Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Доклад использование семи модулей на уроках английского языка

Доклад использование семи модулей на уроках английского языка



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз.»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс – шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің үшінші ( негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтаған куәлігін алғаннан кейін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған осы жобаны жүзеге асыруды қолға алдым.

Мақсаты: педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру,қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.

Міндетері:

· Мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;

· Сабақты белсене өткізіп, әр баланың еркін жауап алуға жағдай жасау;

· Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

· Ойын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

· Оқушыны дұрыс емес деп жасқамау, жауаптарға бірдей қарау;

· Тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдау;

· Дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;

· Жеке тұлға ретіндегі рөлін көтеру, тең дәрежеде қарым – қатынас

· ұйымдастыру;

Күтілетін нәтиже:

· Оқушы еркін ойлануға мүмкіндік алады;

· Тұжырым жасауға үйренеді;

· Жан – жақты ізденеді;

· Шығармашылық белсенділігі артады;

· Ақыл - ойы дамиды;

· Ұжымдық іс – әрекет мәдениеті қалыптасады;

· Топ алдында өз ойын айтуға, пікірін қорғауға дағдыланады;

· Есте сақтау қабілеті артады;

"Мұғалімге арналған нұсқаулықта" негізгі материал тиісті

сабақта қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульге қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген

стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Модульдер:

1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4)Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7) Оқудағы басқару және көшбасшылық.

Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінмен өзара байланыста қаралады. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылған жеті модульде сараланған. Қашықтықтан оқыту, мектептегі тәжірибемді қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлап жасағанда, сабағымның мақсатын жеті модуль идеяларына негіздеп құрастырдым. Бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып өз сабақтарыма өзгерістер енгіздім. Ең алдымен оқушыларды ойландырып топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлуде әр сабақта әртүрлі оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға бағытталды. Мысалы, бірінші сабағымда таңба белгілері арқылы, екінші сабағымда сәуле, санақ басы, үшінші де қарама - қарсы сандар арқылы, төртінші сабақта 1, 2, 3 сандарға берілген мысалдар бойынша топтарға бөлдім.

Топтың табысқа жетуі және жаңа ойлау жолдарын дамыту үшін топтарға топ ережелерін құру ұсынылды. Топтар мұғалімге бағыну, тыныштық сақтау, уақытқа бағыну, бір – бірін мадақтау деген топтық ережелерді құрды.Бір сынып - бір отбасы, бір жанұя мүшелері екенін саналарына сіңіру.Өздері шығарған ережеге бағынбай бара жатса қабырғаға ілінген ережені көрсетіп естеріне салсаң болды. Осының бәрі сыныптағы ынтымақтастық атмосфера деп аталады. Сыныптағы ынтымақтастықтың болуы мұғалімге өте тиімді. Себебі, қазіргі таңда біздер материалдық теңсіздікте өмір сүреміз, яғни, әр отбасының әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Сондықтан оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, жалпы ересек адамдардың да көзқарастары әр түрлі болып келеді.Осының салдары оқушылардың біліміне кері әсерін тигізетіні белгілі. Міне осындай әр түрлі жағдайдағы адамдардың яғни оқушылардың ой-пікірлерін бір жерге топтастырып, бір сыныпта бірегей атмосфера қалыптастыру оңай шаруа емес. Дегенмен, оның жолдарын табуға да болады.

Педагогикада білім мен тәрбие егіз деген ұғым бар. Әрине, бұл тіркес бекерден бекер айтылмаған. Баланы оқыту үшін оның жан дүниесін, қоршаған ортасын, ата-ана отбасын, әлеуметтік жағдайын мұғалім егжей-тегжейлі білгені абзал. Ол үшін:

1) Мұғалімнің ата-анаға ықпалы, яғни мұғалім ата-анасына баласының мектептегі қабілетінің жақсы жақтарын айта отырып, отбасы тарапынан үнемі қолдап, демеп отыру керектігін түсіндіру;

2) Ата-ананың балаға ықпалы, яғни баланың дүниеге деген көзқарасы бойынша ата-анасы баласымен ой бөлісіп, моральдық және материалдық қолдау көрсету керек.

Біз бұл жерде ата-ана арқылы оқушы сеніміне ие болуымыз керек және өзіміз де оларға сенім білдіруіміз керек. Оқушылармен диалог жүргізудің маңызы да аса зор болып саналады. Әр бала жеке тұлға, жеке адам, өзіндік қайталанбас үлес қоса алатындай жағдай жасау керек. Сондықтан әр баланың пікірімен санасуымыз керек. Бұл жерде анкета толтыртқызғанан көрі, оқушымен диалог жүргізіген он есе артық деп есептеймін.

Сонымен бірге берілген сұрақтар бойынша бұрын өткендерді еске түсіру үшін декламация үлгісін және оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу арқылы диалогтің нұсқаулық үлгісін, ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым. Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық жаттығу беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды мен аштырдым.

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Оқыту барысындаосы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Қазіргі кезде оқушылар компьютердің қыр сырын меңгерген және сыни тұрғыдан меңгерудегі шапшаңдығы өте тез.Топтардың арасында бірлескен жұмыс, оқушылар оқшауланып оқымайды, бір – бірін қолдау, топтық рух мадақталды, жігерін жұмсайды, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқықты болды, оқушылар сонымен бірге пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылды. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалайды және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндіктері бар.Бағалау барысында оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды.

Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс - тәсілдердің көмегімен оқушыларға білім беруде жаңаша идеяларды ұсынады.Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді:оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықтары дамыды және зерттеуге ынталандырылды, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды.Тапсырма орындау кезінде топпен жұмыс жасағанда білетін оқушылар тапсырманы ортаға салып бірлесіп, пікірлесіп шығарып отырғанын байқадым. Тапсырманын критерийлерін жаза отырып шығарғанда алғашқыда көп ойланып уақыттарын алды, пікірлерін ортаға салу арқылы критерийдің не екенің түсінді. Берілген тапсырманын критерийін жазудағы мақсат оның жауабының нені білу керектігін алдымен еске түсіру, керек анықтаманы көз жүгіртіп ойына салуда механикалық есте сақтау диалогі мен критерий жазу барысында бірге жүріп отырды. Алғашқыда критерий жазғанда тапсырма берілісіндегі шартын жазып ауытқулар болды, оны болдырмас үшін жетелеу сұрақтары арқылы бағыт беріп тұруды басшылыққа алдым. Бұл жерде мұғалімнің бағыт беруімен тапсырма жүйеге түсті.

Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде өзгерісімнің тағы бірі бағалау. Өткізген сабақтарымда бағалау топтардағы көшбасшылардың бағалау және топ мүшелерінің өзін - өзі бағалауы болды. Дәстүрлі сабақта бағалау мұғалімге тәуелді болғандықтан алғашқы сабағымда алдымен лидердің бағалауын тыңдап және өзімнің бағамды ескеріп бағаладым.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес ойды шыңдау. Бұл жоба арқылы оқушылар берілген тақырып мазмұнына сын тұрғысынан қарап, өзіне қажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез – келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшелігі сол, онда оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады, оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Мұғалім оқушыны білім алуға бағытталған іс – әрекетін бақылай алады, бағыт – бағдар береді.

Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде жеткен жетістіктерім:

· Мәселенің ең негізгі түйінді табуға дағдыланды;

· Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді;

· Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды;

· Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын

· одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалды;

· Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселеге терең барлауға бағыт берілді;

· Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды;

· Оқушылардың шығармашылық белсендіктері және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланды;

Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес.СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты жеңуге баулитын жоба.



Пайдаланылған әдебиет:

1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған,2012 ж.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров296
Номер материала ДВ-025388
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх