Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Доклад на тему: "Модульная технология на уроках информатики"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Доклад на тему: "Модульная технология на уроках информатики"

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Ильясова Аяжан Қуандыққызы

Екінші санатты информатика пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев  «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері анық.  Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған  өндірістері үшін  кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі  алысты барлап,  кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Адамды информация (ақпарат) әлемінде өмір сүруге үйрету – білім беру саласының, оқу орнының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы кездерде информатика пәнін оқыту барысында студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, логикалық ойлау қабілеттерін, жан-жақтылықтарын арттырумен қатар олардың түрлі құжаттарды да эстетикалық тұрғыдан безендіріп, қолданбалы бағдарламалар арқылы компьютерде шығармашылықпен жұмыс істей ала білу дағдыларын жетілдіру мүмкіндіктері болып отыр. Информатика – қазіргі замандағы әлемдік ғылымның бірден-бір болашағы бар, айналасына ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарын ұйымдастырып қалыптастырумен қатар дәстүрлі әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, т.с.с. салалардың да дамуына әсерін тигізіп және оларды интеграциялауда зор маңыз атқарып отырған ғылым саласы.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – жастарды жылдам өзгеріп отыратын қазіргі заман жағдайларында кәсіби дағдылары мен өзін-өзі іске асыруға, белсенді де толыққанды өмірге және информациялық қоғам ортасында жұмыс істей білуге дайындау. Ал, осы пәннің оқытылуының өзі педагогикалық тәжірибеде (практикада) бұрын болмаған құбылыс екендігіне байланысты және информатика курсы мазмұнының өзі де тез өзгеріп отыратын болғандықтан заман талабынан қалыспауда оқытушыдан осы салада көп күш жұмсауды қажет етеді.

Информатика қарастыратын проблемалардың көптігіне келетін болсақ, әдеттегі математика мен физикадан басқа, білімнің тарих пен география, химия мен биология, әдебиет, тіл, өнер сияқты бөлімдерінің де мәселелерімен айналысатынын байқаймыз. Себебі, информатика – басқа білім салаларын интегралдайтын білімнің жаңа саласы. Сондықтан, информатика пәнін оқытуды жетілдіру құралы ретінде инновациялық процесстерді дамыту мәселесіне тек осы пән оқытушыларының ғана емес, сонымен қатар басқа да пән оқытушыларының білім алушылар үшін, өздері үшін араласуы – өзінен-өзі туындайтын заман талабы нәтижесі.

Тағы бір айтылатын мәселе: бірінші – информатика пәнінің басқа пәндерден түбегейлі өзгешелігінде, бұл пәнді әдеттегі тәсілдермен бағалау үшін екі-үш сабақтың қорытындысы жеткіліксіз, оған білім алушының міндетті түрде алдындағы сабақтарда өткен материалдарды қолдана білу дағдылары да кіреді; екінші – колледж бітірушілерді ауыл шаруашылығы мен өндірістің кез келген саласында кәсіптік қызмет етуге дайындайтын болғандықтан, информатиканы оқытуда Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру стандарттарына сай өзіндік ерекшеліктері де бар.

Информатика пәнін оқытудың ерекшеліктерінің бірі – компьютерді әрдайым сабақта қолданып отыру. Өзіндік жұмысты компьютерлік технология негізінде ұйымдастыру барысында білім алушының кәсіби біліктіліктері де артады.

Оқытушының қызметі білім беру және білімді меңгеру процесі мен әрекет-тәсілдерін басқару болып табылатындықтан, қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты және оқыту технологиясын таңдаудағы көпнұсқалық қағидаға сәйкес оқытушының өзіне, сонымен қатар білім алушыға ыңғайлы технологияны қолданып, пайдалануы – заман талабы ғана емес, ол – қажеттілік.

Білім беру саласындағы озық технологиялардың бірі – модульдік оқыту технологиясы. Логикалық жағынан алғанда модуль дегеніміз – бір жүйенің бір дербес бөлігі. Мысалы, техника саласында ол – жеке немесе басқа құрамда пайдалануға болатын тетікбөлшек (дөңгелек, поршень, электр шамы, т.б.), компьютерде – қоректендіру блогы, жедел жад, процессор, винчестер немесе қолданбалы бағдарлама және т.б. болуы мүмкін. Ал қызмет жүйесінде модуль – қызмет алгоритмінің әр қадамы. Мысалы, сандық жасағанда оның модулі мынадай болар еді:

  • 1 модуль – тақтайды қажетті өлшемдер бойынша кесу;

  • 2 модуль – кесілген бөлшектерді өңдеуден өткізу, үйлесімдіктерін тексеру;

  • 3 модуль – дайын бөлшектерді біріктіру;

  • 4 модуль – сандықты бояу, түр-түсін келтіру;

  • 5 модуль – дайын өнімнің бағасын анықтап шығару;

  • 6 модуль – сандықты өткізу, сату.

Егер осы жұмыс барысында үш адам жұмыс істеген болса, бірінші адам 1, 2 модульдерді, екінші адам 3, 4 модульдерді, ал үшінші адам 5, 6 модульдерді немесе басқаша комбинацияда ақыры осы модульдерді орындаған болар еді. Көзге көрініп тұрғандай, соңғы екі 5, 6 модульдерді ұста емес адам да орындай алады. Яғни, бір модульді әр салада қолдануға болады екен және бұл салалар ұқсас емес те болуы мүмкін.

Ал, білім беру саласында В. М. Монаховтың үлгісі бойынша оқытудың модульдік технологиясы – оқытудың бүкіл оқу жылындағы оқу көлемі мен оқыту әдістемелерін өзінше қамтитын нақты мәселелері бар мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесс.

Сонымен, әр модуль тәуелсіз түрде әртүрлі салаға сай келуі мүмкін, яғни түрлі саладағы модульдерді өздерінің ерекшеліктеріне сәйкес комбинациялауға болады.

Модульдік технология этаптары:

  • Оқыту процесін зерттеу;

  • Оқу материалдарын логикасы, бас-аяғы бар аяқталған порцияларға – модульдерге бөлу;

  • Осы модульдердің бір бірімен логикалық, психологиялық байланысын аңдау;

  • Мемлекеттік білім стандартына негіздеу.

Әдетте студенттер топ-топқа бөлініп оқытылады және әр топ әртүрлі модульді зерттеп жатуы мүмкін.

Модульдік технологиямен оқыту үшін қажетті материалдар:

  • Басты модульдік құжат (мақсаты, құрылымы, ұзақтығы);

  • Әр модуль бойынша құжат (мақсаты, құрылымы, ұзақтығы);

  • Осы модульдерді сипаттайтын оқу материалдары (конспект, оқулық, әдістемеліктер, техникалық құралдар, сабақ түрлері, т.б.).

Білім стандарты бекіткен оқу материалын білім алушылардың толық меңгеруін қамтамасыз ету үшін модульдер оқу бағдарламасында берілген сағат санына сәйкес құрылады.

Басты модульдік құжат мынадай болуы мүмкін:

Басты мақсаты:

  • Білім алушыларға ғылыми-дүниетанымдық негіз қалыптастыру;

  • Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Студенттерге ақпараттандыру құралдарын, ақпараттандыру технологияларын меңгерту;

  • Оларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау.

Графикалық құрылымында барлық модульдер және ондағы сағат сандары көрсетіледі, бұдан басқа кіріспе және қорытындылау сабақтары санымен қоса барлық оқу көлемі көрсетіледі.

Мысалы, информатика пәніне берілген 64 сағатты (кіріспе мен қорытындылауға – 2 сағат) төмендегі модульдерге бөлуге болар еді:

  1. Программалық жабдықтамалар – 8 сағат;

  2. MS Power Point презентациясы – 8 сағат;

  3. Visual Basic визуальды бағдарламасы – 19 сағат;

  4. Ақпараттық жүйелер – 5 сағат;

  5. MS Access деректер қоймасы – 11 сағат;

  6. Internet желілері – 5 сағат;

  7. Web құру негіздері – 6 сағат.

Бұдан соң әр модуль бойынша мақсаты, құрылымы, ұзақтығы көрсетілген құжат жасалынады. Мысалы, 6-модуль құжаты мынадай болуы мүмкін:

Басты мақсаты:

  • Білім алушыларға интернет желісі туралы түсінік беру;

  • Студенттерді желіде жұмыс жасай білуге үйрету және олардың ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

  • Оларды тиянақтылық пен ұқыптылыққа баулу.

Бұл модульдің де графикалық құрылымында тақырыптар және сағат сандары көрсетіледі, әдетте әр модуль бақылау жұмысымен немесе қайталау сабағымен қорытындылады (қосымшада басты модульдік құжат пен 6-модуль құжаты мысал ретінде келтірілген).

Студенттерге белгілі бір уақыт ішінде орындалатын әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар және сабақ модульдерінің сипаттамаларын беріп, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы негізінде олардың білімін объективті түрде бағалауға болатындықтан, заман талабына сай оқытудың түрлі жаңа технологиясының бірі – модульдік оқыту технологиясын информатика пәнін оқытуда да қолдануға болады.

Оқытудың тиімділігін арттыруға және тұлғаның танымдық пен шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сайып келгенде студентке тәрбие мен білім беруге осы модульдік оқыту технологиясы информатика пәні бойынша қолайлы деп есептеймін.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары.

  2. А. Ф. Андреева.Нормативные инструкции для структуры модульных учебных планов.

  3. Н. Ермеков, т.б., Информатика. Оқулық. «Жазушы», Алматы, 2003 жыл.

  4. Лабораториялық практикумдар. Білім беру саласын ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.


Қосымша



БАСТЫ МОДУЛЬДІК ҚҰЖАТ

Басты мақсаты:

  • Білім алушыларға ғылыми-дүниетанымдық негіз қалыптастыру;

  • Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Студенттерге ақпараттандыру құралдарын, ақпараттандыру технологияларын меңгерту;

  • Оларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау.

Графикалық құрылымында барлық модульдер және ондағы сағат сандары көрсетіледі, бұдан басқа кіріспе және қорытындылау сабақтары санымен қоса барлық оқу көлемі көрсетіледі.


ИНФОРМАТИКА

1 модуль


Программалық жабдықтамалар 8 сағат

3 модуль

Visual Basic визуальды бағдарламасы 19 сағат

5 модуль

MS Access деректер қоймасы

11 сағат

7 модуль

Web құру негіздері

6 сағат


2 модуль

MS Power Point презентациясы 8 сағат


6 модуль

Internet желілері

5 сағат




















4 модуль

Ақпараттық жүйелер

5 сағат












  1. Кiрiспе – 1 сағат;

  2. Қорытындылау – 1 сағат;

  3. Барлық оқу көлемi – 64 сағат.





6-МОДУЛЬ ҚҰЖАТЫ

Басты мақсаты:

  • Білім алушыларға интернет желісі туралы түсінік беру;

  • Студенттерді желіде жұмыс жасай білуге үйрету және олардың ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

  • Оларды тиянақтылық пен ұқыптылыққа баулу.

Бұл модульдің де графикалық құрылымында тақырыптар және сағат сандары көрсетіледі, әдетте әр модуль бақылау жұмысымен немесе қайталау сабағымен қорытындылады.


6 модуль - 5 сағат

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІЛЕРІ

Тақырып 1


Интернет сервистері

Тақырып 3


Іздестіру жүйелері.

Интернеттен ақпарат іздеу.

Тақырып 5


Қайталау

Тақырып 2


Интернетте жұмыс істеу



Тақырып 4


Электрондық пошта
































Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров125
Номер материала ДВ-195911
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх