Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Ғылыми стиль мәдениеті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад на тему "Ғылыми стиль мәдениеті"

библиотека
материалов











БАЯНДАМА

Тақырыбы: Ғылыми стиль мәдениеті

















Жоспар:

  • Стиль туралы ұғым.

  • Ғылыми стиль.

  • Ғылыми стильдің басты үш түрлі сапасы.

  • Ғылыми стильдің жіктелуі.

  • Ғылыми стильдің ерекшеліктері.





































Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді.

Ғылыми стиль –табиғат, адам және қоғам туралы объективті хабар беруді мақсат ететін функционалдық стильдердің бірі.

Ғылыми жұмыстардың стилі ғылыми еңбектің мазмұны мен мақсатынан туындайды. Дәлірек айтқанда, ғылыми стильдің мақсаты –бізді қоршаған шындықты мүмкіндігінше дәл және толық түрде түсіндіру, құбылыстардың арасындағы байланыстың себептері мен салдарын ұғындыру, тарихи дмаудың заңдылықтарын ашу т.с.с. мәселелер.

Ғылым саласындағы ойлаудың ең басты формасы –ұғым, ал одан кейінгі ойлау динамикасы тіл арқылы жүзеге асқанда, пікір мен ой қорытуға сүйенеді. Сөйтіп, ғылым ойлаудың интеллектуалдық –ұғымдық бейнесімен сипатталады.

Тым ерте кезде ғылыми шығармалар трактат, диалог, тіпті поэзиялық туындылар (одалар мен поэмалар) ретінде жазылған. Қазіргі ғылыми стильдегі еңбектер прозаға ұқсас сипатта жарық көріп жатады да, оның жанрларына монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.

Ғылыми –зерттеу жұмысында белгілі бір ұсынылған жорамалдың ақиқаттығына сендіру, дәлелдеу көзделеді. Сондықтан мұндай еңбек екі міндеттің орындалуын нысанаға алады. Ол міндеттердің бірі –ақпараттық міндет те, екіншісі –ықпал етушілік міндет. Мұнда аргументтің қаншалықты нақтылығына басты назар аударылады.

Осыған байланысты ғылыми стильдің екі түрлі қызметі көзге түседі: ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттың көп жағдайда жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де, екіншісі –оқырманның немесе тыңдарманның логикалық ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру. Бірінші жағдайда әр түрлі формулалар, теңеулер, сызбалар, графиктер т.б. аргументтің құралдары болып табылады.

Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы:

  • Логикалылық

  • Айқындылық

  • Дәлдік

Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп есептеледі.

Айқындылықтың мәнісі –үлкенді –кішілі пікірледің түсінікті қабылдануы, осылайша түсінікті болуы, сөздің өз мағынасында қолданылуы, екіұшты мағынаның туындамауы, ойдың нақтылы жеткізілуі.

Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің эмоциялық бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн.

Ғылыми стильді ғылымдық тегіне немесе циклына байланысты физика математика стилі және қоғамдық –саяси стиль деп бөлінетінін кейбір зерттеушілер атап өтеді. Бұлай бөлу нақты емес.

Ғылым тілі ағылшын, неміс, орыс тіл білімінде “арнайы мақсаттағы тіл” деп те аталады. Белгілі бір ғылыми дискурста терминдер қандай да бір ғылыми ұғымды ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге маманданғандықты білдіретін ақпаратқа ие тілдік бірлік болып табылады, сөйтіп белгілі бір мәтінді біртұтас ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық (интеграциялауыштық) қызмет атқарады.

Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын ғылым тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы “орталық” ұғым, түпқазық ұғым. Қазіргі кезде мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. Мысалы, салалық ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет т.б. бейвербалды таңбалардың қатары көбейе түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті. Бұл бағытты кәсібицентристік бағыт деп атауға болады.

Ғылыми дискурс негізінен қарым-қатынастың жазба түрінде жүзеге асады, ал ғылым-білім саласындағы жаңалықтар негізінен алдымен, ғылыми мақалаларда жарияланады. Қазіргі кезде ғылыми дискурстың ауызша түрі жиналыстардың ғылыми конференция, семинар, дөңгелек үстел, симпозиум тәрізді түрлерін өтуімен байланысты бұрынғыдан гөрі жанданып, ғылымдағы ауызша сөздің рөлі арта түсті. Ғылыми мәтіннің лексика-фразеологиялық жүйесі терминдер, ғылыми атаулардан, бейтарап лексикалық бірліктерден тұрады. Жалпылама тілдегі бейтарап, көпмағыналы лексикалық бірліктер дара мәнде қолданылады. Мұндай бірмәнділікке түптеп келгенде, есептейміз, есептеймін, болып табылады, бірінен саналады, санаймыз, нәтижеге қол жеткізуге болады т.б. тәрізді штамптардың қолданылуын жатқызуға болады. Бұларды реципиент бір нәрсенің “санын”, “есебін”, “болжамын”, “табылғанын” көрсету мағынасында емес, белгілі бір нәрсе жайында тұжырымға, қорытындыға келу деген мағынада түсінеді. Осымен байланысты рецепиент ғылым саласында болмаса да, мәтіннің ғылыми сөзге жататынын ажырата алады.

Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның өзі ғылыми дискурстың мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.

Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсете үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп бағаланады, осылай деуге негіз бар т.б. тәрізді тілдік құралдар автордың “тасада тұруының” өзін салғырт субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тән тәсілдердің бірі.

Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:

  • Таза ғылыми шағын стиль;

  • Оқулық –ғылыми шағын стиль;

  • Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль.

Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі: ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып отырады.

Оқулық –ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы «жеңілден –қиынға қарай, қарапайымнан –күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек.

Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім –ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным –сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты –ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.

Ғылыми стильде диалог пен монолог қолданылады. Соның ішінде монолог жетекші орында.

Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері бар. Жазбаша түрлеріне жататындар: монография, мақала, диссертация, рецензия, оқулықтар т.б.

Ауызша түріне жататындар: баяндама, жарыссөз, лекция т.б.

Ғылыми стильдің бұл екі түрінің ішінде жазбаша еңбектер жетекші орын алады.

Фонетикалық ерекшелігіне келетін болсақ, ғылыми стильге байланысты еске алатын жай –еңбектердің көбіне жазбаша түрде болатыны. Дегенмен, ғалым лекция, баяндамасын ауызша оқығанда интонация мен паузаның әдеттегі сөйлеудегі интонация мен паузадан айырмашылығы бар. Ғалым сөйлегенде белгілі бір ұғымға, жаңа түсінікке ерекше екпін беріп, талдауларын интонация арқылы саралап айтады.

Ғылыми стильдің лексикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен ескеретін жағдай терминдерге қатысты болмақ. Терминдік даар сөздер мен сөз тіркестері екі түрлі: таза ғылыми терминдер және көпшілікке түсінікті терминдер.

Ғылыми стильдің ерекшеліктерін танытатын көрсеткіштердің бір түрі –морфологиялық тұлғалар. Морфологиялық тұлғалардың сөз таптарына телулі болатыны белгілі. Зат есімдердің қолданылуында қызықты жайлар кездесіп отырады. Сөздердің өздері жекеше келіп, көптік мағынаны білдіреді. Жекеше түрде қолданудың ыңғайлы тәсілі ғылыми атақ, дәрежелер мен мекеме атауларына байланысты болып келеді.

Есімдік пен етістік қиысу арқылы көпше түрде жұмсалып, жекешелік мағынаны білдіретіні бар.

Етістіктің шақ категориясының стилистикалық қызметі әр алуан. Ғылыми стильде көбіне етістіктің осы шақтағы ашық тұлғасы пайдаланылады.


























Пайдаланған әдебиеттер:


  • Серғалиев М. С. Стилистика негіздері. –Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. -273 бет.

  • Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы, 2005. –256 бет.

  • Нұргелді Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің негіздері. –Алматы, 10. 02. 02

  • www. kk.wikipedia.org




Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров527
Номер материала ДВ-199988
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх