Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад на тему ЕХРО-2017

Доклад на тему ЕХРО-2017

Скачать материал

EXPO – 2017 ж.

«БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ»

 

Орындаған: Рысқұлбек Заңғар Қаныбекұлы ОПУАТ-9-132

Жетекшісі: Тургумбаева Фарида Ашимовна

 

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

МКҚК Шымкент қаласы, Zangar_30@mail.ru

 

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017  көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.  

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады.

ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.

Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша  «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.

Тұжырымдамасы

Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.

Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.

«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды — қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету.

Анықтамасы

«Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады..

«Болашақ энергиясы» сондай-ақ өзінің алдына жұртшылық назарын адамзаттың ажырамас мұрасы болып табылатын қуат қорларын жауапты және тиімді пайдалану қажеттілігіне қарату мақсатын қояды.

«Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері —қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады.

Жобаның түпкі ойы

«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.

Бұл әдістер:

• ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге;

• балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготи;імділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу;

• энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;

• энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару;

• және тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету;

Бұл шешімдер ЭКСПО тақырыпшасында да көрсетілген: 
«Адамзаттың ең күрделі мәселесін шешу жолдары». Олар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуға әсер етеді және ең күрделі мәселелерді шешу жолдарын анықтайды.

Түйінді ұғымдар

Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары – «әлеуметтік-экономикалық» және «экологиялық тұрақты» – энергияны тұрақты даму мәнмәтінінде пайдалану туралы ойлану нәтижесінде қалыптасады.

Жоба шеңберінде қарастырылатын түйінді ұғымдардар

Әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты:

·        Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру

·        Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану

·        Көлікті электрлендіру

·        Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі

·        Энергиямен қамтамасыз етілгендік

·        Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі

Қоршаған ортаға қатысты:

·        Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері

·        Жаһандық жылыну және ауа-райының өзгеруі

·        Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп-қатері

·        Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту

 

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар

колледжінің жетістіктері

Өткенімізді саралап, ертеңімізге көз жүгірте отырып, жеткен жетістіктер мен асқан асуларымызға қарасақ, 40 жыл ішінде колледж ұжымының жас ұрпақты тәрбиелеуде білікті техникалық маман даярлауда аянбай еңбек еткенін көруге болады.Болашақ кәсіби маман иелерінің бойында білім негізін қалауда, білімді оқытушылар мен білікті өндіріс шеберлері аянбай еңбек етуде.

2008 жылы «Облыс колледждерінің ең үздік әдістемелік қызметі» байқауында колледждің әдістемелік қызметі «Бас жүлдеге» ие болды.

2008 жылы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік әдістемелік қызметі» атты республикалық байқауда «Техникалықжәне кәсіптік білім беруді модернизациялауға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша марапатталды.

2009 жылы облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Таңдаулы техникалық және кәсіптікбілім беру мекемесі» атты облыстық  байқауында Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі «Бас жүлдеге» ие болды.

2009 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының үздігі» атты Республикалық конкурста «Оқу орнын материалдық-техникалық базасын жаңартқаны үшін» номинациясымен марапатталды.

Жылдың ең үздік номинациялары иегерлерін іріктеу жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен, 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың атынан «Білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін» 2009 жылдың «Үздік колледжі» болып танылып, Дипломмен марапатталды.

2009 жыл «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы, Партияның жарғылық және бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін «АВТО» бастауыш партия ұйымы 2009 жылдың «Үздік бастауыш партия ұйымы» болып танылып, III Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2010 жылы Астана қаласы Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 2009 жылғы республикалық қоғамдық байқаудың жеңімпазы болып, Дипломмен марапатталды.

 

Инновациялық жобалар туралы жетістіктер

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде 43 оқу кабинеті, 19 лабораториялық кабинеттер бар. 2012-2013 оқу жылында колледжде 2252 оқушы білім алуда. Инновациялық білім беру бойынша колледждің материалдық-техникалық мүмкіншілігі жеткілікті.

Лабораториялық сабақтарды сапалы жүргізу мақсатында 104, 102 –кабинеттерді біріктіріліп, бір жағына Audi A4 автокөлігін қойып қасына соңғы үлгідегі диагоносикалық BOSH құрылғысы орналастырылды және тәжірибелік жұмыс  процесі мен нәтижелерін көру үшін оқушылар отыратын кабинетке  бейнепроектор орнатылды. Осы арқылы оқушыларымыз теориялық сабақты лабораториялық жұмыстар арқылы жетік меңгеруге мол мүмкіншілік алуда. «Электротехника және автоматтандыру негіздері» №306 кабинеті де дәл осындай типте жабдықталды.

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің базасында студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын ояту және жақсы маман  болып  жетілуіне  бағыт-бағдар беру мақсатында «Жас сигналист»,   «Жас диспетчер», «Жас вагоншы», «Жас механик» және «Жас диагностшы» үйірмелері ашылды.

27 сәуір 2012 жылы Астана қаласында  Білім және Ғылым министрлігі «Республикалық техникалық және кәсіптік білім берудің ғылыми әдістемелік орталығы»  жоспарлаған  «Республикалық жастар ассоциациясы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы «Кәсіп жастары» Қоғамдық бірлестігінің I жастар слетіне колледжіміздің ТҰРАТ-9-091 тобының оқушысы Н. Мамшаева мен оның жетекшісі арнайы пән оқытушысы М. Турсуновтың дайындаған «Монорельстік көліктік жүйе» тақырыбындағы ғылыми жобасы II-орынды иеленіп келді. 2013жылғы сәуір айында «Шымкент-инновация» мекемесінің ұйымдастырған көрмесіне қатысып, Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамытуға, көлік тығынын шешуге,  экологиялық проблемаларды азайтуға септігін тигізетін, экономикалық тиімді жоба екені дәлелденіп жүлдегер атанды.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен, облыстық білім басқармасының дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Жыл шебері-2013» байқауында колледж оқытушысы Шамшиметов Зуфар Фархатұлының дайындаған«КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ТЕМІРЖОЛ АВТОМАТИКАСЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОРЕКТЕНДІРУ» жобасы өзінің электр энергиясын үнемдеуге және темір жол өткелдеріндегі көлік қозғалысының қауіпсіздігін реттеуге қажетті экономикалық тиімділігін дәлелденіп, облыс бойынша үздік деп танылған 18 жобаның ішінен І-орынды иеленді.

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің халықаралық ынтымақтастығы, соның ішінде Германия мемлекетінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен байланысы 2009 жылдан бастау алады.

2009 жылдың мамыр айының 04-29 аралығында директордың орынбасары Елекеев Марс Атымтайұлы Германия мемлекетінің Маннгейм қаласында In Went қоғамының (интернационалдық даму және біліктілікті арттыруға жәрдемдесу қоғамының арасындағы ниет білдіру) ұйымдасырумен өткен «Орта арнайы оқу орындарын басқару және менеджмент» атты біліктілікті арттыру курсына қатысты. In Went қоғамының жұмысын халықаралық қатынас контекстіндегі «Тұрақты экономика» тақырыбына бағытталған. In Went-тің алға қойған басты мақсаттары болып, кәсіптік біліктілікті көтеру, жұмысты ұйымдастыру мен персоналды дамыту, халықаралық экономикалық кооперацияға ниет білдіру, мәдениет аралық диологтар мен кездесулерге ниет білдіру болып табылады.

2012 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жобасы аясында «Кәсіптік білім берудегі әріптестік» бағдарламасы бойынша Қазақстандағы кәсіптік-техникалық құрылыс және автомобиль көлігіне қызмет көрсету мамандықтары бойынша мамандар даярлайтын оқу орындарының басшыларына арналған Трир қаласындағы ұсталық палатаның және шаруашылықты ұйымдастырушылардың өткізген курсына колледж директоры Гүлзат Үкібайқызы Искакова қатысып, нәтижесінде, колледжде 1201000- «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу пайдалану» мамандығын оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы 2012жылы 27 маусымда  №1854292 келісім-шарт түзілді. Бұл келісім-шартқа сәйкес, колледж оқытушылары жүйелі түрде Германияға барып өз біліктіліктерін арттыратын болады және заманауи талаптарға сәйкес келетін жабдықтар бөлініп, оқу практикасын сапалы ұйымдастыруға арналған жұмыс орындары мен шеберханалардың саны арттырылып, жабдықталады.

 

Қорытынды:

Осылайша «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» тақырыбына халықаралық көрме өткізу біздің тіршілігіміздегі басты мағынаға ие болатын және біздің өміріміздің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруда шешуші рөл атқаратын мәселе туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Бұл мәселе көліктерімізді энергиямен жабдықтауда, үйлерімізді жылытуда және қалаларымызды жарықтандыруда пайдаланатын азды-көпті дәстүрлі қуат көздерінің үдемелі ескіруі, толығу мүмкіншілігінің жоқтығы және оларды пайдаланудың біздің планетамызға, денсаулығымызға және қауіпсіздігімізге күрделі әсер етуі сенімсіздік пен қамкөңілдік тудыратын кезеңде әсіресе өзекті болып табылады.

Сондықтан, Астана ЭКСПО 2017 көрмесі тәрізді оқиға үшін тұрақты дамуға бағытталған барынша орынды және тиімді шаралар кешенін қолдау мақсатында БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді қарастыру заңдылық қана емес, сонымен қатар аса қажетті болып отыр.

Астана ЭКСПО 2017 көрмесі бізге біздің денсаулығымыз бен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетуге қатысты адамзат алдындағы міндеттер мен мәселелерді ескере отырып, қуат тасымалдаушыларына жалпы, жаһандық көзқараспен қарауға көмектеседі.

Осы міндеттер мен мәселелердің сәтті шешімін табу көптеген факторларға, оның ішінде біздің әрқайсымыздың жеке қатысуымызға да байланысты болмақ.

Осындай жобалары дайындау арқылы біз елімізде өтетін «EXPO-2017»  көрмесіне өз үлесімізді қосамыз деген жоспарларымыз бар. Бұл көрсеткіш - колледж оқытушыларының сапалы маман даярлаудағы қажырлы еңбегінің, оқу материалдық базамыздың жоғары деңгейде екендігінің дәлелі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Оңтүстік Қазақстан 05.04.2014ж.

2.      Оңтүстік Рабат 09.04.2014ж.

3.         Рейтинг 13.03.2014ж.

4.         Егемен Қазақстан 09.04.2014ж.

5.         Ана тілі 3-9.04.2014 ж.

6.         Казахстанская Правда 09.04.2014ж.

7.         WWW.expo2017astana.com

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему ЕХРО-2017"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 510 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 1214
    • DOCX 66 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тургумбаева Фарида Ашимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тургумбаева Фарида Ашимовна
    Тургумбаева Фарида Ашимовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12343
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе