Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Доклад на тему: "Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдану".

Доклад на тему: "Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдану".

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«АЙНАЛАЙЫН» балабақшасы

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны











Баяндама



Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде

жаңа технологияларды қолдану»













Орындаған: «Айналайын» балабақшасының

тәрбиешісі Курмангалиева С.Т.












Аққу 2016жыл



Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай


Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Сабақта жаңа   технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол
жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет.
біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы

4.Модульдік оқыту технологиясыжәне т.б.

1) Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

2) Тәй - тәй технологиясы.

Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып,орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз,бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып,ата-анамен байланыс нығаяды.Сонымен қатар түрлендіріп  қойылым ойындарын көптеп қолданамыз,бұл ойынның мақсаты бала белгілі –бір бейнені орындай отырып,өзіне деген сенімділік пайда болады.Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның  маңызы зор.

Балабақша: Балаға  жан-жақты білімді, тәрбиені,      ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.

Тәй-тәй технологиясы: Мақсаты: Балалардың өздеріне деген сенімсіздік комплексін жою. Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне дағдыландыру. Балаларды жан-жақтылыққа парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Тәй-тәй технологиясының  қағидалары:
- Отбасының оқу тәрбие жұмысына тікелей қатысуы.
-  Оқу тәрбие жұмысын жекешелеу негізінде балаға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құру.
-  Топта таңдау мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында оқу орталықтарын құру.
«. Белсенділік орталықтары:

Бұл бес орталықтан тұратын ойын алаңы

1. Ғылым орталығы

2.Өнер орталығы

3.Құрылыс орталығы

4.Әдебиет орталығы

5.Желел орталығы


Ғылым орталығы:

Мақсаты: Балалардың ортақ іс-қимылын ояту,қол саусақтарының қимылын дамыту, шығармашылығын арттыру,жан-жақты қызығушылығын ояту.

Өнер орталығы:

Мақсаты:Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту,сезіммен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту.Ұсақ қимыл-қозғалысын,өзіндік шығармашылығын арттыру.

Құрылыс орталығы:

Мақсаты: Балаларға заттарды дұрыс құрастыра білуге үйрету.Балалардың дұрыс ойлауын дамыту, Шеберлігін арттыру.Ұжым болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Желілі ойындар орталығы:

Мақсаты: Балалардың рөлдерде ойнау шеберлігін арттыру, ертегілерді кейіпкерлендіру арқылы сөздік қорын молайту, белсенділігін арттыру.

Көркем әдебиет орталығы:

Мақсаты:

Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,ертегілерді таныстыра отырып,сөздік қорын молайту,тілдерін дамыту.Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу

Балалар игеретін білім білік дағдылары:

- Өзара сыйластыққа түсіне білуге қабілетті

- Айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі

- Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді

Сабырлы болуға,тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді.



3) Монтессори технологиясы.
Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес .
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.

Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп,арнайы бөлме дайындалып жасақталуда.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып,өз беттерінше жұмыстар атқарып,қиыншылықтарды жеңе білуге,еркін ойлауға тәрбиелейміз.

Балалардың  логикалық  ойлау қабілеттерін, әртүрлі   жаттығулар арқылы  дамыта  отырып,  ұйымшылдық, тапқырлық,  ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.    
Монтессори  топтарында  бала  негізінен арнайы   дайындалған  қоршаған  орта.  Монтессори  көрнекіліктердің  көмегімен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Монтессори  педагогикасының  тағы  бір  ерекшелігі  әртүрлі  жастағы  балалар  бір-біріне  кедергі  келтірмейді қайта   бір-біріне  көмектеседі

«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Орталықтар:

  1. Күнделікті өмір жаттығулары

  2. Сенсорлық аймақ

  3. Космос аймағы

  4. Математика

  5. Тіл дамыту аймағы


4) Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;

Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. 

Оны біз қолданатын кезіміз: 

-Сөздік қорын байыту үшін 
-Әнгіме құруға ұйретуге 
-Көркем әдебиетті мазмұндауда
-Жұмбақ жасыру және шешуде 
-Өлең жаттауда 

Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.


«Олар не жейді?» Ойын – жаттығулары.
Мақсаты – сызба бойынша сұраққа жауап беруге үйрету.

hello_html_42369914.gif hello_html_185d8c63.gif hello_html_331f9dca.jpg

«Балалар не істейді?» ойын – жаттығулары.

Мақсаты – суретке қарап шартты белгілерді сәйкестіру. hello_html_m4bf72a03.gif


hello_html_40dd0f12.gif ұйықтайды.

hello_html_m5b8fd1fc.jpg hello_html_m288cf7d0.jpg hello_html_56aeb7d0.jpg ойнайды

hello_html_m43a448af.jpg hello_html_ma88bc25.gif сурет салады.

Көрнекілік арқылы тақпақ жаттау.

hello_html_68d15836.jpg hello_html_79c61fc8.jpg hello_html_284d6d2b.png


hello_html_6a466538.jpg hello_html_495abd68.jpg hello_html_284d6d2b.png

hello_html_5f886ed8.jpghello_html_284d6d2b.png

Көп шар бар, Бес шар бар, Қызыл шар бар.





Жаңылтпаш жаттаймыз.

hello_html_m6bd12597.jpg hello_html_m1b05e5d0.gif hello_html_m1c3f7fa.jpg

hello_html_m1b05e5d0.gif-еуіде hello_html_m6250fdf6.jpg 


Кереуетте төрт бөрік,
Төртеуіде көк бөрік.


Әңгіме құрастыруға арналған тірек – сызбалар.

Мақсаты; Тірек – сызбаларды пайдаланып, шағын әңгіме құрастыруға бейімдеу.

hello_html_2d8ccbc3.jpg hello_html_m6bd12597.jpg hello_html_284d6d2b.png


Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиымды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.


Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Міне,жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді.Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.

Қорытындылай келе,  бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров250
Номер материала ДБ-072011
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх