Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на родительское собрание

Доклад на родительское собрание

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

«Колледждегі үш тілдік – заман талабының аспектісі» тақырыбында

ата – аналар жиналысына баяндама

 

 

 

 

Дайындаған оқытушы Л.А.Мукушева

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №_____ «___­_­»____________2017ж.

Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Колледждегі үш тілдік – заман талабының аспектісі» тақырыбында ата – аналар жиналысына баяндама

 

 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев тіл саясатына қатысты жаңа бағытты анықтады. Бұл бағыт бойынша елде «Үштұғырлы тіл» атты ауқымды мәдени жоба бүкіл ел көлемінде іске асырылу үстінде. Оның мақсаты – қазақстандықтардың қазақ,орыс,ағылшын тілдерін жаппай меңгеруі.Бұл идея бірінші рет 2006 жылы қазан айында Қазақстан халықтар ассамблеясының 12 сессиясында айтылды. Осыған орай білім жүйесі үштілділікті біртіндеп дамытуға ден қойып отыр.Үш тілді меңгерген,білімді,білікті мамандар елімізге ауадай қажет.

Қазақта «Ұлт болашағы – жеті түрлі білім, жеті жұрттың тілін білген ұрпақта!» деген сөз бекер айтылмаса керек. Дәл осы ойды Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жаңаша қырынан естігендей әсерге бөленгенімізді жасырмаймыз.

Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсына отырып: «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп, мемлекеттің тілдік саясатының маңыздылығын көрсеткен болатын.

Ана тіліміздің абыройын асырып, мәртебесін үш тілде дамытуға байланысты түрлі іс-шаралар колледж ауқымында іске асырылуда.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

«Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде» 2015 жылдан бастап үштілділікті енгізу жобасы қолға алынды. Мақсаты – заман талабына сай, еңбек нарығында және бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды үштілділік тұлға ретінде қалыптастыруды қамтамасыз ету. Колледж оқытушылары колледжішілік іс-шараларды өткізуде үштілділік элементтерін тиімді қолдана алды.

Колледж оқытушылары Б.М.Касумканова, Г.К.Мукушова, Г.Ж.Бектурова «Информатика» пәнінде ағылшын тілінің элементтерін қолдана отырып сабақ өткізуде.  Ал ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін оқытушының көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.  

2016 жылдың қараша айында НАО «Холдинг Кәсіпқор» ұйымдастырған «Арнайы пәнді оқытуда ағылшын тілін қолдану» тақырыбында біліктілікті көтеру курсына 15 оқытушы қатысып, алған іс-тәжірибелерін сабақта тиімді қолдануда.   

Осындай игілікті шаралар әлі де жалғасын таппақ. Өзге елдің тілдің үйрену жеке басыңа, жақсы меңгерсең, елің үшін қажет.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында тәжірибе жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейтуге, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Елбасымыздың мақсаты қазақ елін бүкіл ғаламға таныстыру, танымал ел ету, жастары көп тіл білетін білімді, білікті, іскер, бизнесмен, өркениетті көркейген, дамыған 20 елдің қатарына жеткіземін – деп асқақ арманға «Нұрлы жол» салып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа қолдау жасап, кел, жастар – біз білімді болайық!

- Үш тұғырлы тілді теңдей меңгерген білікті болайық.

- Білім жолына талмай қанат қағайық.

- Еліміздің болашағын өзіміздің болашағымыздай ойлай білейік.

- Білімді – білікті болайық.

- Елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуге үлес қосайық.

- Білекке емес, білімге сенетін заманда есемізді ешкімге жібермейік! – деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өсиетін орындайық!

 

 

Оқытушы                   Л.А.Мукушева

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Тілдер туралы» Заңы

2. ҚР «Білім туралы» Заңы

3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006

4. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010

5. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы 2008

6. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на родительское собрание"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.06.2017 380
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукушева Ляззат Абдикаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукушева Ляззат Абдикаримовна
    Мукушева Ляззат Абдикаримовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29767
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой