Инфоурок Начальные классы СтатьиДоклад "7 модуль аясында"

Доклад "7 модуль аясында"

Скачать материал

Павлодар облысы, Павлодар ауданы

Коряковка бастауыш білім беру мектебі

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

«7 МОДУЛЬ АЯСЫНДА ОҚЫТУ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Кабдышева Бибигуль Темирхановна

2016 жыл

КІРІСПЕ

Оқыту мен оқудағыәдістерді не үшінөзгертуқажет?

Қазіргіәлемдеболыпжатқанқарқындыөзгерістер(1-сурет) әлемдікбілім беружүйесінқайтақарауқажетекендігінпашетті. ҚарқындыөзгеріпжатқанәлемдеБілімсаласындағысаясаткерлерүшін де, жалпымектептерүшін де, соныңішіндемұғалімдерүшін де еңбасты, маңыздымәселеболыпотырғаны: «21 ғасырданеніоқытукерек?»және де екіншісі – ол да маңызыжағынанбіріншіденеш кем емес: «Мұғалімдероқушыларды 21-ғасырға қалайдайындайды?».

XXІ  ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің қарыштап дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Ол жеткіншек жас ұрпаққа терең  де тиянақты білім, жан – жақты тәрбие беруден басталады.

Бүгінде мұғалімнің басты міндеті – педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық  деңгейін жоғарлатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру

Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуғанегізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Бұл теория оқушылардың ойлауын дамытуолардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрдеесте сақталған мәлі -меттерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталғансоң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімдіпайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсінуқабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан

мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпалететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардыңоқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңыздыдүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардыңтүсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігінұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдерменмеңгеретіндігін жете түсінуі.

Бүгінгі  баяндамамның басты  мақсатым 7 модульдің маңызын ашып көрсету.  Қазіргі кезде мұғалімнің екі түрі бар: Бірінші түрі – дәстүрлі мұғалім. Өзгергісі келмейтін, дәстүрлі сабақпен шектелген. Жаңалық ізденуге ұмтылмайтын. Екінші түрі- жаңа форматтағы мұғалім. Ондай мұғалімді коуч деп атайды. Олардың аыйрмашылығы:

Сабақта мұғалімнің рөлі  басым                               Оқушылардың рөлі басым

Оқулықпен, бор мен тақтамен шектелген                    жан-жақты ізденіс, жаңалыққа құмар

Өзі ғана көшбасшы                                                        Жетекші, ақыл беруші, ұйымдастырушы

Бойындағы қасиеттер:

Көшбасшы, бақылаушы,сыншы Ұйымдастырушы, бағыт беруші, ізденпаз

            Зерттеуші,сарапшы, жаңашыл, бәсекеге қабілетті

 

 

Жаңа  форматтағы  мұғалім болу үшін Кембридж  тәсілінің 7 модуль  мәнмәтінімен таныс болып , сабақ беру барысында дұрыс қолдана білу қажет.

Әрбір модуль бойынша  тоқтап өтсек.

1 модуль- Көшбасшылық

Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлер-дің нәтижелеріне бағдарланған.  Көшбасшы- мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардыңқажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде

не болыпжатқанынбіліпотырады. Бұндайкөшбасшылықбарлықдеңгейлердеқажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға   бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.

Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы

Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:

• мұғалім өзіннің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылау;

• оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;

• ересектерді де,  балаларды да оқыту үшін  барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнату;

• оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектелетін шекарадан тыс

кеңейту;

• оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;

• әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық оқушылардың мүмкіндіктерін бөлуге

болатындығына сенімді болу;

• оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды

тарту.

Мұғалімнің көшбасшылығы                    Оқушының көшбасшылығы

 

2 модуль- СТО /сын тұрғысынан ойлау/

  «Сыни тұрғыдан ойлау» деген ұғымда қолданылатын «сыни» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді.  Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, пайымдау жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардыңбарлығында орын алады.  Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз.

  Сонымен қатар сабақтарымда өзім сын тұрғысынан ойлау модулін қолдандым және оқушылардың танымдылық қабілеттерінің артуын, білім сапасының арттыруын осы  модуль арқылы зерттеп көрдім.  СТО технологияны қолданудағы үш кезеңнің байланысы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайды: оқушылардың топта, ұжымда жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, бірін-бірі тыңдау, бірін-бірі сыйлау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу. Топтастыру, эссе, Венн диаграммасы, кубизм, дәстүрлі емес бес жолды өлең, еркін жазу, түртіп алу жүйесі, ойлан, жұптас, бөліс т.б. сабақ  маққсатына қызмет ететін, оқушының әр кезеңде өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін элементтерін көп және тиімді. Солардың бірін сабақта қолдану көріністері: Қазақ тілі сабағы, тақырыбы «Сан есім». Сабақтын қорытындысын Де Белонның «6 қалпақ» әдісі бойынша оқушылар өздері жасады.

Ақ қалпақ

Сан есім жөнінде ақпараттар мен деректерді ұсынады.

Қара қалпақ

 Сан есімнің жағымсыз жақтарын айту

Қызыл қалпақ

 Сан сөзін естігенде қандай ассоциация туады.

Сары қалпақ

Сан есімнің өміріміздің қажетілігі неде?

Жасыл қалпақ

жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

көк шляпа

айтылған ойларды

қорытындылайды.

1-67 сурет. 6 қалапақ

Оқушылардың жауаптары қызық болды:

Ақ қалпақ киген  В оқушы сан есімнің ережесін айтты.

Қара қалпақ – сандар өмірімізде көп нәрссемен байланыстырады. Мыслы: мен оқушымын екі деген баға алсам мен үшін көңілсіз, сәтсіз күн.

Қызыл қалпақ киген оқушы: «Сан деген де маған анамның әкемнен жасырып кейде көп ақша беру сияқты»

Сары қалпақ киген оқушының жауабы: «Өмірімізде сандар болмаса біз уақыт қанша болғанын білмейміз, тіпті қолымыздағы саусақтардың санын білмеуші едік, ата- аналарымыз еңбек ақысын қалай алушы еді. Бізде білім ала алмаймыз. Математика пәні болмаушы еді.»

Жасыл қалпақ киген баланың жауабы: «Болашақта мен сандар ғаламшарын ғарыш әлемінен табамын деп үміттенемін. Ол әдемде мысалы бір санның тетігін бассан –тамақ алдында, басқа санның тетігін бассан- астында машина т.с.с»Ал сабақтын қорытындысын шығарған көк қалпақ киген оқушы.

 

Сабақтарымда  сын тұрғысынан ойлау  технологиясының  Венн диаграммасы бойынша салыстырма  жұмыстарын жиі беремін. Оқушылар ойын дәлелдейді,  оқушылар бәсекелестікке түседі. В  деңгейіндегі оқушы өз мүмкіндігін пайдаланып жақсы жауап қайтарады, С деңгейдегі оқушы  қызығушылық  білдіріп, қате жауап берсе де  сабаққа деген  ынтасы жоғары  болады. Ой –сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз –ойды  басқа адамдарға жеткізетін құрал. Тіл ақиқатты танытудың басты құралы болғандықтан философиялық және психологиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны  нанымды айтылады. Ой сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Ойлау –ми қабығының  күрделі формадағы  анализдік- синтездік қызметінің нәтижесі. Анализ бен синтездің негізінде  «салыстыру» деп аталатын ой операциясы жүзеге асады. Оқушылар Венн диаграммасы арқылы  айырмашылығы мен ортақ белгісін таба біледі.

С оқушы

А оқушы

 Венн диаграмма арқылы салыстыру  

 

3 модуль – Таланты және дарынды  балаларды оқыту.

   Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қолжеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларғақатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды та- лап ететiн едәуіркүрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегияларбала -ларды оқытудың мазмұнынанықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қол -данылады.

Дарындылық пен талант түсінігін жалғыз аспектіліктен көп аспектілік тұрғыдантүсінуге көшу зияттың өзі не екенін түсінуде өзгеріс қажет екендігін меңзейді. Бұл ендібіртұтас нәрсе ретінде емес, көптік зият  зияттың сегіз түрін анықтаған Гарднерді (2006) атап өткен жөн:

• Логикалық-математикалық;

• Лингвистикалық;

• Кинестетикалық;

• Кеңістіктік;

• Музыкалық;

• Тұлғааралық;

• Тереңдетілген;

• Табиғи.

Аталған зият түрлерін зият саласы емес, ерекше қабілет саласы ретінде қарастыруғаболады. Гарднер зиятты қабілеттер, таланттар немесе ақыл қабілеттерінің жиынтығыретінде анықтайды, бұл адамдарға проблемаларды немесе міндеттерді оның шешімібір немесе бірнеше мәдени мәнмәтіндерге пайдалы болатындай етіп шешуге мүмкіндікбереді. Дарындылар мен таланттылардың көп аспектілі анықтамасы оқушылардыжоғарыда аталған зият түрлерінің кез келгеніне сәйкес дарынды және талантты деп есептеуге мүмкіндік береді.

 

4 –модуль  - Оқушылардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірекайтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдыларыойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқтықабілет -терді дамытуға жә-нетұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілет - тер ойлау үдерістерінің си-паты жәнежасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдықдаму теориясы шеңберінде сипатталады.Мысалы: сөйлеуді оқушылардың  жас ерекшеліктері тұрғысынан қарастырсақ:

Төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда», «не», «кім», «неге», «қашан»(осындай тәртіппен жатталған) сияқты көптеген сұрақтардыпайдаланады. Олар бессөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 150 сөзден тұратын сөздікқоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай аладыжәне 2000 сөз пайдаланады. Бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25 000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі.

  Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін  сақтай отырып сабақтың басында және ортасында  би терапиясын, сергіту сәтін  жүргізуі, баланың ынтасын, сабаққа қызуғышылығын арттырады.

 

5 модуль – АКТ қолдану

  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімдібағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ берудекөмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді  Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін – білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашы- лық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабіле -тімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүл, әрине, оқу -шылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген.  Бірақ қазіргі кезде көптеген технологиялардың түр-тірі дамыған кез. Мәселен бұрын оқушылар графопроектормен жұмыс істесе, компьютер мұғалім үшін арман болса, ал қазір әр мектепте, әр үйде компьютерлер бар. Қазір әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріс адамның шығармашылық қабілетінің дамуымен байланысты.

  АКТ- ны қолдану  оқушыларды жаңалыққа  итермелеп, қызығушылықты оятады.  Қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Осы негізде жеке тапсырмалар орындау, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастырту қызығушылықтарымен қоса, шығармашылықтарын дамытады

6 модуль – Жаңа әдіс- тәсілдер

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқу тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобыдегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауғанегізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылыоқуды жүзеге асырады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескеноқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейінмеңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып,мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдықтұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларынайтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясынқұруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауғажәне оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады

Жаңа әдіс –тәсілдерге жататындары: сыныпты топтарға, шағын топтарға немесе жұпқа бөлу. Әр топтың спикері анықтау қажет.Арнайы тапсырманы  топппен талдап, ортақ шешімге келу – ол да жетістік.  Топқа бөлудің  әдіс тәсілдері көп. Мысалы: «Мозайка», «Жеміс салаты»  тағыда басқа әдістерді мұғалім өзі құрастырып алуды мүмкін.  Топпен немесе жұппен жұмыс істеу барысында әрбір топ мүшесі өз пікірін айтып, нашар оқитын бала спикер боп сайланса,  топтың жұмысын қорғауға тырысады. Топ арасында бәсеке болса сабақтың нәтижесі айдай анық. Бұл жерде мұғалім бағыт беруші ғана қызметін атқарады, немесе ақыл қосу мүмкін.

 

7 модуль- Бағалау

«Ба­ға­лау»­ термині­ «жа­қын­ оты­ру»­ де­ген­ді­ біл­ді­ре­тін­ ла­тын­ сө­зі­нен­ шық­қан­ды­ғы­ кез­дей­соқ ­емес,­се­бе­бі­ ба­ға­лау­дың­ не­гіз­гі­ си­па­ты­ бір ­адам­ бас­қа­ адам­ның­ не ­ай­тып,­не­ іс­те­ге­нін­ не­ме­се­ өзін­ өзі­ ба­қы­лау ­жағ­дай­ын­да­ өзі­нің­ дер­бе с­ой­ла­уын,­тү­сі­нігін­ не­ме­се ­тәр­ті­бін­ мұ­қи­ят­ ба­қы­ла­уы ­бо­лып ­та­бы­ла­ды

 

                   «Ым-ишара» әдісімен бағалау

DSCF0077

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Шульман Л.С. Оқу үдерісінде білімнің өсуі.

Мишра  П.  /2006/ Мұғалім  біліміне арналған негіздер

Флейвел  Х. Ерте жастағы балалардың ойлау туралы білімдері

Бандура А. Әлеуметтік оқыту теориясы

Амонашвили  Ш.А. Обучение. Оценка . Отметка.

Гуслова М.Н. Инновационные педагогические технологии

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "7 модуль аясында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 929 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2016 946
    • DOCX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдышева Бибигуль Темирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23930
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек