Инфоурок Технология СтатьиДОКЛАД на тему « ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ МЕН ӨНДІРІС ТАЛАБЫ»

ДОКЛАД на тему « ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ МЕН ӨНДІРІС ТАЛАБЫ»

Скачать материал

« ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ МЕН  ӨНДІРІС ТАЛАБЫ»

 

 Шакенова Гульзат Маратовна

Орал қаласы, «Технологиялық колледжі»

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізі мақсаты былайша айқындалады: «Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Сондықтан да, соңғы жылдары еліміздің білім жүйесін жаңғырту мәселесі үнемі күн тәртібінен түспей, соның ішінде оқытудың мерзімі мәселесі қозғалып, орта білім жүйесін жаңа технологияға негізделген білім беру стандарттары мен жаңа бағдарламалары, оқулықтар жобасы жасалып, олар барлық деңгейде талданып келе жатыр.

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр.  Кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

«Дуалды» деген термин негізінде «бірлескен»деген мағына береді.Дуальды оқыту дегеніміз- теориялық оқыту бөлімі  білім мекемесінде , ал практикалық бөлімі жұмыс орнында өткізілетін кәсіби білім беру түрі.Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия,  Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізу. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Жұмысшы кадрлардың  дайындық сапасы бүгінгі күнде техникалық және кәсіптік білім деңгейімен анықталады. Қазіргі  кезең жоғары білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптік дайындығының белсенді  дамуын талап етеді.

 

Әлеуметтік серіктестік аясында біздің Орал қалалық технологиялық колледж негізінен қызмет көрсету саласында  жас кадрларды даярлау үшін көптеген  өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырды.

 Мысалы мен  «Аспазшы» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері болып қызмет жасаймын. Жалпы өндірістік сараман оқу жоспарына  сай(2 курс студенттеріне) 288 сағат. Студенттер аудан және қаламыздағы өндіріс орындарына барып, шебердің нұсқауы және бас аспазшының бұйрығы  бойыншамекеме базасында тағамдарды даярлауға көмектеседі. Әр студент медициналық куәландыруды  және қауiпсiздiк техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықты өтедi.

Өндірістік сараман  өндіріске таныстыру экскурсиясынан басталады.Алдымен студенттерге, шикізат сақтау қоймасы ,жұмыс орны,өндірістегі құрал-жабдықтар,салқын және ыстық цех,  қондырғылар мен олардың жұмыс жасау технологиясы  түсіндіріледі. Колледжімізде біліктілікті көтеруге өте көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын  әлеуметтік серіктестіктер базасында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруы ұйымдастырылады.

Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуына  ықпал етіп,еңбек өнімділігін арттырады.

Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату.Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай, нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы; төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.

Дуальдық оқыту – әлеуметтік серіктестікпен  байланыс жұмысы. Тереңірек тоқталсақ, адамның өмірдегі жағдайымен қоғамдағы өз орнын тауып, таңдаған мамандығы бойынша табысты еңбек етуіне ықпалын тигізетін жүйе. Дуальдық оқыту жүйесінде білім алушы таңдаған мамандығы бойынша білімін іс жүзінде қолдануға машықтанып, дағдыны игеріп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Соған орай дуальдық  оқыту  барысында білім мекемесі  басшылары мен кәсіпорын басшылары  арасында әлеуметтік  серіктестік  арта түседі. 

Оқытудың дуальдық жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді  жолдарының бірі. Осыдан шығар  қорытынды дуальдық білім беру  - кәсіби шеберлігі еңбек нарығына бейімделген іскер азаматтарды даярлауға негізделген халықаралық жүйе. Колледж түлегі өндірістік тәжірибелер нәтижесінде өзінің жан-жақты қабілетін көрсетіп, келешектегі жұмыс орнын алдын-ала дайындауға мүмкіндік алса, жұмыс беруші мекемелер өз тарапынан білімді де, білікті жас мамандарды осы бастан таңдау мүмкіндігіне ие болады.   Білім мекемесінің жұмыс берушілердің сұраныстары мен талаптарына сай мамандар даярлау жолында үнемі ізденіс және тынымсыз жұмыс  жасау жауапкершілігі артады.

 Дуалды оқыту жүйесімен оқыған түлектер ертерек өндірістік мекемелерге жұмысшы маман ретінде қабылданады, өндірістегі барлық функционалдық міндеттерді орындайды және оларға тікелей бағынады, қызметтік жауапкершілікке жүктеледі, мамандығы бойынша өз жұмысын үйренеді, кейбір жағдайларда жалақы да ала алады.

Дуалды оқыту жүйесі барысында студент,өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Мекеме өздері үшін мамандандырылған кадрлар дайындайды, жұмысшылар іздеу үшін және жұмысшылар таңдауда уақыт үнемдейді және шығынға ұшырамайды. Өндіріс басшылары  жаңа мамандарды үйретуге, алғашқы бейімдеушілік жұмыстарына да уақыт үнемдейді. Мамандар өндірісте жұмыс жасағанда кейбір мәселелер туындамас үшін, жұмыс беруші оқу процесінің барлық уақытын тиімділікпен мұқияттылықпен өткізеді. Оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жасау өндірістік мекемелер үшін де өте тиімді, себебі өзіне қажетті кадрларды ерте бастан дайындап,болашаққа білікті маман дайындайды.

Дуалды оқыту жүйесінің колледж немесе арнаулы оқу орындары үшін де тиімділігі жоғары екендігін атап өткен жөн.Олар: колледж өндірістік мекемелермен келісім шарт бойынша іскерлік қарым-қатынас орнатады , колледжді бітірген түлектерге деген қызығушылығы болады. Өндірістік процесстердегі өзгерістермен оқу орындары оперативті түрде ақпараттандырылып отырылады, мамандарға деген сұраныстарды (өндірісте қандай мамандар тапшы) біліп, сондай мамандықтар енгізуге бейімделеді. Оқу мекемесінің тартымдылық беделі артады, студенттер контингенті жоғарылайды.

Жастардың қалаған мамандығын игеруі, заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы -  еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласының ілгері басуы үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі.

 

«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады.Сол ұлы істерге мына біздер, кәсіби білім  саласындағы оқытушылар аянбай атсалысып мұратқа жетеріміз анық!

"Kazakhstan-2030" and the strategic croon of the education system of Kazakhstan into the world educational space is characterized by the appropriation of the national model of education. We аre in the following cases, in the field of vocational education teachers are involved in creative jeters to work well!

Стратегическая программа "Казахстан-2030"  в мировом образовательном пространстве характеризуется внедрением национальной модели образования. Особенности внедрения дуальной системы отражены в данной статье.

Қолданылған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

2.      «ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»

3.       Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. №9(93) 2014. Т.К.Исмайлов Дуалдік оқытудың қазіргі жағдайы мен болашағы. 29-31 бет.

4.      Дуалды білім беруді енгізу шарттары туралы. Альжанов М.К., Кузембаев Б.,Шаяхметов Б.К., Атамбаев Ж.Н. , Алматы, 2013ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ДОКЛАД на тему « ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ МЕН ӨНДІРІС ТАЛАБЫ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 1216
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боргелова Айгуль Калихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Боргелова Айгуль Калихановна
    Боргелова Айгуль Калихановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84139
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 971 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 571 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека