Инфоурок Директору, завучу КонспектыДоклад на тему: "Организация методической работы в ТиПО"

Доклад на тему: "Организация методической работы в ТиПО"

Скачать материал

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРЕТІН

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Баекеева Шарбану Толыбайқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің әдіскері


«Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын.


Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан


Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Өйткені Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі – стратегиялық даму жолымызды 2050 жылға дейін анықтап берді. Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру көзделген. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», - делінген. Алдағы міндет – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алпауыт мемлекеттердің қатарына ену. [2]

Білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл саладағы жаңғырту оқытудың осы заманғы әдістемелері мен технологияларын енгізуді, педагог кадрлардың сапасын арттыру, жастардың білімге қолжетімділігін кеңейту. Оны жүзеге асыруда педагог шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні зор десек, оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз дамуына жағдай жасау, қолдау көрсету – оқу орнындағы әдістемелік қызметтің басты міндеті.

Әдістемелік жұмыс – оқу орнындағы оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Сондықтан да қазіргі білім жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру басты міндетіміз болып отыр. Өйткені қазіргі заманғы педагогтардың кәсіптік құзыреттіліктеріне қойылатын басты талап - өз мамандығының әлеуметтік маңыздылығы мәнін түсіну, Қазақстан Республикасы білім саласындағы нормативтік – құқықтық актілер мен заңдарды білу, педагогикалық қызметін ұтымды түрде ұйымдастыра білу. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.

Оқу орнында әдістемелік қызметті ұйымдастыруда «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 Бұйрығын басшылыққа аламын. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 5-бабының 25 тармақшасында былай делінген: «Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды: оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерін, оқытудың кредиттік технологиясы және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережелерін бекітеді.». [1]

Олай болса аталған ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25 - тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Аталған Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік жұмыстарды реттейді. Ережеде оқу - әдістемелік жұмыстың мазмұны, ұйымдастыру тәртібі, оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі бірлестік жұмыстарының қызметі толық қамтылған.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың мәні – озат тәжірибені жинақтау, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, педагогикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру болса, маңызы – жаңа заманға сай педагог арқылы сапалы білім мен саналы тәрбие алған жеке тұлға қалыптастыру.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, соның салдарынан туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің тиімді жолдарын қарастыру.

Осы орайда төмендегідей әдістемелік жұмысты жүргізу әрекеті жүзеге асырылады:

  • әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

  • оқытудың жаңа оқыту технологияларын пайдалану жолдарын үйрету;

  • әдістемелік жұмысты ғылыми тұрғыда дамыту;

  • әдістемелік жұмысты әртүрлі формада ұйымдастыру, басшылық жасау;

  • әдістемелік жұмысты жүргізудің жылдық, айлық, жеке жоспарларын жасау;

  • оқу-әдістемелік нұсқаулықтар мен көмекші құралдар әзірлеу;

  • педагогтардың іс - әрекетіне диагностикалық материалдар әзірлеу;

  • педагогтардың іс - әрекетіне мониторинг жүргізу;

  • озат педагогикалық іс – тәжірибені тарату;

  • озат тәжірибелерді білім сайттарына жариялауға ұсыну;

  • педагогтардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

Әдістемелік қызметті ұйымдастыруда озық тәжірибелер мен жаңа идеяларды дамытудың маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де біздің колледжімізде де жүргізіліп жатыр деп айтуға болады. Оған дәлел - колледж оқытушыларының облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларға қатысуы мен жинағына енуі, іс – тәжірибесі облыстық, республикалық басылымдар мен білім сайттарында және мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарық көруі.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негізін педагогикалық ұжым түгелдей анық та нақты ұғыну қажет.

Колледжде әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей 7 бағытты басшылыққа алып келеміз:

- колледжішілік педагогикалық ұжымның педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, жұмыс тәжірибелерін жариялау;

- жаңалықтар мен іс – тәжірибелерді оқу – тәрбие процесінде пайдалану арқылы инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- оқытушылардың пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру, өзіндік білімін жетілдіруді ұйымдастыру, теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу;

- жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

- оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;

- жаңа нормативтік – құқықтық актілер, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;

- ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру арқылы жас мамандар мен оқытушыларға әдістемелік кеңес беру.

Соңғы уақытта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісіне түрлі жаңалықтар енгізілуде. Оларды инновациялық тұрғыдан дамытудың негізгі бағыттары:

  • техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту.

  • білім беру ісінің мемлекеттік стандарттары мен оқулықтардың жаңа буындарын әзірлеу және қолданысқа енгізу.

  • оқытудың инновациялық: кредиттік, модульдік, блоктық-модульдік және т. б. технологияларын қолданысқа енгізу.

  • оқу үдерісі мен білім беру ұйымдарын басқару жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу.

  • техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын басқарудың ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесі стандарттарымен үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және қолданысқа енгізу.

  • Дуальдық (қос бағытта) оқыту жүйесін енгізу;

Колледждің әдістемелік қызметі алдағы уақытта осы инновациялық даму бағыттарды жүзеге асыруға күш салады.

Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің алғы шарты. Сондықтан да педагогтың кәсіптік құзіреттілігіне мониторинг жүргізу өте тиімді. Мониторинг дегеніміз – белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Білім беру үрдісіндегі мониторинг – оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты, нақты оқушы мен оқытушы іс - әрекетінің нәтижесін талдау мен оқу орнының алдағы даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.

Мониторинг жүйесінің нәтижесінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы нақты ақпарат алуымызға мүмкіндік туады.

Педагогтың кәсіби қызметіне мониторингтік зерттеу жүргізу мен оның рейтингісін шығару нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткіземіз:

  • Әрбір педагогтың өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруына;

  • Педагогикалық тәжірибесін шыңдауға;

  • Ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға;

  • Заманауи білім технологияларын пайдалануды меңгеруге;

Олай болса, педагогтардың оқу – тәрбие үрдісіндегі іс - әрекетін жан – жақты зерделеуде мониторинг жүйесінің орны ерекше. Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру сапасының артуында бұл жүйе педагогтардың шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырады.

Әдіскер әрі үйретуші, әрі үйлестіруші менеджер болуы қажет. Менеджер – бұл педагогтармен жұмыс істейтін жетекші. Менеджердің қызметтік ұраны: «Білім, тәрбие және тұлғаны дамыту сапасы – бұл проблема емес. Бұл барлық проблемаларды шешу нәтижесі». [3]

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында сапаға әсер етудің негізгі құралы - бұл педагогтардың сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына қатысу мен талдау, озат тәжірибесін насихаттау, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұлар арқылы тұлғаның тәрбиелік деңгейін, дамуын және білімін талдау және өзіндік талдаудың жүйелі тәсілдері маңызды.

Колледж "Білім беру үрдісін ақпараттандыру арқылы білім алушылардың білім сапасын көтеру, педагогтардың ғылыми-шығармашылық ізденістерін жетілдіру” тақырыбында жұмыс жасайды. Сондықтан да педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

  2. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл

  3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы журналы. №4, 2012 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Организация методической работы в ТиПО""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 604
    • DOCX 51 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баекеева Шарбану Толыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баекеева Шарбану Толыбаевна
    Баекеева Шарбану Толыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3238
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегии и методы современного управления проектами

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация занятий адаптивной физической культурой с детьми дошкольного возраста с ограниченными возможностями здоровья

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе