Инфоурок Начальные классы СтатьиДоклад "Дарынды баламен жұмыс"

Доклад "Дарынды баламен жұмыс"

Скачать материал

Кенжеханова Б.,

бастауыш сынып мұғалімі

№ 18 мектеп-гимназиясы

Қостанай қ.

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАУ

 

         Дарынды, қабілет, педагогикалық үрдіс, диагностикалар, нәтижелер, қасиеттер, өзгешеліктер,өзін-өзі жетілдіру.

 

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр.Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі алға қойған мақсат– жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру. Мектептердегі атқарылып жатқан игі бастаманың бір саласы – дарынды баламен жұмыс жасау. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет.

«Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам.

Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық. Білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп және сол бағытта талмай жұмыс жасай алуы қажет;

2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес берілуі қажет;

3. Оқушыға дұрыс бағыт – бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсетуі керек;

4. Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алуы қажет;

5. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана білу керек.

Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.

Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиелік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Осы жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психо-физиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген мәселеден негізінен ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды.

Оқушының дарындылығын анықтауда: дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау; бақылау; анкета; психодиагностика; социометрия; әңгімелесу; интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.

Жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:

1.Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;

2. Шешім қабылдайды;

3. Сенімділік туындайды;

4. Өзгелермен салыстырады;

5. Өзін-өзі бақылайды;

6. Жауапкершілік туындайды;

7. Мінез-құлқы өзгеріледі;

8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;

9. Материалдарын жинақтайды.

Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды  және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады, болашақта жақсы маман иелері болып шығады; үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады; Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.

2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.

3. Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортада өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.

4. Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.

Осындай мүмкіндігі жоғары балаларда төмендегі қабілеттерді дамыту қажет:

1. Танымдық қабілеттері:

- кең көлемді ақпаратқа ие болу;

- сөздік қоры мол;

- себеп-салдық байланыстарды табу;

- қорытынды жасай алу;

- күрделі мәселелерді шешуге қатысу;

- күрделі идеяларды қолға алу;

- қарама-қайшылықты түсіне білу;

- жағдайларды талдау;

- талқылай алу;

2. Шығармашылық қабілеттіктері:

- тәуекелдікке бару;

- ойлау мен іс-әрекеттің жылдамдығы;

- тез ойлау;

- жаңа нәрсе ойлап таба алу;

- жоғары фантазиялы;

3. Эмоционалды ерекшеліктері:

- басқаларды сыйлау;

- басқа адамдардың ерекшеліктерін сыйлау;

- сынға шыдау;

Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.                Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы,

2.                Жұмабаева М. Педагогика. Алматы, 1999.

3.                М.М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы,1982.

4.                Подласый И.П. Педагогика. Москва, 1996.

5.                Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990.

6.                Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» Алматы, 1993.

7.                Ы. Алтынсарин, Таңдамалы педагогикалық мұралары, Алматы,

8.                Р.М. Қоянбаев Қысқаша педагогикалық сөздік, Алматы,

9.                Педагогика:жоғары оқу орындарына арналған, Алматы,2014.

10.            Қазақ академиясының баяндамалары,Астана 2009.

11.            Қазіргі білім берудегі өзекті мәселелер, Қостанай,2011.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Дарынды баламен жұмыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2016 821
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжеханова Бакытгуль Кенжехановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 29191
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 832 человека из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 374 человека

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе