Инфоурок Информатика Другие методич. материалыДоклад на тему: "Использованию дидактических материалов на уроках информатики"

Доклад на тему: "Использованию дидактических материалов на уроках информатики"

Скачать материал

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

 

«Сапалы білім-Қазақстанның индустриялды

инновациялы дамуының негізі»

Н.Ә.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: “Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады  ”.

 Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық  құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталығы электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог  Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді. Менің ойым да сол. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.

Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады.

Осы орайда мен Ікурс оқушыларынан алғашқы сабағымда өздерінің компьютерлік      сауаттылықтарын тексеру мақсатында төмендегідей сауалнамалар алдым.

1. Компьютермен жұмыс жасау нормаларын білесің бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Компьютерлік ойындарға қаншалықты қызығасыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайсыз ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24,5 пайызы қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайтынын, ал 75,5 пайызы оны мүлдем орындамайтынын айтты.

4.  Компьютер алдында неше сағат отырасың?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.

Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.

Дидактикалық ойындар – топта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге қызықтырады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін пайдаланамын. Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда ғана дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практиикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.

Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік.

1. «Көкпар» ойыны.Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.

«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:

1.Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар.

2.Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар.

3.Параметрлі цикл операторының жалпы түрін жазыңдар.

4.Графиктік операторларды атаңдар.

«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.

2. Арқан тартыс ойыны. Ойынның шарты. Бейсик бұйрықтарының, операторларының және функцияларының аттары көрсетіледі. Әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса, сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады. Мысалы: «өнер-білімге», «тәлім-тәрбиеге» байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады. Жауап беру келесі топқа өтеді. Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе, сол топ жеңді деп есептелінеді.

Арқан тартысу ойынының тиімділігі: алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау, тез ойлану қабілеттерін дамытып, оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.

Сабақ үстінде кроссвордты шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарын да орындауға болады. Кроссворд жасау - үй жұмысы. Балалар әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрделілігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады, олардың тек компьютерге жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.

Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Мысалы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақырыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да қарастырамыз, олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кетеміз. Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы «Жұлдызды сағат» хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі. Бір сөз жазылады да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін компьютерге енгізу керек.

Информатика пәні - басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс - күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген, зерттелуде. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланылыстығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді.

Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады.

Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі.

-         Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.

-         Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүниетанымы жан-жақты болады. Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.

Информатика сабағына қойылатын талап ғылыми негізде оқыту, термин сөздермен, сандармен, алгоритмдер құру, программалар жазумен, компьютерде жұмыс жүргізу, пәнаралық байланыс жасау, өмірмен байланыстыру, халық педагогикасын қолдану болатын болса, мен осы жоғарыдағы талаптарды өз сабағымда басшылыққа аламын.

Тест сұрақтарына компьютерді қолданып жауап бергізу топтағы барлық оқушылардың білімін бірден тексеруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан оқушының күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді.

Есептер шығаруда оқушыларға жеке тапсырмалар беру, әрбір оқушының тапсырмасын өзі орындауға үйретеді. Есептің алгоритмін құру программасын жазу, оны компьютерде орындау, нәтижені талдау істерін әрбір оқушы өзі орындауы керек, өйткені берілген есептер бір-бірінен өзгеше. Бір параграф бойынша үш тапсырма беріледі. Бұл тапсырмалар қарапайымнан күрделілене береді,яғни 1-тапсырма - жеңіл, 2-қиынырақ, 3-күрделі. Оқушыларды топтарға ажыратпаймыз, есептер шығару барысында олар өздері топтарға бөлінеді.

Деңгейлік тапсырмаларды мен өз сабақтарымда тек өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде қолданамын. Балаларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі Бұларды орындау кезінде оқушылар жұмыс дәптерлерін пайдалана алады. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар - базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады.Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.

Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді. Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардың алған білімдерін ойлап, талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.

Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады.

Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі - екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын қарастырып, компьютерде шығарып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.

Осы жерде деңгейлік жеке тапсырмалардың, деңгейлік үлестірме қағаздарының, тестік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік.

  Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі:

1)     Әрбір тапсырманың моделін жасау, алгоритмін құру, программасын жазу, оны компьютерде шығару, нәтижесін талдау әрбір оқушыға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгеруге қолайлылық туғызады;

2)     Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;

3)     Оқушылар бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады, оларды адамгершілік қасиетке, жоғары саналылыққа баулиды;

4)     Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, ақыл-ойын, ойлау қабілетін дамытады;

5)     Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен;

6)     Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оны әдебиеттерден ізденіп оқуға және өз бетімен білім алуға дағдыландырады;

7)     Компьютерлік технологияны оқыту құралы ретінде кәсіптік қызметтерге еңбекке, басқа пәндердегі практикалық есептерді шешуге пайдалану дағдыларын қалыптастырады;

8)     Тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардағы қызығушылықты жоғалтпай, жеңіл тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландырады;

9)     Деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады;

10)  Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаның өздігін қалыптастырып, дамытып, оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқарады.

 Деңгейлік үлестірме қағаздардың тиімділігі:

1)     Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды .Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса, онда тапсырмадан жеңілірегін алады;

2)     Үлгерімі нашар және үлгерімі жақсы оқушыларға да тапсырмалар алдын ала дайындалады;

3)     Деңгейлік үлестірме қағаздарды үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға да беруге болады;

4)     Оқушылар білім деңгейіне қарап өздері бөлінеді;

5)     Оқытушы үлестірме қағаздарын таратып беріп, орындалу уақытын ескертіп, қалған оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады;

6)     Деңгейлік үлестірме қағаздар оқушылар білімін бағалауда оқытушыға жеңілдік туғызады;

7)     Оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауға мүмкіндік береді;

8)     Бағалауда бұрмалаушылық болмайды, әшкерелік анық көрінеді.

      Тестік сынақ жұмыстарының тиімділігі

1)     Оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады;

2)     Тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді;

3)     Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді;

4)     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, жылдамдыққа, тапқырлыққа дағдыландырады;

5)     Оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді;

6)     Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады;

7)     Оқушылардың жауаптарды салыстырып, дұрыс жауабын таңдай білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады;

8)     Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

9)     Барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.

Сабақтың соңғы кезін-нәтижелерін қорытындылайтын кезеңін қамтитын оның валеологиялық компонентіне тоқталып өткім келеді.Баға-оқушыларды үйренуге талпындыратын негізгі құралдардың бірі. Жоғары баға баланы қанағаттандырып алға тартады, төмен баға оларды ренжітіп, оқығысы келмейтін сәттер туғызады. Сондықтан оқушының неге ондай баға алғанын түсіндіріп кеткен дұрыс. Мұғалімнің осылай ауызша берген түсініктемесі оқушының көңілінің пәстігін жойып, оған үміт отын жағып, алға ұмтылуға талпындыруы тиіс. Сол себепті сабақ соңында оқушының барлық істеген жұмысын қорытындылап баға қойған дұрыс болады.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар, жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек балалар қызығатын сияқты.

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.  Болашақты бірге қалайық» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл

3.  Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

4.  Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.(Жоба)

5. “Информатика негіздері” журналы №3, 2011 жыл

6. “Қазақстан мектебі” журналы №9, 2011 жыл

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Использованию дидактических материалов на уроках информатики""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 537 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 607
    • DOCX 194 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медетова Арайлым Карасаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Медетова Арайлым Карасаевна
    Медетова Арайлым Карасаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5426
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 294 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе