Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Қазақстан-2050" даму стратегиясы"

Доклад на тему "Қазақстан-2050" даму стратегиясы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қазақстан-2050» даму стратегиясы



Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында, елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет, Елбасымыз Қазақстан халқына жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті жолдауын жария еткен болатын. Бұл жолдаудың ерекшелігі - Президент Назарбаев жыл сайынғы жолдауларын көктемге қарай жариялайтын. Бұл жолдауын Қазақстанның тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) қарсаңында жасады.

«Өткенді білмейінше, бүгінгі күннің мәнін және келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес» - демекші, Елбасымыз Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы сөзін ең алдымен еліміздің өткен тарихынан бастады.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда «қазақ» деген халықтың бар жоғын әлі танып білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүние жүзі мойындаған Қазақстанның 21 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында да қиын еді. Бірақ, бұл бәріміз куә болған ақиқатты дүние. Содан бері 21 жылда ұланғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық», - деді Н. Назарбаев.

Ия, расымен де, тарих үшін 21 жыл аз уақыт болса да, біздің еліміз үшін жемісті де, жеңісті жылдар болды. Бас қаламыз – Астананың көз алдымызда көркейіп, әлемнің өзге ірі астаналарымен қатар тұруы, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайының жақсаруын елбасымыздың сара саясатының арқасында болғандығын байқауымызға болады.

Тәуелсіздік кезеңіне көз жүгіртер болсақ, көптеген келелі де, кемелді істердің атқарылғандығын көруге болады. Әсіресе, халықаралық қауымдастықта Қазақстанның танылуына әсер еткен, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете отырып, осы Ұйымның Саммитінің елордасы Астанад өтуі және қазіргі таңда қазақ жұртшылығының мақтанышына айналған ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-нің тағы да сол астанамызда өтуі. Бұдан астанамыздың немесе барша Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройының артқанын байқауымызға болады.

Естеріңізде болса, 1997 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасын қабылдаған болатын. «Қазақстан – 2030» стратегиясы жеті бағыттан тұрды. Сорл кезеңдегі 33 жылға жіктелген 7 міндеттің денін еліміз 15 жылда еңсерді. «...Қазақстан – 2030» стратегиясы көнерген жоқ, ел есейді. Енді, 2050 жылға дейінгі бағытты бағамдамақпыз.» -деген болатын Елбасымыз.

Осылайша, биылғы жолдаудың мақсаты – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру екендігін атап өтті Елбасымыз.

Сонымен, жолдауға тоқталар болсақ, Он бес жылдың ішінде біз халықтың табысы 16 есе өсуіне қол жеткіздік. Орташа айлық жалақы 9,3 есе, зейнетақы 10 есеге көбейді. 2011 жылы денсаулық саласына 631 миллиард теңге бөлінді. Соңғы бес жылда ғана ана мен бала өлімі 3 есе азайып, туу көрсеткіші 1,5 есе көбейді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 миллионнан 17 миоллионға жетті.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөздегідей, еліміз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Соның айғағы ретінде, өзіміз тұрып жатқан Байқоңыр қаласын айтуымызға болады. «Қазақ» немесе «орыс» деп бөлінбей, татулық пен бірліктің үлгісі болған Байқоңыр қаласы- ғарыш саласының «жерұйығы» атанып, екі елдің бірілігін нық ұстап келеді.

Сонымен қатар, жолдауда тіл мәселесі де сырт қалмады. Еліміздің елдігін, егемендігін айқындайтын негізгі белгілерінің бірі- әрине, мемлекеттік тіл. Қазіргі таңда, қазақ тілінің мәртебесі жайында көптеген мәселелер көтерілуде. Әсіресе, Елбасымыз көтерген - үш тұғырлы тіл мәселесі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді» құрметте демекші, қанша елдің тілін меңгерсенде, өз ана тіліңді ұмытпауға тиіссін. Осы орайда, Елбасымыз 2025 жылға қарай қазақ алфавитінен латын алфавитіне көшу мәселесін көтере келіп, әлемнің дамыған, өркениетті елдердімен тең дәрежеде болу үшін маңызының жоғары екендігін айтты.

Елбасымыз жолдауда медицина саласынада баса айта келіп, Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылғандығын айтты. Әсіресе Ана мен бала мәселесінде, «Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға, деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап, қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу, деген болмауы керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс», деді.

Еліміздің елдігін, егемендігін танытатын айшықты белгілерінің бірі – ана тіліміз. Тілге, деген көзқарас, шындап келгенде елге, деген көзқарас екені анық. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті, деп атайтын боламыз», деді Елбасы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде, «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Замануи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік» деген, Мемлекет басшысының ұлағатты сөзі келешектің білімді ұрпақ қолында екенін айқын білдіретіні анық. Міне осы орайда, жолдау барысында мемлекет басшысы білім, ,ғылым саласына да тоқтала келіп, тындырылған игі істерді атап өтті.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруде «Балапан» бағдарламасын іске асыру 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізіліп, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды. 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.

Елімізде әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісі дамытылды. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды. 1993 жылы «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылданған болатын, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алып, Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеттер құрылды.

Кемел елдің болашағы жастардың қолында екені анық. Осы орайда, Елбасымыздың қандай да болмасын игі бастамаларды жасауда қазақ жастарының алатын орны бөлек. Елбасы өзінің Жолдауында, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы мен көптеген мақалаларында жастарға бірқатар тапсырмалар берілді. Мемлекеттік «Жас Отан» Жастар қанатының белсене қатысуымен «Ауыл жастары», «Дипломмен – ауылға», «Жастар – Отанға», «Жастар практикасы» серпінді жобалары шеңберінде тұрғын үй алуда, еңбекке орналасуда, кәсіби өсуде жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуде.

Міне, Елбасы тарапынан жасалған көптеген мұндай қолдаулар, бізге, яғни жалындаған Жастарға, жаңа бағыт пен күш береді. Елбасының осындай қолдауы мен қамқорлығынан Байқоңыр қаласының жастары да шет қалмады. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысына қарасты басқа да аудандар мен ауыл-аймақтарынан келген қазақ жастары тегін білім алуда. Атап айтар болсақ, қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі – Байқоңыр «Космос» колледжінде, 3 мамандық, яғни құрылыс, теміржол және байланыс салалары бойынша мамандар даярлануда.

Еліміздің дамуына жасалып жатқан қандай да бір, бағадарламаларда, жобаларда жастардың белсенді қатысуы елдің табысты болашағы үшін өте маңызды.

«Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!» - деп, Мағжан бабамыз жырға қосқан қазақ жастары қашанда болмасын елдің де, Елбасының да бізге деген сенімін ақтауға әрдайым дайынбыз!

Байқоңыр «Космос» колледжінің

тарих пәнінің оқытушысы

Кенжалиева Багила

































































hello_html_483bd1a0.jpg





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров501
Номер материала ДВ-073927
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх