіне тәрбиелеуде орасан зор үлес қоса отырып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуі тиіс. Өйткені көбіне ата-аналар балалардың дыбыстарды дұрыс айтпауына отбасында көңіл бөлмейді, әрине бұл дұрыс емес.

Мысалы: «су» дегенді – «шу» дейді,

«жу» дегенді – «үу» дейді,

«шай» дегенді – «шәй» дейді,

«май» дегенді – «мәй» дейді,

«көр» дегенді – «көй» дейді,

«бер» дегенді – «бей» дейді.

Нан сұрағанда «нәм» дейтін балалар бақшаға келгенде барып дұрыс дыбыстау арқылы тілдік мәдениетіне үйрене бастайды. Сондықтан осындай бала тіліндегі кемшіліктерді болдырмауға ата-аналар тікелей жауапты болуы қажет. Тәрбиешімен бірлесе отырып, түрлі оқулықтарды, көрнекті суреттерді, әліппе дәптерлерді пайдаланып жаңа бағытта тілдік мәдениетті жетілдіру қажет.

6 – 7 жас аралығындағы кейбір балалар мына дыбыстарды ана тілінде дұрыс айта алмайды: р, ң, с, з, щ, ч, қ, ү, ш. Бұл дыбыстарды сөз ішінде балалар дұрыс айтуға қиналып, дыбыс екпінін қоя алмайды, айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Мысалы: «Аруна» баспасынан шыққан «Әліппе» дәптерінен тілді дамытуға, дыбыстарды нақты айта білуге үйрететін тақпақтар арқылы тілге жаттығулар жасауға болады.

Мысалы: Ғаламат ғажап ғасырда,

Ғарыштадық ғаламға.


Көк керемет көкпеңбек,

Көкпеңбек көкте, көгалда.

Көлбеңдеген көбелек,

Көрінеді көптен көп.


Қанат қашан қара құнанды,

Қамшымен қамшылап, қуалап,

Қайырып, қораға қайта қамады.


Раушан мен Райхан туған күні,

Раушанға сыйладық раушан гүлін,

Райханға сыйладық райхан гүлін.


Сабақтан соң Сара сиыр суғарды, сүтін сауды.

Сексеуіл сындырып, самаурынға салды.

Сыпырғышпен сенекті сыпырды.

Сүлгіні сулап, үстелді сүртті.

Содан соң Сара сабағын оқыды.


Шөп шүйгін,

Шөп шап,

Шалғы шап

Шалғы шапсаң,

Шапшаң шап.


Таза мәнерлі тіл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениетті қалыптасады. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады.

Ең басты міндет дыбысты дауыс ырғағына келтіріп дұрыс айтуға үйрету.

Не келсе де тілден келер бір басқа,

Содан жақсы, жаман атақ бір басқа.

Тыңдаушы адам ерте тұрып күн сайын,

Осы тілге табынбайды құр босқа – деген ақыл өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағының тәрбиесіне жауапты ата-ана ролі әрдайым бірінші орында. Баланы тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті.

Жас ата-аналар мен көмекті талап ететін ата-аналарға ақыл кеңес беруші білікті, білімді, жанашыр – ол тәрбиеші.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-529692
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>