Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему "М. Жұмабаев шығармаларының тілі"

Доклад на тему "М. Жұмабаев шығармаларының тілі"

Скачать материал

 

 

 

 

 

     Баяндама

Тақырыбы: М. Жұмабаев шығармаларының тілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың өзектілігі. Мағжанның шығармашылық мұрасы мен оның ақындық мектебі әлденеше ғылыми-зерттеулердің нысанасына алынып, жан-жақты зерттеліп келе жатқаны аян. Тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын мұраларының қуаты мен құдіреті әр дәуірдің бағыт-бағдарына қарай бағаланып отырды. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде әдебиеттанушы ғалымдардың Мағжан шығармашылығының ұлттық және жалпыадамзаттық деңгейдегі биіктіктеріне ден қоюы, оның төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытудағы еңбектерін шынайы бағалауға ұмтылысы бүгінгі күннің сұранымынан туындап отыр. Сондықтан Мағжан поэзиясының қазақ сөз өнерін жаңа деңгейге көтерудегі маңызын, өзіндік ерекшелігі мен тілін талдау.

   Зерттеу мақсаты. Мағжан шығармаларының ерекшелігі мен өзіндік үнін  көрсете білу.

   Мағжан - өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Мағжан поэзиясы көптеген қаламгерлерлеріміздің тарапынан жоғары бағаға ие болған.Жазушы С.Мұқанов: «Жанрлық жағынан келгенде, ол поэмалар жазудың желісін қаққан адамның біреуі болды. Қазақ лирикасын жетілдірді» деген болатын. Ал, Ж.Аймауытұлы болса, «Мағжан қазақ өлеңі өлшемдеріне жаңалық енгізді. Өлең техникасын жетілдірді. Жаңа өлшеулер шығарды, тілді ұзартты... Мағжанның бар табысын толық тексеріп, жете сығып ұшығына шыға алмаймыз (таза зерттеу үшін баяндама жетпейді, аз болса қалыңдығы бір елі кітап жазу керек болады).... Мағжан ақын ба, ақын емес пе? – деген сұрауды қоюда мағына жоқ. Оны ақын емес деп таласушы бола қоймас. Жалғыз-ақ ақындық күші қандай деген сұрауды қою керек. Бұл сұрауға Мағжанды күшті ақын деп жауап береміз».» деп баға берген болатын.

   Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды. Шығармаларынан қазақ тіл білімінде кездесетін етістікті фразеологизмдердің бірнеше түрін кездестіруге болады

    1) Актив әрекет, іс қимыл етістікті фразеологизмдер

Бұл топқа енетін фразеологизмдер заттың не адамның қозғалысын, қозғалыс – амалын, адамдар арасындағы қарым – қатынасты білдіреді. Мысалы,

                           Өсектен ат – тонын ала қашса,

                           Естісе ұлғаннан бетін басса.

                           Естіген сөз, көргенді бос тастамай

                           Құлақ тігіп, көз салып, жиып – терсе.

                           Көп ойладың тыншымай,

                           Түнде бір кірпік қақпай

                           Өнер қуып,

                           Бел бекем буып

                           Надандықтан жирену.

2) Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдердің бір тобын сөйлеу етістікті фразеологизмдер құрайды.

                           Біраз күн сөйтіп ләм демей,

                           Басқаннан соң қарқынын

 

                            Етек басу – бар ісің,

                            Қой, сөзіңді оттамай

 

                            Айық болсам сізге мен

                            Тіл тигізіп жынды емен

3) Ой сезім етістікті фразеологизмдер. Адам басқа тіршілік иелерінен тілі, ойы, сезімі, көңіл – күйі арқылы ерекшеленеді.

                             Жалғыз – ақ іштен сені жек көреді

                             Екі жар қол ұстасқан, сыбырласып.

М. Жұмабаев тіліндегі фразеологизмдердің лексика –семантикалық, грамматикалық ерекшелігін зерттеуде төмендегідей тұжырым жасауға болады:

1.     Фразеологизмдердің түрлі сөз табынан екендігі, сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығы анықталды.

2.     Ақын халық тіліндегі ойға жан бітірер бейнелі тұрақты тіркестерді қолдануда шеберлік танытты.

3.     Етістікті, есімді фразеологизмдер дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де ақын шығармасында молынан кездеседі.

   Сонымен қатар жалпы қолданыстағы ұзын сөздің қысқасы деген тіркесті оқырманға түрліше жеткізеді. Мысалы:

                         Созылған сөздің қысқасы,

                         Қысқа сөздің нұсқасы

 

                         Ұзын сөздің түйіні

                          Бұл тоқсанның жиыны

 

                         Санасам бәрін сөз ұзар

                         Ұзын сөзге орын тар.

Кейде орынды жеріне тұрақты тіркестер компоненттері арасына басқа сөз кірістіріп, оның стильдік бояуын көркемдей түседі. Мысалы,

                        Батпаққа қоға тартып аунаған күн

                        Көңілді ылғи ойнаумен аулаған күн, –

деген өлең жолдарындағы көңілді аулау компоненттерінің жігі айырылып, арасына ылғи ойнаумен деген екі сөз тізбектері енген. Бұлар оның алғашқы мәнін пысықтап тұр.

   Мағжан туындыларында авторлық тұрақты тіркестер молынан ұшырасады. Бұл ақынның жаңашылдығын танытады.

 «Тілдегі дағдылы қолданыстан тек құбылысты және көркем шығармалардағы қолданысына қатысты авторлық шығармашылық, стиль табиғатында ерекше мәнді бір заңдылық бар. Ол – окказионализм құбылысы. Окказионализмдер дегеніміз – белгілі бір қаламгерге тән, тосыннан пайда болатын, тілдің сөз тудыру тәсілдеріне сәйкес те, сәйкессіз де жасалатын, контекст қалауына қарай қызмет ететін, әдеби тілімізге, сөздіктерге кіру қабілеті шектеулі, үнемі жаңашылдығымен, экспресситілігімен ерекшеленетін бір қолданар сөздер», - дейді Л. Еспекова.

   Мағжан шығармаларының көзге түсер ерекшеліктерінің бірі – окказионал фразеологизмдердің қолданылуы.

Өзіне дейінгі қазақтың мағыналы ой, жанды сөзін қолдануда өзіне тән стильдік шеберлікпен көркемдей отырып, адам жанының мұң – шерлі, қуаныш – сүйінішті сезімін бейнелеуде тың образдар тудырған.

                Түн баласы көр көзінен жас төгіп,

                Күншығыстан бір пайғамбар күтеді...

Қазақ поэзиясында көр сөзі мұншалықты поэтикалық құбылмаған.

  Мағжан Жұмабаев қайғыға бату дегеннің 188 синонимдік қатарын береді: ашып көрші жүрегімде көп жара; ауыр ойлар басып, назаланып ем; бұл күнде қалың ойлар, қайға басты; көзімде жас, кеудемде  - от; дариға жаным азат; дариға қазағыңның күні қараң;жүрегі жара алыс жар; жүрегің жанып, қасірет тартқаныңда; зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай; заман озды, жүрек сөнді, жан тозды; ел азды, арқа тозды, қайғы басты; екеуі де қан құсып, түннен бетер түнерді; кетеді іш елжіреп, жанып күйіп;көңілдің тұз сепкендей жарасына; қайратты ел қайғы жұтып зарлы ма екен; қорқыттан серпілмейді қалың уайым; өтті ау өмір құсып қан; өлім тұр анадайдан қойнын ашып; сұлық боп жан шыққалы тұр таяулап; сені улаған қазақтың қайғысы ғой; татып ажал шербетін; тәтті қиял бұзылды; уланды жүрек, жан күйді; уайым қайғы жұтады; ішім толған қызыл шоқ; іште толған қалың дерт; шешем қайғы жей ме екен; шырылдап көз алдыңда оттай жандым; т.б.

 М. Жұмабаев поэзиясындағы көркемдегіш амалдардың қолданылуы әрқилы.Әсіресе Мағжан өлеңдерінде эпитеттердің алатын орны ерекше. «Бостандық» деген өлеңінде:

Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық
Ғарыш нұрлы жүзі бар,
Кәусар жібек сөзі бар,
Әдемі, алмас ақ қанат

Бұл өлеңінде ақын өз айтар ойын эпиттеттерді қолдана отырып, нақтылай түскен. Мысалы, «Ғарыш нұрлы жүзді», «Кәусар жібек сөзді», «Әдемі, алмас ақ қанат» деп бірнеше тізбектелген эпитеттерді қолданады.

Эпитеттер ақын шығармаларында,біріншіден, кейіпкердің келбетін, портретін, өзіндік ерекшілігін нақты, дәл көрсетуге қызмет етеді; екіншіден, кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі жан сезімін ашады. Жоғарыда аталған өлеңде ақын бостандықтың өзіндік ерекшелігін нақтылап, дәл көрсетуге қолданған.

 Келтірілген мысалда кірме қабатты құрайтын араб тілінен енген «кәусар», «ғарыш» деген сияқты сөздерді кездестіреміз.

  Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы ең көп қолданған  көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Ақын өлеңдеріндегі теңеудің стильдік мәніне көңіл аударсақ, теңеулерді бірде кейіпкердің кескін-келбетін, бет пішінін, сыртқы көрінісін, тұлғасын, портретін беру үшін қолданса, бірде кейіпкердің мінез құлқын, көңіл-күйін, ішкі сезімін ашу үшін таптырмас тәсіл ретінде пайдаланады.

Мысалы, «Еділде» атты өлеңінде:

Бүктеліп жатқан бел,
Сүтке тойған марқадай
Бұйра қою қарағай,
Белге біткен шалқалай.
Су жеп қойған жұмыр тас
Түйір-түйір малтадай,
Арнада өзен қылықты
Қылмыңдаған қалқатай,-

«Сүтке тойған марқадай», «Түйір-түйір малтадай» деген сияқты бір топ теңеулері арқылы ақын Еділ өзенінің ерекше бір бейнесін, көрінісін жасаған. Бұл өлеңде де «Бүктеліп жатқан бел», «Бұйра қою қарағай», «Су жеп қойған жұмыр тас» сияқты күрделі эпиттеттер де кездеседі. «Еділде» өлеңі құрылысы жағынан 12 тармақ, 3 шумақ, 2 бунақтан тұрады. Грамматикалық тұлғасы жағынан «Еділде» өлеңі «Бүктеліп жатқан», «Сүтке тойған» , «Белге біткен», Су жеп қойған» «Қылмыңдаған» деген сияқты мысалдарда есімшенің  –ған жұрнағы арқылы жасалған.

   Ақынның «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде де біршама теңеулер кездеседі:

Арыстандай айбатты ,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін, -

деген өлеңінде Мағжан жастардың ерік- жігерін «аң патшасы арыстанға», «қайратты жолбарысқа», «ақиық қыран құсқа» балайды.Стильдік жағынан Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңі сонау жыраулар поэзиясынан бастау алған дәстүрдің жалғасы болып табылады, яғни ХV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының негізгі бір ерекшелігі – аналогияға барған, жыраулардың образ жасау үшін шығармаларында аң-құс, мал, жан-жануарлар, өсімдік сияқты табиғатқа қатысты атаулар молынан кездесіп отырған. Сол сияқты, ақынның аталған өлеңінде де «арыстан», «жолбарыс», «қыран» сияқты сөздер кездеседі.«Мен жастарға сенемін» өлеңі 32 тармақ, 8 шумақтан, 2 бунақтан тұрады. Бұл өлеңнің грамматикалық тұлғасына келетін болсақ, қайратты, қанатты, айбатты деген сияқты сөздеріндегі сын есім тудырушы –ты жұрнағын жиі қолданған.Сонымен қатар, «Көздерінде от ойнар», «Сөздерінде жалын бар» деген сияқты фразеологиялық тіркестер де кездеседі.

Жазушы кейіптеу тәсілін де ерекше, өзінше бояу қосып қолданған. Жансызға жан бітіре суреттеп, көз алдымызға әкеледі. Мысалы, «Жазғы жолда» өлеңін алуымызға болады:

                                       «Суға-айнаға қаранып,

Салқынша леппен таранып,

                                       Қамыс та тұр тербелеп».

 

   Мағжан өлеңдерінде метафора қолданысы да жиі . Мысалы, «Берниязға» деген өлеңінде:

Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымнан қандырған
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым- ды,
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған, -

деп, өмірді далаға, ақынды балаға, бөбекке балайтындығын көрсетеді.

Ақынның «Берниязға» өлеңіндегі тағы бір ерекшелік – мағыналары жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіру. Мысалы: «жан сусыны», «дарияның сыры» деген сияқты тіркестер де кездеседі.

  М. Жұмабаевтың «Ой» деген өлеңі түгелдей метафораға құралған. Мұнда ақын ойды уға, теңізге балайды:

                              Ой деген у,

                                   Ауызға алсаң қандырад.

                              Ой деген у,

                                    Жанды есінен тандырад.

                              Ой деген у,

                                     Ішсең мас боласың.

                              Ой деген у,

                                      Ішесің де соласың.

 

Мағжан өлеңдерінде перифразды тіркестердің де қолданғаныны байқаймыз. Перифраз дегеніміз – бір нәрсені немесе құбылысты сол нәрсенің бір белгісін, қасиетін көрсетіп, суреттеп атау.

Әр кәмалға бір зауал,

Ежелден болмақ емес пе?

Ескіше тұрып егеспе,

Заман-түлкі, тазы бол,

Базарша дүкен құр енді,-

дегенде ақын өз заманын «заман-түлкі» деп суреттеп атайды.

 Ақын аллитерация мен ассонанс тәсілін де қолданған. Мысалы «Ой» деген

өлеңінде:
Ой деген у – ауызға алсаң қандырар.
Ой деген у – жанды есінен тандырар
Ой деген у – ішсең мас боласың
Ой деген у – ішесің де соласың-

 деп ассонанс тәсілін, әрі қайталаудың анафора тәсілін де қолданған, яғни анафорада өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады. Ал, аллитерация тәсілін де ақын шебер қолдана білген. Мысалы, ақынның «Әйел» деген өлеңінде:

Жерде жалғыз зарығып,
Жұмағын көкте сағынып,
Жылады баспай өксігін
Жасты көріп жаратқан,-

дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл-аллитерацияны қолданған.

    Мақал –мәтелдердің, қанатты сөздердің шығарма тіліне қаншалықты ажар беріп, көріктендіретінін М. Жұмабаев поэзиясынан көруге болады.

                            «Халық айтса, қалып айтпайды» деген ой

                             Ие бопты байтақ терең ақылға.

 

                             «Бес байтал -әйел құны» -деген бір сөз,

                              Қармаққа талай жасты іліп жатыр.

    Ақын өлеңдерінде орыс сөздерін өркениетті өзгерістерді көрсетуде кейіпкердің мінез-құлқын ашуда, оның білім дәрежесін аңғартуда пайдаланады. Ақын өлендеріндегі кірме сөздер стильдік мақсатта қолданған.

-Толстов, Колчак,

Давай сюда коньяк

                                              Ой,Иван,аламан,

Мені өйт, атаман !

      Өрледі батыр, өрледі,

        Ағаш найза сермеді…

            Қарсы алдында қалтиған

                                                        Николайды көрмеді…

   («Жай әшейін ойын ғой»өлеңі)

 

   Қорыта келгенде, әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Мағжан шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдыңа жан –жақты жүрек тебіренісімен , өз үнімен, көркем де отты шыншыл сөзбен жасалған туындылары ана тілінің тұғырын биіктете түсті. Ақын түсінігінде ана тілі –ұлт тәуелсіздігінің кепілі. «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, -деп сақтандырады, -дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әдебиеттер:

 

1.     Жұмабаев  Мағжан.Шығармалары [Текст]: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер.- Алматы "Жазушы", 1989.- 448 б

2.     Р. Сыздыкова  Сөз құдіреті. Алматы, 1997 ж.

3.     Р. Сыздықова  Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы «Ана тілі», 1993

4.     Ш. Елеукенов  Мағжан.  Астана, 2008

5.     А. С. Махметова  М. Жұмабаев поэзиясындағы фразеологизм:дәстүр мен жаңашылдық. Астана, 2006

6.     Ж. Қ. Боранбаева  Сөз зергері Мағжанның әдемі өрген өрнегі. Астана, 2004

7.     А. Құралұлы Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Алматы «Сөздік-Словарь»,1997

8.     І.Кеңесбаев Фразеологиялық сөздік. Алматы, 2007

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "М. Жұмабаев шығармаларының тілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 383 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2015 1650
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Салтанат Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14612
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек