Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Доклад на тему "Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде жаңа технологияның әр түрлі әдістерін қолданудың тиімділігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Доклад на тему "Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде жаңа технологияның әр түрлі әдістерін қолданудың тиімділігі"

библиотека
материалов

«Абай атындағы орта мектебі» КММ













Педагогикалық оқу:

Баяндама:

«Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде жаңа технологияның әр түрлі әдістерін қолданудың тиімділігі»







Дайындаған:

Тарих пәнінің мұғалімі: Джанкенова.МС

















Ақжар ауылы

2015-2016 оқу жылы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

( Н.Ә.Назарбаев.)

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 9 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Соның ішінде 6-сынып оқушылары Шайменова Толғанай, Ғалиханов Еркебұлан, есімді оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығы басым.
Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»
жүздер территориясы ұраны Жүздерге енетін тайпалар
Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз

Тас дәуірінің хронологиясы
2-тапсырма : Кестемен жұмыс
палеолит мезолит неолит энеолит
уақыт шеңбері
ескерткіштері
ерекшеліктері

4- Тақырып: Сақтардың саяси тарихы
3-тапсырма: Тарихи сынақхат
Алдарыңызда тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып, жазасыңдар. Әр топтың басшысы тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз топтарыңды бағалайсыңдар.
Тарихи сынақхат мәтіні
Кир қайтыс болғаннан кейін б.з.б.519 жылы парсы патшасы .........................
сақтарға шабуыл жасайды. ............................ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап, ............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен ......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін ............................. , ............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып ......................... ұшыраттым, елімді .......................... 
алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді .............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп, .............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен ............................... , еліне ........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз ......................................... сақтап қалды.

4. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері

Көтерілістің ортақ белгілері 1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері


5. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Бақытжан Қаратаев Міржақып Дулатұлы 

6. «Бұл сөзді кім айтқан?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
7. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы:
- Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен .......
- Саналы адам , епті адам .......
- Микролиттер.......
- Тас дәуірінің дамыған кезеңі.........
- Ежелгі адам тұрағы .......
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.
Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе?





















Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы әдістемесі . 2010 ж № 5
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-3 т.

Алматы: Атамұра, 1996-2002.

3. Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. –

Алматы: ҚДИ. Тарихи тұлғалар, 1998.

4. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 1995; Мағауин. М.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХV–ХVШ ғғ.). – Алматы, 1992.

5. Абылай хан. Тарихи-антропологиялық зерттеу. – Алматы: Атамұра,

1992.

6. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. – Алматы, 1998.





Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров60
Номер материала ДВ-529300
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх