Инфоурок Информатика СтатьиДоклад "Информатика" (междисциплинарная связь)

Доклад "Информатика" (междисциплинарная связь)

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

«Информатика курсын оқыту үрдісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар»

 

 

 

 

Дайындаған:                А. Келмағамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы

Ақпан, 2015 ж

«Информатика курсын оқыту үрдісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар»

 «Болашақта  еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр” – деп Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бүгінгі ұстаздардың алдыңдағы міндет жоғары да әрі жауапты.

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.

Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.  Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технологиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:

1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңнейлері» - деп аталатын 4-тараудың  4.3.1.- тармағында: «Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары  көрсетіліп белгіленген. Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр.

Әрбір мұғалім сабақта пәндер арсындағы өзара байланыстылықты дамытуды ойлайды. Өйткені мұндай сабақтар оқушылардың серпілісін тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Математика және информатикадан алған білімін орнықтыру, тереңіне бойлау, шығармашылық жетілдіру жұмыстары жүргізіледі де, білімді берік меңгеруге мүмкіндік туады.

Информатика басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде ол физика ғылымымен де байланысты. Физика жаратылыстану ғылымдарының ішінде техникаға, өндірісті автоматтандыру мен компьютерлендіруге ең жақын ғылым екендігі белгілі. Физика пәні жастарды білім құштарлығына тәрбиелеуде, талант-қабілетін ашып дамытуда ерекше орын алады. Осыған байланысты, жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып физиканы тиімді оқытудың әр түрлі жолдары мен амалдары да іздестірілуде.

Қаіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты мектептегі оқу пәндері де бір-бірінен ажыратылуы мүмкін емес.

Пәнаралық байланыстар зерттеу тәсілдерінің ортақтығы  жөнінен де айқындалуы мүмкін. Іс жүзінде мұғалімге пәнаралық уақыттық байланыстардың  үш түрімен жұмыс  істеуіне тура келеді: болып өткен, ілеспелі (қатарлас) және перспективалық.

Болып өткен пәнаралық байланыстар дегеніміз – бір пәннің материалын өту кезінде басқа пәндерден  бұрын алған білімдеріне сүйене отырып оқыту.

Ілеспелі пәнаралық  байланыстар дегеніміз – бірнеше пәндер бойынша бірқатар сұрақтар мен түсініктерді бір уақытта оқытуды көздейтін байланыс.

Перспективалық пәнаралық байланыстар дегеніміз – белгілі бір пәннен  материалды  өту, басқа пәндер бойынша оның қолданылуының алдын-алу үшін пайдаланылады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай: 

·        әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді  оқыту  ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;

·        әр түрлі пәндерді оқып-үйренуде  өтілетін материалдарда  уақыт жағынан  үйлестеріп  отыру;

·        оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен, шеберлігімен, дағдыларымен сабақтастыра  қалыптастыру;

·        жалпы теориялық білім алуды  және практикалық шеберліктер  мен дағдыларды бірыңғай  әдіспен жүзеге асыру;

·        оқушыларға (білім алу икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою;

·        оқушыларды бір пәнді оқып-үйрену барысында екінші бір пәннен білім алуға, икемі мен дағдыларын кеңінен пайдалана білуге әдеттендіру;

·        әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтығын, ерекшелігін көрсете білу;

·        пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың ортақ байланысын  ашып, дұрыс диалектикалық дүниетаным қалыптастыру.

Электронды есептеу техникасын тиімді қолдана білудің жекелеген мысалдарының бірі – «физика ЭЕМ- оқушы» байланыс жүйесін жасау. Оған бірнеше себептер бар. Ең бастысы- физиканы эксперименттік ғылым екендігі. Физикның эксперименттік негіздерге сүйенген ғылыми түсініктер қандай да бір фактіге жүгінеді. Бірақ кейбір құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп лабораториясының көлемінде түсіну мүмкін емес. Оның үстіне құрал- жабдықтар да жетіспейді. Ал күрделі эксперимент жасауға қажетті қондырғылар өте қымбат тұрады.

Жаратылыстану пәндерінен басқа, мысалы Paint, Photoshop, Corel Draw бағдарламаларын сурет салу пәні арқылы байланыстыру, QBasic, Turbo Pascal бағдарламалары  ағылшын тілі пәнімен етене тығыз байланыста. Себебі бұл бағдарламалармен жұмыс жасауда осы пәндердің элементтері мен ережелерін қолданамыз.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.

Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін, яғни бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.

Ағылшын тілі сабақтарында қолданылып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам: 
Лексиканы меңгерту: Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, түстер, мезгілдер, бөлмелер, т.б. 
Сөйлеу жұмыстары :  Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. 

Ағылшын тілі сабағында АКТ қолдану арқылы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады: 
1. Оқушылар компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік алды. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайтынын түсінеді. 
2. Оқушылар компьютер арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Мысалы: мәтіндерді оқыған
3. Білім алуда дұрыс шешім жасай білді, өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады. 
4. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігін алады. 
5. Ағылшын  тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйренеді.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашты. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетеді.Жаңа технологияларды, АКТны пайдалану тек ғана нәтиженің құндылығын көрсету емес, білім беру үрдісін көтеруге де мүмкіндік береді. Сол үшін ақпараттық технологияларды сабақтарымда көбірек қолданған тиімді.

Мен сіздерге информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында басқа пәндермен байланыстырып өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынып отырмын. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту оқушылардың өзіндік-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мен олардың пәнге деген қызығушылығын және компьютерлік сауаттылықтарын арттырады.

Сабақтың тақырыбы: Компьютер әлеміне саяхат.

Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, интернет желісі.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, информатика, сурет.

Компьютерлік бағдарламалық құралдар: Microsoft Power Point, Microsoft Word, Microsoft Excel компьютерлік бағдарламалары қолданылады.

Сабақтың өзіне тән ерекшелігі: Бұл сабақта оқушылар «Интернет желісіне» жету үшін бірнеше аялдамалардан өтеді.

1)    Сынақ аялдамасы. Microsoft Excel бағдалламасында тест тапсыру.

        Сұрақтар:

Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән қалай аталады?

А) Информатика   Б) Математика   В) Физика

2.  Ақпараттың көлемін өлшейтін негізгі өлшем бірлігі не?

А) см   Б) Гц   В) Байт

       3.  Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны...

А) Компьютер   Б) Файл   В) Принтер

       4.  Мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсететін құрылғы...

А) Принтер   Б) Файл   В) Монитор

       5.  Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы:

А) Принтер   Б) Жүйелік блок   В) Пернетақта

       6.  Компьютердің жүйелік блогына қай жабдық кірмейді?

А) Дискжетек   Б) принтер   В) CD-ROM

       7. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмастыру жабдығы қалай аталады?

А) Модем   Б) Интернет   В) WEB

       8.  Ақпаратты сақтайтынжабдыққа не жатады?

А) Қатты және иілгіш дискілер   Б) Монитор   В) Принтер

        9.  Компьютерге графикалық ақпараттарды енгізу құрылғысы

А) Принтер   Б) Сканер   В) Монитор

      10.  Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы:

А) дискжетек   Б) MediaPlayer   В) CD-ROM

2)  Тілдер аялдамасы. Компьютерлік жұмбақтарды шешіп, жауаптарын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтып, Word мәтіндік редакторында жазады.

Өзі ғажап сайрайды, айтқаныңды тыңдайды

Процессорға жалғасаң, ән айтады тайсалмай.

Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.

Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам, қағазсыз

Серігі бар қасында, кілемі  бар астында.

             Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған.

Компьютермен енеді, қағазға басып береді.

Ақпаратты сақтап таратқан, жұртты өзіне қаратқан.

Суретіңді көшіріп, монитордан көрсеткен.

Мәліметті сұраған, экранға шығарған.

3)  Сурет аялдамасы. Бірнеше бөліктерге бөлініп берілген суретті құрастыру, сурет бойынша өз ойларын екі тілде (қазақ, ағылшынша) айту.

4) Мәтін аялдамасы. Ағылшын тілінде берілген мітінді оқып, аудару, мағынасын түсіндіру, сұрақтар қою.

Егер оқушылар осы аялдамалардағы тапсырмаларды сәтті орындаса, онда «Интернет желісіне» жетіп, интернетпен жұмыс жасайды.

Мұғалімнің сабақтағы жұмысы:

Оқушыларды ұйымдастыру

Өткен материалды қайталау сұрақтары (компьютерде тест алу)

Компьютермен жұмыс жасау (мәтінмен таныстыру, сурет құрастыру)

Оқушылардың интернет желісімен жұмыс жасуын ұйымдастыру

Оқушы білімдерін бағалау.

Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысы:

Информатика пәні бойынша тест жұмысын компьютерде Microsoft Excel бағдарламасында орындайды.

Компьютерлік жұмбақтарды шешу, жауабын орыс, ағылшын тілдеріне аударып және Word  мәтіндік редакторында жазу.

Компьютерде суреттерді құрастырып, сурет бойынша ойларын қазақ, ағылшын тілдерінде айту.

Оқушылар ағылшын тіліндегі дайын мәтінмен танысып, оны ауызша оқып, аударады.

Интернет желісіндегі арнайы сайттармен жұмыс істеу және электрондық пошта арқылы басқа елдермен хабарласу.

Үй тапсырмасы: Қазақ және ағылшын тілдерінде компьютерлік жұмбақтар дайындау.

       Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың білімін бағалау ұпай түрінде жүргізіледі, әр оқушы сабақтың бөлімдері бойынша өздерінің ұпайларын арнайы кестеге енгізе отырып, өз білімдері бойынша диаграмма тұрғызады. Ал жалпы сандары бойынша, мұғалім сынып оқушыларының білім дәрежесін диаграмма түрінде тақтада көрсетеді.

Тест – 10 ұпай, жұмбақ – 8 ұпай, суретпен жұмыс – 16 ұпай, оқушы барлығы 50 ұпай жинауы керек.

Сонымен, қорыта келгенде, информатика қазіргі кезде жаратылыстану – техникалық ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар бағыттарының етене араластырыла дамитын ғылым ретінде еш ғылым тұрғысынан түсіндіріліп нақтыланбайтын, өзіне тән ерекшеліктері бар ғылым. Сондықтан да информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту арқылы оқушыларды жан-жақты білімді, әрі информатиканың басқа пәндерден айырмашылығы мен ұқсастықтарын толық меңгеретін болады.

Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін, яғни бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Интернет сайты «Google.kz» кілтті сөзі- «информатика» және «информатика-физика», «Информатика-математика» .

2.     «Информатика негіздері» журналдары.

3.      Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы. «Білім баспасы», 1998.

4.     Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

5.     «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Информатика" (междисциплинарная связь)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.09.2016 669
    • DOCX 27 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Келмагамбетова Алтынкул Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5220
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе