Инфоурок Математика Другие методич. материалыДоклад на тему " Оқыту мен оқуда формативті бағалаудан пaйдалана oтырып, oқушылардың тaнымдық қaбілетін aрттыру."

Доклад на тему " Оқыту мен оқуда формативті бағалаудан пaйдалана oтырып, oқушылардың тaнымдық қaбілетін aрттыру."

Скачать материал

 

 

Оқыту мен оқуда формативті бағалаудан пaйдалана oтырып,  oқушылардың тaнымдық қaбілетін aрттыру.

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді.

         Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бері барлық саладағы өзгерістер білім саласында-да  өз әсерін көрсетті. Қазіргі ақпараттық қоғамда табысты өмір сүру үшін оқушылар, жастар мән-жайды түсініп,тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет.  Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде,мектеп көшбасшыларына педагогикаға  өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогиканың жаңа нысандарын игеруға түра келеді. (1-деңгей нұсқалық , 7-бет).

     Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ-съезінде Елбасы Н.НазарбаевҚұрылымдық өзгерістер мұғалімдер кадрлерін әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формациядағы педагог қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен жоғары болуы тиіс – бұл уақыт талабы ”, - деп атап көрсетті. Қазіргі кезде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді. Мұғалімдер сабақтарға жеті модулді кіріктіру, мақсат мен табыс критерийлерін белгілеу,орта және қысқа мерзімді жоспар түзу, оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру, белсенділігін арттыру, формативті бағалау арқылы қадағалау және интерпретация дағдыларын дамыту саласында жұмыстарды атқарған жағдайда , біз үлкен сеніммен интеллектуал тұлға тәрбиелеуміз мүмкін. Оқушыларды оқытуда ХХІ ғасырдағы мұғалім қандай іскерлік дағдыларды алдымен өзі игеруі қажет, қалай игеру қажет, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйретуі үшін өзі нені білуі керек? деген мектеп, мұғалім, ұжым үшін ортақ  мәселелерден  маңыздылығы түсіне алуымыз қажет. Сабақ  барысында оқушыларға дербес болуға мүмкіндік беру, оқушылардың оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болатыны туралы кеңес беру стратегиялары бойынша түсініктеме қалыптастыру,   мұғалімнің «ашық» және «жетекші»   сұрақтарды қолдануы, сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын тапсырмалар беруі, табысты оқытуға қол жеткізу үшін бағалауды тиімді қолдануды жүзеге асыруды жоспарлау арқылы оқыту мен оқу саласына өзгеріс еңгізу мүмкін.

Біз осы кезге дейін білім беру жүйесінде жиынтық бағалауды қолданып келдік. Ал ағылшындарда бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылады екен. Бұл бағалау «Оқыту үшін Бағалау» немесе «ОүБ» деп аталады. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру арқылы  әрі қарай оқытуға жетелеу. Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын нақты көрсетіп, толықтырып қайта оқуға бағыттау. Біздің мұғалімдердің арасында осы кезге дейін «Саған «4+» немесе «саған 5-» деп айтылатын ауызша бағалау жиі кездеседі. Формативті бағалау осындай «4+» беске және «5 -»-ті де толық беске жеткенше жетелеу, яғни бала білімін одан ары жетілдіре түсу болып табылады.  1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға  мынадай анықтама берді: Оқыту үшін бағалау -бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (1-деңгей нұсқалық , 25-бет). Демек  бұл бағалау тәсілінде  тек мұғалім бағалаушы болып қалмай, оқушылар өзін-өзі және сыныптастарын бағалауға-да тартылады.Нәтижеде оқушылар өз оқыун жақсартуға ұмтылып, оқу үдерісіне қызығушылық танытып қатысады.  Мемлекетіміздің ең үлгілі білім ошағы атанған  Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту мен оқуды бағалаудың жаңа әдістері біздің мектептерде-де қолданылса, білім берудың сапасы жақсарады, асіресе оқушы өз іс-әрекетінің әрбір сатысын өзы бағалай алады. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді. Осы орында оқушылар арасында  өзін өзі бағалау және сыныптастарын бағалау стратегияларын қолданылуы оң нәтижелер береді. Төменде өзара,  өзін-өзі және қалыптастырушы бағалаудың негізгі қағидалары жайлы атап өтсем:

 

1.  Оқушыларды баға қоюға тарту:

Оқушылар оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарына сәйкес өзіне де, сондай-ақ сыныптастарына да баға қоя алады. Бұл критерийлерді сабақ барысында жаттығу ретінде беруге болады; бұл жаттығу мұғалімнің оқушылардан не күтетінін айқындап, оқушыларды өздерінің жұмыстарының осы үмітке сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді. Сыныптастары бағалайтын оқушының жұмысын жақсартудың амалдарын одан әрі дамытуға арналған бағыттарды анықтау тапсырманың мақсаты болып табылады.

 

2.  Топтарда баға қою:

Өзін өзі бағалаудың орнына кей жағдайларда топтарда баға қоюды қолдануға болады. Жақын арада аяқталған жұмыстарға ерекше назар аударып, топтың мүшелері бір-біріне белгілі бір критерийлерге сәйкес жұмысты бағалауға көмектесулері, сондай-ақ жетілдіруге арналған тәсілдерді ұсынуға тиісті. 

 

3.  Жеке бағалау парағы:

Жеке бағалау парағын сабақтың кейбір элементтеріне арнап әзірлеп, оқушылардан жұмыстарының белгілі бір критерийлерге қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы ойлануды сұрауға болады. Осы тұрғыдан алғанда олар нәтижені жетілдіру үшін оқушыларға не істеу керектігін көрсетуі қажет.

 

4.       Жұптарда өзара бағалау

Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң  жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға  бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.

 

5.       Топтардағы өзара бағалау

Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді,  олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан  тұрмауға тиіс.

Оқушыларға алдымен өз бетінше жеке орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады  (мысалы, бес минут ішінде).

Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:

Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?

«Үздік жауаптың» топтық  идеясы.

Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?

Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.  

          Сабақ соңында бұл бағалау тәсілдері туралы  оқушыларыңыздың пікірін сұрасаңыз  болады.

Мысалы, Сіз өз  сұрақтарыңызды қосып, смайликтерді не цифрларды пайдалана аласыз.

1) Төмен сыныптағы оқушылар үшін смайликтерді пайдалана аласыз, оларды дөңгелетіп немесе бояп белгілейді.

 

Мен өзімді былай сезінемін

Өз жұмысымды өзім бағалағанда                                  J                       K        L

Өз достарымның қасында болғанда                              J                       K        L

 

2) Немесе жоғары сыныптағы оқушылар үшін сандарды пайдаланыңыз

 

Сіздің әрбір қызмет түрінен қаншалықты көп білгеніңізді сипаттайтын санды дөңгелетіңіз:

 

 

Мен көп нәрсені үйрендім 

Мен аз нәрсе үйрендім

Мен ештеңе үйренбедім

Өз жұмысымды бағалағанда

3

2

1

Өз бетімше жұмыс істегенде

3

2

1

 

 

ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ӨЗІН ӨЗІ РЕТТЕУ

 

 

Оқушылар не істеуі керек

Пайымдауларды қалыптастыруға арналған бағдарлар

Өзін өзі бағалау

Оқыту дәлелдемелерін жинау, олардың мағыналарын өзінше түсіндіру

Жеке мақсат, сыртқы стандарт

Өзін өзі талдау

Өз жұмыстарын салыстыру 

Мақсат,  критерийлер, үлгі, оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс

Өзін өзі түзету

Өзгерістер мен түзетулер енгізу. Жаңа мақсаттар қою.

Мақсат,  критерийлер, үлгі, оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс

Өзін өзі  бақылау

Ағаттықтарды жоюдағы немесе түзетілген мақсатқа қол жеткізудегі алға басуды бақылау.

Мақсат, критерий, үлгі

Өзіндік рефлексия

Жұмыс барысына, пікір, тапсырмаға қатысты өз күшін бөлуді ойластыру.

Оқуға құштарлықты көрсететін түсініктер

 

 

 

                                              Кері байланыс бутерброды

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1.       бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2.      Жағдаяттық мәлімдеме Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

 

    

 

Әңгімелесетін әріптестер

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

     жаңа оқылған 3 факті туралы;

     оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

     оларға қиын болып көрінгендер туралы

       алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.                                                                    Смайликтер

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады. 

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

 


 

 

 

Ұсынымдар

·         Математикалық күнделік жүргізіңіз. Бұл математиканы оқуға көмектеседі. Әр сабақтан кейін бірдеңе жазып отыру міндетті емес, бірақ кем дегенде аптасына бір рет жазба енгізіңіз.

·         Жүйелі түрде оқушылардың күнделіктерінде түсініктеме жазып отырыңыз немесе ауызша талқылау кезінде айтыңыз.

·         Оқушыларды күнделік жүргізуге шақырыңыз. Бұл транзактті жазбаша талдау.

·         Мезгіл-мезгіл оқушылармен бірлесіп күнделікті жүргізудің алға басуы туралы ой жүгіртіңіздер. Оқушыларыңызмен бірлесіп күнделік тексеріңіз. Оны жазбаша немесе ауызша істеуге болады. Бұл оқушыларға оқу үдерісі мен ойлау үдерісі туралы ойлануға көмектеседі.

 

Сонымен қатар өзгеріс енгізілгенге дейін мектепте мұғалімдер тек жиынтық бағалау түрін ғана қолданып келген болатын. Бұл бағалау тәсілінің ұзақ уақыттан бері қолданыста болып өз тиімділігін дәлелдеп келе жатқандығына сөз жоқ, дегенмен ол бүгінгі заман талабына толыққанды жауап бере алмайды.

Сондықтан өзгеріс енгізілгеннен кейін өзін-өзі, өзара, топтық бағалау тәсілдері мектепте кеңінен қолданыла бастады. Оқушылар берілген тапсырмаға өзінің қаншалықты деңгейде дайын екендіктерін алдарындағы қызыл, жасыл, сары парақтарын жоғары көтеру арқылы білдіріп отырды. Оқушылар қолындағы жасыл парақ – тапсырмаға толық дайындығын, қызылсары түс – жауапқа толық сенімді емеспін, бірақ айтар ойым бар, ал қызыл түс – тапсырмаға түсінбедім дегенді білдіреді және оқушыларға «жоқ», «түсінбедім» деген жауаптарды бермей, үндемей отырудың қажеттілігі жоқ екендігі, мұғалімдер мұндай жағдайда сабақты қайта түсіндіруге тырысатындығы түсіндірілді.

Өзін-өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты – белгіленген белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл орындалатын жұмысқа байланысты сабақтың табыс критерийлерін қолдану түрінде болуы мүмкін. Оқушылар нақты бір критерийлерді пайдалана отырып, өзін-өзі бағалайды. Ал бағалау түрі оқушылардың төмендегідей түсініктерінің дамуына әсер етеді:

-  оқушыларға өз жұмыстарын қайта қарастыруға мүмкіндік береді;

-  оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға көмектеседі;

-  өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін айқындайды.

Өзара бағалау тәсілі де өз тиімділігін көрсетіп, кеңінен қолданысқа енгізілді. Топтардың жасаған постерлерін және оның қорғалуын өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау оқушылардың өзгелердің жұмысын сыни тұрғыдан қарастыра алу қабілетін қалыптастырды.

Сонымен бірге «Сұрақтар шеңбері» арқылы жауап беру кезеңінде де оқушылар сыныптастарының білім деңгейін, қабілетін бір-бірлеріне смайликтер көрсету арқылы бағалап жатты.

Өзара бағалау оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, сыныптастарының сабақты қай дәрежеде меңгергендігін мұқият сарапқа салу қабілеттерінің артуына алып келді. Өйткені сыныптасты  бағалау үшін ең алдымен өзі сабақты зер салып тыңдай білу, қалай оқу керектігін түйсіне алуы  қажет. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының  артуына алып келді.

Өзгеріс енгізілгенге дейінгі жағдайға тоқтала кетсем, тек қана мұғалімнің бағалауы оқушылар үшін сабақта жақсы баға алу үшін қажет болды. Мұнда оқушы өзге сыныптастарының білім деңгейіне, сабақта ықыластылығына мән бергісі келмеді. Өйткені оның оқушы үшін еш қажеттілігі де жоқ. Тек өзіне берілген тапсырмаларды орындап, тиісті  бағасын алса болды. Мұндай жағдайда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы  да өз деңгейінде болмайтындығы белгілі.

Мұғалім оқу үдерісінің барысы туралы айтып, сол  айтқан мәліметтердің негізінде өзі бағалағанынан гөрі оқушыларды олардың жеке бағалауына немесе олардың құрдастарын бағалауға қатыстыру арқылы оқушыларды білімге ұмтылдырады. Мұндай тәсіл көп нәтиже береді, сонымен қатар мұғалімнің оқушыларды білім алуға тартып, олардың өз білімдері үшін өздері жауапты болуын ынталандыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.

Критерийлік бағалау жүйесінің артықшылығы

Оқу нәтижелерін бағалау- оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі болып табылады. Осы үрдісті басқаруда негізгі рөл бағалауға беріледі. Бағалау жүйесі түсінігіне: белгі қоюда қолданылатын шкала; бағалардың жүйелі түрде қойылуы; білім беру үрдісіндегі барлық субъектілердің арасындағы байланыс механизмі; сонымен қатар, оқушылардың қаншалықты табысты оқып жатқандықтарын өздігінен анықтау механизмі кіреді.

Мұғалім оқушы жұмысын бағалаған кезде, өзі оқушыға нені үйретті соны бағалайды. Мектептегі оқушының алған барлық білімі оның болшағына қажетті өмірлік азығы болмақ, сондықтан оқушы жұмысын бағалаған кезде объективті болудың маңызы зор болмақ.

Критерийлік бағалауды қолдану осы үрдісті анық және білім берудің барлық субъектілеріне түсінікті етеді, сонымен қатар оқушы жұмысының нәтижесін белгілі бір эталонмен салыстырылады және оқушыларды өзара салыстыру жойылады. Мұның барлығы білім беру технологиясының басқа да ерекшеліктерімен жинақтала келе мектептегі абыржулықты төмендетеді.

Критерийлік  бағалау мұғалім үшін де ыңғайлы. Ол қолданылатын білім беру технологиясының педагогикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Қандай критерийлер бойынша оқушылар ең көп немесе ең аз ұпай жинағанын көрген мұғалім қолданылған білім беру технологиясының педагогикалық тиімділігін бағалай алады және оқушылардың нені түсінгенін немесе нені түсінбегенін нақты анықтай алады.

Критерийлерді жасау стартегиялық мақсаттар мен білім берудің тактикалық мәселелеріне байланысты педагог үшін айқындылық тудырады, ал оқушыларға қалай оқу керек, нені оқу керек және ең бастысы не үшін оқу керек деген сұрақтарды түсінуге көмектеседі.

Критерийлік бағалау технологиясы бойынша бақылау жұмыстарын дайындау мен сараптауда мынадай анық артықшылықтарды көрсетуге болады:

  1. Объективтілігі: баға оқушы мен мұғалім арасында келіспеушілік тудырмайды және өзін өзі бағалау құралы болуға мүмкіндік береді;
  2. Диагностикалығы: баға оқушы жетістігін өз өзімен салыстыруға және оның ары қарайғы оқу іс әрекетін жоспарлауға мүмкіндік береді;
  3. Мазмұндылығы: жұмыстағы қателер саны тіркелмейді, алдымен оның нәтижеге жету дәрежесі сипатталады;
  4. Жағымдылығы: бағалаудың кең ауқымы ең нақты баға алуға мүмкіндік береді.

5.      Критерияларды бағалау -1 Формативтібағалау                            2 Суммативті  бағалау

6.      A(max6)
Білімі және түсінігі:Математика тілін, заңдар мен заңдылықтарды,
терминдер мен түсініктерді қолдау. Ғылыми ақпараттарды
түсіндіре білу
. Терминдер мен түсініктерге анықтама беру.

7.      B (max 6)                                                                                                        Қолдануы:  Өткен тақырыптармен байланысын тауып,
білімін басқа фактілер мен құбылыстарды түсіндіруге қолдану,
бар болса пән аралық байланысын көрсету. Сәйкес математикалық білім, білік,дағдыны таңдау және қолдану. Тізбектей нәтиже
шығару. Нақты математикалық дәлелдеу жүргізу. Теориялық
түсініктерін мысал және фактілерарқылы иллюстрациялау.

8.      С (max 6)
Талдау және синтездеу:
Объектілерді жүйелей, классификациялай,
топтай білу қабілеті. Берілген шарттарды проблеманы шешу үшін және нәтижесін негіздеу үшін тадау. Тиімді тәсілді қолдану .Оқып жатқан түсініктер мен әдістердің шынайы процесстер мен құбылыстардың маңызды математикалық моделі ретінде түсінігі ретінде қалыптасуы. Әртүрлі тұжырымдардағы жалпыны көре білу. Проблеманы шешу үшін әдістерді анықтау және
зерттеудің дұрыстығына көз жеткізу, альтернативті жол іздеу.
Материалды мағыналы бөліктерге бөле білуі керек.

9.       

10.   D (max 6)
Коммуникация
: Ғылыми ақпаратты жүелей тізбектей беру. Есептің шешуін нақты, жүелі жазу. Ақпаратты математикалық тілде сауатты жеткізу. АҚТ сауатты,дұрыс қолдану (суреттер, графиктер). Есептің шешуін дұрыс жазу. Есептің жауабын сауатты жазу. Өз көзқарасын аргументтермен негіздеу.

11.  Критериалды бағалау

12.  Нақты білімді анықтайтын, оқушының оқу-таным қабілетін дамытуға және оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес құрылған үрдіс. Оқыту үрдісіне қатысы бар барлық мүшелеріне алдын - ала таныс және ұжыммен талқыланған критерийлер.

13.  Дескрипторлар  

14.  Балл-  Инновациялық креативті білім беру - қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңалы тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын  әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын, интеллектуалдық процесс. Психологиялық бақылап отыру .  Ағартушылық жұмыс.                                                                    Оқушылармен, Мұғалімдермен , Ата – аналармен жұмыс

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему " Оқыту мен оқуда формативті бағалаудан пaйдалана oтырып, oқушылардың тaнымдық қaбілетін aрттыру.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.09.2015 1804
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гультораева Нигара Турсунматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 48991
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система работы учителя математики по подготовке учащихся основной школы к математическим конкурсам и олимпиадам в рамках обновленного ФГОС ООО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 296 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 452 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов