Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад на тему "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту"

Доклад на тему "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту"

Скачать материал

«Бекітілген»

Маңғыстау техникалық

колледжінің директоры

Сарбалаев Ұ.___________

«_______»________ 2015 ж.

                                      

«Келісілген»

Маңғыстау облыстық

ТжКББ оқу-әдістемелік

кабинетінің директоры

Аманова К.____________

«_______»________ 2015 ж.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

 

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Баяндамашы: Тарих пәнінің оқытушысы

                                                                                           Мырзатаева Лаззат Сырымовна

 

 

 

 

 

 

 

 

Шетпе – 2015 ж.

«Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет,
 Қалап қана қойған аз, жасау қажет». 
 Иоганн Вольфганг Гете.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

«Инновация» - (латын тілінен алғанда - жаңа) аударғанда жаңалау, жаңа, өзгеру - деген мағыналарды көрсетеді. Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс - тәсілі мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.

Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рол аткарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В. Сухомлинский сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды ойлайды, т. б таным әрекеттерін жасайды. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігімізге қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни әр сабақты слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.

Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологиялардың, ғылым мен білімнің заманы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, тығырыққа тірелері анық» деген. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп колледждерге, мектептерге енуде жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімі қажет. Жаңаша педагогикалық технологияның ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.

Кәсіптік білім - білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды  колледждерде кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда оқытушы әр оқу іс - әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмайды. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы оқытушы уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады.

Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әр оқытушының міндеті .

Оқушы өз процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына, оның ойлау қабілетіне аударылады. Мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай, оқушыны ізденіске сыни ойлауға, зерттеуге, өз бетінше білім алуға тартып, өзіндік тұлға тәрбиелеу керек. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді: 

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау; 

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

-тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру;

Негізгі ұстанымым – жеке тұлғаның өзін тану, өзін анықтау жолдарында оқу және дамудың тиімді жағдайын туғызу, әр оқушыны шығармашылық жұмысқа негіздеу, тарих сабағында жеңілден ауырға, жақыннан алысқа қағидасын басшылыққа алып, жалпы орта мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру.

Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуға болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет.

Білім беруде компьютерлік технологияларды қолдану өте тиімді. Бұл компьютердің әрдайым өсіп отыратын мүмкіндіктері мен қызметтерімен байланысты.

Мен Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақ хандары. Хронологиясы», «Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтары.1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі» тақырыптары бойынша ашық сабақ өткізіп сабақ процесінде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдандым:

-«Тарихи сынақхат»-оқушылар көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып жазады.  Бұл жағдайда оқушы кітаппен жұмыс жасай отырып, болған оқиғаны оңай есте сақтайды.

- «Сұрақ-бізден, жауап сізден»-мен өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақты интербелсенді тақтаға алдын ала жазып қойдым, оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай сол сұрақтарға жауап айтады. Оқушының деңгейін анықтау үшін, яғни қиын немесе оңай сұраққа қалай жауап беретінін анықтап алдым.

-«Ойлан тап»- сөзжұмбақ, анаграмма, ребус т.б. Оқушыларды жалықтырып алмас үшін сергіту сәті.

-«Тарихи шынжыр» ойын тізбегі. Бұл тәсіл тарих пәнінде қолдану өте қолайлы. Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін сөйлемді 3 немесе 4 оқушы кезектесіп, біреуі әуелі сөйлемнің  басын, екіншісі орта тұсын, үшіншісі соңғы жағын айтып тұтас бір ойынды тізбекті құрайды. Нәтижесінде нақты бір тарихи дерек құрылады. Тиімділігі – оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді.

-Тест. Сәйкестендіру тестісі, хронологиялық тест және қарапайым тест жұмысы. Осы тәсіл бойынша студенттер бірінің білмеген мәліметін екіншісі толықтырып отырды, оқушылардың ақпарат алмасушы жоғарылады.

Сонымен қатар сабақты қорыту кезеңінде пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу сияқты әдістерді сабақты бекітуде үнемі қолданамын.  Бұл әдісте мен 5-7 минут сөйлеймін, қалған уақыттың бәрінде студенттердің өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша студенттер өз білімін өздері бағалайды. Жаңа әдіс-тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын.

Қазіргі кезде оқу процессі кезінде слайд-дәрістер қолдану кеңінен таралған. Бұл дәрісте оқу материалдары слайд түрінде көрсетіліп оқытушы дауысы кадрда жазылады. Арнайы дайындалған және анимацияланған слайдтар дәрістің мәтіндік және графикалық   материалдарын береді.

Қазіргі кезде оқытушылардың көбі слайд жасағанда Ms.PowerPoint бағдарламасымен ғана жасайды. Егер студенттердің қызығушылығын арттырғымыз келсе әр түрлі бағдарламалармен жұмыс жасай білу керек деп ойлаймын. Сондай бағдарламаның бірі Prezi бағдарламасы.

                             

Prezi – интернет ортасында мультимедиялық презентация құру бағдарламасы. Бағдарламаның басты ерекшелігі – презентацияның барлық объектілері бір бетте орналасады және жеке объектілерге динамикалық масштаб арқылы қатынауға болады. Яғни бір ғана суреттің немесе бір ғана парақша арқылы көптеген нәрселерді көруге болады. Слайдты онлайн режимде интернете – Prezi.com сайтында жасайды.

 

 

 

Ол үшін Prezi.com сайтына тіркелеміз, содан соң слайд жасаймыз. Prezi программасын интернеттен жүктеп алып кез-келген уақытта көрсетуге болады.

 

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарындылықтан гөрі жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды сабақтарына күнделікті қолданса, сабағы тартымды да, қонымды, әрі тиімді болатыны сөзсіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2015 1024
    • DOCX 1.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзатаева Лаззат Сырымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мырзатаева Лаззат Сырымовна
    Мырзатаева Лаззат Сырымовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12892
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 15 человек