Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ»

Доклад «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ»

Скачать материал

«Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ»

                                                                                                                                                              

№11  орта мектебі

Тараз қаласы

 

          Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының есебін бастайды. Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған дейін ешқашан бүгінгідей жақсы өмір сүрген емес. Біз көп жетістіктерге  қол жеткіздік.

          Біздің басты жетістігіміз - тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.

Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді.

          Қазақстандағы енді жетіліп, дұрыс жолға түсе бастаған ғарыш қызметі еліміздің индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамуына, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауына, қоғамды жаңа дәуірлік өзгерістерге бейімдеуші негізгі күштердің бірі болып отырған халықты ақпараттандыру ісінің жетілуіне қомақты үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі болып табылады.

          Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық  Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз  кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте  ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара - ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін  айтсақ та жеткілікті. Осындай жетістіктерге қол жеткізген елді ілгері қарай жылжыту үшін білімді жас ұрпақ қажет.

         Мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғандығын айта келе: «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсары айқын көрінеді…», дейді, бұл кешегі ата-бабаларымыздың Қазақ елінің тәуелсіздігі туралы асыл арманының заңды жалғасы екендігін еске салады. Сол азат ел, тәуелсіз Отан туралы ғасырлар бойғы арманның осыдан ширек ғасыр бұрын жүзеге асып, жақсы жалғасын тауып келе жатқанына қуанады. Осы жаңа қазақстандық арманмен алға басқан құтты қадамымызды қарыштай дамытып, ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға қалай қол жеткізетінінің жоспарын алға тартады.

          Көздеген мақсаттарға жетудің бір жолы ел экономикасын дамыту болса, оның алғышарттарының бірі – жүзден астам этностық топтар тұратын қазақ жерінде ұлтаралық береке-бірлікті қалыптастыру. Осы бағытта «Бір ел – бір тағдыр» деген ұстанымның алға шығарылып отырғаны белгілі. Бұл жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясына айналуда. Сол үшін ел құндылықтарын дәріптеп, «Мәңгілік Ел» ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беру қажеттілігі туындайды. Осыған орай, маңызды құжатта білім беру салаларын реформалау, мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу мен бекіту бойынша тиімді жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерте отырып, өскелең ұрпақ бойында жасампаз қазақстандық патриотизмнің негізін қалауды, нығайтуды өмір ағымымен ұштастыра жүргізу уақыт талабы екендігіне назар аударылады. Жас ұрпаққа көңіл бөлу – болашаққа деген жалпыхалықтық сенімді арттыра түсері анық.

          Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.

 

         Әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына енуге ұмтылған Қазақстанның ғылым мен индустрияны дамыту орайында басқа елдерден қалып қоймауы өте маңызды. Ал жастардың ағылшын тілін білуі ІТ-технология, машина жасау, биомедицина, кибернетика және адамзат ақыл-ойының басқа да аса маңызды салаларындағы жаңа мағлұмат-деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Олай болса, соңғы инновациялар мен әзірленімдерден қалып қоймас үшін біз ағылшын тілін еркін білуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, біздің инженерлік сала мен технологиямыз үшін ауадай қажет.

        Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде меңгерген ел болып танылуы керек» деген еді. Соған байланысты қазіргі таңдағы оқу үдерісі көптілді білім беру талаптарына сай ұйымдастырылған: шет тілін оқытудың деңгейлік әдістемесі енгізілген, көптілді білім берудің метедологиялық негізі  (үш тілдегі оқу – әдістемелік құжаттама, силлабустар мен ПОӘК) әзірленген, Германия, АҚШ, Малайзия, Турция және Эстониядан келген профессорлардың қатысуымен профессорлық – оқытушылар құрамы мен студенттердің дайындығы іске асырылады.

         Үштілді оқыту үрдісін енгізудің көптеген артықшылықтары бар. Халықаралық қатынас тілі ретінде ағылшын тілін білу бүгінгі таңда қажеттілік болып табылады. Біздің балаларымыз ЖОО-ларға түскен кезде және басқа ұлттар мен елдердегі құрдастарымен қарым-қатынас жасаған кезде тілдік һәм психологиялық кедергіні сезінбеуі тиіс. Бір айтарлығы, үштілділікті енгізу білім беру үдерісінен мемлекеттік тілді ығыстырып шығармайды. Ағылшын тілі мен мемлекеттік тіл оқу үдерісіне тепе-тең жағдайда қатысады. Бұл орысша және қазақша сөйлейтіндердің ақпараттық, одан кейін әлеуметтік өрісте де бірігуіне жағдай жасайды. Үштілділік қазақ тілінің даму көкжиектерін кеңейтеді. Осынау білім беру жүйесінің арқасында мемлекеттік тілде сөйлейтін қазақстандықтардың саны арта түспек. Баласын оқыту үшін әрбір қазақстандық отбасы репетиторлардың, тілдік курстардың, тіл дамыту мектептерінің қызметін пайдалануға шамасы келе бермейтіні де құпия емес. Ал мектептерде үштілділікті енгізу әрбір балаға ағылшын тілін үйренуге жол ашады, оны қолжетімді етеді.-

     Қазіргі таңда үш тілде білім беру жүйесі 117 мектепте енгізілген. Сонымен бірге қазақ,орыс және ағылшын тілін меңгерген профессорлық-оқытушылық құрам толығымен құрылды десек болады. Ағылшын тілінде сабақ беретін профессорлар саны 2500-ден асады. 2008 жылдан бері 7900 адам 3 тілде білім беру бағдарламасы  бойынша оқып шықты.Қазір физико – математикалық бағытта білім беріп жатқан Назарбаев зияткерлік мектебінде 20 шетел  маманы жұмыс атқарады.       

     Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көптілді білім беру институты – шетел тілі мамандарын дайындайтын қазіргі өмір талабына сай жұмыс жасап жатқан оқу орны. «100 нақты қадамның» 79  қадамында айтылғандай бұл институт ағылшын тілін деңгейлеп меңгертіп, үш тілде еңбек рыногында бәсекеге түсе алатын, жаңаша тұрпатты, білікті де жаңашыл креативті кәсіби мұғалімдер дайындауда. Тіл үйрену жай ғана сөз жаттау емес, тіл арқылы сол тілде сөйлейтін халықты тану, оның өткен өмірі мен бүгінгісін, әдет – ғұрпын және оның санасын тану. Ағылшын тілін меңгеру арқылы әлемді танимыз және әлемге өзімізді сол тіл арқылы танытамыз. Бұл туралы Елбасы өз мақаласында анық айтты. Алда тұрған міндетті нақты көрсетті. Біз соны іске асыруға тиістіміз.    

     Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік  жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал – жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой – өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай – ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс – тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кеңінен қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір – сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

         Бәріміз мектеп табалдырығынан аттаймыз. Үлкен өмірге қадам жасап, аяғымызда нық тұру үшін білікті маман иесі болуымыз тиіс. Білікті маман болу үшін лайықты білім алу керек. Бірақ ата-аналардың барлығы бірдей балаларын жақсы жоғары және орта оқу орындарында оқыта алмайды. Ол төлем ақының жоғары болуына байланысты. Бұл проблеманы шешу үшін Елбасымыз 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатынын жариялады. Елбасының айтуынша, жобаға сәйкес, мемлекет әрбір адамға жеке мамандық беруді қолға алатын болады. «Мектепті бітірген жас азамат бірінші мамандығын тегін алатын болады. Біз осыдан бастайтын боламыз. Үкімет осыған кірісуі керек. Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Жұмыс пен сұранысы бар өңірге батылдықпен барулары керек. Егер шеберліктің шыңына жете білсеңіздер - мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен адамның өмір сапасы озады, тұрмысы жақсы болады. Ең ақыры бүгінгі жасап жатқан жақсылықтарымыздың барлығы - жастар болашағы үшін», - деді Н. Назарбаев.

          Тегін оқумен шектеліп қалмай талантты жас оқушыларды сапалы, қазіргі заманға сай біліммен қамтамасыз ету үшін гранттар бөлініп жатыр. Соңғы 12 жылда  жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды. 1993 жылы «Болашақ» атты бірегей бағдарламасының қабылдану нәтижесінде еліміздің талантты, білімді жастары әлемнің таңдаулы жоғары оқу орындарында сапалы білім алуда. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желістерін дамытуда.

          «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету тапсырылды.

         Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстайды. Сондай жағдайда бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді. Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмайды. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құрады және дамытады.

          Академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамып жатыр.

 

·         Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құрып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамытуда.

·         Қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуде.

·         Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу,  сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.

·         Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын тәжірибелік машықтарға үйретіп, тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын  қосып, өзгертуде.

·         Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құруда.

 

          Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінеміз. Дегенмен, біз – жас ұрпақпыз және бұл біздің қолымыздан келеді. Тек әдеттегіден қөп еңбектенуіміз қажет. Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу. Бұл мақсатқа жету үшін біз барынша еңбектеніп, елеулі үлес қосуға тырысамыз.

 

 

         

 

«Біздің азат ойларымыз бен кемел білімдеріміз – елімізді көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш»,- деп Елбасымыз айтқандай біз өскелең ұрпақ сапалы білім алып, еліміздің саналы ұрпағы болуына сенемін.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 3918
    • DOCX 27.9 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудиярова Жамал Салиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кудиярова Жамал Салиевна
    Кудиярова Жамал Салиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15089
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек