Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Доклад на тему: "Акпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану-білім сапасының кепілі"

Доклад на тему: "Акпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану-білім сапасының кепілі"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Акпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану-білім сапасының кепілі»

«Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін» деген ойдың астарын аңғарған сияқтымын. Бәсекеге қабілетті мемлекеттің азаматтарын тәрбиелеуде әлемдік өзгерістерге, жаңалықтарға ілесе алатын педагог қажет. Себебі, барлық мамандық атаулының бастауы–ұстаздан басталатыны белгілі. Сондықтан ұстаздың өзі–сындарлы ойлай алатын болуы қажет деп ойлаймын. Оқушыға білімді игерудің тиімді жолын көрсете алуымыз керек. Ол үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін саралап, талдай алу басты міндетіміз деп түсініп отырмын.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақытылы өзгеріп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қоланылатын әдіс–тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңарып отырады. [1,61б] Сондықтан да оқыту барысында осы модульдің маңызы зор деп ойлаймын.

Өз тәжірибе кезеңімде тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның «Оқыту мен оқуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану» модулін басшылыққа ала отырып құрдым. Бұл модульді таңдау себебім АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Модульді енгізудегі мақсатым: АКТ-ны пайдалана отырып, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Жалпы әлем өзгеруде. Технология дамуда. Қоғам дамудың ақпараттандыру кезеңіне аяқ басты. Бүгінгі таңда ақпараттық коммуникациялық технология қай салада болса да пайдалы. Сабақтарымда АКТ-ны пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, математика пәнінен тапсырмаларды тиянақты орындауға жетелейтін басты құрал болатынын түсіндім. Оқушылардың математика сабағында неге қызығатынын анықтау мақсатында ауызша сауалнама жүргіздім. Сол сауалнаманың қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылардың көбі электронды оқулық арқылы көрсетілген функцияларды есте жақсы сақтағандарын айтты. Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды сабақта АКТ-ны қолданғанда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сондықтан да «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану» модулі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білімді (ТПМБ) алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқытуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуы тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үрдістерін білікті түсіну болып табылады. [61-65б] Мен осы пікірмен толықтай келісемін. Пәндік білім мен технологияның ықпалдастығы оқушылырдың білім деңгейін көтеруге септігін тизеді деп ойлаймын. Осы ТПМБ байланыстыра отырып, мен өз сабақтарымды тиімді өткізе білдім. Әр сабағымда электронды оқулық арқылы көрсетілім көрсету, тест сынағы әдістерін қолдануда көрініс тапты. Ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақта қолдану оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, ізденімпаздыққа баулиды. Оқушылар өз жұмыстарын редакциалау және тексеру кезінде пікір алмасады. Өзімнің оқу үдерісімде технологиялық білімімді қолданып, АКТ-мен сабақ барысында оқушылардың жұмыс істеуіне кеңінен мүмкіншілік жасадым.

  • Компьютер;

  • Слайдтар мен презентациялар;

  • Электрондық оқулықтар;

  • Интерактивтік тақта;

  • Интернет

Бұл бағдарламадағы «Оқытудағы жаңа технологиялар» модулінің басты қажеттілігінен туындап отыр.

АКТ оқушылар бойында тек қызығушылықты арттырып қана қоймай, түрлі тапсырмалар орындауда шығармашылыққа жетелейді, ізденгіштік қабілетті жетілдіреді, эстетикалық талғамды анықтайды. Бұл тұрғыдан мен өз сабақтарымда оқушыларға интернеттен ақпарат іздеу сияқты тапсырмалар бердім. Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, оқушыларды ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға да бейімдей аламыз.

Сонымен қатар оқушылар бойындағы ерекше қабілетті дамытуға көмектеседі, қажетті материалдарды сәйкестендіруге, өз бетімен тұжырым жасауға үйренеді. Мысалы: өткізген сабақтарымда оқушы электронды оқулықты пайдаланып тапсырмаларды орындауда оқушылардың компьютерді пайдалану құзіреттілігі анықталады. Бұл сыныптың АКТ-ны пайдалану мүмкіншілігі жақсы. Оқушылар интерактивті тақтадағы тапсырмаларды, тест шешу барысында, тест жауаптарын тексергенде қолданды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктердің бірі ұтқырлық, бұл жерде оқушы жаңа білім жайлы не үйренгені туралы негізгі білім қалыптасады. Сыныпта бір-біріне сұрақтар қойғанда жауаптың толық болуын үнемі басшылыққа алыңдар деп оқушыларға ескертіп қоямын, бағалау критерийлерінде «Мәтіннен негізгі ұғымдарды табу» деген тапсырма да бар.Сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша, оқушы білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдаландым. Шығу парағында олар өз ойларын ашық жазған. Мысалы: «Сұраққа жауап бергеннен қиналдым, тест жазу маған жеңіл болды, интерактивті тақтада өзімізді-өзіміз тексергеніміз ұнады» деп жазыпты, Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеру жайлы жазады.

Топтық жұмыста әрбір үйренуші танымның ортақ мағынасына және соңғы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмаса отырып, тиімді нәтижеге бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жетті.

Топтардағы оқушылар мәтінді оқып танысады, негізгісін табуға тырысады, сынып болып құнды пікірлерін ортаға салды, талқылады, талдады. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша бір-біріне түсіндірді. Әңгіме пікірталас арқылы жүзеге асырылды. Әрбір сабақтарымда әр оқушының жұмысқа белсене араласқанын, бірлескен жұмыс нәтижесінде негізгі ой туралы білімдерін кеңейтуге бағыттап отырдым. Өткен сабақтардағы материалдар жайлы білімдерін қолдану арқылы топта ортақ шешімге келе алды. Топтық талқылау кезінде барлық оқушылардың өз пікірін келтіріп, бірін-бірі мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасай отырып, байқап қалғаным Ұ мен Е тақырып бойынша түсіндіргенде талқылап жатқанын, мысал бойынша айтқандары өте құнды деп ойлаймын. Оқушылар электронды оқулықты пайдаланып білімдерін толықтырды.

Оқушыларымның өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыруда негізгі ойларын Венн диаграммасы бойынша интерактивті тақтада өз ойларын айтқанына іштей қуанып қалдым. Алдын ала берілген тапсырма бойынша сызықтық функция жайлы мәліметті Ұ жұмысында қорғады. Осылайша оқушы шығармашылығына жол аштым. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде қарайды.

Тәжірибеден өту кезінде мен көп оқушының ішінен осы үш оқушыны таңдауым психологпен бірлесіп өткізген сауалнамадан кейін анықталды. В оқушының математика сабағында АКТ-ны қолдана отырып, білімін шығармашылықпен көрсететініне сендім. Ал С оқушы математика сабағында өз ойын айтуда, тапсырмаларды дәптерде орындауда қиналатын. АКТ-ға қызығушылығын ояту арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіруге қол жеткізгім келді. Оны презентациядан тапсырмаларды түсінгенін айттыру арқылы қол жеткізсем дедім. Ал А оқушы үйінде компьютер қолжетімді болғанмен, оны презентациялар жасау, интернеттен қажетті материалды іздеу қызықтыратыны анықталды. Сондықтан А оқушының әрі қарай шығармашылыққа жетуіне АКТ-ның маңызы зор болады деп білдім.

Аталған А, В, С оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді ескеріп, тәжірибе кезінде АКТ арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыра алдым. Сынып оқушыларына «Графиктер-өмірде» тақырыбында ғаламтордан мәлімет іздеп, алып келуді тапсырғанымда С оқушы құрбыларының көмегі арқылы тапсырманы орындауға жетті. Ал В оқушым тақырып жайлы тарихи мәліметтер тауып оны түсіндіре білді, А оқушы ғаламтордан ақпараттар тауып, шағын слайд жасап оны түсіндіріп өтті.

Әр сабағымның жүру барысын слайд арқылы жүргізіп отырдым. Бірінші сабағымда топқа бөлуде оқушылардың өз орындарын табу кезінде шу пайда болды. Мен келесі сабақтарымда уақытты тиімді пайдалану үшін интерактивті тақтада әр топтың орынын белгілеп көрсеткенім өте ұтымды болды.

Тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағым «Сызықтық функция және оның графигі» тақырыбы болды. Осы сабақта жаңа тақырыпты өздігінен оқып, постер құру барысында оқушылар тақырыпты толық меңгеру қиындық туғызғанын байқадым. Тақырып түсінікті және оқушылардың білімдерін толықтыру үшін мен электронды оқулық арқылы көрсетілім көрсеттім. Оқушылардан түсінгендерін сұрадым. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар қою арқылы оқушыларды сыни ойланды. Электронды оқулықтың осы сыныпқа арналғандықтан жас ерекшелікке сай. Кейбір оқушылар вертуалды көрсетілімді көру арқылы өз ойларының қате екенін түсінді. Бір –біріне сызықтық функция туралы сұрап, жауап бергенде диалог модулі көрініс тапты. Сабақ кезінде электронды оқулықта сызықтық функция туралы қысқаша ғана болды. Мен осы кедергіні оқулықтан көрсету арқылы осы сабағымда еңсердім. Мен өзіме келесі сабақтарда ғаламтор арқылы толық мәлімет жинауым қажет екен деп ой түйдім.

Сабақтарымның бірінде мен деңгейлік тапсырмаларды бергенде қолдандым. Бұл әдісті қолдану барысында мен оқушылар бірінші жекелей орындаса, топ болып интерактивті тақтада толтыру арқылы жүзеге асырдым. Осы кезде оқушылар «Пошта жәшігі» рефлексия жасай отырып білемін, білгім келеді және үйрендім деген кестені толтыру арқылы сыни ойлануға дағдыланды. Талантты және дарынды оқушылар кестені толтыруда, «Рафт» әдісі бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындағанда өздерінің дарындылықтарын көрсете алды. Бір топ білемін дегенге «сызықтық функцияның графигі жайлы білемін» десе. Ал білгім келеді дегенде «осы сызықтық функциялардың графигін салудың жеңіл жолын білгім келеді» деп жазды. Өйткені оқушының электронды оқулықпен жұмыс жасай отырып, функцияны сызуда қиналғанын байқадым. Келесі сабақта басқа да тиімді әдістерді қолдану керектінін кері байланысты оқып танысқанда байқадым.

Бағалауға келер болсақ электронды оқулықта тапсырманы орындау кезінде өзі формативті бағалу жүргізсе менің тарапымнан да «жарайсың», «өте жақсы» деп ынталандырып отырдым. Сабақ барысында кедергілер де болды ол электронды оқулықпен жұмыс істеу кезінде оқушыларға АКТ құрылғыларының жетіспеуі. Оқушылар интерактивті тақтада жұмысты кезекпен орындады. Бұл кедергіні шешу мақсатында оқушыларға топпен нотбукті пайдалануға бердім.

Оқушы сабақты тыңдағанда дәрістің-10 пайызы есінде қалады. Көргенде 30 пайызы мәліметті сақтайды да артынша қайталап айтса 50 пайызы есте қалады. Егер де көргенін не естігенін өзі жасаса мәліметтің 90 пайызын қабылдайды екен. Осы сабағымды оқушылар түсінді деп ойлаймын. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықтағы тапсырманы орындау кезінде компьютерлердің жетпеу салдарынан кейбір тапсырманы оқушылар орындай алмады. Келешекте осы кедергілерді еңсеру барысында интербелсенді әдістерді тиімді қолдануға жетісу.

АКТ арқылы әр сабақтарымда сергіту сәттерін өткізуде де тиімді болды. Бұл кезде оқушылар өздерінің бір сергіп қалғандарын және келесі сабақтарда басқада видеоларды әкелуімді сұрап жатты.

Сабақ барысында осыған дейін қол жеткізе алмаған жақсы нәтижелерге ие болдым. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасауына шектеу қойғанымды, тек кітаптағы білімнен аса алмағанымды түсіндім. Өз тәжірибемде қолданылмаған топтық жұмыс–балаларды еркіндікке, бірлікке, шығармашылыққа, өзара көмек ұсынуына мүмкіндік туғызды.

Жоғарыда мен атап көрсеткен АКТ арқылы қызығушылық тудыру сәттері сабақ соңындағы рефлексиядан да көрініс тапты. Ал қазіргі технология заманында АКТ оқушылардың ынтасын арттыруда таптырмас құрал екеніне көзім жетті. АКТ арқылы оқушылар көптеген мүмкіндіктерге ие болады. Оны көрсетілімде, модельдеуде, бағалау мен талдауда, ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас, тестілеу және құптау сияқты 5 аспектіде қолдануға болатыны туралы айтылған.

Тәжірибе кезеңінде мен оқушыларымның іс-әрекеті арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Сабақта АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын оятуға болатынына көзімді анық жеткіздім. Сонымен қоса ашық және жабық сұрақтар қойылды. Осыған дейін мен өз тәжірибемде көбінесе ашық сұрақтармен шектелгенмін. Ал жабық сұрақтарды көп қолданбаппын. Шындығында жабық сұрақтарды неғұрлым көбірек қолданса, баланың ойлау деңгейі артып, өз-өзіне сыни сұрақ қоя алатындай деңгейге жететінін байқадым. Электрондық оқулықтартарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырып шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауға себепкер болады.

Ақпараттық коммуникациялық технологияны сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдану керек деп ойлаймын.

Мен сабақ өткізу барысында бірнеше кедергілерге де тап болдым. Атап айтқанда, слайдтар жасауда және тапсырмалар құруға уақыттың көп керектігі, мектепте АКТ құрылығыларының аздығы, оқушылардың өз ойын айтуда еркіндіктің болмауы, уақыттың жетіспеуі.

Алғашқы кезде слайдтар жасауда және тапсырмалар құруға көп уақыт қажет болды. Себебі мен дәстүрлі сабақтың жоспарын бұндай үлгіде қолданбағанмын. Кейін бұл тәсілге де үйреніп, уақытымды үнемді пайдаландым. Ал оқушылардың өз ойын айтудағы кедергіні жою үшін, топтық жұмыстағы постер және тақырып бойынша жасап әкелген слайдттарын үнемі жүргізуді қорғауды жүзеге асырдым. Ол арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге жетісті.

Болашақта осы «Оқыту мен оқуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» модулін басқада сабақтарымда үнемі басшылаққа алып өз тәжірибемді жетілдіремін. АКТ-ны тиімді пайдалану, сыни ойлау, шығармашылықпен жұмыс жасау сияқты білім сапасын арттыруға септігін тигізеді деп білемін. Сабағымның сәтті немесе сәтсіз тұстары туралы өзімнің есептерімді жазып, ондағы кедергілерді жоюға бағытталамын. Бастаған істерін соңына шейін жеткізгендері мен үшін қуанышты жағдай болды. Оқушыларыма күрделі тапсырмаларды жүктеуге болатынына көзім жетті. Олар қандай жағдайда болсын мәселені түпкілікті шеше алатындарына сендім. Интерактивті тақтамен жұмыс істегенде оқушылардың көру қабілеттерін ескеру керектігін үйрендім.н өнімді деңгейге,яғни шығармашылықққа жетелеу үшін АКТ-ның пайдасы өте зор. Оқушы алған білімінен жаға өнім жасай отырып, өз пікірін білдіреді, сынайды, яғни оқушыда сыни көз қарас қалыптасуынада септігін тигізеді. Білім алған оқушы өз іс-әрекетімен, белсенділігімен шығармашылық жұмысты табысты аяқтайды деп ойлаймын. Білім беруде АКТ-ны белсенді түрде қолдану,өз кезегінде білім беру ісіне өзгерістер әкелуде, АКТ-ны пайдалануға арналған құрал жабдықтар мұғалімнің көмекші құралына айналады.

Әр сабағымда АКТ-ны тиімді пайдалана отырып сабақтар өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Оқушылардың кері байланыс парақтарындағы ұсыныстарды ескеріп, олармен үнемі жұмыс жасап отырамын. жеті модульді тәрбие сағаттарында да пайдалану тиімді екенін ұқтым. Тек бұнымен шектелмей ата-аналар жиналысында да қолдану өзінің жақсы жақтарын береді деп ойлаймын.

АКТ-ны қолдану арқылы сабақ барысында

-оқушы уақытын үнемдейді;

-өтілген материалды еске түсіреді;

-теориялық білімді өз бетімен оқып үйренуге дағдыланды;

-өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындайды;

-мұғалімге сабақты көрнекілікті жабдықтауға көмектеседі;

-әрбір тақырыпқа қажетті дидактикалық материалдар мен сызбаларды пайдалануға мүмкіндік береді;

-оқушының білімін тексерді;

-оқушы өз нәтижесін көре алды;

-материалдарды визуалды түрде көре алды

Жалпы деңгейлік курс бағдарламасы менің тәжірибемде өз жалғасын тауып, сыныбымның білім сапасын көтеруге өз септігін тигізетініне сенімдімін. Тәжірибе кезеңімде көз жеткізгендей оқушылардың білімінің азда болса артқанын байқадым. Сыныбымдағы «үндемес оқушыларымды» осы әдіспен сыныптың белді оқушыларының қатарына қостым. Ол үшін қажырлы еңбек керек, маған бұл сынақтар өте ұнады. Оқып жатқан Бағдарлама өз сабақтарымызда бір жақты ғана қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімізді жетілдіруге, оларға сыни тұрғыдан қайта қарауымызға мүмкіндік берді. Мен үшін, жалпы қазақстандық әр мұғалім үшін өзі білім беріп отырған шәкіртінің білімі мен білігі сай, өмірде шығармашыл, сандық технологияларды меңгерген, жан-жақты білімді тұлға қалыптасуы – ең басты мақсат. Сол мақсатқа жету жолында дейгейлік курс бағдарламасы бізге көмекке келді. Барлық курстан өткен немесе енді өтетін әріптестеріме әрбір құнды нәрсені бағалай білейік дегім келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012

  2. «Математика және физика» журналы №1, 2014ж





7


Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров223
Номер материала ДВ-429426
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх