Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Қ. О. Бітібаева технологиясының жаңашылдығы мен өзектілігі"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Доклад на тему "Қ. О. Бітібаева технологиясының жаңашылдығы мен өзектілігі"

библиотека
материалов

Әдебиет сабағы - ой сабағы,ойлау сабағы,ойланту сабағы. Ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет», - дейді ұстаз .

Сабақтың өн бойында, әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда» белгіленген ауқымды мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.

Ұстаз тәжірибесінің тағы бір ерекшелігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы–субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады. Оқушының оқу-танымдық қызметі теориялық білім, білік, дағдылар мен ақыл-ой әрекетін меңгеруге, өз әрекетін жүзеге асырудың жолдарын негіздеу, белгілі бір топтағы тапсырмаларды шешу арқылы жалпы әдісті, ұстанымды игеруге бағытталады; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушы-зерттеуші, ғылымды меңгеруші ғана емес, сол «ғылымды қайта жасаушы». Осы тұрғыдан келгенде, оқушының оқу-танымдық қызметі ғылыми танымның баламасы ретінде көрінеді.

Зерттеу барысында бала ережелер мен заңдарды енді өзі қайта жасап, қайта жүйелейді; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушының өзінің қызметіне, әрекетіне деген сыни көзқарасы қалыптасады. 
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Білім беру жүйесіндегі қайта құрудың негізгі бағыты – жеке тұлғаның дамуы. Оқушы тұлғасының рөлін жоғары көтеру тәсілі бүгінгі қазақ әдебиеті сабағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың басты ұстанымдарының біріне айналып отыр. Бұл ұстаным оқыту жүйесінің әрбір компонентінде көрінеді. Ол оқыту мен тәрбиелеу мақсатын байланыстырады, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда бірыңғай оқу-тәрбие педагогикалық үрдістердің тәсілдері мен жағдайын сипаттайды. «Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» деген ұлы Абай сөздерін ұстаным еткен ұстаз, «Ғылым таппай, мақтанба», «Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп, дарынды шәкірттерін ғылым-білім нәрімен сусындатудан жалықпай келеді. Жаңашыл ұстаздың өз ізденісінен туған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мақсатындағы «Билер кеңесінің отырысы», «Мен-зерттеушімін», «Пікір қорғау», «Кіші зертханадағы ғылыми кеңес», «Ұлылар үндестігі», «Жобалар сайысы», «Шешендік турнирі», «Консилиум», «Сөз жарысы», «Өнер жарысы», «Есеп беру сабағы» деген түрлерін кезіктіруге болады.

Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми зертханасы оқушының, ұстаздың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға негізделе отырып: 

- іс жүзінде болашағы бар білім беру мақсатын жүзеге асыру; 

- әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау; 

- білімді меңгерудегі өз жетістіктерін бағалаудың, өз білімдері мен іскерліктерін дамытудың жолдарын анықтау;

- әрбір оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістік деңгейін бағалау мүмкіндігін беру; 

- оқушының әлеуметтік біліктілігін қамтамасыз етумен шұғылданады.

Ойлау-шәкірт тарапынан болатын әрекет,яғни олардың қабылдау,түйсіну, көркем шығармамен қауышуы.

Ойланту- ұстаз тарапынан болатын іс-әрекеті.Лирикалық шығарманы оқыту үдерісінде оқушының әсері, түсінігі, эмоциясы алдыңғы кезекке қойылады. Ойланып көрейікші, неге біз оқушыларға оқулық авторларының түсінігін қайталатамыз, өз айтқанымызды мазмұндатамыз? Өз ойы, өз пікірі бар ғой. Біз адам отырғанын ұмытып кетеміз. Бұл іс-әрекеттің маңызы неде? Біріншіден, оқушы өзі ойланды,лған әсерін ,шығарманы қабылдауын айтуға дағдыланды. Екіншіден, мұғалім түсінігі, берген біліммен балаң түсініктерін толықтырады. Нені түсінбегендерін барлайды. Үшіншіден, оқулыққа жүгіне отырып, білімін ары қарай білімін толықтырады, ал басқа да ғылымдар пікірі, ойы олардың дүниетанымын кеңейтіп, білімдерін тереңдетеді. Бұл үрдіс төменгі сыныптан басталуы керек. Қ.О.Бітібаеваның авторлық технологиясының озі ойлау және ойланту болса, бұл технология негізін бастауыштан алса, артық болмайды.

Мысалы,5-сыныпта «Күз»өлеңі оқуға, талдауға ұсынылады.Мұғалім алдын ала оқып, танысуға береді.

1. Өлеңді асықпай 2-3 рет оқы. Түсінбеген жерін белгілеп қой.

2. Өлең не жайында? Ақын не айтпақ болған?

3.Қалай ойлайсың , өлең қандай көңіл- күймен жазылған?(Соңғы шумаққа көңіл қой.)

«Аялдама» стратегиясы бойынша топтық жұмыс түрі.

1-топ «Күзбен сырласу»шағын әңгіме жазу.

2-топ «Күз тартуы» мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

3-топ «Күз.Кеше және бүгін.» салыстырмалы талдау.

Күз көрінісін ерекше ашып тұрған бейнелі сөздерді тап. Жалпы, күз суретін беретін сөздерді іріктеп ал.Күзбен бірге кімдердің суреті бейнеленген?Олардың іс-әрекетіне назар аудар.

Тапсырма екі түрлі сипатта болады:

1. Шәкірт сезімі, эмоциясын барлау мақсатында(ақын өлеңімен қауышу)

2.Өлеңді талдау, білімділік, танымдық мақсатындағы.

Мысалы:Осы негізге тапсырмалар беріледі.

А)Өлең өзіңе қалай әсер етті? Қайдай сезімде болдың?(қуану, көңілсіздеу, ренжу.)

Б) Ақын осы өлеңді қандай көңіл- күйде жазды? Ол туралы не айтар едің?

Өлең талдауда қосымша сұрақтар:

1. Күз суреті қай шумақтарда берілген?

2. Күз көрінісін, әсіресе, қай сөздер бейнелеп тұр?

3.Өлеңде күз ғана берілген бе?

4.Адам туралы не айтар едің? Жан-жануар қай шумақта берілген?

5. Ақын ойы қай шумақта көрінеді?

Ұйқастүрі- қара өлең ұйқасы.

11буынды, әр тармағы 3 бунақтан тұрады.

Мұндағы мақсат не? Оқушылар- тыңдаушы, ақпарат қабылдаушы емес. Білімді өз еңбегімен алушы.

Мұғалім- білім беруші ғана емес,ұйымдастырушы, кеңесші.Ақынның қай өлеңін алсақ та ерекше бір үйлесім жанды тербеп, сезім қылын шертеді. Сол себептен де Абай жырларын тақырып-тақырыппен жіктемей тұрып,жалпы шолудан бастау керек.Абайдың поэзиясын оқыту-оның өзін оқыту.

Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бойынша өткенде мұғалім үйге тапсырмалар беруі тиіс. Ол тапсырмада мұғалім алдын ала өлеңді үйден оқып келу,өзбетімен талдау жасату еркіндігін беру керек. Негізгі мақсат-өтілетін жаңа сабаққа байланысты мәтінді алдын ала оқыту арқылы ойланту немесе ойлау , өз еңбектерін көреміз. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде ақын балаларын оқытуды өзгелерге үлгі етіп ұсынады. Осында айтылатын ұстаз ойының бүкіл мақсаты бүгінгі заман жастарына да тікелей қатысы бар десем артық кетпеймін. Қазіргі нарық қыспағына қарамастан, «Интернатта оқып жүр» өлеңіндегідей, «жаңа өспірім, көп өрім», «талай қазақ баласының», жоғарғы оқу орнына түсуге талпынысы азайған жоқ. Бірақ көпшілігінің мамандық таңдаудағы ой-өрісі Абай заманындағы баяғы заң, баяғы сот, билік айтар тұстан аса алмай келеді. Оған енді келіп нарық заманының бизнесмен, маркетинг, менеджмент сияқты «модный» мамандықтары қосылады. Ал бүкіл ел экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына қажет, материалдық дүние өндіретін салалардың инженер-технологтары мен агрономдарын «таңдауды» орташа оқығандардың үлесіне қалдырып отырған жоқпыз ба? Үміт артар жастарымыздың бәрі бірдей тойшы болса, қойшы кім болмақ?

Өлең бойынша: - өлең қандай көңіл-күймен жазылған?Кімнің атынан айтылады?

-Ақынның айтар ойы туралы не айтар едің? Сол ойды ,әсіресе, өлеңнің қай жолы айқын көрсетіп тұр? (Мәтіннен үзінді оқу)

-«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»деген өлең жолын қалай түсінер едің?

Өлең жолдары

Көңіл-күй ауаны

Дауыс ырғағы

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Өкініш, мұң, бітпес арман, күрсініс.

Терең сезіммен асықпай, орташа еппен, екпінмен оқыту

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім

Еңбегіңдң білерлік еш адам жоқ

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім

Мақтану,

Дәріптеу,өкініш, тыйым салу, белгілі бір шешімге келу.

Қатаңдау, жоғары екпінмен сенімді түрде



Мәнерлеп оқу- әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.Мақсаты: оқушылардың көркем шығарманы эмоциялық- эстетикалық жағынан әсерін сезіндіру, жан беру,сөз бояуларын нақышына келтіріп, сезе білу.Бұл өлеңде де ,әр сөзіне мән беру,ұға оқу, ақын сезімін түсіну, сөздерді дұрыс қолдана білу, оның қуатын, сұлулығын сезіне білуге жетелейді.

Абайдың табиғат лирикасы.(Топтық жұмыстар.) «Жаз». «Қыс». «Күз». «Жазғытұрым».

Абай орыс әдебиетінің дәстүріндегідей , табиғатты тіршілікпен ,жанды дүниемен біріктіре суреттей отырып, әлеуметтік мәселені де көтерді.Міне, осы мәселенің барлығыноқушыларға жан-жақты терең, әрі ғылыми түрде жеткізу үшін барлық әдіс-тәсілдерде саралады. Оқушы топпен де, жеке, барлық ұжыммен ауқымды жұмыстар жасайды.

«Ойлау және ойланту» технологиясы негізіндегі тапсырмалары:

1-топ «ЖАЗ»өлеңі

2-топ «ҚЫС»өлеңі

3-топ «КҮЗ»өлеңі

Жаздың суреті, өлең жолдарымен беру.

Өлеңдегі табиғат көріністері қалай бейнеленген?

Ақынның көңіл-күйі сезіле ме?

Өз көңіл күйің қалай? Суретте.

Қысты кімнің бейнесінде суреттеген?

Қандай іс-әрекет бар?

Қыс келбетін суреттеу үшін қандай теңеулер қолданған?

Күз суреті қалай суреттелген?

Ерекше ашып тұрған жолдары қайсы?

Қайдай көңіл-күй сезінесің?



1. «Постер» әдісі арқылы үш топ қорғайды.

Мақсат:бала ойланады, ойлайды, қорытынды шығарады.

2.Оқушы- орындаушы, тыңдаушы, жеткізуші.

6-сыныпта оқу-білімге шақырған біршама өлеңдері бар. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Құлақтан кіріп бойды алар» т.б.Мұғалім, мысалы, «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»өлеңін оқытуда, немесе талдағанда мынандай мәселеге назар аударуы керек. Көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғыдағы өлең. Өлең - ермек емес, өнердің басы. Зерттеуде негізгі мазмұнға мән беріп, өзгертпей, талдау қажет.

А) Өлеңнің әр шумағындағы ақын ойы, айтар пікірі.

Б) Мазмұнын саралап жеткізудің тиімді жолын табу.

В) Мұғалім мен оқушының бірлесе отырып талдауы.

А)Ақын ойы, айтар пікірі

«Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы»өлеңі

Шумақ реті

Шумақтағы берілген ой

Тілмен көркемдеу

1-шумақ

Өлеңге берген баға , оның қасиетін жырлауы, өлеңге қояр талабы

«Өлең –сөздің патшсы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер дансы», «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келуі»

2-шумақ

Тіл тазалығын ұсынуы,Ақын мен тыңдаушыға сын.

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,ол- ақынның білімсіздігі, бейшаралығы»

3-шумақ және 4- шумақ

Құранды, Мұхаммд пайғамбардың сөзін құптап оқыған ғұламаларды үлгі ету.Бұлардың бәрінің де өлеңді қадірлегенін жырлауы.

«Қисынымен қызықты болмаса сөз, неге айтсын пайғамбар мен Алласы»

5-шумақ

Өлең қандайболу керек,

Оған қояр талабы

«Іші алтын, сырты күміс сөз патшасы»болуы керек

6-7 шумақ

Бұрынғы ақындар ескі билерді сынауы- елді қадірлемеушілікке сын.

Ескі биді мақалдап сөйлеуі, ақындар ақылсыз, надан келуі, көр- жердіжырлауы. Қайыр сұрау, мал үшін мақтау айту, тілбезеу. Өлеңнің қадірсіз, былжыраққ айналуы.

10-11 шумақ

ӨЗінің ақындық мақсатын, мүддесін айтуы,тыңдаушыға қояр талабы.

Ескі бише мақалдау, мал үшін зарламау. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен детүзел»

12-13 шумақ

Ақыл сөзге ынтасыз елді сынады

«Кісімсінген, жеп кетер білімсіз көп,»мақтан қуған , мал құмар нені ұға алсын; терең ой, терең ғылым іздемейтіндер. «Өтірікті, өсекті жүндей сабаушылар»



Б)Өлеңді оқушыға жеткізу жолы



Өлеңнің негізгі ой түйіні

Әдістер, оқу әдістері

Сөз асылы, патшасы- поэзия.

Түр мен мазмұн бірлігін ұсыну


1.Мәтінді мәнерлеп оқу.


2. Өзіндік жұмыс. Өлеңге берген баға мен оған қояр талпты сұрыптап алу, түсіндіру.

Тіл тазалығын көтеруі.

Айтушы ,тыңдаушыға сын.

Шағын пікірталас. «Тілтазлығын ұстаған ақынның кейбір өлеңдерінде неге арб, парсы, орыс сөздері кездеседі?»(«Интернатта оқып жүр» т.б.)

Құран сөзін, пайғамбар сөзін үлгі ету. Олардың да сөзін ашып айтуы.


1Ғылыми материалдар бойынша жұмыс. Түсіндірмелі оқу.

2. Сұрақ- жауап.

Өлеңге қояр эстетикалық талап «іші алтын,сырты күміс»

Өзіндік жұмыс.Іштей оқу.сұраққа мәтіннен жауап әзірлеу. Сұрақтар:

1. Неге өлеңнің іші алтын, сырты күміс?

2.Ақынның өлең сөзге қояр осы талабына қалай қарайсың?

Ақындық мақсат, мұраты, бағдарламасын ортаға салу.

1. Дискуссия элементі бар шағын пікірлесу.

2.Абай неге «ескі билер»мен «ескі ақынша бос мақалдап. Бос зарлаптұрмаймын дейді?»

Бұрынғы ақындар ескі билер сөзін сынау

1. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деген пікірін қалай түсінесің?

2. «Сөз түзелді»дегенде, ақын не айтпақ болған?

Ел жайын, терең ой мен ғылымды ойламай, өтірік пен өсек мақтан қуғандар, мал құмарларды сынауы

1.Мәнерлеп оқу.

2. Сұрақ-жауап.

3. Сөз өнерін, ел жайын, оның ұнамсыз сиқын неге сөз еткен.

Қорытынды,білімді бекіту, тұжырымдау.

1. Ғылыми еңбекпен топтық жұмыс.М.Әуезов, «Абай Құнанбаев»монографиясы



Абайдың осы тақырыптағы өлеңін оқытудың тиімді жолын іздестіргенде, ең алдымен, әр өлеңін негізінде жатқан ой, ақындық шеберлік, түйінді дәнді саралап алу керек.


Мақсатқа жету технологиясы: саралау, анализ, синтез, жүйелеу,өзіндік баға беру.



«Концептуалдық кесте.» әдісі бойынша оқыту әдістемесі: «Ғылым таппай мақтанба.»өлеңі.


1 .Өлеңдегі түйінді ой,басты элемент

2. Әдіс-тәсілдер,оқу амалдары (Сұрақ- жауап,Оқушы мен мұғалім түсінігі, шағын пікірлесу)

3. Оқу жабдығы (Дидактикалық материалдар)



Шығарма атауы

Асыл іс

Дұшпан

Тәрбиелік мәні

«Ғылым таппай мақтанба»

Талап,

Еңбек,

Терең ой,

Қанағат,

Рақым

Өсек

Өтірік,

Мақтаншақ,

Еріншек,

Бекер мал шашпақ

Жамандық көрсең, жирен.

Жақсылық көрсең, үлгі ал.

Ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне ерсең, дүние де өзі, мал да өзі т.б.

 

«Семантикалық карта»әдісі.


 

Мағына

өсек

өтірік

мақ

таншақ

еріншек

мал шашу

та

лап

еңбек

терең ой

қанағат

Ра

қым

Қызығушылығы жоғары, ізденгіш

 

 

 

 

 

 

  +

 

 

 

 

Адамгершілік қасиетке бай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  +

Сөз өрбіту, бірді-бірге шағыстыру

 

  +

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шамадан тыс кеуде, көкірек

 

 

 

  +

 

 

 

 

 

 

 

Пара беру, сатылу, санасыздық

 

 

 

 

 

   +

 

 

 

 

 

Арыдан болжау, сана-сезімі мол

 

 

 

 

 

 

 

 

   +

 

 

Барға шүкіршілік

 

 

 

 

 

 

 

 

  +

 

Ағылған бос сөз

 

 +

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалқау, арамтамақ, жеңіл жол

 

 

 

 

  +

 

 

 

 

 

 

Тыным таппайды, уақытын бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 +

 

 

 

 

Сабақ барысында оқушылардың барлығы белсенділік танытып, бірінің ойын бірі тыңдайды, бір-бірінің тапқырлығына қызығады.Мұндайәдісте ешкім қалыс қалмайды.н ойларын ауызша айтуға көшеді. Бұл жерде тіл байлығы артады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы жұмыс.

1-топқа Өлең ұнады ма? Егер ұнаса несімен ұнады?

2-топқа Қандай ақыл-кеңес бар? Өзіңе мәтіннен ақыл- кеңестерді жинастырып көр.

3-топқа «Сөзіңе қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» мағынасын түсіндіріп көр.

Өлеңнің өзіндік ерекшелігі –ақынның басқа өлеңдеріне қарағанда ұзақ әрі ақыл-нақылға толы афористік мәнділігінде , олардың тәрбиелік мәнінің қуатында.

Сабақ барысында өлеңді мәнерлеп оқытып, өлең ішіндегі түсініксіз сөздерге талдау жасату, яғни сөздік жұмысының мәні зор.

Жаңа сөздер:

Нафрәтлі – жеркенішті

Ғибрәтлі – үлгілі т.б. Тапсырмалар: 1. Оқу. Талдау. Табу.

Абайдың бес дұшпаны-?

Абайдың бес асыл ісі-?

Өлеңді талдау:

Өлеңнің мазмұны

Өсиет, ақыл-нақыл сөздер

Ғылым іздеуге шақыру

Ғылым таппай мақтанба,

Құмарланып шаттанба.

5 нәрсенің жақсы ,жаманы

1. өсек, өтірік, мақтану, мал шашу, еріншектік, 2. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Ғылымға берілу жолы

Болмасаң да ұқсап бақ

Жастарға айтар өсиет

Сөзіне қарап , кісіні ал

Кісіге қарап, сөз алма.



Ойланту сұрақтары: «Ғылым» -- «Ғалым»сөздерінің мағынасы қандай?

Жаңа сабаққа оқушыларды осындай дайындықпен әкелудің маңызы ерекше, ол тәжірибе жүзінде де дәлелденуде. Оқушы жай тыңдаушы, білім дайын күйінде ғана алушы емес, білімді өз ізденісі, өз зерттеуі, болжауы, өз еңбегі арқылы алушы.Ең бастысы –бала пікірі, оның ойы, талғамы бірінші кезекте тұрады.Сабақта оқушылар –пікірлесуші, дәлелдеуші,әдеби таластың белсенді қатысушы.

Ақынның қай өлеңін алмайық,ерекше бір үйлесім жанды тербеп,сезім қылын шертеді.Сол себептен Абай жырларын толығымен жіктемей өткізуге болады.

Ұлы ағартушы өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, жаулықты, надандылық пен қараңғылықты көрді, мұның бәрі қазақ халқын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпалын тигізеді деп білді, ал ұлы ағартушының бар үміті – жастар еді, сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қарсы майданға шықты.

Қ.О. Бітібаеваның ойлау, ой қозғау, ойланту технологиясы білімді гуманистік бағыттадамыту идеясынмен ұштасып жатыр:

Шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

Алған білім, дағдыларын келешектегі өмірлеріне қолдана отырып, қөздерін жеткізу;

Оқушылардың жұмысты еркімен, қалауымен орындау

Түрленген технологиядан байқағаным оқушы болсын, тұлға болсын, қарапайым нәрседен ой түйіп, қиялға шомады . Өзінің ойын еркін жеткізе отырып, жаза да алады. Оқытудың тиімділігі артады. Оқушылар тек тақырып төңірегінде ғана емес, көбірек ойланады. Дегенмен , қазіргі кездегі білім беру мақсаты оқушыларға

барынша көп ақпараттар беруде ғана емес, сонымен қатар оларға өзіндік ақпараттарды тауып қолдануға үйретеді.



Мектеп- рухани өмір ұясы, ал мұғалім- оқу мен тәрбиенің мазмұны мен формасын тиімді тәсіл арқылы қалыптастыратын бірден-бір тұлға десек, осы нәтижеге жету үшін талмай іздену керек, шаршамай шығармашылықпен айналысу керек.

Әдебиетті оқыту , әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жеңіл емес, ол оқытушыдан білімділікті , іскерлікті, іскерлікті, жаңашылдық пен шығармашылықты қажет етеді.







































































Пайдаланған әдебиеттер:

1.Өмірәлиев К. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. Алматы: Өнер, 1995 ж.

2. Абайды оқы,таңырқа Алматы:ана тілі,1993

3.Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы. Қ.О. Бітібаева Өскемен қаласы.2013 жыл.

4. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.Алматы. Жазушы, 1996 жыл.

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал»2008-2009 жыл.

6. Оқыту- тәрбиелеу технологиясы.







 











Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-000113

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"