Өлкетану
мұражайының тарихы
Ел мен жер тарихын қастерлеп, танымал тұлғалардың
өмірін зерттеп, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында тарихын тереңнен тартатын киелі
Ақтан батыр ауылындағы № 190 орта мектеп жанынан Тәуелсіздігіміздің 20
жылдығына арналып 2011 жылдың 4 мамыр күні өлкетану мұражайы ашылды.
Тыл ардагері Мұқан Жаңабай, аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Оразғали Бекбанов, аудандық
мәслихаттың депутаты Өтеев Мінәжаддин, батыр
ана Қалиашова Күласыл,аудандық білім бөлімінің құрметті
қызметкері Қатира Тайпақова
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай
өлкетану мұражайының ашылу рәсімінде
|
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
О. Бекбанов, І дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері
Үмбеталиев Ақтас, Ерен еңбегі үшін медалінің игері Жайманов Теңізбай, Ұзақ
Оралбайдың жұбайы Абашова Гүлбарам, аудандық білім бөлімінің құрметті
қызметкері Қатира Тайпақова, мектеп директорыОрынбасаров Қайрақбай мұражайда
|
Мұражайда «Ерлік
пен елдікті, иман мен адалдықты ту еткендер» тақырыбымен Ақтан батырға
арналған «Қорған болған халқына батыр баба», Әзілхан ишанға арналған «Тәрбие
негізі - иман» атты экспозициялар қойылған.
«Рухым бай,
көрген емес азайып, біздің елдің перзенттері ғажайып...» тақырыбында соғыс, еңбек, тыл ардагерлерінің,
батыр аналарға арналған «Ер есімі - ел есінде», «Тылда тер төккендер»,
«Қарттарым – асыл қазынам», «Алып та туар анадан», «Ауылдың абыройын
асырңандар», «Еңбек ер атандырады» атты, ел экономикасын көтеруге зор үлес
қосқан белгілі тұлғалардың өміріне арналған «Еңбектен тапқан бақытын», «Елі
үшін еңбегін аямаған», «Артында нұрлы із қалған», «Өмір жолы өнеге», «Қалаулысы
халықтың» атты экспозициялар жинақталған.
«Аға буын,
қайыспаған нағыз нар, бүгінгі ұрпақ өздеріңе қарыздар» тақырыбымен мектеп тарихына арналған
«Мектебім тұнған тарих», белгілі педагогтарға арналған «Мектеп басшылары»,
«Ұлағатты ұстаздар» және мектеп мақтаныштары туралы мағлұматтар, сонымен қатар
ауыл мектебінің дамуына зор үлес қосқан білікті басшы Ж.Жәдиевке арналған
«Білімнің болған бағбаны» атты экспозициялар қойылған. Мұражай
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналып ашылғандықтан «Тәуелсіздік
жылнамасы» экспозиция есебінде берілген.
Тарихы кенен,
тағылымы мол өлкетану мұражайы тарихи экспонаттармен толығып, алдағы уақытта
жас ұрпақ игілігіне қызмет ете бермек.
Мұражай
экспозициясы 3 бағытта орналастырылған. Мұражайдағы негізгі жәдігерлер саны
– 580,қосымша жәдігерлер саны – 120,барлығы - 700.
Мұражай жетекшісі: Серікбаев Әзілхан
Көптілеуұлы
Мектеп директоры: Айтмамбет ділдабек
Инятуллаұлы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,Ақтан батыр
ауылы № 190 орта мектеп
тел: 25-2-61
1.
Ерлік пен елдікті, иман мен адалдықты ту еткендер
Мұражайда Ақтан
Ақайұлы, Әзілхан ишан туралы толық мағлұмат беріліп, шежіре, естеліктер,
кітаптар орналастырылған.
2.Рухым
бай, көрген емес азайып, біздің елдің перзенттері ғажайып...
Ақтан батыр ауылы
тарихын тереңнен алады. Ең әуелі Қаракөл болыстығы болып № 1,2,3,5,8,9,10
ауылдарға бөлінген. 1929 жылы Томан, Жалайыр серіктестігінде 16 ауылдық совет
болған. 1937 жылы корей ағайындардың көшіп келуіне байланысты Томан, Жалайыр
жерлері қосылып «Көларық» ауылы болып аталған. Кеңес үкіметінің саясатымен
елді-мекендерді біріктіру мақсатында 1961 жылы «Көларық» ауылы КОКП-ның ХХІІ
съезі атындағы күріш совхозы болып құрылған. Совхоздың егістік жерлері ұлғайып
100 000 центнерден өнім жинап, күріш фабрикасына айналды. Тың дала төсінде
майталман дихандар шыңдалып, 1982 жылы «Еңбек озаты» Әбуша Дінісламов КСРО
жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Социалистік Еңбек Ері» атанды. Сол кездегі совхоз
директоры Ұзақ Оралбайдың басшылығымен ауылға типтік жобадағы ірі құрылыстар
салынды.
Ұзақ
Оралбай облысқа белгілі ғалым-агроном.
Ауыл шаруашылығын өркендетуге зор үлес қосқан.
1978 жылдан 1990
жылға дейін ХХІІ партсъезд атындағы совхоздың директоры болып қызмет атқарды.
Ауылдың экономикасының дамуына, мәдениетінің, тұрғындардың әл-ауқатының
жақсаруына ықпал етіп, үлкен құрылыстар салдырғын. Осы жылдар ішінде жемісті
еңбегі үшін ол «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және «Тың
және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалымен марапатталды. Ғылыми
жетістіктерін өндіріске енгізу нәтижесінде диссертация қорғап, ғылым қандидаты
атағын алған.
Ұзақ Оралбайдың
басшылығы тұсындағы салынған ірі құрылыстар.
Әбуша
Дінісламов 1961 жылы Көларық
ауылына көшіп келіп, күрішші мамандығымен жұмысқа орналасады.
Күріш еккен жылдары
70-100 центнер аралығында өнім жинап, алдыңғы қатардағы озат атанған. Күріштен
мол өнім алғаны үшін 1972 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1975 жылы Ленин
орденімен марапатталған.
Облыстық «Құрмет
кітабына» есімі жазылды.
Еңбектегі ерлігі
үшін ССР Жоғарғы Советі Президумының 1982 жылғы 22 ақпандағы жарлығымен
Социалистік Еңбек Ері атанған.
Соғыс кезінде тылда еңбек еткен ардагерлердің
ауыл шаруашылығына қолданған еңбек құралдары
Тыл ардагері Ұзақбаев Оспан ақсақалдың күмістен соғылған
ер-тұрманы
|
Тыл ардагері Рсалы Ақтиін әженің Ақирек тасынан жасалған
диірмені
|
Оспан ақсақалдың соқаға жегетін қоларбасы
|
1950 жер жыртуға қолданылған соқа
|
3.Аға
буын, қайыспаған нағыз нар, бүгінгі ұрпақ өздеріңе қарыздар
Көларық
ауылының мектеп тарихы әріден басталады. 1885 жылы 12 тамызда Қаракөл болысының
Томанкөл ауылында орыс-қазақ училищесі ашылады. Мектепке сол кезеңнің беделді
адамы Байеке Жамановтың үйі берілген. Мектепте жастары 18-20-дағы жергілікті
байлардың 17 баласы оқыған. Мұғалімнің жетіспеушілігінен мектеп жабылған. 1934
жылы көларық ауылында «Томан» бастауыш мектебі ашылады. 1937 жылы «Томан»
бастауыш мектебі 7 жылдық «Көларық» мектебі болып аталады. 1965 жылы 1
қыркүйекте ауылда 8 жылдық мектеп ашылады. 1973 жылы 10 жылдық мектеп болып
құрылады. 1984 жылы ауыл орталығынан 2 қабатты 392 орындық мектеп ғимараты
пайдалануға берілді.
Мектепке көп жылдар басшылық жасап, білім
саласының дамуына зор үлес қосқан азамат Жәдиев Жандәулет еді.
Жадиев Жандәулет еңбек болын 1961 жылы Жданов
атындағы №25 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 1963-1965
жылдары №78 Майлыбас сегізжылдық мектепте директор, 1965-1970 жылдары
№190 орта мектепте директор, 1970-1975 жылдары Қазақстанның – 40 жылдығы совхозында
партия комитетінің хатшысы, 1975-1990 жылдары №190 орта мектеп директоры
қызметін атқарған. В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған медалі, ІІ мәрте КСРО
оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, 1988 жылы желтоқсан
айында Мәскеу қаласында өткен білім беру қызметкерлерінің бүкілодақтық съезінің
делегаты болды.
Көне мектеп үйі
1963-1984 Жаңа мектеп үйі 1984
Тәуелсіздіктің 20
жылдығына орай ашылған өлкетану мұражайы бүгінгі күні жас ұрпақты патриоттық
үлгіде тәрбиелеу мақсатында мектеп ұжымының игілігіне пайдаланылуда.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.