Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Доклад на тему Кенесары Касымулы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Доклад на тему Кенесары Касымулы

библиотека
материалов

550 жыл

Қазақтың соңғы ханы – Кенесары


Арқада Бурабайға жер жетпейді,

Алашта келешекке ер жетпейді.

М.Жұмабаев.


Қазақ даласындағы 1837 – 1847 жылдардағы көтеріліс Кенесары көтерілісі деген атпен қалды. Он жыл бойына ерліктің дүбірі қазақ даласын жаңғыртты. Кенесары өз дәуірінің де, бүгінгі күннің де ірі тұлғасы.

Мектепте Қазақстан тарихын оқытуды жетілдіру оқушылардың еліне деген сүйіспеншілін қалыптастыру мақсатында Кенесары Қасымұлының өмірбаянын тарих пен әдебиетте кез келегн жерде пайдалануға болады.

9 - сыныпта 1837-47 жылдардағы көтерілісті «саяхат сабағы» қылып өткізуге болады. Көтеріліс қай жерлерді қамтыды? Көтерілістің басты себептері неде?

Көтеріліс үш жүзді де қамтыды. Көтеріліс 1837 жылы Орта жүзде Ақмола бекінісін шабуылмен басталды. 1840 жылы Кенесары Кіші жүз территориясына аяқ басты. 1845 жылы Ұлы жүзге қоныс аударды, ал 1847 жылы Қырғызстанда ол қаза тапты. «Саяхат сабақта» оқушылар көтерілістің болған жерімен көктей өтеді. Кенесары Абылай ханның немересі. 1819 жылы Орта жүз ханы Уәли өлді. Енді қазақ даласында аға – сұлтандар билігі дәуірледі. Орта жүз бірнеше аға – сұлтандықтарға бөлінді.

Кенесары Қасымұлының 1837-1847 жылдардағы көтерілісінің тарихи себептері:

  1. 19 – ғасырдағы Абылай ханның ұрпақтарын патша үкіметінің тарихи ығыстыруы;

  2. Бүкіл қазақ жерін орыс патшасының жаулап алуы;

  3. Абылай ханның жерлеріне бекініс салу және қазақ мемлекетін жою.

Кенесары Ақмола бекінісін алды. Орта жүздің рулары мен Кші жүздің руларын қосты.

Даңқты батырлар: Кіші жүзден - Табын Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Есентемір Байтабын, Орта жүзден – Шұбыртпалы Ағыбай, Алтай Басқара, Қыпшақ Иман Дулатұлы, Алтай Жанайдар, қарындасы Бопай, інісі Наурызбай хан Кененің сенімді серіктері болды...

Кенесары хандығының саяси құрылысын қарастырайық. 19 – ғасырдың 40- жылдарының бастапқы кезеңінде жүргізген қазақ мемлекетін нығайтуға арналған оны шаралары азаттық күрестің мақсаттарымен тығыз байланысты болды.

Қазақтарды біріктіретін бір мемлекеттік орталықсыз қуатты Россия патшалығына және Орта Азия хандықтарына қарсы күресуге болмайтындығын Кенесары түсінген болатын. Ол қазақтар арасындағы ру араздығы мен барымтаның ел бірлігіне елеулі келтіретінін бірнеше рет ескерткен еді. Хорунжый Жаңбыршин Балқожа Ы.Алтынсаринның атасы жазған хатында Кенесары өзінің бір орталыққа бағынған мемлекет туралы ойын ашық айтады.

Ойда Қоқан, қырда орыс,

Әкім болды қаласы,

Кімнен таяқ жегендей

Біздің қазақ баласы.

Быт – шыт болып жүргені

Аузының аласы.

Нысанбай ақын да өзінің жырында рулық араздықтың, барымтаның және алауыздықтың зияны туралы жырлаған:

Бірлік болса біздерде,

Кім мазалар бұл қазақтың баласын.

Рулық араздық қазақ қоғамын бөлшектеп жіберді. Мысалы, шекара маңында көшіп қонған Шөмекей мен Төтіқара рулары Жағалбайлы руымен жауласса, ал соңынан Қыпшақ және Жаппас руларым ен жауласуы еді. Араздықтың басты себебі жайлы күн үшін талас болды. Рулық араздықтың жақсылыққа апармайтыны халық мақалдарында да бейнеленген:

«Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді»

Кенесары құрған мемлекет – феодалдық мемлекет. Себебі қазақ коғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесарының қайта құрушылық қызметінен өзгерген жоқ. Феодалдық сипат Кенесары тұсында да көбейді. Ол қазақ жерін хан тұқымының меншігі деп қарап, ол ойын бірнеше рет атап өткен. Кенесары патша үкіметінен «Ата - бабама тиісті жерді қайтарып бер деп талап етті». Ол бір хатында былай деп жазды: «Әкеміз Абылайдан мұраға қалған жерлер бекініске толды. Сіздер, - деп жазды ол - Батыс Сібір генерал губернаторы Горчаковқа жазған хатында, - Атамыз Абылай ханға тиісті жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар ».

Феодалдық көзқараспен ол қазақ халқын хан тұқымының меншігі деп санады. Кенесары феодалдық экономика шеңберінде прогрессивті реформалар жүргізді. Ол реформалар қазақ халқының бірігуіне, қазақ халқының күшеюіне алып келді. Тек біз есте ұстайтын жәйт, осы реформалардың барлығы феодалдық мемлекеттің күшеюіне арналған. Кенесары тұсындағы хан билігінің әлеуметтік негізін билердің орта тобы мен төре тұқымына жататын феодалдар, батырлар құрды. Көтеріліс барысында батырлар ерекше рөл атқарды. Батырлардың хан кеңесіндегі басымдылығын айтпағанның өзінде, көпшілігі хандықтағы жеке істерді басқарды. Кенесарының қайта құрушылық қызметі билікті ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды. Мемлекеттік аппараты құру ісіне тоқталайық. Қазақ мемлекетінің басында Кенесарының өзі тұрды. Хан кеңесі - кеңесуші орын ғана болды. Хан кеңесінің мүшелері сенімді адамдарынан тұрды. Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Жергілікті жердегі билікті Кенесары жасауылдары жүзеге асырды. Жасауылдар әр руға бекітіліп қойылды.

Жасауылдар салық жинау барысын өкіметтің шешімдерінің орындалуын бақылады. Ол елді басқару билігін бір жүйеге келтіріп, мемлекеттік аппараттарда жеке салаларға бөлінді. (Сот, әскери елшілік т.б.). ол сот реформасын жүргізгенде Тәуке ханның (1680-1718 ж) «Жеті жарғысына» сүйенді. Сот істерінің негізгі бөлігі қазақ руларының барымта ру араздығын айрықша қарауға арналды. Кенесарының барымтаға деген көзқарасын Орынбор шекарасына жазған хаттарынан байқауға болады. Кенесары қызметін байқаған үкімет орны оның барымтаны тоқтату шешіміне қолдау білдірді. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «Зекет», ал екіншілерден «Ұшыр» салығын алды. Зекет салығын жинаған кезде өзіндік өлшемді сақтап отырды: қырық баста – жүз басқа дейінгі малдан бір бас алды. Ол жан басы мен үй басына салық енгізген жоқ. Рулардан қару – жарақ, ер – тұрман түрінде де жинады. Зекет әскердің қажеттілігін өтеді. Кенесары жиырма мың жігіттен тұратын әскер құрды. Әскер басында Кенесарының өзі тұрды. Әскери кеңес құрамына – інісі Наурызбай, Сайдақ Қожа Оспанов, Таймас Бектасов, жеке батыр Ағабай батыр, Жоламан Тіленшейев және т.б. болды. Әскери кеңесте соғыс жоспарлары жасалып, үлкен жорықтар алдындағы жауапты шешімдер қаралатын. Іс жүргізу жағын ұзақ уақыт Бұқарада тұрған Сайдақ Қожа басқарды. Оның әскерлері жорық шатырымен және азық – түлікпен әр уақытта қамтамасыз етіліп отырды. Тіпті Кенесарының әскерімен бірге жүріп, азық – түлік сататын Орыскілік екі саудагер – Хусайын және Мұса Бұрнайевтар болды. Әскер жүріп өтетін жолда алдын – ала жасақтар тынығуға тоқтайтын, керек кезінде аттарын ауыстыратын және азық – түлікпен жем алатын қоныстар дайындалатын. Кенесары әскерін жүздік пен мыңдыққа бөлді. Айта кететін нәрсе, әскерді осылай басқару тәртібі Орта Азиялық мемлекеттерде Шыңғыс хан заманынан келе жатыр. Мұндай жүйенің өміршеңдігі далалық жерлерде соғыс сипатына және әскери қимылдарды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Әсерлердің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнегеге үйретілді. Орынбор шекара комииссиясына берген ақпаратында Шоқпар би Бақтыбаев: «20 мың адам қару қолдануды және жаяу соғыс үйренуде» - деп атап көрсетті. Көтерілісшілерді әскери іске көтеріліске қосылған қашқын Орыс солдаттары мен Башқұрттар үйретті. Құсмұрын приказы Уақ болысының қазағы Бегалиннің көрсетуінде былай делінген.

Кенесары ауылындағы орыстар мен башқұрттар оның жақтастарын зеңбіректен атуға, сапқа тұруға және солдат әдістеріне үйретуде. Кенесары сарбаздарының соғыс өнері лагерь болғандығын онымен келіссөз жүргізуге келген қырғыз манаптарының бірі Қалиғұлда растайды. Ол «Мыңға жуық жігіттер соғыс өнеріне үйреніп жатты», - деп жазды. Кенесары әскерінің тәртіптілігін билеуші сұлтан Ахмет Жантөринде мәлімдейді. 1845 жылы Обручевке жазған хабарында былай дейді: «Кенесары атқа қонып, аузын ашысымен, адамдарды жылдамдықпен жиналып, қаруларымен ат үстінен табылған».

Бұны Кенесары ордасында болып қайтқан орыс тыңшысы Балқожа Жаңбыршин де атап өтеді. «Бірде, - деп жазды ол – Кенесары әскерлеріне ұрысқа дайын болуына бұйрық берді. Ол жұрт алдына шығысымен, оның әскерлері ат үстінде отырды және жолға шығуға дайын болды». «Осындай фактілер Кенесары әскерлерінің тәртіптілігін және олардың арасында қатаң тәртіптің болғанын байқатады».

Оның лагері бар уақытта толық әскери дайындықта тұрды. Бұл Долговтың хабарламасында арнайы атап өтілген: «Кенесары айтқандай, бейқамдық жалған нәрсе, бұл оның ұдайы сақтығы мен байқампаздығын байқатады. Оның ордасы шабуылды не қуғынды күткен уақытша легерге ұқсайды».

Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған. Осы туралы Кенесары ордасында болған Долгов былай деп жазды: «Олардың барлығының дерлік (оны қарсы алуға шыққан 15 адам – Е.Б). Бастарында ерекше жазалау белгісі (Кінәлі адамның басына қылышпен не пышақпен кесіп белгі салған) болды, бұл «Шік» деп аталған және ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналады, ешқандай іске қатыса алмайды».

Кенесары шайқастарда ерекше көзге түскен жігіттерді әлеуметтік жағдайына қарамастан наградтап отырған. Кейде қарапайым қазақтардың өзін жасауылдыққа тағайындаған. Поручик Герннің мәліметіне қарағанда, Кенесары әскерінде «ерекше ерлігі үшін» бас сыйлық - үкімет қару берілген. Ол мынадай ретпен жүргізілген – әдеттегі таяқ не құрықтан кейін найза сонан кейін себеле пышақ, сонан кейін қайқы қылыш, сонан кейін жасауыл атағы».

Көтерілісшілердің негізгі қаруы суық болды. Сонымен бірге атылатын қарулар болды. Мысалы, 1846 жылғы қырғыздармен соғыста Кенесарының 5 мыңдық атты жасағы қылышпен, найзамен, айбалтамен, білтелі мылтықпен және бірнеше рет зеңбірекпен қаруланған.

Кенесары әскерінде біршама көлемде оқпен атылатын қарудың болғанын, оны Токмак – Майтөбе деген жерде талқандағаннан кейін манап орманның «мыңнан аса білтелі мылтықты» қолға түсіруі дәлелдейді.

Бірақ бұндай көлемдегі қару Кенесарыда әрдайым бола қойған жоқ. Мысалы 1845 жылы Кенесары ордасында елшілікте болған Долгов пен Герн оның қаруының аз екендігін байқаған, Герн былай деп жазды: «Сұлтан ауылында жүзге жуық мылтық болды, олардың өзі білтелі және тірек ағашты еді, сонымен қатар оның үш ұзын мылтығы бар, оларды ылғи үйінің маңында ұстайды, ал шайқаста оның қасында болады. Бұл мылтықтар – Букар әмірінен алынған, біршама Золотоуста шыққандары да бар».

Көпшілігінде орыстардан қолға түсірген қару – жарағы жылжымалы «қонақхана» деп аталатын қару – жарақ сақтайтын, әрі кітап күзетілетін киіз үйлерде сақталады. 1845 жылы Кенесары ордасында жеті киіз үй болды. Әр жорыққа шығар кезде соған қатысатындарға қару – жарақ беріліп, ал жорықтан соң қазына мүлкі ретінде қайтарылып отырылды.

Қылыш, пышақ, найза сол жерлерде соғылатын болған, бірақ көп бөлігі шайқастарда қолға түсірілді немесе сатып алынды.

Долгов былай деп жазды: «Кенесары ауылында бірнеше қашқын башқұрттар тұрады. Олар қырға татарлар әкеліп сататын орыс қаруынан басқа, жасырын әртүрлі қару – жарақ жасайды. Кенесары оқ – дәріні Бұқарадан алып тұрады».

Бұны екі башқұртты еске алған Герн де растайды, ал оның бірі – күміс зергері, қоқандық қашқынмен бірігіп, сұлтан қаруын әсемдейді. Екіншісі қару жасайтын шебер әрі мылтық ұңғысын жасайды. Кенесары солардың көмегімен зеңбірек жасау ісін жолға қоймақ болған. Герннің айтуынша, «башқұрттың зеңбірек жасау үшін, әр үйден бір кетпен не шотпен жинауға бұйрық берген. Бұл жұмыс ағашы мол тосын құмдарында жүргізілмек еді».

Жаппас руының қазағы Омарбай Аманбаевтың көрсетуінше, Кенесарының темір зеңбірегі бар, оның ауылында Сібір мекемесіне қарасты қырғыз тұрады. Ол зеңбірекпен мылтық жасайды және осы көктемде 100 мылтық жасады.

Кенесары әскерлеріне сапқа тұрудың кейбір белгілері болған. Әдетте атты және жаяу отряды екі қатарға тұрған. Шекті билері Кенесары ордасына келген кезде қылышпен қаруланған, екі қатарға тұрған құрметті қарауыл қарсы алған. Олар бұндай қарсы алуға таңырқап, бастапқыда бұл өздерін ұстау үшін істелген шара ма деп қорқып қалғанымен, кейіннен Кенесарыда осындай қарсы алу тәртібі бұрыннан бар екенін естіп, көңілдері жайланады. Кенесары ордасы орналасқан жер әрдайым әскери лагерь түрінде болды. Оның үйінде әртүрлі қару – жарақ ілулі тұрды.


Кенесары армиясында әскери құпия өте қатаң сақталды. Тіпті тәжірибелі патша тыңшысы, қыпшақ Балқожа Жаңбыршин (Ы.Алтынсарин атасы) Кенесарының болашақ жорық жоспарын білу үшін арнайы тапсырмамен Кенесары ордасында болғанмен жорық туралы ештеңе біле алмады.

Төмендегі кесте Сібір генерал – губернаторы Горчаковқа берілген ресми мәліметтер негізінде жасалған және 1838 жылғы Кенесары қызметіне байланысты саудаға келтірілген зиян көрінеді. Ең көп зиян шеккен Ақмола округінің саудагерлері болды. (Жалпы соманың 2/3 бөлігі) бұл егер Ақмоладағы сауданың ірі көлемде жүргізілгенін есептесе, түсінікті де еді.

Округтің аттары

Келтірілген зиян мөлшері

Ақмола

Қарқаралы

Баянауыл

Шубұлақ

Көкшетау

633818 сом 40 тиын

118865 сом 79 тиын

68025 сом 95 тиын

42790 сом 50 тиын

3726 сом 70 тиын

Барлығы:

892227 сом 32 тиын

Кенесары аңғарттықпен Россия Орта Азиямен саудасын тоқтатса, онда өкімет қазақ территориясындағы бекіністерді жойып, әскерлерін алып кетеді деп ойлады.Бұл Кенесары ордасында болған көпес Мухсимов пен Ибрасовты көрсетулерімен де расталды.

«Кенесарының ойы біздің көпестердің Ташкентпен және соған жақын жерлермен, қырғыз даласымен қатынастарын тоқтату болды. Ол сонымен орыс үкіметінің шет елмен сауда жасаудан түсетін пайдасын жоққа шығарғысы келді. Ал, пайда түспейтін болса, онда олар сыртқы округтар мен қырдағы Ақтау қамалынан бас тартады деп ойлайды».

Кенесары өзінің реформаларымен қазақ қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуын тежеген патриярхалды – рулық институттардың ескі формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік, сауда сияқты алдынғы қатарлы формаларын құруға жағдай жасады. Кенесары Тәуке ханнан кейінгі феодалдық негіздегі қоғамдық құрылыстың прогрессивті формаларының негізін қалаған ірі мемлекеттік қайраткер болды.

Абылай ханның 15 әйелінен 30- ұл, 40-қыз тараған қалмақ әйелінен Кенесарының әкесі Қасым Төре дүниеге келген. Кенесары 1841 жылы тамыз айында хан болып сайланды. 1843 жылы жазда І Николай патша Кенесарыны құртуға әскер шығарды. Полковник Бизанов, Сұлтан Ахмет Жантөрин, Баймағамбет Айшуақұлы, полковник Дуниковский бастаған әскерлер жеңіске жете алмады. Кенесары әскерлері 1844 ж шілде де ірі жеңіске жетті, олар А.Жантөреұлы отрядына соққы берді. Осы ұрыста Кенесарыға қарсы тұрған 44 сұлтан қаза тапты.

1845 ж Кенесары ауылдары оңтүстікке көшті. Көтерілісшілердің Қоқан хандығымен қақтығысуға әкеп соқты.

Кенесары күшінің екінші бөлігінің Түркістан, Ташкентте бет бұруы, Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Бұхар және Қоқан хандарының көтерілске қарсы күресу жөніндегі келісімдері Кенесарының жағдайын қиындатты. Балқаш көлі мен Іле бойына бет алған Кенесары әскерін Жетісу бойындағы қазақтар бәрі бірдей қабыл алмады.

Абылайдың баласы сұлтан Сүйіктің жақтастары Ресей билігін мойындаса, үйсін, жалайыр, дулат руларының басты бөлігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарыға қарсылардың ішінде белгілі старшындар Құнанбай Өскенбайұлы, Барақ Сұлтанбайұлы, тағы да Кенесарының соңынан ермеген ауылдары орындауы Жетісу қазақтарының белді руларының Ресейден көмек сұрауына себепші болды. 1846 ж шекара комиссиясының төрағасы генерал – майор Вишневскийдің Жетісу мен Орта жүзге әскери сапары, бір жағынан, Ресей билігін мойындаған ру басшылары мен кездесу болса, екінші жағынан Кенесарымен күреске Жетісу қазақтарын тартып, көтерілісшілерді әлсірету еді.

Күші басым патша жазалау отрядтарын тікелей қарсылық көрсете алмай, Кенесары өз ауылдарымен Іле өзенінің сол жағынан шығып, Шу өзені мен Алатау төңірегіне жақындады.

Кенесарының орта жүзден ығысып бара жатқандығы көңіл күйін Досқожа жырау (Кенесарының қоныстан ауғандағы айтқан арнауында) былай деп келтіреді:

Бұл қоныстан кеткен соң,

Сен барарсың төменге

Әлім менен Шөменге,

Әлім, Шөмен хан сайлар

Абылай ханның баласы,

Кенесары, Наурызбай,

Артық туды дегенге...

Ұл жүздің батырлары Тайшыбек, Саурық, Сұранщы Кенесарыны, оның Қоқан бекеттеріне қарсы күресін барынша қолдады. Кенесарының күші қырғыз манаптарының иеліктеріне жақындады.

Қырғыздардың бір бөлігі де Қоқан ханының тепкісінде болды. Алайда Ресей мен Қоқан бекеттерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын жауапсыз қалдырды. Патша үкіметінің өкілдері қырғыздар мен Алатау өңіріндегі қазақтарды бір – біріне айдап салды, олардың арасындағы жер мәселесіндегі басқа да алауыздықтарды мейлінше өрбітті.

Патша генералдары дегеніне жетті. Кенесары Қырғызстанның Кекілтау деген жерінде қырғыз манаптарының қолынан 1847 ж қаза тапты.

Кенесары өлімі оның серіктері үшін, әскери достары үшін ауыр соққы болды. Кенесарының өлімі туралы хабар жетісімен Орынбор шекара комиссиясы жан – жаққа жарлық жіберіп, онда «Орынбор мекемесінің қырғыздарына ортақ жаудың өлімін» хабарлады.

Батыс Сібір генерал – губернаторы Горчаков осы соғыста көзге түскен қырғыз манаптарын шақыруға шешім қабылдады және оларды ордендермен наградтауға ұсынды. Кейіннен бұл шаралар жүзеге асырылды. Кенесарыны өлтірген Қалыгүл Әлібековке Горчаков арнаулы хат жолдады: «Құрметті қырғыз Қалыгүл Әлібековке! Бүлікші Кенесары Қасымовтың ісінде көрсеткен ерлігіңіз бен қызметіңіз үшін, өзіме император тақсыр берген билікке сай, сізге Георгиев лентасындағы мойынға тағатын күміс медаль жіберіп отырмын, сіздің осы жоғарғы сыйлықты дұрыс бағалайтыныңызға және өзіңіздің қасиетті императорға берілгендігіңізбен үкіметтің сенімін ақтайды деп сенемін».

Соңғы шайқаста Сібір қырғыздарының Шекара бастығы Вишневский мәліметіне қарағанда, Ормон мен Жантай өздерін ризалағнын және достығының белгісі ретінде өлтірілген қазақтардың бастарынан Қоқан хандығына сыйлық жіберді. Бұл туралы Рылцовке берген жауабында бір керуен басы еске түсіреді. «Мен Ташкентте қара қырғыздардың басшыларғы сыйлыққа жіберген екі арбаға тиелген Кенесары адамдарының бастарын өз көзіммен көрдім. Бастарды ұзын таяққа іліп, Ташкент базарына қойған. Жергілікті басшылар бұл іске риза болғандықтан қырғыздарға сыйлықтар берді». Қырғыздармен шайқаста, Кенесарының 18 – сұлтаны қаза тапты.

Үкімет Кенесары көтерілісін басуда көрсеткен қырғыз манаптарының көмегін жоғары бағалады. Осы туралы генерал – майор Гасфорд өзінің Сыртқы істер министрлігінің басқарушысы Л.Г.Сенявинге Ормон Ниязбековтың қызметін бағалай отырып, былай деп жазды: «Оның осы істе септігі тимесе, яғни Кенесарыны өлтірмесе онда біздің ісіміз басқаша сипатталып, бізге тиімсіз болуы мүмкін екендігі даусыз еді».

Қапал уезінің қазақтары Кенесары үшін кек алу мақсатында қырғыз манаптарына шабуыл жасады. Өлімге қатысы бар бірнеше манаптарды қатаң жазалады. Соның бірі - «Төрегелді» ауылы тоналып, өзі тұтқынға алынды.

Кенесары өлімінен кейін XIY ғасырдың 50- ші жылдары қырғыз жерінде Орман манап бастаған өзара соғыс басталды. Сарыбағыштарды бастаған Орман бұғы руының Ыстықкөл жағалауындағы бай жайылымдарын басып алып өзіне бағындырығысы келді. Осы соғыстың барысында 1885 ж Орман қайтыс болды. Кенесарыны өлтірген жендеттің бірі Жантайдың қырғыздарға да, қазақтарға да жеккөрінішті болғанын, оның өзінің хатынан көруге болады: «Менің достарым аз, дұшпаным көп. Қазақтар мен қырғыздардың мені жамандағанына сенбеңіз. Мен баяғы сол қалпымдамын, патшаға сенімді екенімді білдіріп, адамдарымды жібердім. Қырғыздардан гөрі маған сенуіңізді өтінемін». Жамбыл өзінің «Сұраншы батыр» дастанында Жантайды екіжүзді, ішмерез ретінде суреттейді...

Қорытынды.

Кенесары көтерілісі жеңіліске ұшырады. Алайда ол қазақ халқының ұлт – азаттық күресі тарихында аса көрнекті орын алады.

Бұл көтеріліс үш жүз қазақтарының көпшілік бөлігін патшалық отарлауға қарсы жұмылдырылған XIX ғасырдағы ең ірі қозғалыс болды. Ол Қазақстанды түгелге жуық қамтыды және қазақтардың ең ұзаққа созылған тегеурінді қозғалыстарының бірі еді.

Отаршылдыққа қарсы айқын бұқаралық сипат танытқан Кенесары көтерілісі қазақ халқының тарихында прогрессивті қызмет атқарады.

Ол қалың бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болды. Нақ осы күрестің негізінде 19-ғасырдың 50-60 жылдарындағы көтерілістер кең өріс алды.

Кенесары көтерілісі қазақ халқының өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жан қиюға әзірлігін, жауға тойтарыс берерлік қуатты күші бар екенін дәлелдеді.

Қозғалыстың пргрессивті сипатын Кенесары алға тартқан саяси талаптардан да көруге болады. Бұл орайда, оның ру аралық қырылстар мен феодалдық бытыраңқылықты жою мақсатымен біртұтас орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылысын бірінші кезекте атап өткен жөн.

Ақырында, Кенесары қозғалысының прогрессивтік маңызы мынада: Ол патшалық Россияның қазақ даласына төніп келе жатқан құлдық бұғауын біраз уақытқа шегеріп тастады және қалың бұқараның болашақтағы ұлт азаттық күресіне жауынгерлік дайындық болды.

Нақ осы көтерістің барысында отаршыл Россия мен Орта Азия хандарына ойсырата соққы берген күрес кезінде қазақ халқы өз бойындағы орасан жігер – қайратты айқын сезінді.

Бұқара халық өзінің азаттығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін қолына қару алып, царизм мен оның одақтасы –қазақ феодалдарына қарсы талай рет күреске шықты. Бұдан кейінгі онжылдықта 50 – жылдары бірнеше көтеріліс болды. Сондай – ақ 1852-1853 жылдардағы Есет Көтібаров көтерілісі. Сонымен қатар 60-70 жылдар аралығындағы көтерілістердің қай – қайсысынан болмасын ауқымды жағынан да, маңызы жағынан да Кенесары бастаған жойқын да қаһарлы халық қозғалысының орны айрықша. Міне сондықтан да бұл көтерілістің талқандауымен бірге патша отаршылдығынан Қазақстанға енуін тежеп тұрған соңғы тосқауыл да күйреді деп есептеу керек.

Баяндамамыздың мақсаты – оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі жас ұрпақ бабаларын ұмытпайды...

Ерлер қаза тапты,

Бірақ олардың рухы өлмейді.



Зайдолла Ибатов Тарих пәнінің мұғалімі

Ғ.Сланов атындағы орта мектеп


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДВ-348037
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх