Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Доклад "Web технологиялар негіздері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Доклад "Web технологиялар негіздері"

библиотека
материалов

Дәріс 1.

Web - технологиялар негіздері.

"Желі" терминінің түсінігі. Клиент-сервер архитектурасы. Провайдерлер және

олардың желілері.

Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан желілер) терминінен шыққан,

яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында

- бұл бір бірімен мәліметтер алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер

арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің ақпараттық

құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған

технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың

сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық

түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.

Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс.

Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез

келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай «Желі» сөзін қолданғанда Интернет сөзіне

синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін

және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір

компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.

Компьютерлер-серверлер және компьютерлер-клиенттер

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және

клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша

қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған

қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс

жасауға болады.

Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл.,

to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.

Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге

мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше,

компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы

Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.

Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды

бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн.

Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын

қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.

Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр

кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.

Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір

сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде

болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар

жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін

компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып,

оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол

арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше

серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша

орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде

де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт

бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.

Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай,

Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б.

Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан

да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне

Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің

желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы,

АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе

жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.

Бақылау сұрақтары:

1. Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілерді қандай?

2. Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен жүргізіледі?

3. Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді?

4. Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады?

5. Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?


Дәріс 2.

Интернет коммуникациясының моделі.

Коммуникацияның Pull- және Push-моделі. Интернет сервисінің коммуникациялық

мінездемелері (сипаттамалары).

Интернет коммуникациялық сипаттамаларын қарастырайық. Дәстүрлі

коммуникациялық модель негізінде "бірге бір" ережесі жүреді. Коммуникациялық

құрылымға байланысты ақпарат статикалықәтін, графика) және/немесе динамикалық

(аудио, бейне, анимация) күйінде көрсетіледі.

Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер жатыр. Біріншіден,

Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке коммуникация кезінде оның арнасы арқылы

өтеді. Бұл модель бастапқы байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде

қолданушы мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын көрсетеді,

сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де, қабылдаушы да болып табылады.

Интернет өзімен әрбір желі абоненті басқа абоненттерге немесе топтармен топ

атымен немесе өз атымен хабарласа алтын «көпке көп» көп бағыттылы коммуникациялық

модельді көрсетеді. Бұл модельде коммуникация құралы болып таратылған компьютерлік

желі айтылады, ал ақпарат гипермедиялық түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл модель

интерактивті байланыс Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де

бола алатынын, тіпті соңғы байланыстың соңғы түрі басымдылық көрсететінін

білдіреді.Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат жіберуші құралы кейде оның

қолданушысы да бола алады. Бұндай модельде ақпарат және мазмұн жіберушіден

қабылдаушыға беріліп қана қоймай, ортаның өзі де оның қатысушыларымен де құрылады.

Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды көрсеткенде,

жалпы коммуникацияның дәстүрлі әдістері үшін коммуникациялық модельде кері

байланыс контуры болмайды. Тұтұнушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал

ретінде электронды почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, "cookie"

файлдары, Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара

байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі және сыртқы

ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.

Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері

Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дәстүрлі әдістері тұтұнушыларға ақпаратты жеткізуші

push-модельді жүзеге асырады, бұнда тұтұнушылар пассивті роль атқарады және

ақпараттың каналдарын таңдаудың шектеулі мүмкіндіктерінің болуы.

Ақпаратты жеткізудің дәстүрлі push-моделіне қарсы Интернет негізінде, ақпаратты

сұраныс бойынша жеткізетін (demand pull) pull-моделі жатыр. Бұл Интернет ортасының

ерекшелігі ақпаратты іздеуде бақылаумен негізделген және іздеу механизмін қолдануда

навигация бейнесі немесе басқа да URL (uniform resource locator) бастауларына

байланысты тұтұнушылардың тікелей қатысуымен байланысты. Интернетте сонымен

қатар push-моделін іске асыру мүмкіндігі бар. Интернет бұл модельмен push-

технологиясы арқылы жүре алады, соған байланысты қолданушыларға Интернетте

ақпаратты іздеп жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып бойынша қажетті каналға

жазылса болғаны, кейін ақпарат канал жазылушыларының компьютерлеріне автоматты

түрде жемкізіліп тұрады.

Интернет ортасының технологиялары push- және pull-модельдерінің тығыз

байланысы бағытында дамиды. Интернеттің жоғары функционалдылығына байланысты

керекті ақпаратты немесе басқа да қорларды табу мақсатында қолданушының навигация

мүмкіндіктері әрқашан да болады. Басқа жағынан, қолданушылардың әрқашан ақпаратты

жеткізушіні және қабылданатын push-каналдар тематикасын таңдауға мүмкіндіктері бар.

Интерактивтілік.

Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады.

Интерактивтілік – бұл коммуникациялық хабарламалардың бір біріне қатысты

орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын көрсететін сипаттама.

Интерактивтік өзара байланыс үшін ақпараттың немесе хабарламаның келуіне жауапты

ісәрекеттің болуы тән, сонымен қатар, жауап алдындағы хабарламаның контекстінде

болуы қажет.

Жоғарыда айтылғанға орай, Интернет ортасы үшін интерактивтілікті қолданушыға

жауап қайтару мүмкіншілігі есебінде түсінуге болады. Осайша, интерактивтілік

компьютердің қолданушының қимылын бағалап және осы бағаға байланысты жауап бере

алатын мүмкіндігі бар, диалогқа қатысушы есебінде функциялық көрінісін кеңейтеді және

толықтырады. Компьютерлік гиперортаны қолдану арқылы өзара байланысу процесінде

клиентпен хабарласу қатынасты орнатудың ең бастапқы кезеңінде сол компьютерлік

гиперортамен, клиенттің алдыңғы ісәрекетке қалай қарағандығына байланысты жасалуы

мүмкін. Internet негізінде жатқан құрамдық модельді қайта қарау барысында, Internet

ортасындағы интерактивтілік енді орта арқылы жеке қатынас деңгейінде жүзеге аспай,

нақты ортаның өзімен өзара байланысу деңгейінде жасалатынын көруге болады.

Өзара байланыстың интерактивті сипаты коммуникация мүшелерінің өзара

байланысу әсерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы тәжірибе жүзінде, келісім

немесе сатып алу үшін қажетті ақпаратты алу үшін кететін уақытты қысқартуға керек.

Сонымен қатар, ортаның интерактивті сипаты жеке клиенттің ерешеліктеріне қатысты

байланыстың қалыптасу мүмкіндігін ұсынады.

Гипермәтін

Internet ортасының гипермәтіндік табиғатының ерекшелігі аз емес. Гипермәтінге

негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені  жылдан астам уақыт бұрын ЭЕМнің

алғаш құрушыларының бірі (Ванневар Буш) ұсынған. Бұл жүйе Метех деп аталады, ол

қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен коммуникацияларын сақтайтын құрылғы,

оған жүктелу тез және оңай. 1967 жылы Нельсон (Nelson) гипертексті жүйелер

көрсеткіштері мен ассоцация ретінде бейнелеп, адам ойындағы жеке мәліметтер

бөліктерін ұйымдастыру және байланыстыру мүмкіндіктеріне теңеді. 1993 жылы Бомман

(Bomman) гипертекстке мынандай анықтама берді: " Гипертекст концепцияның ретсіз

жазба мәліметтерін құрайды, осыған орай қолданушы мәліметтер бөліктерін бір-бірімен

көрсеткіштер мен байланыстар көмегімен байланыстырады. Гипертекстік жүйеде мәлімет

түйін және байланыс түрінде беріледі."

Гипертекст ұйымдстыру құралының бөліктерге бөлінген сызықты емес желілер

формасымен сипатталады. Мұнда әр бөлік (фрагмент) келесі бөлікке белгілі бір байланыс

типі арқылы көшеді.

Гипертекст мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге қолайлы іздеу қондырғысын

құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс мәліметтері қарапайым әдіске қарағанда,

мәліметтерді қорытады.

Мультимедиа

Мультимедияның пайда болуына байланысты динамикалық (аудио, видео,

анимация) және статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы бар кмпьютерлік

интеграция мүмкіндігі туды. Түйіндер мен байланыстар комбинациясы гипертекстік жүйе

мультимедиасында жңа ортаны құруға мүмкіндік берді.

Гипермедиа – бұл мәліметтер көрінісі және оған кіру әдісі. Оның концепциясы граф

түрінде берілген мәліметтер кеңістігінің моделінде орналасады, түйіндерінде мәліметтер,

ал семантикалық байланыс граф доғасында қамтылады. Ақиқатты гипермедия

жүйесіндегі сақталатын мәлімет осы заманғы компьютер шығара алатын барлық мүмкін

формалармен көрсетіледі. Сонымен қатар, гипермедиа өзінде радио (аудио), теледидар

(динамикалық бейне), пресса (текст, суреттер, фотосуреттер) және компьютер

(видеотерминал) компьютерлік гиперортада құрамында жататын гипертекстік

байланыстарды орнатады.

Болу эффектісі

Интернеттің коммуникациялық моделінің басты мәселесі "болу эффектісі" болып

табылады, қоршаған ортамен клиенттің араласу процесі: жағдай, бөлме, компьютерлік

жұмыс орын және т.б., компьютерлік гиперәдіспен құралатын орта құрамына кіреді.

Дәреже қатынасы мен клиентке әсер ету "болу эффектінің" дәрежесін анықтайды. Айта

кеткен жөн ,"болу эффектісі" өзінің табиғатына сай, интерактивтік араласу мен

компьютерлік гиперортамен тығыз байланысты.

Желілік навигация

Желілік навигация компьютерлік гиперортада өзіндік қозғалыс процесі болып

табылады. Сызықты емес іздеуді және мәліметтерді талап ету құрамындағы әдісті

клиентке еркін түрде береді.

Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

Интернет комплексті сервис болғандықтан, оның жеке сипаттамаларын таңдап

және қолдану кезінде көрсету керек. Кестеде коммуникация түріндегі Internet

коммуникациялық сервис анализінің нәтижесі, коммуникация моделінің құрамында

жатқан, көрсетілген мәліметтер түріне ,симметриялық кері байланыс және интерактивті

қарым-қатынасы көрсетілген.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай коммуникативті модельдер Интернетте шығарылады?

2. Гипертекст ұғымы нені білдіреді?

3. Internet ортасындағы интерактивтік ұғымы нені білдіреді?

4.Pull- және Push-моделдерінің Internet коммуникациясының ерекшеліктері қандай?

5."Болу эффектісі" термині Internet ортасында нені білдіреді?



Дәріс 3.

Қолданушының Интернетке кіруі. «Соңғы миля».

Коммутация каналының желісі. Модем.

Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері

провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын

байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты

түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес.

Көп жағдайларда «соңғы миля» желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу

тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ

«кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады»

деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік

беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған

телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар.

Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен

қосылу, радиоканал арқылы қосылу,кабельді теледидардың желісімен қосылу, және

де,спутникті канал көмегімен.Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне

қарамастан,қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы,мәліметтерді жіберу жылдамдығы

және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар.Интернеттің барлық ресурстары кіру

мүмкіншіліктері бар,оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың

әртүрлі варианттарын қарастырайық.

Интернетке кірудің әртүрлі варианттары

Коммутаторлық телефон линиясы арқылы қосылу. Коммутативті телефонды линияның

модем арқылы қосылуы – бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың СНГ-да таралған

қосылу әдісі.

Желінің коммутациялы каналдарымен. Коммутациялы телефонды желінің немесе желінің

коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін айтайық.Сіз біреуге қоңырау шалған

кезде,сіздің аралығыңызда белгілі бір физикалық байланыс каналы орналасады,олар

коммутатор арқылы байланысатын жеке учаскелерден тұрады. Абоненттің әрбір учаскесі

бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді.Яғни әрбір абонент осы учаскелерді

жеке өзі қолданады.Желіліердің қалған учаскелері коммутатор арасында ажыратылған

болып келеді, дәлірек айтқанда әртүрлі уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады.

Бірақ, егер қайсыбір участок бір қолданушымен бос емес болса,онда келесі біреу оны осы

уақытта қолдана алмайды.Коммутативті телефонды линиямен қосылу - бұл уақытша

(сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен немесе мәліметтерді

модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін. «Модем» сөзі «МОДулятор» и

«ДЕМодулятор» деген сөздерден құралады. Модем телефонды линия арқылы

мәліметтерді жіберуде қолданылады. Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы,цифрлық

кодты әртүрлі екі жиелік дыбыстардың ауысу мен кері қайту – дыбыс тербелісін цифрлық

ақпаратқа ауыстырады. Екі модем қосылғаннан кейін модулятор тұрақты тербеліс

периодының басты сигналымен генерацияланады және болып жатқанды өзгертіп екінші

сигналды қосады.Сонымен,жүріп жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне

байланысты.Демодулятор анализдайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан қалай

ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады.Басқаша айтқанда,жіберуші модем

болып жатқан жиелікті пайдалы сигналмен моделдейді және жоғарыжиеліктегі сигналды

жібереді, ал модем-адресат сигналды ASCII кодына (American Standard Code for

Information Interchange – ақпараттармен алмасудың стандартты коды – машиналық

көріністегі латын алфавитінің әріптері,сандар мен басқа сисволдардан тұратын 128 код

символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттық екілік сан.Сегізінші бит жіберу кодының

дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.

Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген және Bell 103

атауын алды.Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиелікті қолданды: сыңарлы жиелік бір

модемге, және сыңар екіншіге.Жіберуші модем 1,07 және 1,27 кГц арасындағы

жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2,025 және 2,225 кГц арасындағы

жиелікте мәліметтерді жіберді.

Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істеді работали со скоростью

300 бит/с,солай минутына 30-ға жуық символ жіберуге болатын болды.Мұндай

жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде қолайлы,себебі бұл

жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда артық. Мәліметтерді 300 бит/с

жіберетін модемдер 1980жылға дейін өмір сүрді.Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере

басталғалы ондай жылдамдық аздау екені айқындалды.

1980 жылдарға қарай 1200 бит/с жылдамдықпен мәліметтерді жіберетін модемдер

пайда болды.1990жылдардың басында жылдамдық 9,6 Кбит/с дейін жетіп,өсе бастады:

19,2; 28,8; 33,6 Кбит. 1998 жылы 56 Кбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін модемдер

шықты.

Осы заманғы модемдер – бұл өте күрделі схемалы модуляцияларды

қолданып,мәліметтерді жіберер кезде қаптайтын күрделі құрылғылар болып келеді.

Клиенттік компьютер коммуникациондық портқа ноль мен бірдің реттелген түрге

келтіріп, әр түрлі командалар мен мәліметтерді жібереді. Модем мәліметтерді

қабылдап,оларды командалар және ақпаратқа ажыратады да, телефон линиясы арқылы

жіберіп жүзеге асырады.

Қолданушы модем арқылы телефондық желіге ортақ қолданумен қосылып, aл ISP,

басқа модеммен, цифрлық сигнал арқылы Интернетпен қосылады.

Бүгінгі күнгі модемдер екі түрлі:ішкі және сыртқы. Ішкі модемдер кеңелмелі плата

арқылы жұмыс істесе, сыртқылары бөлек құрылғы ретінде автономды блоком питаниямен

істейді.

Осындай аналогты телефон каналы бар модемдердің максималды жіберу

жылдамдығы 33 600 бит/с, ал қабылдау - 56 Кбит/с. Bell 103-ке қарағанда 200 есе жылдам.

Бақылау сұрақтары:

1. Интернет технологиясында соңғы миля нені білдіреді?

2. Модем функциясы қандай?

3. ASCII-кодировкасы?

4. Модем жылдамдықтары қандай?


Автор
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров188
Номер материала ДВ-504971
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх