Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад на тему "Ата - баба аңсаған мәңгілік ел"

Доклад на тему "Ата - баба аңсаған мәңгілік ел"

Скачать материал



«Абай атындағы орта мектебі» КММ













Баяндама

Тақырыбы: «АТА- БАБА АҢСАҒАН МӘҢГІЛІК ЕЛ»











Дайындаған:

Тарих пәнінің мұғалімі: Жанкенова М.С



























Ақжар ауылы

2015-2016 оқу жылы

I.Кіріспе бөлім

1 «Ата-баба аңсаған Мәңгілік ел»

Ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді өркениет биігіндегі елдердің алдыңғы қатардағы шоғырынан көретін болсақ, ұлттық идеямыздың орындалғаны емес пе. Мәңгілік Ел болудан артық қандай мақсат, қандай арман болуға тиіс.

«Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген еді. Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр.

Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасыр Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры.

Биылғы жылғы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

«Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен мағызға ие болды.
Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! 
Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. 

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. 

Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз. 
«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:
1.Қазақстан мен Астананның тәуелсіздігі
2.Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім
3.Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4.Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық 
өсім
5.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандақ ат салысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Мәңгілік ел болу бабаларыңның бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары ардақ тұтатындай мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру болды. 

Халқымыз Нұрсұлтан Назарбаевты әу бастан-ақ ел бағына туған президент деп сенген.
Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.  

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. 
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. 
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. 

Қазақстан Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. 

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел!

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. 
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. 

Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. 
Үдеудің сыры – бірлікте, 
Жүдеудің сыры – алауыздықта. 

Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. 
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деуге болады.

Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек деген.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен- өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. 

Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.

«Жолдаудағы «Мәңгілік ел!» идеясы мен «Қазақ елі» атауы егіз ұғым. Жалпы «Республика» деген сөз ұлттың өзін-өзі басқаруы дегенді білдірсе, ал «Қазақ елі» деген ұғымға келсек, ол мемлекеттігі бар, өзін-өзі басқаратын ел деген мағынада айтылған ой. Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдан жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болатын.

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді екен.

Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «Мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «Мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «Мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық  жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дарқандықты, ақжүректіктікті ту еткен елдік қасиеттер «Мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған. 

Бүгінгі жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр.

Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі –әл-Фарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады.

«Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», - деген ұлттық идеясының тамыры өте тереңде, өзегі сонау түркілердің дәуірінен бастау алатыны айтылды. «Мәңгілік ел» идеясын алғаш рет манифест ретінде жариялаған Тоныкөк абыз бүкіл түркі жұртын бір шаңырақтың астына біріктіруді көздеген болатын. Өзара қырқыстан әбден шаршап, тоз-тоз болып кеткен түркі тайпаларының арасында бұл үндеу кеңінен қолдау тауып, жүзеге асады да, қазақ даласында Түрік, Түргеш, Қарахан сияқты күшті қағанаттар құрыла бастайды. Кейін түркі халқының бірлігі тағы да ыдырап, жан-жаққа шашырап кеткен кезде де ұлтымыздың біртуар көсемдері халқын осы идеяның аясына қайтадан жинап, әлемге әйгілі, тарихта өз орнын қалдырып кеткен Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай, Моғолстан, Қазақ хандығы сияқты алып та, қуатты мемлекеттердің негізін қалап кетеді. «Мәңгілік елдің» өміршеңдігі соншалықты қазіргі кезде де өз жалғасын тауып, Мөде, Бумын, Қапаған, Білге, Күлтегін сияқты қағандарымыздың ісін мұра ретінде қабылдаған Елбасымыз осы идеяны өз отандастарына жария етіп,  қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр.

Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен дүние елдің көкейінде жүрген мәселелер еді. Әсіресе, ұлттық бағыттағы, қазақ тілі, ел бірлігі қақындағы «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деген сөздері «Елім» деген әрбір азаматқа ерекше рух бергені сөзсіз. Елімізді «Мәңгілік Ел» деп атайтын күн алыс емес. Ол байтақ жерімізді мекен еткен әрбір азаматқа байланысты. Бірлігімізді сақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлттық мүдденің үстемдік етері анық.

Елбасының осы Жолдауда көтерген идеялары жүзеге асырылса, еліміздің іргесі нық бекіп, келешек көкжиегіне талмай жетеріміз анық.


Осы дала саған да ортақ, маған да

Мұндай мекен таба алмайсың ғаламда. 
Сый мен құрмет, ізет-құрмет барлығы, 
Тең дарыған біздегі әр адамға. 
Баурап алған ұлы дала аспанын,
Ынтымақ пен Бірлік дейтін асқақ үн.
Қазақ жері – отандастар ошағы, 
Биік мүдде біріктірген бастарын.












Пайдаланған әдебиеттер:


1. Қазақстан тарихы әдістемелік құрал №1 №2
2. Егемен Қазастан газеті 6 шілде 2010 жыл
3. Менің Қазақстаным Астана баспасы 2001. Авторлары: Н.И.Рахымжанова, Р.М.Баттал, А.У.Сужикова
4. 2020 Стратегиялық жоспары: Көшбасшылыққа бастайтын Қазақстандық жол. Авторлары: С.Бирюков, Д.Елькин, М.Делягин, Ю.Собозобов
5. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабы

6. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет.

7. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары /Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза Әли../ — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. — 144 бет.

8. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет.

9. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж.

10. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.

11. Ханкелді Әбжанов, Зардыхан Қинаятұлы, Дихан Қамзабекұлы, Гүлшат Нұрымбетова, Абдулкадыр Ювалы.Түркі әлемінің көшбасшылары: өткені мен бүгіні. I кітап. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 456 бет. "Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы,





















Өтінім

Автордың толық аты-жөні


Жанкенова Меруерт Сериковна



Мектебі

«Абай атындағы орта мектебі» КММ



Электрондық поштасы, байланыс телефондары

Ұялы телефоны:87751826571

Үй телефоны: 21-065



Баяндама атауы

«Ата-баба аңсаған Мәңгілік ел»



Бағыты

«Мәңгілік Ел» жалпы халықтық идеясы және Қазақстандық патриотизм









Толтырылған күні: 24.10.2015 жыл



Қолы: Жанкенова М.С



http://krg.prokuror.kz/sites/default/files/styles/1024x683/public/news/mengilik_el.jpghttp://proxy4server.appspot.com/egemen.kz/wp-content/uploads/2014/12/9821.jpg

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Ата - баба аңсаған мәңгілік ел""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 437 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 3326
    • DOCX 303.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джанкенова Меруерт Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джанкенова Меруерт Сериковна
    Джанкенова Меруерт Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6236
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 330 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 318 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе