Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Статьи / Доклад: "Web - дизайнның пайда болуы".

Доклад: "Web - дизайнның пайда болуы".



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_md47cb30.jpg







Камалова Роза Әбдімүтәліпқызы

169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектебі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті



WEB – САЙТ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР



Этот доклад о программа которые , ориентированы для создания Web – сайтов с применением языков программирования, реализованных по стандартам Интернета, которые организуют просмотр ресурсов всемирной паутины. Формат гиперссылка HTML задает текст и специальные коды форматирования, определяющие отображение информации на экране.



This report describes the orientation program for creating Web - sites with the use of programming languages, sold by the standards of the Internet. Which organize the Image Resource World Wide Web. HTML defines a hyperlink format text and special formatting codes that define the display of information on the screen.

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Ақпараттану адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе адамның интеллектуалды өмір ортасына, білім жинау, тарату мен қолдануға әсері орасан. Еліміздегі білім беру саласы да жаһандық ақпараттанудан қалмай, бірге дамып келеді. Алайда интернет ресурстарына көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі сапалы сайттардың өте аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Мемлекеттік грант иеленіп, жоғарғы оқу орнына түскісі келетін оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру керек. Ол мектепте алған білімін тексеру үшін арнайы сынақ тест тапсырады, оның нәтижесін де ұзақ күтеді. Және қазір мектеп оқушыларына дейін ғаламторды жақсы меңгерген, қажет материалдарын оңай іздеп табады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған «talapker.kz» сайты уақытты үнемдеп, бір жерден бірнеше пайдалы ақпарат алып, сынақ тестісінен өтіп, өз-өзін тексеруге керемет мүмкіндік береді. Сайттың артықшылығы: Оның мобилдігі;

  • Интернет арқылы байланыстың әркімге қолжетімдігі;

  • Материалдардың жаңаланып толықтырылуы;

  • Сынақ тест тапсыруда уақыт пен ақшаны үнемдеу;

  • Екі тілде болуы( қазақ және орыс тіліндегі оқырмандарға арналған);

  • Ыңғайлы навигация және көркем web-дизайн. Объектіні зерттеуге қолданылған бағдарламалар – Macromedia Flash, Dreamweaver MX, Javascript және ActionScript .Зерттеу тақырыбы – Web-дизайн көмегімен талапкерлерге арналған «talapker.kz» сайтын құру. Мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге пайдалы, креативті дизайнды сайт-көмекші құрастыру. Ол үшін мен алдыма мынандай мақсаттар қойдым: Жобама байланысты материалдар жинақтау

  1. Macromedia Flash, Dreamweaver MX бағдарламалары арқылы сайт дизайнын көркемдеу.

  2. Javascript және ActionScript бағдарламалары арқылы сынақ тест және навигация батырмалары үшін скрип жазу.

  3. Сайтты материалдармен толықтыру.

  4. Қазақ және орыс тілінде нұсқалар жасап, сайт жобасын аяқтау [1].

Web дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады [3].

Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.

Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін.

Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады. Web дизайн – сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы – тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек: Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.

  1. Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.

  2. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.

  3. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс – мәзір анық та түсінікті болу керек.

  4. Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.

  5. Web дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек[2], [4].

Web дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн – бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады [3].

Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл web дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады.

Web дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы – веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Web дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті. Графиканы құру және оптимизациялау – күрделі жұмыс. Web-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Web-графикамен жұмыстың басты қиындығы-Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет. Adobe Photoshop – растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады. Web-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Web-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты.

Web-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Web-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Web-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Web қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді [12].

Macromedia корпорациясы Web-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. Macromedia Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Flash-ты Web стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды. Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Web-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды. 1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Web-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады. Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл JavaScript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Web-түйін жасауға мүмкіндік береді [5].

Интернетте кез келген Web-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды. Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Macromedia Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы – Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ: Web-бет=HTML+Flash Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланы JavaScript толықтырады. CGI орындай отырып, Flash қайсібір параметрлерді бере алады. Сонымен қатар, CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді. Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі – толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу [11].

Векторлы графиканы қолдану. Графикалық режимді үнсіздік бойынша қою Flash-ты Web өңдеу үшін теңеусіз құрал етеді. Векторлы графика – бұл өлшем, форма, түс, шекара, орналасуы жайлы ақпараттан тұратын математикалық теңдікпен не векторлармен анықталатын объектілер. Күрделі суреттердің өзімен жұмыс жасаған кезде кішкентай өлшемді файл алудың бірден-бір мүмкіндігі. GIF пен JPEG секілді растрлы форматтан өзгешелігі, векторлы суреттер – графика, текст, схема және анимация SWF (Shock Wave Flash) форматты ықшам файлдарға оңай экспортталады, осы файлдар желіде отырып-ақ кәдімгі броузер көмегімен ағымды ойнай алады [9]. Ол барлық қолданылатын константалар: салынған символдар, импортталған графика мен дыбыс тізімінен тұрады. Кітапхана көмегімен қай кадр не қабатта болғанына байланыссыз кез келген элементке баруға болады. Түстік палитраны, градиенттік құйылуларды басқа графикалық қосымшалардан (Macromedia Fireworks және Adobe Photoshop) экспорттауға (импорттауға) болады, бұл сайттағы түстің өзгермеуіне септеседі. Палитра .fla файлда сақталады және .swf экспортаушы файл көлеміне байланысты емес. Үнсіздік бойынша Flash web-safe палитрасын қолданады. Ағынды мүмкіндік дыбысты, анимациялы және растрлы үлкен файлдар бірден бейнелене бастауын көрсетеді. Дыбыспен жұмыс Web-сайтты фондық әнмен дыбыстау көп таралмаған, бірақ кейде қолданылады. dhtml, html не басқа стандарттардың дыбыстық файлдармен тығыз интеграцияланбайтыны дәлелденген. BGSOUND немесе EMBED тегі арқылы қосылатын фондық дыбыс mid не wav форматына ие болады. Бірінші форматты қолданғанда беттің шынылдайтыны байқалған, алайда көлемі бойынша mid Интернетке сәйкес. Яғни, сапасы төмен. Ал wav форматты дыбыстардың сапасы жақсы, бірақ бетте ұзақ жүктеледі. Flash-тың пайда болуына байланысты бетті әнмен әрлеушілер бетке көп көрінбейтін Flash-клипті орналастырады, ол бір дыбыстық фрагментті шексіз қайталай береді. Бұл кезде сапа/көлем орташа деңгейде қалады. Дыбысты қадағалау әрбір кадрға байланысты. Flash дыбысты бірнеше тәсілмен шығарады. Ол уақытқа тәуелсіз немесе дыбыс жолы бар анимацияны синхрондау арқылы. Әрбір каналдың дауыс деңгейін ауыстыруға да болады, дыбыстың жайлап көтерілуі не төмендеуі секілді. Сонымен, Flash дыбыстың екі типін пайдаланады – оқиғаға байланысты (event sounds) және ағынды(stream sounds). Олардың ерекшелігі: біріншісі толық жүктелуі қажет, екіншісі алғашқы кадрларды дыбыстайтын мәліметтер жүктелісімен жұмыс жасайды. Экспорттаушы .swf файлға 8-ден 160 kBps дейінгі компрессия деңгейі әсер етеді, ол Publish Settings терезесінде көрсетіледі. Flash AIFF, WAV және MP3 форматындағы дыбыстық файлдарды экспорттайды. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады [6].

Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Dreamweaver MX– бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Web-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазу интегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады [5].

Macromedia Flash- өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash-программаның негізгі құралы ретінде векторлық графиканы алуы мультимедианың барлық негізгі элементтерін (қозғалу, дыбыс, видео, объектілер интерактивтілігі) іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дайын программаның көлемі минималды және олардың жұмысының қорытындысы қоданушының экранына қарамайды – ал бұл интернет-проекттерге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі. Flash-тің ең басты артықшылығы – аз көлемді, әсем анимацияланған, динамикалық иинтерактивтік беттерді дайындау мүмкіндігі, ал оны интернетте қолдануға өте қолайлы. Мұның бәрі векторлық графика және ақпаратты сығудың мықты алгоритмдері арқылы жүзеге асады.

Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы өз сайтыма әдемі баннер, анимациялық мултьфильм жасадым. Жобаны құрастыру кезінде алдыма қойылған мақсаттарды толығымен орындадым, екітілді сайт еліміздегі білім беру саласында жақсы бір толықтыру болатынына сенемін.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.

  2. Балапанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003.

  3. Смирнова И. Е., Web-дизайн бастамасы. – Санкт-Петербург, 2003.

  4. Гончаров А. Самоучитель HTML. – Москва, 2002.

  5. Информатика негіздері журналы, № 5-6 2006 жыл. – Алматы.

  6. Информатика и образование №2 2001 жыл. – Москва.

  7. Левковец, Л. Уроки компьютерной графики. Photoshop CS/, СПб.: Питер, 2005

  8. Миронов Д. «Corel DRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004,

  9. Миронов Д. Компьютерная графика в дизайне. –СПб.: Питер, 2004,

  10. Панкратов Т. Photoshop7. СПб.: Питер, 2005

  11. Влад Мержевич css@htmlbook.ru








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров102
Номер материала ДБ-009247
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх