Инфоурок Музыка КонспектыДоклад на тему "Дополнительная образования"(5 класс)

Доклад на тему "Дополнительная образования"(5 класс)

Скачать материал

ТҰЛҒАНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ

ҚОСЫМША БІЛІМНІҢ  РӨЛІ

Музыка пәнінің мұғалімі Кулушова Г.К

С.Шәймерденов атындағы

 қалалық классикалық гимназия ,Петропавл қаласы.

 

Біздің елде соңғы жылдары білім беру үдерісі күрделене түсті және оқыту жүйесінің өзіндегі жаңа тұжырымдамаларымен және теорияларымен молықты. Кез келген шығармашылық еңбектің ең басты құраушысы шығармашылық атмосферасы, процесі және жұмысқа арналған қажетті шарттары болып табылады.Оқушылар үшін оқуға міндетті болып келетіні тақырыптық материалдар, олардың шығармашылық әлеуетін ашатын қызықты тапсырмалар орындау. Бұл С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның музыка студиясының сабақтарында өнердің межелес түрлерінің өзара әрекеттестігін талап етеді. Дәстүрлі бағдарламалық материалға кіріктірілген енгізу оқушылардың шығармашылық әлеуетін  кеңейтеді, байытады. Мұғалім үнемі бір әдісті қолданып ,бір ғана тапсырманы орындаумен сабақты өткізіп отырса, ол балалардың сабаққа деген қызығушылығын басып тастайды, қызығушылық болмаған жерде балалардың қабілеті дамымайды. Музыка өнері балалардың өнерге қуанышымен қызығушылығын тудырады, осы жерде ұстаздың мақсаты-балалардың ынтасын өшіріп алмай оны лаулатып көтеріп, жетілдіру. Өнермен айналысу өте зор еңбек, өкінішке орай оны көпшілік түсіне бермейді. Студияға келуші оқушылардың көбі оқу барысында оларға қойылатын талаптарға көніл аудармайды. Аспапта ойнау күнделікті үйдегі дайындықты қажет етеді, бірақ балалар көбіне мұны түсіне бермейді, кейде ата-аналарда оны түсінбейді; «...маған балам домбыра ойнау білсе жеткілікті, нота сауаты сабақтары керек емес» дегендей артқа тартады. Осындай пікірлер бізге жиі кездеседі, сондықтан 1-ші сыныпқа көп балалар келгенімен барлығы мәреге жетпейді. Соңғы үш жылда студияға қабылданған оқушылардың саны өскенімен оқу сапасы әлі көңілден шықпайды. Себебі неден? Баланың көңілімен музыка мектебінің бағдарламасының сәйкессіздігі. Гимназистердің оқу жүктемесі өте көп. Осы себептер бойынша аспапты меңгеруі мен классикалық музыкаға қызығушылық төмендейді. Баланың музыкаға қызығушылығын көтеру үшін олардың мотивациясын арттыруы қажет. Аспапта жақсы ойнауға сынып атмосферасы, мұғалімге деген сыйластыгы, сүйішпеншілігі әсер етеді.байқаулар мен концерттерге катысуы оқушылардың музыка сабақтарына деген қызығушылығын көтереді. Ал енді одан да жоғары мотивациялардың түрі оқушыларды марапаттау және мадақтау.

Музыкалық студиясының міндеті – өзінің оқушыларына музыкалық білім беріп, олардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, көп ұлтты ҚР және дүние жүзі музыка мәдениетімен таныстырып, болашақ профессионалдық өнер жолына баулу. Бұл міндеттерді, мектеп реформасында атап көрсетілгендей, жалпы білім беретін мектептердің,  ата-аналар мен музыкалық – теориялық пәндер мұғалімдердің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде ғана ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелігі сонымен қатар мектепке, соның ішінде белгілі бір класқа қабылданатын оқушылардың сапалық құрамына да байланысты болатыны белгілі. Сондықтан домбыра класына домбыра тартуды сүйетін, табиғи дарынды (есіту, жаттап алу, ән салу, ырғақтық сезімі жақсы дамыған), мектепке жақсы оқитын 3,4,5-кластың оқушылары қабылданады. Олардың музыкаға бейімділігі, профессионалдық қабілет-дарыны оқу барысында үнемі қадағаланып, тексеріліп отырады. Мұғалімнің міндеті оқушының қабілет, икемділігін үздіксіз дамыта отырып, оны жан-жақты жетілген, ой-өрісі кең, жетік маман, өнерге құштар азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Аспаптармен оқыту барысында музыкаға және өнерге, әр түрлі тапсырмалар арқылы қызығушылықтары туындайды. Қазақ мектептерінің жағдайында оқыту ойнау домбыра мынандай жағдайлар бағытталған бір жағынан білім алады, екінші жағынан білік дағдыларын қалыптастырады, болашақтағы ұрпақтарға патриоттық тәрбиеге тәрбиеленді.

         Балаларды қазіргі бағдарлама сәйкес жалпы дамып жатқан эстетикалық тәрбие бағытына  алу. Сонымен қатар балаларды әр түрлі бағыттағы музыканы анықтау, балалық қызығы ойнау дамуына музыкалық мәдениет ендіру. Аспаптық  ойнау оқыту барысында музыканы жақсы тануға, дауыс ырғағына, оркестрге, хорға және басқа аспаптарға соның ішіндегі қазақ халқының аспаптарына: сырнай, сыбызғы, қобыз  мүмкіншілігі мол. Ұстаз – негізі тәрбиеші, ол баланың музыкалық таңымын және эстетикалық дамуын қалыптастырады. Шығармашылық тапсырмалар (ырғақты есту, әнді шығару, нотаны оқу) көркемдік қажеттілігі дамытылады. Дарынды оқушылардың орындау шеберлігін шыңдау мақсаты мен оларға күрделі шығармаларды шамадан тыс көп ұсыну да немесе орташа деңгейдегі ғана ұстап, олардың ынтасын тежеу де дұрыс болмайды. Сондықтан мұғалім мұндай жағдайларда әрбір баланың жеке-даралық ерекшеліктерін ескере отырып, іске творчестволық тұрғыдан қарауы керек. Сабақты оқушының жасына, музыкалық қабілетіне, ойлау, үйрену білуге құмарту, т.б. психологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырған жөн. Музыкалық сауатын кеңейтіп, теориялық білімі мен орындау мәдениетін қалыптастыра түседі.

             Эстетикалық талғамды ұштау, сұлулықты, әсемдікті түсіне білу, сонымен қатар өмірге белсенді комуникативтік көзқараспен араласа білу т.б. көптеген міндеттерді шешу сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.   Көп алдында шығып, жеке өнер көрсету, бір жағынан, оқушының орындау шеберлігіне сын болса, екінші жағынан, оның жауапкершілігін де арттырады. Баланың жеке – даралық ерекшелігі де оның творчестволық өмірінің осы бір жауапты кезеңінде айқындала түседі. Шәкірттің көп алдына шығып өнер көрсетуіне концерттік шығармалар алдын-ала жатталып, оларды орындау әдіс-амалдары толық меңгеріліп, көркемдік мазмұны айқындалғаннан кейін ғана рұқсат етеді. Оқушының концерт қоятын күні тым шаршамағаны жөн. Сондай-ақ ол сахнаға шығар алдында көп ескертулер жасап абыржытпау керек. Ондай ескертпелер, әдетте, шығарманы өз дәрежесінде орындап шығуға көмектеспегені былай тұрсын, керісінше кері әсер етуі мүмкін.

             Жас музыканттың бойында «сахнада ойнауға жеткілікті түрде даярмын» деген өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеп отыру да мұғалімнің басты міндетінің бірі.Оқушы көпшілік алдына шығып, өнер көрсету тек өзінің орындаушылық шеберлігін арттыру ғана емес, сонымен бірге композиторларды және олардың шығармаларын насихаттау екенін де есте ұстауы қажет. Музыка мен басқа өнер түрлерінің арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Әрбір өнер үшін  мүсінділікке, ұйқастыққа, үйлесімділікке деген талпыныс тән. «Композиция», «симметрия», «құрылым» терминдері сәулет, бейнелеу өнерлерінде де, музыкада да қолданылады.  Мысалы, Салтанат аркасы  мен Мәскеудегі Үлкен Театрдың ғимараты, Түркістандағы Ходжа Ахмет Яссауи кесенесі мен Үндістандағы Тадж Махал өзара симметриялы болып келеді,  ал Михаил Лермонтовтың «Из Гете» өлеңін 90-нан астам композиторлардың  музыкаға салғандығы да кездейсоқ емес – Ұлы Абай осы туындыны аударған, кәне, кім маған бұл жолдардың қазақша нұсқада қалай екендігін айтып береді?

              Музыкада ең көп таралған формалардың бірі болып 3 жекеше формасы табылады, одан әлдеқайда күрделірек сәйкестіліктер де кездеседі, нақты айтқанда «алтын айқас» сәйкестіліктері. Музыкада «алтын айқас» нүктесі барлық туындылардың үшінші ширегінде орналасады, оны әр түрлі әдістермен айыруға болады: биік шарықтау шегі, акценті, айрықшаланған аккорды арқылы. Бұл қарапайым әннің де, көлемді туындылардың – соната, симфониялардың айқын қасиеті. «Алтын айқас» принципі жиірек данышпандар музыкасында танылады. Барлық өнерлердің осы қасиеті ойлап табылған жайт емес,  ол Табиғат-Ананың үйлесімділігін айқындайды. Қорытындылай келе, айтатынымыз: музыкалық өнер арқылы біз әлемнің күрделілігі мен сұлулығын жақсырақ танимыз. . Балалардың тек махаббаты мен қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың кәсіби деңгейін көтеруге жағдай туғызып, терең білім алуға дұрыс жол көрсете білейік!   

 

 

 Әдебиет:

1. Выготский Л.С. Психология. М.Апрель Пресс 2000ж..

2. Некрасова О.А. Музыка сабағы Музыка анықтамалығы Тамыз 2012.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Дополнительная образования"(5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2016 836
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулушова Гульнар Калижановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулушова Гульнар Калижановна
    Кулушова Гульнар Калижановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3696
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания музыкальной литературы в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы развития исполнительских навыков учащихся в деятельности педагога ДМШ, ДШИ

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 24 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек