Инфоурок Всеобщая история СтатьиДоклад на тему: Май елінің тарихы – қазақ тарихының өшпес беттері

Доклад на тему: Май елінің тарихы – қазақ тарихының өшпес беттері

Скачать материал

Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына байланысты облыстық көшпелі конференциясы Май ауданы Малайсары ауылында өткізілді.  Май ауданы атынан баяндама оқыдым (2015 жылы, күз)

 

Баяндама тақырыбы:

Май елінің тарихы – қазақ тарихының өшпес беттері

Жаксымбетова С.М. – тарих пәнінің мұғалімі, Қазақ ЖОББМ

 

Адам өткенін жақсы білмей – болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу т.б. құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды.

Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тиді. Біз бүгінгі күнге көптеген сындардан өтіп келіп отырмыз.  Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатыр. 17 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр. 2050 стратегиясы бар еліміз «Мәңгілік елге» айналу үшін тырысып бағуда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеген болатын.  1465 жылы Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағаны баршамызға мәлім. Әлбетте, одан кейін тағдыр бізді сан түрлі сынаққа салды. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтің нышаны.

Ендеше, қадірлі қонақтар, жерлестер, ауданымыздағы Қазақ хандығынының тарихымен тығыз байланысты 18 ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы кезеңіне жататын Ақшиман ауылынның жанындағы «Қалмақ қырылған» жері туралы сөз қозғағым келіп отыр. Дәл осы жерде қазақ халқының батырлары жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп, жер қайысқан қалың қолын ойсырата жеңді.

Әлкей  Хақанұлы Марғұлан еңбегінде 1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары Жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабай қалмақтарды тегісімен жойған тау «Қалмаққырған» деп аталады.

Тілеухан Ахметұлы Еңсебаевтың еңбегінде «ХVIII ғ. 40-жылдарында жоңғарлар Ертіс өзені жағындағы Баянауыл далаларын басып аламыз деп әрекет жасаған. Қазақтар жауға тойтарыс беру үшін шұғыл қосын ұйымдастырды. Арғындардың әскерін Олжабай батыр басқарған, жеке әскери топтардың басында Олжабай батырдың жиені Жасыбай батыр, Едіге, Жәуке, Алпыс, Жаңабек, Көшет, Дулат, Жалаңтөс батырлар тұрды.

Соғысқа бірінші болып Жасыбай батырдың сарбаздары түседі. Оның әскери тобы тау шатқалында тұрып, қарсыластарды өздеріне тым жақындатып алып, қолдарына найза мен қылыш ұстап, тосқауылдан шыға келген. Жау қаша жөнеліп, Сабындыкөлдің жанында ғана есін жиған. Күні бойы қан шайқас болған. Қорғанып жатқан қазақтар қырғынға ұшыраған. Жоңғар мергенінің оғынан Жасыбай батыр қаза болады. Бұл туралы естіген Олжабай бар әскерімен шабуылға шығып, жауды тас талқаның шығарып жеңеді. Шайқас Баянауылдан Ақшиман жеріне ауысады. Бұл жерде Олжабайдың жоңғарды қоршауға алып, оларды қыра бастайды. Сол кезден бұл жер «Қалмаққырған» деп аталады, яғни қалмақтар қырылған жер» деп түсіну керек.

Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың сүйегін жартасты таудың төбесіне кояды. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар кабір басына белгі ретінде үш түп жас қайың егеді. Сол қайыңдар әлі өсіп тұр. Сол жер Жасыбай асуы аталады. Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай  көлі аталсын деп ұйғарады. Содан бері Жасыбай көлі аталады.

Жасыбайдың кегін қуған Олжабай батыр Серіктасқа бекінген жау қолын қырып, Ежен ханның ордасын талқандайды. Бұл жерді халық «Қалмаққырылған», «Қалмаққырған» атап кеткен. Қалмаққырған тауы Баянауылдың күншығысына таман 60 шақырымдай жерде.

Қалмаққырылғанның баурайында қазір Павлодар облысы Май ауданының «Ақшиман» ауылы орналасқан. Жергілікті халықтың айтуы бойынша Қалмаққырылған тауында Олжабай батырдың басшылығымен қазақтар мен жоңғарлар арасында маңызды тарихи шайқас болғанындығын растайтын қалмақ әскерлерінің «бауырластар моласы» кездеседі. Ақшиман ауылында 2009 жылы Олжабай батыр және XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысының батырларына арнап ескерткіш орнатылды.

          Қай заманда да, қай қоғамда да жекелеген тұлғалардың жөні бөлек болған. Халқымыздың сан қырлы тарихы мен сан қырлы тағдырына үңіле қарасақ, ел бастаған серкесі де, қол бастаған батырлары да баршылық екен.

          Сондай халықтың арманын, ұлттық еркіндігін алға шығарып, осы жолдан өмір бойы танбаған арыстарымыздың бірі – он сегізінші ғасырда өмір сүрген, жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес жүргізген Орта жүздің батыры әрі биі Малайсары Тоқтауылұлы.

          Малайсары 1700-1756 жылдары өмір сүрген. Руы – Арғын ішіндегі Бәсентиін, оның ішінде – Сырым. Атамекені – Павлодар облысының Май ауданына қарасты жерлер.

          Талдықорған мен Алматы облыстарының орта кезінде Алтынемел деп аталатын жота бар. Сол жерде Малайсары бастаған қазақ жасақтарының жоңғарларға қарсы қатты шайқасы болған. Қанды шайқастан соң батыр осы тау бөктерінде жаудың абайсызда атылған оғынан қаза болады. Қазіргі Павлодар облысы, Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілді.

 «Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Болашақта өркениетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш, өз елін, туған жерін сүйетін ұлтжанды, патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде еш уақытта естен шығармауымыз керек», — дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев. Май ауданындағы ең қызық ашылулардың арасында Қалбасұн мұнарасы археологиялық кешені атап өтуге болады. Ежелгі Ертіс өңірі даласында Қалбасұн мұнарасынан асқан таңғажайып ескерткіш табу қиын. 17 ғасырдың басында және осы күнге дейін орыс көне қолжазбаларында осы ғимараттың не үшін арналғандығы туралы ой туындағананнан бастап түрлі пікірлер мен болжамдар айтылды. Бір кездері Ертістің жағасында тұрған алып ғимараттың қираған үйінділерін 17-19 ғасырдың саяхатшылар мен зерттеушілері мешіт деп, ескі палата, пұтқа табынушылардың храмы немесе тастанды мұнара деп есептеген. 2001-2005 жылдары Қалбасұн мұнарасы жерінде қазақстандық археологтардың зерттеулері объектінің хронологиясы, функциялары және мәдени қатыстылығы жөнінде алдын ала болжамдар жасалды. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Алтын Орда уақытына жататын екі культті-мемориалды құрылыстардың қалдықтары зерттелді. Бірінші объект, алдын ала Қалбасұн мұнарасы деп есептелген құрылыс, Павлодар мен Курчатов  қалалары арасын қосқан кезде салынған тас жолдың әсерінен толығымен жойылды. Екінші объект ортағасырлық мазарды ормен қоршаған қиындылардың қалдықтарымен анықталды. Қиындылардың кірпіш астында, ормен қоршалған аумақтың ортасында 2 жердегі жерлеу мен 25 ͯ 25 ͯ  5 м форматындағы күйдірілген кірпіштен қаланған қабірде 3 жерлеу табылды. Мазарлардың зерттелген қирандылары 14 ғасырда Жошы ұлысында мемлекеттік дін статусына ие болған ислам дінін қабылдаған көшпелі ақсүйек қауымының далалық Ертіс өңірінде болғандығын дәлелдейді.

    Сөзімді қорытындылай келе, Май ауданының тарихы – тұңған шежіре, мемлекетіміздің тарихының  өшпес беттері екенін айтқым келеді.

Сонау 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығының туын тіккеніне міне биыл 550 жыл толып отыр. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, былтырдан бері бүкіл ел болып үлкен дайындық жүргізіп келеміз. Бұл дегеніміз, Қазақстан елінің өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді.

Мен болашақта жақсылықтар болады деп сенемін, себебі біз – талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз. «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамай, ел үшін мен не істей аламын?» деген мақсатты ұстатсақ, болашағымыздың кілті өз қолымызда болары анық. Сол кілтпен болашақтың қасиетті есігін ашып, барыс бейнелі еңсесі биік, өзгелермен терезесі тең азаматы, маңдайы жарқыраған бақытты елі боламыз деп сенемін.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: Май елінің тарихы – қазақ тарихының өшпес беттері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2017 930
    • DOCX 47.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксымбетова Сания Манатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксымбетова Сания Манатовна
    Жаксымбетова Сания Манатовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 49913
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе