Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Доклад на тему: "Мәңгілік Ел – это глубоко патриотическое видение Казахстана"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Доклад на тему: "Мәңгілік Ел – это глубоко патриотическое видение Казахстана"

библиотека
материалов

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ – ЖАҢА ДӘУІРДІҢ КЕМЕЛ КЕЛБЕТІ


Оразымбет Алмагүл Дүзубайқызы

Тарих - география пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, Қазалы қ.


Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі

буынның меншігі емес. Ол – өткен

бабалардың алдындағы қасиетті борыш

және келешек ұрпақтың алдындағы зор

жауапкершілік.Біз Тәуелсіздігімізге тәу

етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет

түзеп келеміз.

Н. Ә.Назарбаев


Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын Қазақстандықтардың еңбегі. Оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар. Оның ғылымға, инновациялар мен прогреске әрдайым айқара ашық есігі бар. Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз.

Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы тұрғақ және оған қоса тұрақты әскер пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясы құрылады.

Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. Мұхтар Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.

XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады.

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.«Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея.  Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.

Болашаққа ұмтылған Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанымыз әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналды. Елбасы мен халықтың қол жеткізген жеңісі мен жемісі – әлем назарында. Мемлекет басшысының кешегі Жолдауындағы «Қазақстан – 2050» – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан»,– деген ұлы сөздері ел ертеңіне, ұлт болашағына үлкен міндет жүктейді. «Мәңгілік Ел» жобасы. Ел тарихында біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып танылады. Қазақ елі өткен 23 жылда қыруар іс тындырғанын бәріміз білеміз. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды» – деді Елбасы.

Тарих - шындыққа айналған тағдыр. Әрқилы тағдырдың тоғысып, адамзаттың тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты, түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ тарихына айналады. Сондықтан дүние тегершігі айналған сайын тарлан тарихтың қатпары арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тағдыры мен өркениет тамырын түркілер тарихынсыз елестету мүмкін емес.

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан- 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм — көпұлтты және көпконфессиялық қоғам табысының негізі екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы басты мақсат қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылады.Мемлекет әр азаматтың өмір сапасын, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік бергенде елімізді сүйеміз және мақтанамыз. Осы тәсіл арқылы патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарас оянып, жаңа қазақстандық патриотизм құндылықтары қалыптасады.

Бүгінгі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесін зерттеу, қазіргі қоғамның дамуы үшін, теориялық және тәжірибелік маңызды екеніне күмән жоқ. Патриотизм мәселесімен терең тамырлас, құрамдас болып, байланысты дамитын ұғымдар Отан, ана тіл, жер, ұлттық мәдениет, ұлттық идея, ар-намыс, ұлттық мүдделер және т. б. жатады. Қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани дамуымыздың маңыздылыққа ие болып отырған өзекті мәселелердің бірі — қоғамда патриотизмді қалыптастыру.Азаматтарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу негізгі мәселелердің қатарына жатады. Елдің рухын көтеру, ұлттық мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық сынды қасиет қалыптастыру — тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы үшін айрықша маңызды мәселе Мемлекет Басшысы Жолдауда «Қазақстан патриотизмінің іргетасы — барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі»  — деген болатын.

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен атқарылған дүниежүзілік тарихи маңызы бар  істердің бірі – қырық жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қаупін төндірген Семей ядролық полигонының жабылуы. Адамзаттың қауіпсіздігін, халқының тыныштығын ту еткен Елбасымыз арқасында бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Сонымен біз дүние тарихындағы тұңғыш рет осындай жойқын қарудан бас тартқан мемлекетке айналдық. Бұл орайда, таяуда елімізге келген БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның «Ядролық қаруға ие барлық елдерді Қазақстанның жолымен жүруге шақырамын», деген мәлімдемесі көп жәйтті аңғартқандай. Елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі де бір үлкен батыл қадам. Ұлан-ғайыр даланың ортасында бой көтерген жаңа шаһар – қазақстандықтар үшін зор мақтаныш, ал меймандар үшін таңқаларлық мекен дегім келеді. Соңғы уақытта тарихи және символдық маңызы бар болған оқиға - еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. Қазақстан ТМД - дағы, Орталық Азиядағы  ықпалды да ауқымды еуропалық ұйымға басшылық ететін алғашқы ел болып отыр. Елбасымыз бұны стратегиялық ұлттық жобаларға жатқызып,  еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы өте маңызды жетістігі және елдің артып отырған беделін көрсететіндігі туралы айтады. 

Біздің қоғамда Елбасының жыл сайынғы Жолдауынан жақсы жаңалықтар күту, қоғамның дамуында оңтайлы өзгерістерге қадам жасалатындығына сеніммен қарау дәстүрі қалыптасқан. Биылғы Президент Жолдауы да болашаққа деген сенім ұялататын нақты жоспарлар мен кемел келешектің негізін анықтайтын басты құжат болып отыр. Мәңгілік Ел  - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын биылғы Жолдауда қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, стра­­тегиясы «Қазақстан-2050» бағ­дар­ламасын жүзеге асырудағы негізгі мін­деттер анықталып, Қазақ елін әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосудағы басты жоспарлар мен атқа­рылуы тиіс шаралар айқындалған. Мұ­ны ел бо­ла­шағының тұтқасын нық ұс­тауға жа­салған сенімді қадам деу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі,

2. 2010. Гумилев Л.H.От Руси к России. — М: ООО «ИздательствоАСТ», 2002.

3. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж.

4. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012.

5. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А.,

6. Н.Назарбаевтың Еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011.

7. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғлар. Алматы, 2005.

Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров273
Номер материала ДВ-197100
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх