Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Доклад на тему "Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Доклад на тему "Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі"

библиотека
материалов

БАЯНДАМА: Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»
К.Ушинский

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:

- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Білім беру жүйесі — қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу — әрбір ұстаздың оқу - тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Осы міндетті орындауда әрбір мұғалім түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып жатады.
Қандай әдісті пайдаланса да мақсатымыз айқын, ортақ. Ол бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің сөзінде « Бізге интеллектуалды ұлт қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын.
Жастар білімді, ақылды, жан - жақты жетілген, ұлттық рухы бар, ұлт мүддесі үшін қызмет ететіндей болуы үшін біз ұстаздар қауымы ат салысуымыз керек сияқты.

Оқушылардың білімін жетілдіріп, дамыту жолында пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін жас ұрпаққа бойына сіңіре отырып, жұмыс істеуге мен де тырысудамын.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі мектептерде жүргізіліп келген Қазақстан тарихы пәніне тиянақты өзгерістер енгізу проблемасы соңғы жылдарда болған түрлі саяси, тарихи және әлеуметтік – эканомикалық өзгерістерге тікелей байланысты туындаған болатын. Бұл жағдай бойынша 1990 жылдан Қазақстан тарихы Республика мектептерінде дербес пән

ретінде енгізілді.

Қазіргі таңда мектептің материалдық – техникалық базасы бай, мүмкіншілік көп, тек көзін таба білу керек. Тарих сабағында оқушы бойында «Менің Отаным қандай болған, қазір қандай, болашақта қандай болуы керек» деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға жауап беріп, мақсатқа жету үшін тарих пәнінің орны ерекше.

Тарих сабақтарында қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты өткенді білуге деген құштарлық өсе түседі. Бұл жағдай тарих ғылымының жаңа дидактикалық жүйені іздестіру, салалық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілікке арналған әдебиеттерде бұрын белгісіз болған, құпия құжаттар, жеке хаттар мен күнделік жазбаларды іріктеу арқылы сабаққа пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, өткенді ғылыми танып білуде осындай тың деректерді, мұрағат материалдарын жас ұрпақтың таным - түсінігіне сәйкестендіре отырып, сапалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.

Пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын үй тапсырмасын сұрау кезінде де іске асыруға болады. Мысалы: үй тапсырмасын сұрау кезінде «Тарихи бағдаршам», «Жылдар нені білдіреді», «Орнын тап», « Тарихи викторина», « Сен - маған, мен - саған» деген сияқты ойындар ойнаймыз. Тарихи бағдаршам тест сұрақтарына жауап беру болса, жылдарды кестеде немесе сызбада орындаймыз. Ал орнын тап ойыны үлестірмелі материал түрінде беріледі. Кейде үйден дайындап келген сөзжұмбақ, ребустар, кластер, шығармашылық тапсырмалар орындалады.

Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат-дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін,ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін,оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы,жан-жақты жетілген,өзінің тарихи тамырларын,қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру.

             Осындай міндеттерді жүзеге асыру да тарихшы мұғалімдердің атқаратын рөлі ерекше.

Ұстаздың дидактикалық қабілеті оның өткізетін сабағы мен оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді біліктілікпен қолданылуынан көрінеді.

Ең бастысы   «оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін,білім деңгейін көтеру үшін қандай тәсілдер қолдануға болады деген?»сұраққа жауап табу керек.

             Оқушылардың танымдық қызығушылын,белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабағымның бірі –ойын сабақ.Бұл сабақта оқушылардың белсенділігі артады,бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға,көп білуге,ынтасы өседі.Ол тәрбиеге де,оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.

             Бесінші сыныпқа негізінен төменгі сыныптан ойын жасындағы балалар келеді.Негізгі қызметі оқу болса да әлі бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады.Бірден тарихи оқиғаларға мән беріп түсініп,оның негізіне көз жіберуге қабілеттері жете бермейді.Сондықтанда сабақты ойын арқылы өткізудің көбіне тиімді жақтары өте көп болады.Ойын сабақтарының тек қана тарих пәні ғана емес,басқа сабақтарда пайдалану оның тиімділігін арттыратынын айта кеткім келеді.Ойын сабақтарының артықшылықтары біріншіден,оқушының сабаққа деген ынталығы артады,үнемі түсіндіріп 45-минут тыңдағаннан оқушы да,мұғалім де жалығады.

             Екіншіден,сабаққа зауқы жоқ,жалқаулау,нашар оқитын оқушылардың өзі де бұған белсене қатысады.Сөйтіп кейде

баяығы өз ойын айтуға ұялатын немесе ашық айтуға қиналатын оқушылардың мінезін,сабақты қалай сұрауға,айтқызуға болатынын түсінуге болады.

             Үшіншіден,өтілген сабақтың мазмұны оқушының есінде ұзақ сақталады.Бұл деген мұғалімнің  бірден-бір жетістігі десек артық айтпаған болар едік.

                       Ойын сабақтарынан кейін оқушылар өздері ізденіп,әр түрлі ойындар құрастыра бастайды.Мысалы сөзжұмбақтар құрастырып,соны кейін бір-бірімен алмастырып шеше бастайды.Бұның нәтижесінде оқушылардың білімге қызығушылығы артып өз беттерімен ізденуге мүмкіндік жасайды.Ойын тақырыбы мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де көтеріледі.

     Тарих сабағында қолданылатын ойындардың түрлеріне тоқталайық.Тарих сабақтарында қолданылатын ойын түрлері өте көп.

«Ретімен қой »ойынын 6 сыныпта Ежелгі қазақстан тарихы пәні бойынша «Қазақстан тас дәуірінде»тақырыбында пайдаландым.Тақтаға жеке плакат ілулі тұрады. Мысалы:Адам дамуының кезеңдері.

1.неандертальдық-питекантроп-синантроп

(дұрысы-питекантроп-синантроп-неандертальдық)

2.кроманьондық-гомо-люси

(дұрысы-гомо-люси-кроманьондық)

Осыны оқушылар дұрыс қоюға талпынады,бір-біріне көмектесіп есте қалдыруға тырысады. Тағы бір мысал,бұл жоғарғы сыныптарда «Өнер және музыка мәдениеті »сабағын алайық.Бұл сабақта мен «Көш» ойынын пайдаландым.Бұл ойын тақырыпты ашуда көп көмегін тигізеді.Тақтаға жүк артқан 5 түйенің көш суреті ілінеді.Көш 5 түрлі түспен плакатқа салынады.Әр түйенің қомында тапсырмалар бар.Бірінші түйенің қомында мынадай тапсырмалар:

1.Өнер дегеніміз не?

2.Өнердің қандай түрлері бар.

3.Қазақтың киіз үйінің құрылысын атаңдар.

             Бұл сұрақтарға оқушылар өз мүмкіндігінше төмендегідей жауап береді.Өнер дегеніміз-халықтың талабынан туындаған белгілі бір еңбектің жемісі.Өнер түрлері:қолөнер,саз өнері,сөз өнері,бейнелеу өнері,сәулет өнері.Киіз үйдің құрылысы: шаңырақ,керег,уық,сықырлауық,басқұр тағы басқалар.Осылайша бесінші түйеге дейін сұрақ-тапсырмалар жалғасады.Арасында саз өнері туралы айта келіп оқушылардың өнерін  көріп тамашалауға болады.Соңғы бесінші түйенің қомындағы тапсырманы үйге беруге болады. Бұл тапсырма «АС»ойыны деп аталады.Бұл ойынның шарты бойынша тек қана екі әріп,яғни А және С әріптері белгілі.Қалған әріптер нүктелермен берілген.Әрбір жасырылған сөздің тұсында анықтамасы бар.

1.«....АС» -күйші қобызшы(Ықылас)

2.«.а....с.»-халықтың әнші сазгері(Жаяу Мұса)

3.«А.с...»-Жаяу Мұсаның әні(Ақ сиса)

4.«....а.с..»-атақты әнші сазгер(Біржан сал)

5.«А...С...»-әнші сазгер(Ақан Сері)

6.«.а...с»-Дәулеткерейдің күйі(Тартыс

Сөйтіп «Көш» ойыны бойынша тапсырмалар түгелдей талданып болады.

Бұл ойындардың нәтижесінде мынадай жетістіктерге жеттім.Сабақта нашар оқитын оқушының өзі белсене араласып,ынталығын көрсетті,яғни оқушылардың қызығушылығын туғызды,оқушының есінде ұзақ сақталды,ойлау қабілетін дамытты.

     «Тарихи шынжыр »ойын тізбегі.Бүл тәсіл кез келген сыныпта тарих пәнінде қолдануға қолайлы.Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі,яғни белгілі бір мәлімет

беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп,біреуі әуелі басын,екіншісі орта тұсын,үшіншісі аяқ жағын айтып,тұтас бір ойынды тізбекті құрайды.Нәтижесінде: нақты бір тарихи дерек құрылады.Тиімділігі –оқушыларды тапқырлықпен дәл,нақты,логикалық ойлауға үйретеді.

      Пошта ойыны .Бұл ойынды тақырыпты немесе тарауды,мемлекеттерді қайталаған кезде пайдаланған тиімді.Оқушыларға сұрақтар беріледі немесе белгілі оқиғаға байланысты суреттерді қағазға жапсырып оқушыларға үлестіреді.Оқушылар берілген кеспе қағазды ілулі картадағы мемлекеттің үстіне инемен қадайды.

Мысалы:1.Пирамида қай елде пайда болды?

                2.Ұлы Жібек жолы қай елден шықты?

                3.Будда діні алғаш қай елде пайда болды?

Тарихи кубок ойыны Қатты қағаздан жасалған кубоктың 6 жағына карталарды жапсырып 3 бойдан 3 оқушы шығарып бірінен кейін бірі лақтырады.Оқушылар лақтырған кубоктың бетіндегі карта кай  мемлекеттікі екенін айтуға тиіс.

Математикалық қобдиша ойыны.

Тапсырма:Математикалық есепті шығарда шыққан санда қандай оқиға болғанын айт.

1.1240+(60*4+3)= 

2.15,2 *100+12=             

3.(100*3+72/6)+1280=  

4.4400*0,5-7,72*100=  

Ойын сабақтарын өткізу пән ажарын ашып,мұғалімді де, оқушыны да еңбекке баулиды.

Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл- ойының дамуы «актуальды дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы.Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1- деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Тарих пәнінің мазмұнымен мақсат- міндеттері төмендегі шешуші біліктерді қалыптастыруға бағытталған:

Саяси және әлеуметтік- оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығында белсенді түрде бейімделу қабілеті.

Толеранттылық-  басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тіл табысушылық.

Когнитивтілік-  өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдіру, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп- салдарын өздігінен тану.

Дүниетанымдылық-  әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орнын дұрыс таба білу, отаншылдық, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін, адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық өмірдің демократиялық қағидаларын құрметтеу.

Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың сызба нұсқасы төменде көрсетілген:

    Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 9 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Соның ішінде 6-сынып оқушылары Абат Нұржігіт, Орынбай Арай , Орынтай Майра және Жұбатхан Бекзат есімді оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығы басым.

Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер территориясы ұраны Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз

Тас дәуірінің хронологиясы
2-тапсырма : Кестемен жұмыс
палеолит мезолит неолит энеолит
уақыт шеңбері
ескерткіштері
ерекшеліктері

4- Тақырып: Сақтардың саяси тарихы
3-тапсырма: Тарихи сынақхат
Алдарыңызда тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар.
Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып, жазасыңдар. Әр топтың басшысы тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз топтарыңды бағалайсыңдар.
Тарихи сынақхат мәтіні
Кир қайтыс болғаннан кейін б.з.б.519 жылы парсы патшасы .........................
сақтарға шабуыл жасайды. ............................ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап, ............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен ......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін ............................. , ............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып ......................... ұшыраттым, елімді ..........................
 
алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді .............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп, .............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен ............................... , еліне ........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз ......................................... сақтап қалды.

4. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері

Көтерілістің ортақ белгілері 1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері


5. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Бақытжан Қаратаев Міржақып Дулатұлы
 

6. «Бұл сөзді кім айтқан?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
7. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы:
- 100 мың жыл бұрын егіншілік .....
- Саналы адам , епті адам .....
- Малды қолға үйрете бастады .....
- Алғашқы еңбек бөлнісі .....
- Ежелгі адам тұрағы .....

Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.
Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе?






















Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы әдістемесі . 2010 ж № 5
2. Ғаламтор.Ustaz/kz сайты.

Автор
Дата добавления 11.05.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров122
Номер материала ДБ-075285
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх