Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Доклад: "Использование диалогового обучения для развития речи в начальных классах."

Доклад: "Использование диалогового обучения для развития речи в начальных классах."

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


ДИОЛОГТІК ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ


Этекбаева Бақыт Боранбаевна


35 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сынып мұғалімі


Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап,

мәселеге сыни тұрғыдан ойлану дағдысы қалыптасады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес «Әңгімелесу - оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады» деп атап көрсеткен.

Әңгімелесудің 3 түрі бар:
1. Зерттеушілік әңгіме
2. Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме)
3.Топтық әңгіме

Іс – тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім. Әңгімелесу – мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп,олардың түрлерін атап көрсеткен. Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ – жауап,рөлдік,тапсырманы орындату ,

жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.[1,28 бет]

Мен мектептегі тәжірибемде үнемі сабағымда диалогтық оқыту әдісін пайдаланамын. Менің сыныбым 1 сынып болғандықтан оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданып отырдым. Оның тиімділігі мәтінмен жұмыстанғанда бірнеше оқушылар қамтылады ,өз бетімен оқып түсінеді ,бір-бірін қадағалап отырады.
Мәтін бойынша әрқайсысы жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар

дайындап,қалаған оқушыға сұрақ қояды. 
- Оқушы сұрақ берген кезде өзі сол сұраққа жауап беретіндей болу;
-Сұрақ түрін айыра білу;
-Жоғары мәртебелі сұрақ қою;
-Мәтіннен ауытқымай сұрақ қою;
Топтық әңгіме барысында байқағаным топ мүшелері бір-бірін тыңдап, ортақ шешімге келіп отырады. [2,38бет]

Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды роль атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес

қосады» деп атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Ал Барнс «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді» деп атап көрсеткен. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38 бет.)

Тіл оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін

көрсетіп тұрғандай. 

Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным; бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі.

Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:
-Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;
- Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;
-Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;
-Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді;
- Ойын жинақтауға көмек берді;

Жыл соңында білім сапасы 76 пайызға жетті.Оқи білмейтін оқушы жоқ. 
Қорытындылай келе, тәжірибемде оқушылардың сөздік қоры молайып,қабілеті төмен оқушы саны азайды, ойларын еркін ,өз сөзімен жеткізуге үйренді,бір-біріне сұрақ қойған кезде ойланып жоғары дәрежелі сұрақтың маңыздылығын түсінді ,тақырып бойынша бір-бірімен пікір таластырып отырды,сабағымда «оқушы-оқушыға» сұрақ беру әдісін жиі қолданып отырдым.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Бүгінгі біздің шәкірттерімізге сапалы білім беріп, қоғамнан өз орындарын табуға, қоғамдық дәстүрлерді жалғастыруға дайындығы оларды қалыптастыру үрдісінің басты субьектінің бірі – мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаздар қауымы өз білімдерін үнемі жетілдіріп

отыруы тиіс. [1,28 бет]

К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген өз даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. 
Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп,

сабақтың тиімді, мазмұнды, қызықты өтуіне жұмыс жасауы қажет.
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, олардың білім деңгейі көтеріліп, сөйлеу мәдениеті қалыптастасады. Диалог екі үш адамның қарым- қатынастағы сөзі, сұрақ жауап әдісі. Менің тәжірибемде диалогты оқытудың маңызы мен рөлі көп деп ойлаймын.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалогтік оқыту, оқушының білім деңгейін дамытуға, білім беруге көп жеңілдік жасайды. Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Диалогтік әдістерді қолдану саласындағы теориялық білім, оларды жауап алу, шағын топтардағы жұмыс сияқты түрлерде қолдану балалардың білімін жақсартуына мүмкіндік береді.[2,48бет]
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. 

1. әңгіме-дебат
2. топтық әңгіме
3.зерттеушілік әңгіме

Осылардың ішінен мен сабағымда жиі қолданылатыным топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме. Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. 
Мен өзім қазақ мектебінде бастауыш сынып балаларына сабақ беретін мұғалім болғандықтан, балалардың сөздік қорына, сөйлемдерді дұрыс айтуларына, құруларына, тіл байлықтарына үлкен мән беремін. Диологтық оқыту балалардың қызушылықтарын арттыратындығы белгілі. Сондықтан сабақтарда диалогтік оқытуды пайдалануды жөн деп санадым. 
Диалогтық әдіс тәсілдің сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диалогтық әдісті қолданғанда бала өз ойын біреуге жетік жеткізе алады. Бұл әдіс материалды есте сақтауына себін тигізеді, баланың сөздік қорын дамытады. Мұғалім баланың алған білімі жөнінде тереңірек мәлімет ала алады. Диалогтік әдісті жұппен жүргізген тиімдірек пе деп ойлаймын. Жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір жұпта жұмыс жасауда нашар оқитын оқушылар жақсы жауап берді. Оқушылар бір –бірін білім алуға жетелейді.
Жұппен талдау жасап болғаннан кейін оқушылар өз түсінгендерін топпен талқылап, өз дәлелдерімен пікір алмасты. Бұл оқушылардың өзара топтық әңгіме арқылы ой - пікірлерін қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады және мәтіндерді оқып олардың негізгі идеясын анықтауда өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндіреді. Постерге түсіріп,

тақырыптарын әр топтан бір көшбасшы шығып қорғайды.
Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырады. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайды, ынталанады, ойларын бөлісіп, пікірлеседі, білімді бірлесіп алып, өз білімін толықтырады.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Егер де сұрақ дұрыс қойылған болса сабақ берудің, білім берудің тиімді құралына айналып, оқушылардың білім алуына жағдай жасайды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар: төмен дәрежелі сұрақ қою және жоғары дәрежелі сұрақ қою болып табылады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес құрылуы қажет және түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқушылардың білім деңгейіне қарай сұрақтарды саралауға болады. Сұрақты қарапайым етіп қою өткен тақырыпқа оралу арқылы ойға салу, дұрысын қабылдап және толық жауап беруге жол сілтейді. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз ойын дамытуға көмектесетіндей болып құрылады. [3,77 бет]

Диалогты әңгімеде мұғалім сұрақтары және оларға берілген жауаптар ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды. Тіл үйренуші үшін диалогтың маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Алайда, оқушылардың тақырыпты, мәтін бойынша өз ойларын айтуда өз ойларын толық жеткізе алмағандығы, сөздік қорларының аздығы байқалып жатты. Соның әсерінен балалар өз ойларын айтуға ортаға шығып айтпай жүрді. Оқушылардың бұл кемшіліктерін сабақта сұрақ – жауап және диолог құру арқылы жоятын болдым. Дәстүрлі сабақтарда сабақты қорыту, бекіту кезінде сұрақтарды өзіміз қоятын болсақ, бұл бағдарлама бойынша жаңаша сабақта оқушылар сұрақты өздері қоятын болды. Сұрақтарды жеңілден күрделендіре түсу керек екендігі ескертілді. Алайда бастауыш сынып оқушыларына бірден

күрделі сұрақтар қою қиындық туғызды. Жеңіл болса да сұрақ қоя білгендері және оған жауап бергендері сабақтағы оқушылардың жеткен жетістігі деп ойлаймын, өйткені жаңа тақырыпты түсінбесе бір-біріне сұрақ қоя алмас еді. Сабақты мен сыни тұрғыдан ойлаудың қызығушылықты ояту, мағынаны тану кезеңдері ой толғаныс кезеңдері бойынша құрылымдадым. 
Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету сапалы болу үшін диалогты әр түрлі жағдаятта ұйымдастыру керек. Әсіресе, жұп пен жұптың, топ пен топтың арасындағы диалогтарды енгізген ұтымды. Оқушылар тілдесу арқылы ой бөліседі, жөн сұрасады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытатын әдістердің бір түрі топтық жұмыс болып табылады. Бала алдымен тапсырманы жеке орындайды,

содан соң жұпта, топта талқылайды.  [4,28 бет]

Яғни, олардың шығармашылық белсенділіктері дамиды, өз ойларын толық жеткізуге машықтанады, сөздік қорлары молаяды, материалды есте сақтауына себін тигізеді, баланың сөздік қорын дамытады.
Күнделікті сабақтарымда диалогтік оқытуды оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізіп отырамын. Диалогтық әдіс тәсілдің сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диалогтық әдісті қолданғанда бала өз ойын біреуге жетік жеткізе алады. Мұғалім баланың алған білімі жөнінде тереңірек мәлімет ала алады. Диалогтік әдісті жұппен жүргізген тиімдірек пе деп ойлаймын. Жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір жұпта жұмыс жасауда нашар оқитын оқушылар жақсы жауап береді. Оқушылар бір –бірін білім алуға жетелейді.. 
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» К.Д.Ушинский сөзін ескере отырып, диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына

көмектесетінін түсіндім.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2.Қазақ тілі мен әдебиет журналы. 
3.Әдіскер- мұғалім журналдары.
4.Педагогикалық альманах журналы №5 2014

5


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров184
Номер материала ДВ-086546
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх