Инфоурок Другое Рабочие программыДоклад на казахском языке на тему "Санако"

Доклад на казахском языке на тему "Санако"

Скачать материал

«Sanako» бағдарламасы

 

Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев алдымызға 3 тұғырлы тіл: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым қатынас тіл, ағылшын тілі – халықаралық тіл және төртінші компьютер тілін меңгеру жөнінде, мақсат қойып отыр. Байқағанымыздай көп тілді білуге ұмтылу – жас ұрпаққа қойылған заман талабы. Бүгінде менің баяндамамның тақырыбы компьютер тілімен тікелей байланысты. Ендеше баяндамамның тақырыбы Sanako бағдарламасы.

Sanako бағдарламасы – мультимедиялық оқыту ортасы тиімді оқыту және үйрету үшін қажетті функционалдық мүмкіндіктерден тұрады.

Мұғалім оқыту үдерісінде басты тұлға болып қалады. Оған сыныпты басқару құралдары беріледі. Ол сондай – ақ оқушылардың жетістіктерін бағалаудың көптеген әдістерін қолдана алады және олардың өсуін бақылайды. Sanako педагогтарға арналған және оларға оқу үдерісін ұйымдастыру мен оқу аудиториясында компьютерленген жұмыс орындарын басқаруға мүмкіндік береді.

         Sanako – да Student (оқушы) қосымшасы барлық оқушылардың компьютеріне орнатылады. Оқушы компьютерді қосу кезінде және олардың жүйеге кіруі кезінде Sanako Crossroad (қиылысу) қосымшасы автоматты түрде қосылады және Tutor (мұғалім) командаларды күту режиміне ауысады.

Бұл ретте оқушылар автономиялық режимде өз бетімен жұмыс істей алады. Ал мұғалім мониторда оқушы қосымшасының терезесі көрінбесе де, олардың әрекеттерін бақылай алады.

Жоғарыда айтып кеткен, Sanako Crossroad (қиылыс) серверлік қосымшасы – бұл Sanako бағдарламалық кешенінің орталық құраушысы. Қиылыс қосымшасы жергілікті серверде орнатылады. Ал мұғалім мен оқушы қосымшалары жұмыс станциялары мен пайдаланушыларды тіркеуді қосу кезінде автоматты түрде қосылады. Барлық жүйелік деректер Қиылыс арқылы өтеді, мұғалім мен оқушы қосымшаларының арасындағы байланысты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың басталуы

Мұғалімнің қосымшасын іске қосу үшін Windows мәзірінде іске қосу (Start) батырмасын басу қажет және Sanako Tutor бағдарламасын таңдау керек.

Мұғалімнің атын және сыныптың конфигурациясын таңдау

Жұмыс бастамас бұрын мұғалімге тиісті тізімнен өзінің атын және жұмыс істейтін сыныптың конфигурациясын таңдау қажет. Егер тізімде конфигурация жоқ болса, сыныптың сәйкес шаблонын (жұмыс орындарының белгілі бір орналасуымен) немесе бос сыныпты таңдауға болады. Бұл жағдайда сыныптың тізімін жасау қолмен жүзеге асырылады.

Оқушылардың қосымшасын іске қосу

Оқушы қосымшасын іске қосу үшін оқушылардың компьютерлерінде Windows мәзірінде Іске қосу (Start) батырмасын таңдау қажет және бағдарламалар Sanako Student таңдау керек. Мұғалім сондай ақ өзінің жұмыс орнынан кез келген уақытта оқушының қосымшасын өзінің мониторына шығара алады. Ол үшін мұғалімнің қосымшасында сыныптың функционалдық тақтасында РС бақылау батырмасын басуы және оқушының қосымшасын көрсету командасын таңдауы керек. Оқушылардың барлық қосылған жұмыс орындарында оқушының қосымшасы барлық уақытта іске қосылған және тіпті мониторларда қосымшаның терезесі ашық болмаса да, мұғалімнің қосымшасынан командалар күту режимінде болады.

Мұғалім қосымшасында оқушыларды топтарға бөлуге болады. (ең көп дегенде 6 оқушы). Бұл әрбір топқа жеке дара оқыту траекториясын ұйымдастыруға мүмкіндік береді және оқу үдерісінің анағұрлым икемді болуына көмектеседі.

Sanako бағдарламалық кешені оқу қызметінің белгілі бір түрлерінің жиынтығын қамтиды. Олар кез келген пәндерді оқыту кезінде қолданылуы мүмкін. Қызмет түрінің осы немесе басқа түрі жеке топқа да, сондай ақ тұтастай сыныпқа да ұсынылады.

Sanako келесі қызмет түрлерін қамтиды:

·        Өздігінен оқу

·        Тест

·        Талқылау

·        Тыңдау

·        Үлгі бойынша жүру

·        Оқу тәжірибесі

·        Дөңгелек үстел

·        Оқыту

·        Интернеттегі навигация

Мұғалім қосымшасы интерфейсінің компоненттері.

Мәзірдің тармақтары ( файл, аспаптар және көмек) қосымшасының орнықтырулары мен реттеулеріне, «көмек» интерактивті бөліміне және қолданыстағы лицензиялар туралы ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аудитория жоспары

Бұл алаңда сыныптың таңдалған конфигурациясына жататын мұғалімге қол жетімді компьютерлер ұсынылған. Оқушылардың жұмыс станцияларының белгішелерін қосуға немесе алып тастауға болады. Белгішелерді мұғалім ге анағұрлым ыңғайлы әдіспен орналастыра отырып, алаңдарға жылжытуға болады. Түрлі топтарға жататын белгішелер тиісті түстермен боялады.

Топтар

Мана айтып кеткеніміздей, мұғалім оқушыларды ең көп дегенде 6 топқа бөле алады. Бір сабақтың ішінде әрбір топқа өзінің қызмет түрі белгіленуі мүмкін. Мұғалімнің интерфейсінде әрбір топқа белгілі бір түсті бетбелгі сәйкес келеді. Егер топ бос болса, онда оның түсі сұр түсті болады.

Оқушыларды топқа қосудың 3 жолы бар (алдын ала нақты топтың белгішесін таңдап алып):

·        Пайда болған мәзірден топқа көшіру командасын таңдап алып, оқушыны қосатын топтың әріппен белгіленуін таңдау керек.

·        Қосу батырмасын басып, кейін топқа қосу қажет оқушының белгішесін тышқанның сол жақ батырмасымен басу керек.

·        Қосу батырмасын басып, топқа қосу қажет оқушылардың белгішелерін қамтитын аймақты тышқанның сол батырмасын ерекшелеу керек. Сәйкес келетін оқушылар топқа бір уақытта көшіріледі.

Нақты бір оқушымен сөйлесу үшін тышқанның сол жақ батырмасымен оның белгішесін басу керек және ашылған тақтада Талқылау батырмасын таңдау керек.

Топпен әңгімелесуді ұйымдастыру үшін сыныптың функционалдық тақтасындағы сөйлеу батырмасының сол жағында орналасқан белгішелерді пайдалану қажет.

Ал, барлық топпен әңгімелесуді ұйымдастыру үшін сыныптың функционалдық тақтасындағы сөйлеу батырмасын пайдалану қажет.

Оқушы белгішесінің үстіндегі сұрақ белгісі ол мұғаліммен сөйлескісі немесе сұрақ қойғысы келетінін білдіреді. Оқушыға дыбыс шығару режимінде жауап беру үшін оның белгішесін басу керек, содан соң ашылған тақтада Диалог батырмасын басу керек.

Оқушыдан хабарлама

Егер оқушы мұғалімге хабарлама жіберсе, оның белгішесінің үстінде пайда болған терезеде мәтін көрінеді.

Оқушының компьютерін блоктау

Бұл белгіше оқушының мониторы немесе тышқан мен пернетақта немесе компьютері блокталғанын білдіреді.

Чат батырмасы тиісті терезені ашады. Мұғалім бөлек алынған топта немесе барлық топтарда бір мезгілде сөйлесулерді бақылай алады. Чат барлық топтардағы әңгімелесулердің тарихын мұғалімге арнап сақтайды. Егер оқушылардың тобын білдіретін әріптердің бірі таңдалса – бөлек терезеде осы топтың әңгімелесу тарихы көрінеді.

Егер барлығы таңдалса, онда мұғалімнің экранында бір мезгілде барлық алты топтың әңгімесі беріледі.

Чаттың функцияларын қосу/ажырату

Чаттың үнсіз келісім бойынша функциялары мұғалім оқушыларға қарым қатынас жасау мүмкіндігін бергенше оларға қол жетімді емес. Қосу/ажырату батырмаларын басу белгілі бір топтың оқушыларына чат ашады.

Чатқа хабарлама жіберу

1.     Экранның жоғарғы бөлігінде мәтін енгізу алаңына хабарламаны теру.

2.     Жіберу батырмасын басу.

3.     Хабарлама таңдалған топтың оқушыларының немесе сыныптың барлық оқушыларының экранында бірден пайда болады.

Қорытынды

Мен баяндамамды Елбасымыздың мына сөздерімен қорытындылағым келіп отыр «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» Н.Ә.Назарбаев. Жаңа ақпараттық технологияларды  қолдана отырып, «нені оқыту?» емес, «қалай оқыту?» жолдарын іздестіру басты мақсат. Оқушыларды жаңа тәсілдер арқылы оқуға үйрету. Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін ояту, оқушы бойына рухани дүниелерді сіңіре отырып, заман талабына сай сапалы білім беру міндетіміз. Мұғалімдер бір деңгейде қалып қоймай, жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, жаңа ақпараттық технологиялар туралы білімін жетілдіре отырып, заман талабына сай  нәтижелі еңбек етуіміз қажет. Бұл Sanako бағдарламасы арқылы оқушылар компьютердің тілін жақсы меңгереді. Бұл бағдарламада, мұғалім «білім бұлағы емес», «білім бұлағына жеткізуші».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қаласы

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Sanako» бағдарламасы

 

 

                                                     Дайындаған: № 10 орта мектептің                     ағылшын пәні

мұғалімі Сақтағанова Анар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013/2014 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на казахском языке на тему "Санако""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2015 751
    • DOCX 23.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сактаганова Анар Бишенбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сактаганова Анар Бишенбайкызы
    Сактаганова Анар Бишенбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4689
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек