Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Доклад на тему: АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад на тему: АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

библиотека
материалов


ЗЕЙНОЛДИНА Г.Н.

«№29 орта мектеп» КММ,

Өскемен қ., Қазақстан


АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс

Н. Ә. Назарбаев

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Ұлы Абай жиырма бірінші қарасөзінде «Ғылым, өнер – дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі» – дейді [1]. Абай «ғылым, өнер» дегенде алдымен білімді меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда халқының жаппай сауатты болуын аңсаған ағартушы, ойшыл ақын қазақтың тек ғылым-білімнің арқасында ғана озық елдің ойлы азаматы атанарына сенген. ХХІ ғасырдың Абай заманынан уақыт айырмашылығы болғанымен, ғылым-білім, мақсат-мүдде хақында түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бүгінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге тәуелді болып кетпеуі үшін басты тегеурені – білім болмақ. Ал білім беру жүйесіне инновациялық технологиялардың енгізілуі, оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, яғни танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуге жол ашады. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осындай басым бағыттарды көздей отырып, оқушының ойы озық, саналы, дара тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету басты нысанада қарастырылады.

Мұғалімнің рөлі оқушының өз әлеуетіне сүйеніп және оқыту технологиясын қолданып, өздігінен білім алатын білім беру ортасын құру болып табылады. Білім беру саласындағы осындай мазмұндық өзгерістер талабынан оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру ісін инновацияландыру мәселесі туындап отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген [2].

Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды

меңгеріп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған құзіретті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Қазіргі білім беруде дарын тәрбиелеу, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру басты мақсат болса, осы мақсаттарға жетудің бір жолы – іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар болып табылады.

Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы-демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші-ұстаз Абай қазір еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемде танылып жатыр. Абай аты әлемді шарлады. Қазір жас өскіндерге нағыз Абайды, дана Абайды қайта танытып, қайта қауыштыру мәселесі көтерілуде. Кезінде оқулықтарда Абай үстем тап өкілдерін, қоғамдағы өз заманында орын алған кемшіліктерді сынаушы, жүрегі у мен зарға толы «әлеуметтік Абай», біржақты Абай ретінде қарастырылды. Ал осы тұлғаның басқа қыры қағыс қалады. Осы жерде еріксіз Пушкиннің «Цель поэзии – поэзия» деген сөзі еске түседі [3].

Абай тек қазақ халқының мақтанышы емес, күллі адамзатқа ортақ, ұлы тұлға, әсіресе, орыс пен қазақ халықтарының арасында достық байланыстың түзілуін үндеген, соған дәнекер болған жан. Екі ел арасындағы әдеби байланыстардың бастауы болған да Абай. Оның философиялық дана ойлары, жауһар жырлары - әлем халқына ортақ асыл қазына.

Қазір Абайдан саяси, идеологиялық таңбаларды алып тасталды. Ақын поэзияның терең пәлсапалық мәні, көркемдік дәрежесі тұтастай қарастырыла бастады. тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлемінде ірі құбылыс болды. Жалпы Абай жайында, Абай мұрасын жас ұрпақпен қауыштыру айналасында сөз болғанда орыстың тамаша ақыны Марина Цветаеваның мына сөзі еріксіз еске түседі: «Трудно говорить о такой безмерности, как поэт. Откуда начать? Где кончать? И можно ли вообще начинать и кончать, если то, о чем я говорю: Душа есть все – всюду вечно!» [3]. Әрине, Абай тек қана ақын ғана болса, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына дәл қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді.

Бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігін Абайға арнаған данышпан Әуезов те оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» – деген [4].

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге сияды. Абай "Өлең -сөздің патшасы" өлеңінде «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!" -деп жұртшылыттан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы түсінді, мұны оның "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде құлаган тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей".

Бұдан біз ақын өлең-жырларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз", (Жаздыгүні шілде болғанда) "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдындағы келер заман" секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз қуаныш", "Сағаттың шықылдағы емес ермек", "Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдері де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан. Сондай-ақ өлең, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамның кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі пікір соныңғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір- бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-біріне ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк тұман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермек" деген сияқты өлеңдерін оқыса, онда Абай -ойшыл акын екен деп танимыз, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсің, көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда, Абай асқан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүні шілде болғанда". "Желсіз түнде жарық ай".

"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ, Абайдың өмір құбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға қарап нағыз сықақшыл, өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. «Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлеңдердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылық, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлауы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясына жаңашылдық сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі, қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетілдірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығын терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалық мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырды.

Абайдың XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазғаны барлығымызға мәлім. Өз шығармасын қарасөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қарасөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Ал одан әрі дамытушы Абай болды.

Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес – ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми – философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қарасөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық – теологиялық ғылымды да, жаратылыс зандарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерінде, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшыларды Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр және т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қарасөздердегі келтірілген терміндік атаулар мен сілтемелерден немесе ой – пікір үндестігінең байқалады.

Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терен, оқушыға ой саралық , ғибрат беруді көздей құрылған. Копшілік қарасөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады немесе өзімен-өзі кеңесу , ой-пікір білдіру үлгісінде құралады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының қөп қолданған әдісі. Ғылым, қөркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдалған.

Абай өзінің қарасөздерің жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай баяндайды: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жок десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осынған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жок» [1]. Бұл – ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым -қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.

Абайдың көптеген өлендеріндегі сияқты қарасөздерінде де нақыл, мақал- мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі. Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, щәкіртсіз ғалым – тұл», «Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпінден ұшып қыран да шығады», т.б.

Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байластырына қарастырады. Мәселен, ол: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы еңбек қылсан, Алланың сүйген қулынын бірі боласың», Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамдың баласы - бауырың деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тизігу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. туралы ой – пікірлер оның ағартушылық, демократиялық қөзқарасын айқындай түседі.

Ақын шығармалары даналық, афоризм сөздерге бай. Мысалы: «Сегіз аяқ»өлеңі.

1. Қиналма бекер тіл мен жақ,көңілсіз құлақ ойға олақ.

2. Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң,а йтпа сөз.

3. Болмасын кекшіл, болсайшы көпшіл.

4. Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей.

5. Адал бол-бай тап, адам бол – мал тап.

6. Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос...

7. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын.

Абай шығармаларын жас өскіндерге жеткізу, оның сұлулығы мен маңызын түсіндіру, Абай әлемімен қауыштыру мәселелері әдебиетті оқытудың өзекті дүниесі деп айтсақ қателеспеспіз. Абайды таныту – қазақ халқын таныту. Абайды таныту – қазақтың даналығын, қазақтың сөз өнерін таныту. Абайды таныту – қазақтың ғажайып бай тілін таныту. Абайды таныту – адам деген қандай болады, соны таныту. Абайды таныту – сұлулықты, махаббатты, ізгілікті, адамдықты таныту.

Абай поэзиясының сұлулығының бойымызға бой алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу – адами да, ұстаздық та борыш . Әр ұрпақ, оның әр ұстазы ұлы ақын мұрасын оқыту жайында іздене береді. Ұлы Абай халқымен бірге жасап, әр ұрпақтың көз көргеніндей, замандасындай жан дүниесі, жүрегінде өмір сүре береді.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Өмірәлиев К. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. Алматы: Өнер, 1995.

2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту – Алматы: Мектеп, 2003 – 232 б.

4. Бітібаева Қ. Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы – Өскемен: Рекламный дайджест, 2013–167 б.

5. Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту – Өскемен:

Полиграфия, 1994.

6. Бітібаева Қ, Құдайбергенова Г, Мұқашева М. Әдебиетті оқытудың

инновациялық технологиясыӨскемен, 2002.

7. Ұстаз ұлағаты// Абай, 2003, №5.





Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров296
Номер материала ДВ-206509
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх