Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Доклад на тему: Орта буын оқушыларын рухани-адамгершілікке баулу

Доклад на тему: Орта буын оқушыларын рухани-адамгершілікке баулу


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Орта буын оқушыларын рухани-адамгершілікке баулу

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан

Ш.Құдайбердіұлы

Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны хақ. Егеменді Қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің өзекті мәселесі.

«Бала – жүректің миуасы» деп қарайтын балажан халықтардың бірі қазақ халқы да балаға ежелден болашағым деп қарайды, игі де зор үміт артады, әр ата-ана арманын ұрпағына аманат етіп тапсырады.

Ш.Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек». Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді – деп есептейді.

Адамның Адам болып қалыптасуына ата-ана, тәрбиеші, мұғалімнің рөлі зор. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, түрлі ойындар, хикаялар, қойылымдар арқылы берілгені жөн. Өйткені өзгенің басындағыны өз басынан өткізетіндей етіп қабылдауы баланың болашағын аңғаруына, айналасындағылардың іс-әрекетін түсінуіне, ой елегінен өткізіп, сезінуіне ықпал етуі керек.

Сара Алпысқызы Назарбаева «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілігін дамыту. Сезімдітәрбиелеу – яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», деп жазған.

Адамгершілік құндылықтар үлкен мен баланың арасындағы шынайы қарым-қатынаста беріледі.

Біз оқушылардың рухани адамгершілігін дамыту бағытындағы бағдарламаның тақырыбын «Мен және мені қоршаған әлем» – деп алдық.

Бұл бағдарлама бойынша жұмыс істейтін сыныптардың мақсаты:

  • Оқушыны кісілік парасаттылыққа жан-жақтылыққа,

салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу;

  • Қарым-қатынас мәдениетіне үйрету;

  • Ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту;

  • «Имандылық», «Адамгершілік», «Этика», «Сүйіспешілік», «Ар-

ұят», деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

  • Оқушының спортқа, қоғамдық пайдалы еңбекке,

шығармашылыққа және тағы басқа қабілеттіліктерін анықтаудың жолдарын іздеп табу.

Бұл бағдарламадан нәтиже күтуге болады, ол нәтижені алдын ала болжап айтсақ, рухани адамгершілігі дамыған жеке тұлғаның бойынан мынандай қасиеттерді көруге болады:

  • терең ойлылық;

  • жомарттық;

  • өмірді мәнін түсінетін, іздемпаз;

  • адалдықпен жақсылыққа талпынушы;

  • мәдени шараларға атсалысатын;

  • өнерге, ғылымға, білімге, дінге деген көзқарасы мол;

  • жеке тұлға ретінде қалыптасуда үзбей ізденетін адам.

Оқушының тәрбиелік көрсеткіштері:

  • Отбасындағы мінез-құлқы;

Отбасындағы істер мен мәселелерге атсалысып, өзінен кішілерге үлгі болып, үлкендерді сыйлай білуі керек.

  • Мектептегі мінез-құлқы;

Сабақта үлгілі, белсенді, тәртіпті болып, оқушы Ережесін орындап,

мектеп, сынып істеріне белсене араласып, мектеп мүлкін өзінің меншігіндей күте білуі керек.

  • Үлкендермен қарым-қатынасы;

Кішіпейіл, үлкендермен сөйлескенде әдептілік сақтай біліп, әрқашан көмектесуге дайын болуы керек.

  • Құрбы-құрдастарының арасында;

Қандай қиын сәт болса да қол ұшын бере алатын, берген сөзін орындайтын болуы керек.

  • Қоғамдық орындар мен көшеде;

Көшеде жүру тәртібін сақтайтын, табиғатты аялайтын, көпшілік орында өзін-өзі ұстай білетін болуы керек.

  • Өзіне деген;

Үнемі пайдалы іспен айналысатын, алдына қойған мақсатына жететін, адал, кішіпейіл, мейірімді, өзінің істеген істеріне жауап беретін болуы керек.

Жоспардың нұсқасы

Тәрбиенің негізгі бағыттары

Мақсаттары, міндеттері, нәтижесі

Сабақ түрлері, мазмұны

Ата-баба дәстүрі – әдептілік негізі

Оқушылардың бойына қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі екенін түсіндіру. Ата дәстүрді ардақтап, үлкенді сыйлап, жеті атасын біліп, қонақжайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық, имандылық, Отансүйгіштік туралы түсініктерге кеңірек тоқталу.

Нәтижесі: Оқушы ұлттық тәлім бастауларын, ата-бабамыздың салт-дәстүрін жетік біліп, болашақта елін, жерін қорғай білетін, өз халқын сүйетін Азамат болады.

1. Сахналық қойылым: «Әдеп пен әдет».

Сахнаға «Бүлдірген» мен «Күлдірген» шығып, жақсылықты әдетке айналдыру, ізеттілік көрсету, орынды сөйлеу, ата-бабадан қалған мұра туралы сөз қозғайды.

2. Сурет байқауы: «Ата-баба мұрасы».

3. Мәнерлеп оқу сайысы: «Тіл мерейі – ел мерейі».

4. Шығарма жазу: «Текті білу тегін емес» (жеті ата туралы түсінік беру. Жеті атаға дейін жақсы білудің әдептілікке әсері мол екенін, шөпшек бабасына дейінгі туыстық тегін жақсы біліп, халықтық салт-сана бойынша, туыстық қатынаста қалыптасқан парыздарын орындап, борыштарын өтеулері керек екеніне тоқталу).

5. Ата-аналармен бірлесіп сынып сағатын өткізу: «Аталар сөзі – тәрбие көзі», «Сәлем – сөздің атасы».

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Оқушылар өз ата-аналарының айнасы, бет пердесі екенін түсіндіріп, «Отан отбасынан басталатынын», сондықтан да ата-анасын, ата-әжесін, қадірлеп, сыйлап, құрметтей білуге, қазақ дәстүрінде ата-анаға құрмет ету – борыш, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз екенін оқушылардың бойына сіңіру. Ата-аналармен жұмыс жүргізе отырып, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынанбасталатынын айта келе, көпті көрген ата-әжелері өздерінің өткен-кеткенінен хабардар етіп, әңгімелесу,балаға уақыт, көңіл бөлу керек екенін түсіндіру.

Нәтижесі: Оқушы үлкенді құрметтеу, сыйлау, кішіні аялау, сүйіспеншілік сезім екенін түсініп отбасындағы жандарды сыйлап, тұрмыстық мәдениеті қалыптасады.

1. Дөңгелек үстел: «Тәрбие басы – тал бесік».Отбасының әр мүшесінің алдында парызы, борышы, міндеті бар екенін түсіндіру. Әкенің негізгі мақсаты – баланы өмірге баулу, тәлім беріп тәрбиелеу. Ал, ақ сүтін берген ана баласы үшін жанын аямайтын, мейірімді жан.Бала әкенің үлгі-өнегесін, ақылын, нұсқауын орындап, ананың ақ сүтін ақтауы керек екендігі төңірегінде сөз қозғау.

2. Қыздар сағаты: «Қыздың жолы жіңішке».

3. Сурет байқауы: «Мен және менің отбасым».

4. Шығарма: «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар».

5. Аукцион сабақ( сынып балаларынан топтар құрылып, әр топ өз тапсырмасы бойынша даярлық бөлімінен өтіп, жауап бергеннен кейін, сыныптағы тағайындалған әділқазылар «баға» беріп, оны аукцинға ұсынады.

Тапсырмалар:

  • Бірнеше мақалдың сөздері алынып беріледі, соны толықтыру;

  • Кез-келген өлеңнің әуеніне попурри құру;

  • Бір топ ермексаздан мүсін жасайды, соны табу;

6. Анкеталық сауалнама «бұл сауалнама отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын анықтай отырып, мінездерін анықтауға мүмкіндік береді).

Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием

Оқушылардың бойына әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар екенін, адам табиғатты қорғап, аялай білуі керектігін, суды ластау, талды кесу, көкті жұлу, құдыққа тұкіру әдепсіздік екенін түсіндіре отырып, көркем шығармалармен сабақтастыра отырып, бойларына сіңіру.

Нәтижесі: Оқушы өзін қоршаған ортаны, табиғатты аялай білетін, табиғат құбылыстарының жаңалықтарына қызығушылықпен қарайтын болады.

1. Дөңгелек үстел: «Әдептілік – әдемілік» (экологиялық астарын ашу). Бүкіл әлемдік тіршіліктің құдіретті төрт негізі: күн-ана, жер-ана, ауа мен су туралы сөз қозғап, ой толғау.

2. Экологиялық кеш: «Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы достық». Оқушыларға өсімдіктердің өсіп-өнуіне, жаралуына жануарлардың тигізер пайдасы, олардың арасындағы сабақтастық, байланысты көрсету. Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу.

3. Көркем сөз оқу сайысы: көркем шығарма да табиғаттың көркемдігін жыр етеді (А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин шығармаларынан үзінді оқу).

4. Саяхат сабақ: «Әлемнің жеті кереметі».

5. Серуен сабақ: «Табиғат аясы – ақыл-ойдың, сана-сезімнің алтын бесігі» (Табиғатта болатын құбылыстар, табиғаттың жаратылыс заңдылықтарын, ішкі сырын сезіну үшін жылдың төрт мезгілінде өткізуге тұратын шара).

Адам болам десеңіз

Өмір сүру үшін әр адам адамгершілік қағидаларын білу керек, адамның тұлғалық қасиеті үнемі қалыптасып отырады. Жақсы адам болу әр адамның арманы болғандықтан оқушыларға әр түрлі сабақ түрлерін көрсете отырып, нағыз адам тәрбиелеп шығару.

Нәтижесі: Оқушының болашаққа деген сенімі зор, Азамат болуға дайын, ел ертеңіне үңілетін болып тәрбиеленеді.

1. Шығарма: мұғалімдер күніне орай «Менің үлгі тұтар ұстазым».

2.Мерекелік кеш: «Туған күнің құтты болсын, Алтын ұя мектебім».

3. Сайыс сабақ: «Жақсылық пен жамандық» (мақал-мәтел сайысы).

4.Буклет жасап, оны қорғау: «Мен өмірде неге қол жеткізуім керек» (Тапсырма: сен қандай өмір баспалдақтарын білесің? Өмірге шыр етіп келгеннен болашақ мамандық иесі болғанға дейінгі ой-тұжырымыңды фото, сурет арқылы бейнеле).

5. Пікірталас: «Сен бақытты қалай түсінесің?» (Барлық адам бақытты болғысы келетінін, соның жолында іс атқаратыны, бақыт дегеніміз – тәндік және рухани саулықпен байланысты екенін түсіндіру).

6. Мәнерлеп оқу сайысы: «Адам болам десеңіз».

7. Практикум-сабақ: «Өзімді ұстай білемін бе?» (Театрда, транспортта, қонақта, мектепте өздерін ұстай білу мәдениетіне баулу жолында мәдениет дегенді білмейтін адамдардың өмірінен үзінді ретінде көріністер көрсету. Соңынан сынып тақтаға өздері қандай екенін көрсету. Соңынан сынып тақтаға өздері қандай екенін көрсететін мінездеме-сызба жасайды).

Отаным – алтын бесігім

Оқушыларды бірлік, ынтымсақтастық, өз елінің, жерінің тарихын, дінін, тілін білуге баули отырып, Егеменді еліміз әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде саналатынын түсіндіру.

Нәтижесі: Болашақ Қазақстан Азаматы, өз елінің қасиетті белгілерінен хабардар, төл мереке – Наурыз, жоғалтпас қазына екенін, елін, жерін сатпайтын, қайда брса да жусан иісі тартып тұратынын түсіндіреді.

1. Шығарма: «Әлемдік арнада Қазақстанның алатын орны».

2. Байқау: «ХХІ ғасырдағы Қазақстан балалары».

3. Ойын: «ХХІ ғасыр көшбасшысы».

4. Сурет байқауы: «Кездесер жеріміз – Қазақстан».

5. Мерекелік кеш: «Гүлдей жайна, менің елім – Қазақстан», «Наурыз – жыл басы».

6.Дөңгелек үстел: «Халқымыздың қасиетті белгілері».

7. Спорттық ойын: «Әлсіз денеге ауру ұялайды» (Қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өткізе отырып, ойын болған соң шаттану керек екенін, бірақ шаттанудың жөні осы екен деп, орынсыз айғайлау, шыңғыру – әдепсіздік екені жаман әдеттен аулақ болу хақында.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Аджиева Е.Е., Байкова Л.А., Гребенкина л.К., Еремкина О.В., Жокина Н.А., Мартинина Н.В. – 50 сценариев классных часов, Москва, Центр педагогический поиск, 2000 ж.

2. Әлімбаев М. – Халық ғажап тәлімгер. Алматы, Рауан, 1994 ж.

3. Жарықбаев Қ. – Ақылдың кені, Алматы, Қазақстан, 1991 ж.

4. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә., – Әдеп және жантану, Алматы, Атамұра-Қазақстан, 1994 ж.

5. Игенбаева Б.Қ.. Адамгершілік сабақтары, Алматы, Мен Адаммын, қоғамдық қоры, 2001 ж.

6. Лизинский В.М.Приемы и формы в учебной деятельности, Москва, Центр педагогический поиск, 2002 ж.

7. Табылдиев Ә., – Әдеп әліппесі, Алматы, Рауан, 1997 ж.








Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров181
Номер материала ДВ-206486
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх