Инфоурок Физика Другие методич. материалыДоклад "Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру"

Доклад "Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру"

Скачать материал

Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру

«Дарынды тұлға– халқымыздың ең қымбат байлығы»
Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше

күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу- арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.
Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы. Балалардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам..
«Дарынды, талантты тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы». Мектептегі ғылыми ізденістер мен шығармашылық танытып, түрлі деңгейдегі сайыстардан абырой биігінен көрініп жүрген ұстаздар мен шәкірттері де аз емес.
Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.
Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесіне алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.
Жалпы жеке тұлға дарындылығының деңгейлік көрсеткіштері ғалымдардың пайымдауы бойынша жоғары дарынды, дарынды, орташа дарынды болып сипатталады. Дарынды балаларды орта мектептерде айқындау процесі арнайы дарынды балалар оқитын мектепке қарағанда өз ерекшелігі бар. Дарынды балаларды айқындауда негізгі жұмыс мектеп психологы мен пән мұғалімі, мектеп әкімшілігінің бірлескен қызметі арқылы іске асырылуы қажет.
Дарынды балаларды айқындауда комплексті түрде әртүрлі әдістер қолданылады:
- балаларды бақылау (сабақта, сабақтан тыс);
- баланың ата-анасымен байланыс;
- арнайы психодиагностикалық тренингтер;
- топтық шығармашылық жұмысқа араластыру;
- түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиадалар, конференциялар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайыстар, спорттық жарыстар т.б.
- қызығушылығы, ынтасы жоғары оқушылардың өзі тектес білімге құштар ортаны қалыптастырып, ол балаларды біріктіру;
- диагностика жасағанда пән мұғалімдері, кітапханашы, дәрігердің пікірін ескеру;
- педагогикалық консилиумда қарау.
Сонымен қатар бүгінгі күннің талабы нәтижеге бағытталған білім беруде дарынды оқушылар қызметін шығармашылықпен ұйымдастыру қажет, яғни мотивациялық, танымдық, процессуалдық компоненттер, олар:
- шығармашылық – ерік, жігерді талап етеді;
- зерттеушілік;
- біреуге бағыныштылықтың болмауы;
- жоғары деңгейдегі оңды мінез көрсетуі;
- «мені» бар, проблемаларды жаңаша шешуді ойластыруы, интеллектуалдық потенциалдың жоғары болуы;
- ішкі күшті дауысы бар;
- жаңаны зерттеу және ашуға ынталылық, ақылының тереңдігі;
- рефлексия мәдениеті, нәтижеге таңдана білу;
- бірегей ойларды білдіру және табу қабілеті;
- тапқырлық пен қиялдың кеңдігі;
- ерекше, беймәлім нәрселерге қызығушылығы;
- дивергенттік ойлауы т.б.
Өз тәжірибемде шығармашылық нәтижеге жету үшін төмендегідей мәселелерге мән беру қажет:
- жүйелі, жоспарлы жұмыс жасау;
- жеке оқушымен нәтижеге бағытталған шығармашылық деңгейде бірігіп іздену;
- ғылыми зерттеу жұмыстарында зерттеуді жүргізетін орындар – мекемелермен – СЭС-дағы химиялық, бактериологиялық лабораториялар, ЖОО – микробиология саласындағы ғалымдармен байланыс;
- пәндік олимпиада жүлдегерлерін дайындауда жыл бойы күрделі есептерді шығару әдістерін шешу;
- Алматы облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты жанынан «Дарын» орталығының ұйымдастыратын жазғы мектебінің жұмысына дарынды оқушылардың қатысып, білімдерін тереңдетуіне бағыт беру
- оқушының өз бетімен ізденуі, интернет сайтынан есептер шығару ресурстық қорын арттыру т.б. жұмыстар.
Ойымды қорытындылай келе дарынды оқушылармен шығармашылық нәтижеге жету жолдары:
І. Педагогикалық үрдісі бұрынғы дәстүр бойынша жүретін мектептерде ешбір еңбектің нәтижелі сипаты болмайды, себебі оқушы бойында:
- интеллектуалдылықтың салғырттығы;
- репродуктивті ойлау;
- бастамашылықтың болмауы, оқуға құлқының төмендігін туғызады және
оқушыны шығармашылыққа жетелеу методологиясы қарастырылмайды.
ІІ. Заман талабына сай озық технологияларды меңгерген, ізденімпаз, шығармашылықпен ойлай білетін педагогикалық ұжым ғана нәтижелі білім алуға жол таба біледі:
- оқытудың ішкі резервтерін ашу;
- мектептерде оқу-тәрбие үрдісін толық қайта өзгерту;
- жаңа сапалы нәтиже шығару;
- дарынды балаларды айқындауда ішкі потенциалдарын ашу үшін пәнге қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беру арқылы қабілеттерін ашып, дамыту;
- шығармашылық ойлау мүмкіндігін кеңейту.
Сонымен, нәтижеге бағытталған білім беру – ізгіліктендіру, дифференциалдау, жекелей ықпал ету, интеллектілікті көтеру, шығармашылықпен белсене араласу, нәтижесінде оқу – тәрбие үрдісін болжау мен ұйымдастырудағы біріккен қызмет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық даму, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.
Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Қабілет деген не ?
Қабілет- іс әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің өзі жалпы және арнаулы болып 2-ге бөлінді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуы тиіс.. Қабілеттің дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық – физиологиялық белгісі ерекше орын алады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды. Қабілеттің қандай түрі болсын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдай тер төгілмейінше,ешқандай қабілет өз мәніне ел болмайды. Қабілеттілік дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы- дарындылық.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгеле бір қызметтіойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз-жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам.
Дарынды балаларды іздеу,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күнде өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам,еңбекке бейім ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты болады деп баланың ата-ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетілді.
-ұқыптылық,жинақылық зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы
-ақыл ой, логикалық ойлауының тездігі кез-келген жағдайды талдау салыстыра білу.
-барлық күш қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез-келген баланың бойындағы қабілеті үздіксіз еңбек,мұғалімнің ерінбей-жалықбай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады. Қабілетті балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру біздің тәжірибемізде төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.
1) жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың икемділігі, қабілеттілігін айқындау ,оларды топтарға бөлу.
2) оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
3) әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру ;
4)білімді бағалау, бақылау жүйесін жетілдіру
Шәкірттерді топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілетті деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа, төмен деп үш топқа бөлуге болады. Оқушылардың жұмысқа қабілеті деп олардың өнімі оқу қызметімен шұғылдануын айтамыз, жұмысқа қабілеттік дәрежесі оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерімен,оқуға ынтасы іскерлігімен анықтайды,жұмысқа қабілеттілігінің де жоғары, орташа , төмен деңгейлері бар оқушыларды топтарға бөлу үшін мұғалімдер төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді.
А) шәкірттердің жеке құжаттарын,мінездемесін,сынып журналын зерттеу
Ә)шәкірттің сабақтағы,сабақтан тыс кездегі іс*-әрекетіне бақылау жасау,талдау
Б)әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып шәкірттің білім деңгейін айқындау
В) шәкірттің білімін өздігінен жетілдіру іскерлігі мен дағдыларының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу.
Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу және жан-жақты талдау арқылы шәкірттердің икемділігі,қабілет мүмкіндіктерін айқындауға болады.Төменде шәкірттердің қабілет мүмкіндіктерін анықтауға арналған мұғалімдер үшін эксперименттің бір түрін келтіріп отырмын.Мұнда оқушыларда кездесетін қасиеттердің бір қатары белгілі.Мұғалімдерге оқушылар бойында байқалатын осы қасиеттердің өзіңізге ұнағанына «+»,ұнамайтынына «-» қою ұсынылады.
1.Тәртіпті мінез құлқы ұстамды
2.Сабақ үлгерімі бір қалыпты емес
3.Өз жұмысын жақсы ұйымдастырады
4.Ортақ тәртіпті,ортаның талабын мойын сұнбайды
5.Эрудициялы
6.Мінез-құлқы түсініксіз.
7.Көпшіліктің ортақ ісін қолдайды
8.Сабақ үстінде ақылға сыймайтын ескертпелер айтады.
9.Сабаққа үнемі жақсы дайындалады.
10.Үнемі өзімен-өзі,өз ісмен айналысады
11.Өте жылдам,қабылдауы тез
12.Жолдастарымен үнемі келісе алмай жүреді.
13.Жолдастарымен тез тіл табысады,көпшіл
14.Айтылғанды кейде тез ұғады,кейде көзге көрініп тұрғанды түсінбейді
15.Өз ойын басқаларға өте ұғымды жеткізеді.
16.Көпшіліктің шешімін немесе ұжым жетекшісінің шешімімен келісе бермейді.

Мұндай мазмұндас сұрақтарды жалғастыра беруге болар еді, бірақ кейбір қорытынды жасау үшін осының өзі де жеткілікті. Осындағы тақ орындағы қасиеттері бар оқушылар, ұстаздардың сүйікті шәкірттері, ал жұп орындарындағы қасиеттері бар оқушылар жөніндегі көзқарас басқашаға,бірақ шын мәнінде шығармашылық осы екінші топтың ішінде көбірек кездеседі. Сондықтан әр мұғалім,тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін, таңдандырып жарқырап көрінеді, ал екіншілерінің мінез-құлқына,темпераментке байланысты көзге көп түсе бермейді. Ал ұстаздың міндеті оқушылардың көзе түсермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуды жүзеге асыру.Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың ең басты да, негізгі формасы сабақ болып табылады. Оқу материалын саралап оқытудың сабақ түрінде қолданылуы, негізінен дидактикалық материалдардың мақсаты жүйесі және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай әдістемелік тәсілдерді ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Қолданылу мақсатына қарай дидактикалық материалдар ақпараттық, нұсқаушы, жаттықтырушы, аннотациялық бақылаушы болып бөлінеді.
Бұл материалдар карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар,сызбалар тағы басқа түрінде беріледі.Дидактикалық материалдар ауызша және жазбаша, зер
тханалық және тәжірибелік,аналитикалық және графиктік сияқты танымды тапсырмаларды орындауды көздейді. Сөйтіп дидактикалық тапсырмалар оқыту үрдісінің барлық сатыларын қамтиды және бұл тапсырмалар жеке оқушының да ,деңгейлік топтардың да ерекшеліктері мен дайындық дәрежелерін,мүмкіндіктерін ескере отырып жасалғаң,ұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың өз күштеріне сенімі,білімді игеруге деген қызығушылығы, ынта-ықыласы мен қабілетін, қасиеттерін ашады.
Оқушыларды шығармашылық бағыттағы жұмыстарды өздігінен орындауға баулу,олардың қабілеттерін шыңдаудың,дамытудың ең сенімді және тиімді жолы болып табылады біздің тәжірибемізде шәкірттерге берілетін шығармашылық сипаттағы тапсырмалар сабақ үстінде негізгі бағдарламалық жұмыстар орындалып болғаннан кейін барлық оқушыларға, бүкіл сыныпқа түгел беріледі. Тапсырманы орындаған оқушыға «өте жақсы» бағасы қойылады да, орындай алмаған оқушыға баға қойылмайды. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қабілетті оқушыларды неғұрлым дамытуға көздейді, сондықтан тапсырмалар мазмұны стандартты тапсырмалардан өзгеше болып келеді. Осындай тапсырмаларды жүйелі орындату арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдауға, ал кейбір көрінбей жүрген оқушылардың қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасауға болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.10.2016 1049
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орыспаева Гаухар Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орыспаева Гаухар Алтаевна
    Орыспаева Гаухар Алтаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25621
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 541 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов