Инфоурок Другое Научные работыДоклад на тему "Еңбекті қорғауға 10 идея"

Доклад на тему "Еңбекті қорғауға 10 идея"

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

 

 

 

Описание: КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА

 

Баяндама

«ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУҒА 10 ИДЕЯ»

 

 

 

 

 

 

                                       Ғылыми жетекші: Мақсатова А.М.

 

                                                 Дайындаған: Батеш Қонысбек

41 ЭА-к тобы студенті

 

                            

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

Семей қ.

Батеш Қ.

"Көлік колледжі" КМҚК

Ғылыми жетекші: Мақсатова А.М.

 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУҒА 10 ИДЕЯ

 

Әр жаңа күн - қауіпсіздік шаралары

 сақталған кешегі күн үшін марапат.

 

Мемлекеттің басты байлығы - адам. Адам өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір мекеменің, кәсіпорынның міндеті. Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек етуді түсіндіру - өте жауапты іс-шаралардың бірі. Қауіпсіз еңбекті түсіндіріп, таратудың тағы қандай тәсілдері бар? Біз арнайы еңбекті қорғау жөніндегі шетелдік компаниялардың жинаған тәжірибесін зерттеп, олардың іс-тәжірибесін жүйеледік.

Өзгеше идеялардың өзі біздің жағдайымызға және экономиканың кез келген саласындағы компанияға толық бейімделуі мүмкін. Барлығы тек жасампаздыққа, шығармашылық дағдыларға және адамның қалауына байланысты! Еңбекті қорғау мақсатында біз қауіпсіздік техникасын сақтауға ықпал ететін әр түрлі 10 идеяны қарастырып, "Көлік колледжінде" еңбек қорғаудың бірнеше идеяларын қолданып, жүзеге асырдық.

 

1. Қызметкерлерге жазатайым оқиғалар мен апаттар туралы хабарлау

Веллингтондағы бір ірі кәсіпорында офис холында үлгіленген киви құсы отырған сәндік баспалдақ орналасқан. Жазатайым оқиғасыз әрбір жұмыс күні үшін киви бір саты жоғары көтеріледі. Бірақ кәсіпорында қызметкер жараланған бойда құс бірден ең төменгі сатыға түсіп, қайтадан өрлей бастайды. Бұл мәселенің  маңыздылығына ерекше көңіл аудара отырып, компаниядағы апаттық жағдай  туралы хабарлаудың осындай бір өзгеше тәсілі бар.

Кейбір кәсіпорындар алдына ресми мақсаттар  қояды: оқиғасыз және жарақаттанусыз 100 мың жұмыс сағаты. Өндірісте жарақаттану деңгейі жоғарылар үшін басқа тәсілді пайдалануға болады. Мысалы, жазатайым оқиғаларды қысқарту мақсатын қою, жұмыс орнындағы жарақаттануды 50%-ға азайту. Мұндай жағдайларда ынталандыру жүйесін пайдалану маңызды.

 

2. "Денің сау болсын!" акциясы

Кәсіптік денсаулықпен байланысты, қызметкерлер үшін маңызды тақырыптарды айқындаңыз, оларды өз денсаулығының қамын ойлау туралы айтып, қызығушылығын тудырыңыз. Бұл жерде кәсіптік дәрігердің дәрістері көмектеседі. Дәрігердің жұмыскерлермен әңгімелесуіне негіз болуы мүмкін көпшілікке мәлім тақырыптар: күйзеліс және шаршау, есту қабілетінен айырылу, дұрыс тамақтану, шылым шегу, ішімдік, демікпе, қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары, ұрпақ жаңғырту денсаулығы, т.б.

vsVsSDSgOis.jpg      O7s4y8-US90.jpg

сурет - 1 (Колледжде өткен акциядан көрініс)

 

3. Ақпараттық парақтар

  Ақпараттық парақтар - денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы маңызды элемент. Олар кәсіпорыныңызда таралған кәсіптерге, жалпы тақырыптарға (діріл, улармен жұмыс және т.с.с.) арналуы мүмкін. Сондай-ақ оларды нақты бір жұмыс жағдайына арнауға болады. Мысалы, өрт, жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек деген мәселе.

k64vjG2Cje0.jpg4. Ұрандар жазылған кәмпиттер

  Тәттіні балалар ғана емес, ересек адамдар да жақсы көреді. Оларды неге қауіпсіз еңбекті түсіндіріп тарату тәсілі ретінде қолданбасқа!? Қызметкерлерге еңбекті қорғау қағидаларын сақтамау салдары туралы тағы да ой тастау үшін кәсіпорында орама қағаздарында (мүмкіндігінше): "Өмір тамаша!", "Жұмыста абай болыңыз!", "Сізді отбасыңыз күтуде!" деген жазулар бар кәмпит пакеттерін үлестіріңіз. Жұмысшыларға, қызметкерлерге ой салады, біз колледж қауіпсіздігі үшін бұл әдісті де жиі қолданамыз.

5. Батпырауықтар, жалаулар, баннерлер мен билбордтар

  Артық қаражат жұмсамастан, жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау туралы еске салудың мынадай тағы бірнеше тәсілі бар:

ü     еңбекті қорғау жөніндегі ұран сөздері бар батпырауықтарды іске қосу акциясын ұйымдастыру және өткізу, бұл ретте ең үздік ұран сөздер ұсынатын адамға сыйлықақы  беру;

ü     егер кәсіпорын бюджеті жетсе, билбордқа немесе баннерге тапсырыс беруге болады, содан кейін оны кәсіпорынға кіретін басты есікке, холлға, не болмаса қызметкерлердің көпшілігі көре алатын басқа жерлерге орналастыру керек.

6. Ақпараттық жаднамалар, журналдар

  Егер ұйымыңыз өз журналын шығарып жатса, басылым айдарларының бірі кәсіпорныңыздың қызметкерлерін шынымен мазалайтын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың өзекті мәселелеріне арналғанына көз жеткізіңіз.

  Жаднамаларды, үндеу парақтарын жиі шығарып тұрыңыз. Бұл үшін кез келген себеп таңдалуы мүмкін: белгілі бір уақыт аралығында сіздің өндірісіңізде орын алған жазатайым оқиғалар мен жарақаттар туралы ақпарат; еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың өзгерістері; жұмыс орнында өзіне және айналасындағыларға зиян келтірмеу үшін қандай жағдай болса да не істеуге болмайтыны туралы әзілдер, карикатуралар, әзіл-сықақтар.

7. Плакаттар

  Қызметкерлерге арналған хабарландыру тақталарында немесе жұмыс орындарындағы бояулы плакаттар - денсаулықты қорғау мәселелерінен хабардар болу деңгейін арттырудың үздік тәсілі. Адамның өзінің ашық түсті плакаты әлдеқайда жоғары бағаланады. Қарапайым ұран-идеясы бар өзгеше тың дизайн стандарт дайын плакаттардан гөрі ұтымды болады.

8. Викториналар

  Барлық жұмыскерлерге арналған, жақсы жоспарланған викторина қауіпсіздік мәдениетін, жұмыс орнындағы проблемалардан хабардар болу деңгейін арттыруда өте жақсы тәсіл болуы мүмкін. Викторинада әдетте оқу, көңіл көтеру және сайыскерлік жақсы үйлестіріледі. Викторинаға қатысу үшін байқауға қатысушылар бәсекеге дайын болу үшін түпдеректерді-заңнамалық актілерді, жергілікті құжаттарды, анықтамалықтарды зерттеп-меңгереді. Сол арқылы өз білімін нығайтып, арттырады.

9. Жаттығулар, шеберлік кластары немесе біліктілікті арттыру курстары

  Қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша қосымша оқыту мүмкіндіктерін ұмыт қалдырмаңыз. Кәсіпорын жұмыскерлерін мынадай тақырыптар бойынша қысқа мерзімді қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру курстарын іске қосыңыз: өрт сөндіргіштерді пайдалану, қауіпті заттармен жұмыс істеу, жұмыс орнындағы қауіптерді сәйкестендіру, шу және есту қабілетінен айырылу, жеке қорғаныш құралдары, т.б.

10.Спорттық сайыстар, театландырылған қойылымдар

  Волейбол, баскетбол, теннис ойнау, конькимен сырғанау, боулинг - қауіпсіз еңбекті тағы бір мәрте еске салатын өзіндік "декорациялар". Мысалы, кәуап жасауды викторинамен немесе КТК-мен біріктіруге, ал спорт жарысын кәсіпорында қауіпсіздік техникасын сақтауға шақыратын ұрандар жазылған баннерлердің астында өткізуге болады.

  Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігінің кез келген көкейтесті мәселесіне арналған шағын театырландырылған қойылымдар-көрнекі, есте қаларлық көрініс. Олардың негізі етіп жұмыс орнындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше көңіл аудартатын өнеге боларлық, сол сияқты қызықты жағдайды алуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Журнал "Қазақстанда еңбекті қорғау" № 8 (164) 2019 жыл

2. Д. Жданова, Г. Астана, Ул. Д. Кунаева, 6 - "Охрана труда", 2010 год.

3. С. Абдирово, Д. Сейфуллина, Г.Мустафина - «Техника безопасности", 2017 г.

4. http://shqo.emer.gov.kz/ru/report.htm - официальный сайт Департамента по  чрезвычайным ситуациям ВКО РК

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Еңбекті қорғауға 10 идея""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2019 475
    • DOCX 346.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы
    Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7510
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе