Доклад "Геометрия пәні бойынша оқушылардың шығармашылық білімін дамыту жолдары"

Предпросмотр материала:

Жаркент қаласы ,Панфилов ауданы, Ахметова М.Е. – А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі

Геометрия пәні бойынша  оқушылардың  шығармашылық білімін дамыту жолдары

        Қазіргі заман талабы : оқыту үрдісін жан-жақты дамытуға жағдай жасайтын әр түрлі әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, әлемдік өркениет білім дәрежесіне жету қажеттілігі туындап отыр .

 Жоғарғы сынып оқушыларының  геометрия пәні бойынша    шығармашылық білімін дамыту , пәннің стереометрия курсы бойынша шығарылатын есептерді шешу жолдарын  теориялық негізінде  ашу және тиімді әдіс-тәсілдер арқылы  күрделі есептерді шығару барысын игерту, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін, кеңістікті елестетуін дамыту,геометриялық есептерді шығару шеберлігін жетілдіру және тиімді әдістерін есептер шығаруға пайдалана білудің маңызы зор .  Сондықтан  Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» ,- деп ескерткендей , бүгінгі ұрпақтың білім деңгейі халықаралық стандарт деңгейіндегі сапалы білім беруге жету мақсатында жұмыс істеуіміз керек. Қазіргі қоғамда дербес,бастамашыл,оқуда белсенді,математикалық тіл мәдениетін меңгерген  оқушылар дайындап шығаруымыз керек. Ол үшін, мектептегі математика пәнін  бүгінгі күн талабына сай,математикалық білімнің,оны меңгерудің ерекшеліктерін оқытуды жетілдіру керек.

        Жоғары деңгейге жету үшін оқытудың жаңа технологияларын (Ж.Н.Қараев,М.Жанпейісова және т.б.)  және педагог,психолог,математик ғылымдардың еңбектерін (Д.Б.Эльконин,А.Н.Леоньтев,В.П.Беспалько) пайдаланудың маңызы зор.

        « Жоғарғы сынып оқушыларында геометриялық денелердің сүлбелерін қалыптастыру –оқушылардың психикалық дамуының ертеңгі емес , кешегі күніне бетбұрыс жасау»- деп психологтар атап өткендей ,  геометриялық  материал пәннің өзіне тән логикасына сәйкес мазмұндалатындықтан , кеңістіктік ойлаудың өзі сүлбелерді жасау,оларды түрлендіру және кеңістікті бағдарлау сияты маңызды психикалық үрдісті қамтитындықтан, олардың әрқайсысы ойлаудың қажетті құраушылары болып табылады.  Геометрияның негізгі бөлімдері мен есептерді шешуге керекті формулалар іріктеліп,  негізгі тақырыптарды жинақтап, қорытындылауды қамтамасыз етілетіндей ,оқушылардың білімдерін тереңдетіп, кеңейтетіндей етіп іріктелген тестерді әр тақырып пен тақырыпшаларды қайталайтындай етіп жинақтаған дұрыс. Дәстүрлі курстарда жеткілікті көңіл бөлінбейтін стереометрия курсында оқытылатын көпжақтар және олардың анықтамасы мен қасиеттерін есептер шығаруға кеңінен пайдалану жағы , яғни практикалық бөлімге көбірек көңіл бөлінуі керек . Дененің көлемі, жазық фигураның ауданын есептеу жолдары кеңінен қарастырылады. Алгебра және анализ бастамалары курсынан белгілі интеграл ұғымына сүйене отырып,дененің көлемін есептеу тәсілін пайдаланып,есептер шығаруға көп көңіл бөлінеді.

Геометрия пәнін тереңірек оқытудың қажеттілігі төмендегідей себептерден туындап отыр :         

                Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауда  және математика бағытындағы немесе техникалық оқу орындарына түскісі келетін оқушылардың геометрия пәнін шығармашылық тұрғысынан меңгеру және кеңістіктегі көпжақтар мен айналу денелеріне берілген есептерді толық ,әрі дұрыс шеше білуге деген сұраныстарының  артуы ;

         Кеңістіктегі фигураларға қатысты есептердің шешу жолдарының түрлі әдістері мен тәсілдерін игерудің толыққанды жүзеге асырылмауы да кері әсерін тигізуде.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доклад "Геометрия пәні бойынша оқушылардың шығармашылық білімін дамыту жолдары"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Ахметова Маира Ернисовна

зам директор по учебной части

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 33065
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 33065
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Маира Ернисовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: