Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыДоклад на тему «АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ»

Доклад на тему «АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ»

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы, ШҚО., Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің бірінші санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна

 

«АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ   ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ»

 

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

 

МАҚСАТЫ:

Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу, пәнге деген қызығушылығын  арттыру арқылы білім сапасын арттыру.

 

МІНДЕТІ:

-         қисынды ой-қабілеті дамыту;

-         өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

-         сөздік  қорын байыту,тілін дамыту;

-         зейінін қалыптастыру;

-         байқампаздығын арттыру;

-         өзара сыйластыққа үйрету;

-         ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулу;

-         бір-біріне деген оқушы сенімін арттыру.

 

Күтілетін нәтижесі:

Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың арқасында  сөздік қоры  мол, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптасқан, дыбыстарды дұрыс айта алатын,  диалогтік сөйлеуі қалыптасқан, түсінгенін айта білетін, сауатты жазуға дағдыланған, дүниетанымы мен ой-өрісі кең, өмірге деген көзқарасы  жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті мол, ақпаратпен жұмыс істей алатын  жеке тұлға қалыптасады, пән бойынша білім сапа артады.

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

         Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.

Менің ойымша оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда, ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. 1,5,6 -сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ  НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ?

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз жұмыс түрі.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ағылшын тілі мұғалімінің басты қолданатын тәсілі — ойын.  Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар.

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыруда еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен .  Ойын арқылы оқыту технологиясы ағылшын тілі сабақтарында кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:

       Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп,     

       оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін  анықтау;

       Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға  

       сай болуы, алдын – ала әзірлеу;

       Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне,

       сөздік қорына сәйкес келуі;

       Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету;

       Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген

       қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады .

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор  десек болады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Негізгі бөлім

Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та  оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу- өзіміздің шеберлігімізге байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек.

«Керекті сөзді тауып айт» ойынын жиі қолданамын. Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Сол сабаққа қатысты жалпылама сөздерді айтамын, ал оқушылар болса қажетті сөздерді атайды. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Who’s the faster?»,  “Show me”,  “What’s this?”, “What’s missing?” ойындары таптырмас құралдар.

“What  doesn’t belong to…?”   ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын, зейінін, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа  грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік беретініне толық сенімдімін. Олар оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Әр сабақтың әрбір кезеңінде қолданылатын әртүрлі ойын қолданылып, мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланамын. Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Мысалы:

«Let’s play with the ball» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек.

«Ask the question» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар қойып, оқушыларға әр затқа сұрақ қойғызамын

-What is this?

- This is a pen.

–How many pens are there?

-         There is 1 pen.

– What color is the pen?

-         It is red.

-         Whose pen is this?

-         It’s mine pen. etc.

“Find the house” ойынын ойнағанда мұғалім оқушыларға әр аңнфң үйін табуға көмектесулерін сұрайды. Жануарлардың орналасуы реті осылай: - bear – AF, a cat – DF, a hare – GG, a tiger – AJ, a frog – DJ, a lion – BJ, a mouse – CL, a cow – AL.

Оқушылардың міндеті- жануарларды берілген координаталарға сәйкес орналастыру.

A

 

 

 

 

 

 

 

B

 

 

 

 

 

 

 

C

 

 

 

 

 

 

 

D

 

 

 

 

 

 

 

E

F

G

H

I

J

K

L

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Semantic map ойынында оқушылар ағылшын сөзі мен оның қазақ тіліндегі баламасы қиылысқан тұсына «+» белгісін қоюға тиіс.

 

 

а\ солу

b\ жылан

c\дән

d\ шөл дала

e\ түр

f\ салқын

g\ тышқан

1

seed

 

 

 

 

 

 

 

2

desert

 

 

 

 

 

 

 

3

a snake

 

 

 

 

 

 

 

4

cool

 

 

 

 

 

 

 

5

a rat

 

 

 

 

 

 

 

6

wither

 

 

 

 

 

 

 

7

species

 

 

 

 

 

 

 

 

«Guess» ойынында өзім жасырғым келген затты жасырып, оқушыларға жетелеуші сұрақтарды қою арқылы оқушылар ол не зат екенін шешу керек.

-         It can be in different colour. It is on the table now. You can write with it. It is a school thing.

-         It is a pen.

Екінші түрі: Мұғалім бір затты жасрады, ал оқушылар болса оны анықтауға тырысады.

 - Is it a frog?

-         -No

-         -Is it a bear?

-         -No

-         Is it a robot?

-         -No

-         -Is it a dog?

-         -Yes, it is a dog.

 «Make the word» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек. \It is a pen: pencil, pupil, puppy\.

«Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, 

«Name the color» ойынында мұғалім қызыл түсті затты көрсетіп « What colour is it ?” балалар «It's red» деп жауап береді .

“Where do you live?” ойын тізбекпен ойналады. Оқушылар бір- біріне допты лақтырып былай дейді: 

P.1: You are a crocodile. Where do you live?

P.2: I live in the river. You are a frog. Where do you live?

P.3: I live in the pond. You are a horse. Where do you live?

P.4: I live in the farm. You are a bear. Where do you live?

P.5: I live in the forest. You are a dog. Where do you live?

P.6: I live in the house. You are a tiger. Where do you live?

P.7: I live in the zoo.

“What can you do?” ойынында мұғалім can етістігімен сұрақ қояды, оқушылар жауап   

 береді.

-What can you do with a book?

-We can read it.

-I can put it on my desk.

-We can take it.

«Say it in English» ойынын ойнатамын. Бұл ойында оқушылар суретті немесе сөзді ана тілдерінде айтсам оқушылар оның атауын ағылшын тілінде айтады.

 

Әр ойынды сабақтың мақсатына сай қолдануға тырысамын. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен менің тапсырмаларым өзара ұштасады. Мысалы:

«Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1.Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар.Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1.Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттарды ойнайды. Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Олардың мынадай түрлеріданамын: оқушылар фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйін, бөлмені), сұхбат алады (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Грамматикалық тапсырманы жеңілдету мақсатында ойын қолданамын. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?»деп сұрақ қоямын. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Сөзді дұрыс айтулары үшін сабақтың басында  фонетикалық ойындарды қолданамын.

 «I spy» ойыны: Мұғалім I spy with my little eye. Something, beginning with [b]. Оқушылар [b] дыбысы бар сөздерді атайды: bear, big, ball… ең соңғы сөзді атаған оқушы жеңімпаз болып саналады.

“I hear, I don’t hear” ойыны. Мен [n] дыбысы бар сөздерді атаймын, егер оқушы сол дыбысты естісе қолын көтереді.

 «Guess, what word here is encrypted»

Алфавит әріптері нөмірленеді. Әрбір сан алфавит әрпін білдіреді. Мысалы: 6,1,13,9,12,25 (family)

 «The funny little clown»

I am funny little clown.

I say, `Ah {a:) – oo (ou) – ee (i) – oo`

My mouth is open wide

When I say `Ah, ah, ah`.

I draw my lips far back.

When I say`Ee, ee, ee`

My lips are very round.

When I say `Oo,oo,oo`

`Ah – oo- ee-oo`

`Ah – oo- ee-oo`

I am a funny little clown.

Тақпақпен жұмыс екі кезеңнен тұрады:

А) оқушылар тақпақты жаттайды

В) тақпақты театрландыру.

«What kind of sound I have conceived?» (ойын- жұмбақ)

Мұғалім белгілі бір дыбысы бар сөздердің тізбегін айтады, ал оқушылар болса ол қай дыбыс екенін анықтау керек. Мысалы: mother, father, daughter, teacher или fat, map, cap, sat, dad.

 «Tonguetwister» 

Оқушылар мұғалімнің артынан белшілі бір дыбысы юар жаңылтпашты, тақпақты, сөйлемді қайталауға тырысады. Мысалы:

A black cat sat on a mat and ate a fat rat…или

Why do you cry,  Willy?

Why do you cry?

Why Willy, why Willy,

Why Willy, why?

Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу. «Continue» ойыны. Ойын барысы: Тақтаға сөздер ілініп, ол сөзден барынша басқа да көп сөздерді табуға тырысады, алдымен сөзді толықтай кейін әріптеп айтады.  Ережесі: сол әріптен басталадатны сөздерді табады, сол әріптен аяқталатын  сөзді, сол тақырыпқа сай сөздерді, қосарланған әріптері бар сөздерді табады.

Мысалы:

I

Without

White

 

II

Match

Birth

 

III

Mother

Father

 

IV

Under

In

 

           Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Star hour», «In the magic field», «The lider of the XXI century» ойындарын өткіземін.

          Ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын. Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын-баланың рухани дамуының негізі» - деген, сонымен қатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен

 

 

Қорытынды бөлім

Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ  мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж.

2. М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

3. Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..

4. Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж..

5.Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.-№1.б.74.

6.Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка.// Вопросы психологии.–1966.Т.6.340с.

7. Агапова Г.Г. Профессионально-педагогическая подготовка учителя в США: Автореф.дисс.-канд.пед.наук.-М.,1973,29c

8. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. – Алма – Ата. Знание. 1985. 48 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему «АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 4649
    • DOCX 61.8 кбайт
    • 52 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Aбраимова Еркежан Мураткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Aбраимова Еркежан Мураткановна
    Aбраимова Еркежан Мураткановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10184
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 674 человека

Курс повышения квалификации

Концептуальное и методическое обновление дисциплины «Иностранный язык» в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 506 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 653 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 518 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе