Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Доклад на тему "Бастауыш сыныпты оқыту жұмыс ерекшелігіндегі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану тиімділігі"

Доклад на тему "Бастауыш сыныпты оқыту жұмыс ерекшелігіндегі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану тиімділігі"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Семей қаласы

«№7ЖОББмектеп-лицей»

Бастауыш сынып мұғалімі Габдоллина Гаухар Габидоллаевна

Бастауыш сыныпты оқыту жұмыс ерекшелігіндегі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану тиімділігі.

  1. Кіріспе бөлім

  2. Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесіндегі ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі.

  3. Бастауыш сыныпта ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың дидактикалық мәселелері.

  4. Қорытынды бөлім.

Кіріспе .

Бүгінгі Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында, көптеген жаңа педагогикалық технологиялардың жұмыс істеп жатқаны мәлім. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. ХХI ғасыр білімділер ғасыры, ақпарат ғасыры делінеді. Соған сәйкес өркениет дамуының қазырғы кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес. Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім сапасын арттыру. Аталған проблеманың көкейкестілігі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрініс тапқан. Бұл жолдаудың құндылығы – еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтеретіндей баспалдақтардан өтуге бағыт берумен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге жол ашу. Сондай - ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы рөлінен осы үрдістің белсенді субьектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызу. Жалпы ақпараттандыру қазіргі білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі болып отырғандықтан, біліми салада ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану түрлі дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу жолында басты құрал болып отыр. Мемлекеттік үздіксіз білім беру жүйесі бастауыш сыныптан негіз алар болса, ақпараттандыру процесін неге дәл осы бастауыш сыныпты оқытудан бастамасқа деген ой мазалайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі қазақстандық білім сапасын арттырудың мақсаты – баланы оқытудың бірінші кезеңінен бастап қоршаған адамдармен, тұтас әлеммен қарым – қатынаста жеке тұлға ретінде дамуы басты назарда. Ал қазіргі қазақстандық жалпы орта білім беру бейіндік және бейін алды оқытуға ауып жатыр. Міне осындай аталмыш мәселелерді шешу барысында түрлі жаңа педагогикалық технологиялармен қоса ақпараттық технологияны да қолдану сапалы білім беруге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл арада сөз жалпы білім беру жүйесі туралы болып отырған жоқ , сөз 1- 4 сыныптар яғни бастауыш сыныптар туралы болып отыр.



2. Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесіндегі ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі.

Бастауыш сыныпты оқыты әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психалогиялық жағдайын, жас ерекшелік психалогиясын, әлеуметтік жағдайын түсініп, зертемейінше ешқандай әдіс оң нәтиже бермейтіні һақ. Білім беруді ақпараттандыру мен бастауыш мектепті ақпараттандыру екі түрлі түсінік емес. «Ақпараттандыру» - бұл оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда ақпараттық технологияларды қолданудың теориясы мен практикасын қамтиды. «Бастауыш мектепті ақпараттандыру» - бұл бастауыш мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың ақпараттық сауатын ашу және қалыптастыруда ақпараттық технологияны қолдану болып табылады. Ол үшін сол бастауыш сыныптың оқушыларын оқытатын мұғалімнің ақпараттық – коммуникативтік құзыреттілігі жақсы дамыған болуы керек. Ақпараттық технологияны білім беруде қолдану яғни ақпараттандыру әдістемесі дәстүрлі әдістемеден ерекшеленеді.

Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану туралы әдибеттерде бастауыш сыныпты ақпараттандыру мәселесі туралы көп зерттелмеген. Сол себептен де бастауыш сынып мұғаліміне көп ізденіс пен ынта - ықылас керек екені сөзсіз. Әрине сабақ немесе тәрбие жұмысының жоспары аталмыш технологиясының көмегімен өте сауатты құрылса оң нәтиже берері сөзсіз. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға, оқу іс әрекетіне қызығушылығын арттыру арқылы бірден сапалы оқытуды ұйымдастыруға болады. Жұмыс істеу жаңалығы ғана емес, сонымен қатар оқу тапсырмасының қиындық деңгейіне қарай реттеп беру, дұрыс орындалған тапсырмаларды мақтап – мадақтау оқушы ынтасына жағымды әсер етеді. Бастауыш сыныпты оқытудағы жаңа ақпараттық технологияныңберер мүмкіндігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:

  • Компьютерлік сауаты ашылады.

  • Пәнге қызығушылығы артады.

  • Оқуға ынтасы жоғарылайды.

  • Дүниетанымы кеңейеді.

  • Өзіне сенімділігі артады.

  • Өз бетінше білім алады.

  • Ақпараттық – технологиялық құзыреттілігі дамиды.

  • Коммуникативтік мәдениеті артады.

Әр дамушы жеке тұлғаға өз бетімен білім алу, өзіндік даму кеңістігін қамтамасыз ететін ашық білім жүйесін құру бастауыш сыныптың әр бір мұғалімінің құзырында. Тек әр ұстаз өзінің педагогикалық технологиясымен, аталмыш технологияны бірізділікпен ұштастыра білуі шарт.

.3.Бастауыш сыныпта ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың дидактикалық мәселелері.

Білім беруді жаңарту процесі қарқынды жүріп жатанда, бастауыш мектепті ақпараттандырудың әдістемелік - дидактикалық негізі қаланып, оны тиімді пайдаланудың жолдары анықталса, онда ақпараттық құралдарды бастауыш сыныптардан бастап қолдана алатын, ақпараттық мәдениетінің негізі қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады. Қазіргі жаңашыл мұғалімдер өз жұмыстарын компьютердің көмегінсіз елестетпейді. Қазіргі ақпараттық құралдар бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс –әрекетінің жаңа әмбебап құралы. Электрондық оқулық, мультимедиалық оқыту бағдарламасы, электрондық көрнекіліктер, видео материалдар, интернет желісін пайдалану, арт терапиалық музыкалар және арнайы жеке программалалар (Power Point, Activstudio Profession) арқылы жасалған кестелер мен сызбалар, дайын тест жұмысына арналған қаптамалар т. б. сабақты түрлендіріп өткізуге үлкен мүмкіндіктер береді.

  • Мультимедиалық оқыту бағдарламасы. Оқушыға экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарады. Орындарында отырған оқушылар өз компьютерлерінде жауап беріп, қателерін дүзей алады. Соңынан орындаған тапсырмаларының тиісті бағасын алады. Мультимедиа латынша multum - көп және medium - жұмылдыру дегенді білдіреді.

  • Электрондық оқулық және электрондық көрнекіліктер қарапайым оқулық және көрнекілік іспеттес. Ерекшелігі олар парақта емес интерактивті тақтада немесе экраннан көрінетіндігі.

  • Видео материалдарды сабақтың құрылымына қарай пайдалану өте ұтымды. Түрлі деректі фильмдер, мультфильмдер, кино фильмдерден үзінділер көрсету сабаққа кіріспе ретінде және қорытындылап, рефлексия жасауға тамаша мүмкіндік болып табылады.

  • Интернет желісін пайдалану. Бұл 3-4сыныптарда ғылымы - көпшілік журналдардың сайтына кіруде, интернет – олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысуға мүмкіндік ашады.

  • Арт терапиялық музыкалар сергіту сәттері, психологиялық үзілістер, релаксациялар жасауға қажет.

  • Power Point пен Activstudio Profession түрлі слаайдтар мен флипчарттар жасауға арналған бағдарлама болып саналады.

  • Тесттік қаптамалар. Бұл арнайы жасалған дайын бағдарлама үлгісі. Осы қаптамаға пәнге сәйкес тест жұмысын салып, орындатып, өздігінен бағалатуға болады.

Әрине бұл аталған құралдарды қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге деген дидактиканың қағидаларына және өтілетін материалдың өтілген материалдардың мазмұна сай өткізу керектігі ескеріледі. Қазіргі ақпарат заманында техникалық құралдарды қолдану қарапайым сауаттылықпен тең деп қарастырылуда.

4.Қорытынды.

    Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның  әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе – тең саналуда. Ал, бастауыш сынып оқушысы қарапайым сауаттылықпен қоса компюьтерлік сауаттылықты меңгеріп, ақпарттық – коммуникативтік құзыреттілігін дамыттса әлемдік білім кеңістігіне енуге зор мүмкіндіктер болары сөзсіз. Оқу үрдісінде қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасы сипатын өзгертіп, оның  ынтымақтастық, өзара түсіністік, бірлескен шығармашылық жұмыс, өзара тәжірибе алмасу сипатына ие болуына себепші болады. Ал ол ең алдымен, бұл жас шамасындағы оқушылар арасында кең тараған  мазасыздану, үрей, өз-өзіне деген сенімсіздік,  сияқты жағымсыз жайларды болдырмауда ролі зор.



Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Дидактикалық    компьютерлік    ойындар   және   оның дамытқыш  қуаты //  Қазақстан мектебі.- Алматы, 2005.- N9-10.-Б.48-49.

     2. Компьютерлік технологияны қолдана білейік // Қазақстан мектебі.- Алматы, 2005. – N 11-12. –Б.17-18.

     3. Информационно-технологическая компетентность студента как профессиональная готовность специалиста к использованию современных информационных технологий обучения // Қазақстан жоғары мектебі- Высшая школа Казахстана. – Алматы: Высш.шк.Казахстана МОН РК, 2006. -№ 1.

-С.136-140.

     4. Бастауыш мектепті ақпараттандырудың бүгінгі жағдайы // Бастауыш мектеп. –Алматы, 2006. -№ 4. –Б.3-5. 

     5. Бастауыш білім мазмұнын  ақпараттандырудың психологиялық-педагогикалық негіздері // Ұлт тағлымы. - Алматы, 2007.-№ 4 (1).-Б.200-204.









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров21
Номер материала ДБ-389638
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх