Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему "Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы"

Доклад на тему "Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы"

Скачать материал

Қазақстан республикасындағы  инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы

1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын  сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар

2.  Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер 

3. Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар 

 

Адамның өмір сүруін қанағаттандыру үшін оның құқығы мен еркіндігі сақталуы қажет. Адам құқығы мен еркіндігін қорғау, халықтың әлеуметтік қорғау мен оны жүзеге асыру механизмі адам құқығы мен еркіндігі туралы бекітілген халықаралық актілердің негізінде реттеледі.  Адамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқығын сақтау туралы халықаралық құқықтық құжаттар барлық халықтың құқығы мен еркіндігін мойындауға, жеке басының, тілінің, дінінің, еңбекке араласу, тынығу мен бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік қамсыздану, материалдық және моральдық қызығушылықтарының орындалуына негіз болады. 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған. 

БҰҰ-ның қабылдаған Уставына және Адам құқығы туралы жалпы декларацияға сай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар белгіленген нормативтік құжаттар негізінде өздерінің азаматтық, саяси, әлеуметтік, мәдени құқықтарын жүзеге асырып, өзге адамдармен қатар өздерінің еркіндігі мен бостандығын сақтай алады. 

Аталған құжаттардың қатарындағы Адам құқығы туралы жалпы декларация осы проблемаға сай қабылданған басқа да нормативтік құжаттардың құрылуына негіз болды. Құжаттардың жасақталуы барысында балаларды қорғау, балалардың денсаулығына назар аудару, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерекше назар аударудың қажеттілігі басым боды.  

1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды.  Конвенцияның негізгі мақсаты -  максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды.  Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі  шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.  

1975 жылы БҰҰ Ассамблеясында қабылданған мүгедектердің құқығы туралы Декларация мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси теңдігін сақтауға негіз болады. Сонымен қатар олар өздерінің қоғамдағы интеграциялану мүмкіндіктерін қабылдау үшін максималды түрдегі арнаулы көмек түрлерін қабылдауға құқылы. 

БҰҰ қабылдаған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығын қорғау Декларациясы (1971)   аталған категорияларға жататын тұлғалардың өмір сүру мүмкіндіктеріне түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған.   

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүмкіндіктерін сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді: 

1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалармен бірдей тең құқылығын сақтау принципі;  

2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (саңыраулар үшін) барлық жағдайлардағы аудармашылармен қамтамасыз ету; 

3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы бір ғана құжатта емес бірнеше құжаттарда баяндалады.

Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993),  білім алуда  ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу  үшін “Саламандық декларация” (1994). 

      Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы  басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне  қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар  кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары  дами бастады.

      «Инклюзия» терминіне анықтама бере кетсек, инклюзивті білім беру (франц. Inclusif - өзіңе енгізуші, латын тілінен include-бекітемін, енгіземін) жалпы білім беретін мектептердегі ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқыту процесін бейнелеу үшін қажетті термин. Инклюзивті білім берудің негізіне идеология жатады. Ол балалардың кез келген дискриминатциясын жояды, яғни ол барлық адамдарға бірдей қалыпты қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, бірақ ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайды.

      Инклюзивті амал - баланың әртүрлі білім беру қажеттілігін және сол қажеттілікке сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамсыз етілу арқылы білім беру процесіне қатысуын, білім берудегі қарсы шығушылық пен шектеушілікті   азайтып, қоғамның назарын аударады.

  Инклюзивті білім беру -  дене, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және т.б. ерекшеліктеріне қарамастан білім алуына, тәрбие мен оқытудың жалпы процестеріне қатысуына мүмкіндік беріп, өсіп келе жатқан тұлғаның  қоғамның тең мүшесі болуына жол ашып, шектеушілік пен оңашалау қауіп-қатерін төмендетеді.

Кез келген  мемлекетте  арнайы білім беру жүйесінің дамуы қоғамның мәдени нормалары мен құндылық бағыттарының негізінде жүзеге асырылады. Демек арнайы білім беру жүйесінің даму кезеңдері  әр мемлекеттің  және қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты.  Дамуында ауытқуы бар тұлғаға қоғамның қатынасы бірнеше факторлармен анықталады, оның ішіндегі негізгі факторлардың бірі – саяси әлеуметтік экономикалық, сонымен қатар халықтың философиялық көзқарасы, діни адамгершілік деңгейі болып табылады.

 «Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның  Конституциясында  қарастырылған  баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан  тең құқыққа ие.

2007 жылы қабылданған  мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.   Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.

Осыған орай, Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанова түрлі типтегі инклюзивті мекемелердің жүргізілген тәжірибесін талдау  негізінде  жұмыстарының  ортақ тенденциясы мен қағидаларын  анықтауға мүмкіндік берді.  Мұғалімдердің   көбі үлкен мән беретіні:

-       түзете-дамыту мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру мен жоспарлау кезінде зиятының даму деңгейін, қажеттіліктерін және физиологиялық функцияларын бағалауына;

-       оңалту және оқыту бағдарламасын кешенді жүзеге асыруына;

-        бірлескен және қарым-қатынас жасауда, оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар мен қалыпты деңгейдегі баланың қатысуы;

-       отбасына психологиялық қолдау көрсету.

Р.А.Сүлейменова инклюзивті білім беру арқылы баланың толық қосылуын қамтамасыз ету үшін адамдарды бөлетін тосқауылдарды жою үшін ортақ білім беру жүйесінің дамуында және мемлекеттік саясатта өзгерістер болатының болжап көрсеткен. Дейтұрғанымен, инклюзивті білім беру жүйесі тек мектептегі білім алуды ғана қамтып қана қоймай, оған қоса күрделі ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтарында болу, үйде тәрбиеленетін балаларға  бару және тағы сол сияқты жұмыс формалары бар.

2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды  оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған  қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.

Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:

          жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби  диагностика жасау,  оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру,  медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен  кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен  туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;

           мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен  Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру;

          арнайы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету мекемелерінің дамуы;

          мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру;

          мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

          мекемені ғылыми  және ұйымдастырушылық-әдістемемен, кадрлармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы  басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей: 

1.       Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.

2.       Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.

3.   Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және  жаңа білім беру жүйесінде  кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.

4.            Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай  мен  ортаны құру.

        Инклюзивті  білім беру түсінігі тек білім беру жүйесіне ғана емес сонымен қатар қоғамдағы адамның алатын орнын  анықтауға жаңа көзқарастардың туындауына септігін тигізеді. 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 27345
    • DOCX 21.1 кбайт
    • 490 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асанова Рыскуль Мырзахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асанова Рыскуль Мырзахановна
    Асанова Рыскуль Мырзахановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34701
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе