Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Доклад к классному часу "Ұлы Жеңіске - 70 жыл"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Доклад к классному часу "Ұлы Жеңіске - 70 жыл"

библиотека
материалов





Ұлы Жеңіс жолында!

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім

Ұлы Жеңіске-70 жыл!

ІІ.Негізгі бөлім

а)Сұрапыл соғыс зардабы

ә)Мың тағзым саған , майдангер!

б)Ерлік - ұрпаққа ұран

ІІІ.Қорытынды бөлім

Ешкім де,ештеңе де ұмытылмайды.
















Жер жүзінде нұр шашып ЖЕҢІС КҮНІ,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп зұлымдықтыңсөнді түні!

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты!


Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығын алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың , біздің аталарымыз бен апаларымыздың биік рухын, ерлігін күллі әлемге танытқан қаситетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтын сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.Егер майдангерлердің сол сұрапыл соғыстағы жеңісі болмаса , бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған Тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.Сондықтан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында мен сол жеңісті жақындатқан барша ардагер аталарымыз бен апаларымыздың алдында басымды иіп, осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер сияқты жеңген , жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз.Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне атсалысып жүргендеріңізді мақтан етеміз.Сонымен қатар ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын , майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін халық жадында мәңгі сақтау- біздің қасиетті парызымыз. Ал сол соғыстың зардабын айтпай кетуге болмайды.

Тарихта «Екінші дүниежүзілік соғыс» атанып , әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан бұл сұрапылға 61 мемлекет араласты. 40 мемлекеттің жері отқа оранды.110 миллион адам қолына қару алғанмен, фашизмді жеңу оңай болған жоқ. Адамзат үшін фашизмнің қаншалықты тажал төндіргенін ұрақтар жетік білугі тиіс. 1418 күнге созылған соғыста әр тәулікте 14 000 аса Кеңес Одағының жауынгерлері шейіт болған, сонда әр сағатта 588, минутына 10 адамды жалмаған бұл соғыстың қасіреті мен елге әкелген зардабын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 1миллион 400 мың адам қолына қару алып аттанған. Оның 601000- ы оралмаған .Соның ішінде қазақ халқының шығыны 300000-нан артық. Жауыздықтың салдарынан 1710 мың мектеп, 70 мыңнан астам ауыл мен селолар күйреген. Адам шығынымен келген Ұлы Жеңіс жан түршігерлік цифырлар мәліметін берді. Соғыстан кейін Сталин жалпы КСРО шығыны 7 миллион десе, бұл мәліметті Хрущёв 20 миллион деп жариялады. Ал Горбачёв 27 миллион деп цифрлар қатарын көбейте түсті.Сондықтан , оған қатысып жеңіске жеткен және осы жолда өмірлерін құрбан еткен асыл азаматтарды еске алып, құрмет көрсетіп отыру бәрімізге қасиетті борыш, қастерлі міндет екендігін ұмытпауымыз керек.

... «Ерлік жасау ойында еш болмаған,

Бар білгені- елін жаудан қорғаған.

Сондықтан да әр қадамы жеңіс боп,

Отанына бейбітшілік орнаған.

Соғысып па ерлік жасау үшін ер,

Туған елге сатпайды әсте күшін ер!

Отан бірақ ерлігі үшін деп берген,

Сол медальдің салмаған жұрт түсінер»-деп Қорғанбек Аманжолов жырлағандай жантүршігерлік соғыс жылдарының қайғы – қасіретін , өзекті тіліп түсер мұң-зарын, бүкіл азабын көрген соғыс ардагерлерінің қазіргі уақытта арамызда қалғаны санаулы-ақ.Ер етігімен қан кешкен, ат ауыздығымен су ішкен сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлерді қалай қадірлеп, ардақтасақ та артықтық етпейді. Себебі, сол кездің өзінде жас өмірін құрбан етіп, қолына қару алып майданға аттанға боздақтар қаншама?Қазақ қыздарыда соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап соғысқа сұранып, хат жазған қазақ қыздары өте көп. Мысалы, Қарағанданың әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласынан 3 мың, ал Алматы қаласының Фрунзе ауданынан 112 өтініш түскен.Қазақ қыздары түрлі әскери құрамда болып, ерен ерлік көрсетті. Қолдарына қару алып қан майданға аттанған Шығыс жұлдыздары Мәншүк пен Әлия Қазақстандықтардың атын әлемге паш етті. Тағы бір айтпай кетуге болмайтын авиация саласындағы Қазақ қызғалдағы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова ұшқыш штурманы болып, 300-ден астам мәрте әуеге көтеріліп, жауға оғын жаңбырша боратып қайталанбас қайсарлықты, батыл батырлықты үлгі етті. Бұл апаларымыздан бөлек Рехстагқа ту тіккен Р.Қошқарбаев,екі мәрте КСРО-ның батыры болған теңдессіз ұшқыш Т.Бигелдинов, атының өзі фашистердің қорқыныш сезімін ұлатқан партизан Қ.Қайсенов, нағыз батырлықтың, ержүректіліктің үлісін көрсеткен қолбасшы, қазақ мақтанышы Б.Момышұлы сынды марқасқа бабаларымыз қазақ халқының атын көкке көтерді. Сонымен қатар Ұлы жеңіс үшін, Отан үшін жан бере шайқасқан Шардара ауыулының, өз ауылымның ардақты ардагерлерін,ауыз толтырып айтар мақтаныштарымызды тізімін тізбектей өтсем: Ә.Шампанов, О.Тілеулиев,С.Әшіров , Е.Орынбаев, Б.Тәжиев, т.б. Осындай қазақ халқының аяулы перзентері Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерлік жасап, бабалар аманатына берік екендігін паш етті.

Келер жылы Ұлы Отан соғысындығы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Қаншама боздақтардың ,қыршын кеткен жастардың қанымен келген бұл соғыстың қадірін жас ұрпақ түсінеді.Құрбан болған құрбыларға, тұтанбай жатып сөнген махаббаттарға деген сағыныштарын , «оны енді басқа салмасын!...»деп қариялардың тегін күрсінбейтіндігін, сол күрсінудің астарында көкіректі қарс айырар шер жатқанын ұрпағы біледі. Сондықтан да енді қайтіп соғыс өртінің тұтанбауын, текке қан төгілмеуін,әлемде бейбітшілік болуын тілейді.Сол кездегі соғыс даласында қаза тапса да жауды өткізбей жұтқан 28 панфиловшы батырдың мынадай ұлағатты өсиетін естен шығару әсте мүмкін емес: «Біз өмірімізді Отан үшін пида еттік. Біздің жансыз денеміздің жанында тұрып көз жасын төкпеңдер. Тістеніп тас түін болыңдар.Біздің қаза таптық , бірақ жеңіп шықтық».Осындай ерлікті , қайтпас қайсарлықты ұрпағы ешқашан ұмытпайды. Иә, бұл күнде сол соғыс даласында шейіт болған боздоқтар жете алмаған бейбіт күннің иесі- сіздер мен біздер. Олай болса , бүгінгі көзі тірі ұрпақтардың соғыс қасіретін ұмытуға құқы жоқ.

Ұлттың рухын теңселтіп,адамдардың санасын шайқалтқан дүрбелеңдер қазақ халқынның рухани кемелдігін, батырлық тамырының тереңдігін жеріне жеткізе дәлелдеп бере алды. Батырлар туралы естелік бізге отаншылдықты ойлататын, намысты қамшылайтын рухты асқақтататын қырларымен қымбат.

Мұндай қасиеттерді қастерлеп, үкілей ұстай алсақ, жеңісті күндеріміз көп болары сөзсіз.



А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебі

ДҒӘІЖО Рыспаева Кульзакира Ауельбековна



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Тарихта «Екінші дүниежүзілік соғыс» атанып , әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан бұл сұрапылға 61 мемлекет араласты. 40 мемлекеттің жері отқа оранды.110 миллион адам қолына қару алғанмен, фашизмді жеңу оңай болған жоқ. Адамзат үшін фашизмнің қаншалықты тажал төндіргенін ұрақтар жетік білугі тиіс. 1418 күнге созылған соғыста әр тәулікте 14 000 аса Кеңес Одағының жауынгерлері шейіт болған, сонда әр сағатта 588, минутына 10 адамды жалмаған бұл соғыстың қасіреті мен елге әкелген зардабын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 1миллион 400 мың адам қолына қару алып аттанған. Оның 601000- ы оралмаған .Соның ішінде қазақ халқының шығыны 300000-нан артық. Жауыздықтың салдарынан 1710 мың мектеп, 70 мыңнан астам ауыл мен селолар күйреген.

Общая информация

Номер материала: 263836

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"