Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Доклад на тему БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Доклад на тему БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

библиотека
материалов

Өтініш


Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс орны

Баяндама тақырыбы

Байланыс телефондары

1

Абдиманапова Жанар Аманқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп


Білім беру үдерісін жаңашыл технологияландырудың бастауыш сыныптардағы тиімділігі

87779441480

2

Утарбаева Кулайша Райымбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп


Білім беру үдерісін жаңашыл технологияландырудың бастауыш сыныптардағы тиімділігі

87058325436































БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ


Абдиманапова Жанар Аманқызы


Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп

«Бар ғылымның бастауы – мектеп, сондықтан біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту . . .»

Н.Ә. Назарбаев

Бұл баяндамада өз ойын еркін жеткізе білетін, өзіне қажетті ақпараттарды жинақтай алатын, шығармашыл, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу мақсатында білім беру үдерісін технологияландырудың тиімділігі қарастырылған.

В этом докладе рассмотрены эффективности новых технологий которые могут сформировать у учащихся навыки самостоятельного добывания новых знании, сбора необходимой информации, умения свободно выражать свои мысли и творческий профессиональные способности

This report can express student's opinion creative competitive athletes in oder to be able to collect the necessary information provided by the effectiveness of technologies in the educational process.


Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етуде азамат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Болашақ өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін терезесін теңететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің техналогияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі техналогиялары сарапталып жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу. Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше түс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – шығармашыл, ізденімпаз тұлға, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, теориялық нақты біліммен қаруланған, рухани дамыған, озық идеялы жаңалық жаршысы. Бастауыш сынып мұғалімінің білім беру үдерісінде жаңашыл техналогияларын қолдануын арттыру үшін:

  • әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

  • әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

  • міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

  • инновациялық техналогияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеп отыру қажет.

Заман талабына сай техналогияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең басты техналогияларды тиімді әрі жүйелі қолдану керек.

«Техналогия» грек сөзі «technе» - өнер, шеберлік деген мағына береді.

Педагогикалық техналогия басқарылатын, қайта жаңғыртылатын оқу – тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал – тәсілдердің жүйесін құрайды.

Қазіргі заманда жиі кездесетін техналогиялар төменгі кестеде көрсетілген.

1. Саралап деңгейлеп оқыту Қараев Ж.А, Кобдикова Ж.У.

2. Модульдік оқыту техналогиясы Жампейісова М.М.

3. Дамыта оқыту техналогиясы Тұрғымбаев Т, Эльконин Д. Б

Давыдов В.В, Зайцев В.

4. Проблемалық оқыту техналогиясы Монахов М.

5. Ірі блокпен оқыту техналогиясы Эрдниев П.М.

6. Жобалау әдістемесі Дж. Дьюн

7. Сын тұрғысынан ойлау Л. Стил, С. Крутис, Ч.Темпл

8. Жеделдетіп оқыту техналогиясы ( тілді дамыту) Жүнісбеков Ә.

9. Алдын ала оқыту техналогиясы Лысенкова А.

10. Тұлғалық гумандық техналогиясы Амонашвили Ш.

11. Шоғырландырып – қарқынды оқыту ( Концентрированно – интенсивное обучение) Нұрахметов Н. Н, Абдығалиев К. А.

12. Жүйелілік тұрғысынан оқыту техналогиясы Ғалиев Т.Т.

13. Интерактивті оқыту техналогиясы Каменский Я.А.

Жаңа техналогиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты деген сұрақтарға жауап берер болсақ, бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, санауға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ізденушілікті, шығармашылықты талап етеді.


Мұғалім нені білу керек?

Мұғалім не істей алу

керек?

Мұғалім қандай іс - әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек ?

1. Жаңа техналогия

көмегімен шешілетін мәселелерді;

2. Жаңа техналогияны

қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

3. Жаңа техналогия мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс – тәсілдерді;

5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін.


1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын

құрастыру.

- дамыта оқыту бағытында

- модульдік курс үшін

- әлеуметтендіру бағытында

- ұжымдық жүйедегі оқыту

- басқа техналогиялар үшін

2.Күнтізбелік – тақырыптық

жоспарлау.

3. Әр сабақты жоспарлау.

4. Жаңа техналогия бойынша жүргізілетін әр түрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

5.Оқу модульін құрастыру.

6. Модуль бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы

материалдарды дайындау.

7. Модульдерге байланысты оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыру.

8. Оқушыларды топтық

жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды дайындау.

9. Оқу жобаларының

мазмұнын анықтау.

10. Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

1. Жаңа техналогияда пайдаланылатын жекеленген әдістер мен тәсілдерді қолдану.

2. Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.

  1. Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.

4. Жаңа техналогияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.


Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс – тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа техналогиялары өмірге келді. Атап айтқанда, В.В.Ворнов педагогикалық техналогия – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, В.М.Шепель техналогия - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі дейді. Ал М.Чошанов техналогия – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі деп есептейді.

Оқыту техналогиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді техналогиялық - педагогикалық іс - әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс - әрекетіне, мұғалімдердің интеллектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу іс – тәрбие үрдісінің басты күретамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология қолданады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейін:

  1. Дамыта оқыту технологиясы: күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көзделген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторларында, мұғалімінің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілінде. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

  2. Деңгейлеп оқыту технологиясы: ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында. Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалдарын меңгеруін қамтамасыз ету.

  3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы: өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан – жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ой тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айту, ойын жеткізу. Сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдау, сол пікірді салыстыру. Басқалармен жұмыс істеу сәтінде бірлесіп жұмыс істеу, қасындағы досына құрметпен қарау, зер салып тыңдау, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақ тұжырымға келуге мүмкіндік алу. Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады.

Біз оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы алынған білім негізінен дамыта отырып, тәжірибеге енгізу, жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадық.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.

Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс - әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.

Блум таксономиясының мақсаты танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау, оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтарды өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға аударуға ынталандыру. Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы әсіресе төмен тәртіптегі мақсат пен дағдыларын алға тартуға ұмтылады. Блум таксаномиясы ең төменгі үрдістерден жоғарыға қарай кезең – кезеңімен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.

Білу – негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды есте сақталғанын растау.

Түсіну – негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету. (Аударма жасау интерпретация, экстрапопяция)

Қолдану – жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқауда пайдалану.

Талдау – дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу, қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.

Жинақтау – жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу бойынша балама шешім ұсыну.

Бағалау – пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау.

Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір – бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс істеу керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым – қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет.

Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:

  • компьтерлік техниканы

  • интернет

  • телекоммуникациялық құралдарды

  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды

  • оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету

Олай болса заман талабына сай оқу – тәрбие жұмысын жүргізу әр педагогтің міндеті.

Шәкірттеріміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау – біздің алдағы жауапкершілікті міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сондықтан тынбай, жалықпай, үнемі шығармашылықпен іздене жүріп, білімді ұрпақ тәрбиелейік.



Қолданылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасы Астана 2010 ж

2. "Сын тұрғысынан ойлауды дамыту техналогиясын қолданудың тиімділігі" Кульбаева З.К.

3. Бастауыш сынып журналы № 3, 8. 9 2014ж

4. Бастауыш мектеп журналы №2. 7, 2015ж



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-336266

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"