Инфоурок Школьному психологу КонспектыДоклад на тему: "Особенности ответственности несовершеннолетних"

Доклад на тему: "Особенности ответственности несовершеннолетних"

Скачать материал

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі













Б А Я Н Д А М А


Тақырыбы:

Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері

/Колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы/











Баекеев Ерқасым Толыбайұлы

Педагог-психолог










24 қазан 2015 жыл

Қазалы қаласы

Әрбір ата-ана өз тәжірибесінен біледі, бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез-құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы кездейсоқтық емес. Және бұл дағдарыс баланың өмірінде үш жаста және жеті жаста болатын алдыңғы жастық дағдарыстардан айтарлықтай дәрежеде ерекшеленеді. Ол дағдарыстармен салыстырғанда жасөспірімдік дағдарыс әлдеқайда күрделі әрі ұзаққа созылатын сипатта болады.Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата-анасынан осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады. Біріншіден, дәл осы уақытта есейіп келе жатқан жасөспірімнің ата-анасымен болашақ қарым-қатынасының сипаты – олар жақын бола ма, сенімге негізделген бола ма, сыйластыққа толы бола ма, осылар айқындалады. Немесе алшақтау болады, эмоционалдық салқындық, алыстау, тұйықтық пайда болады, олар өмір бойы сақталады, және отбасындағы атмосфераны бұзып, болашақта ұрыс-керіс пен жанжалдарға себепші болады. Екіншіден, дәл осы жасөспірімдік шақ өз «Менінің» күшін қайрап, жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын қалыптастырады, бұл ересек өмірде адамның басты ішкі қорғаушысы болады және оған ең қиын деген жағдайларды абыроймен жеңуге мүмкіндік береді. Әрбір ата-ананың міндеті – баласында болып жатқан өзгерістерге ден қою, оның ішкі уайымдарына мейірбандықпен қарау. Өзін «Барлығы қиындықпен есейеді, оның қиындығы да өтеді, бәрі өздігінен жөнге келеді!» деген сөздермен алдарқатпау. Өздігінен ештеңе түзелмейді! Тіпті «проблемасыз балалар» деп аталатын ең момын балалардың өзі ата-ананың мейрімі мен қолдауына мұқтаж. Бірақ, ата-ана үшін жоғарыда айтылған жайттарға керісінше тым бақылағыш, балаларына өз көмектерінсіз бір қадам жасауға да рұқсат бермейтін, олардың ойлары мен қылықтарын аңдитын, оның ересектерге тән қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескермейтін тиран ата-анаға айналмау да өте маңызды. Бұндай типтегі ата-аналар «Балам үшін ненің жақсы екендігін тек мен ғана білемін!» деген пікірді басшылықа алады. Бірақ, осындай қысым жағдайында өскен балаға болашақта өзі шешім қабылдау оңайға соқпайды, себебі әрқашан ол үшін шешімді үлкендер қабылдап келген.Жасөспірімнің ата-анасынан балаға деген асқан қамқорлық және өзінің тәрбиелік міндеттерінде қалай барынша тиімді болу керектігін терең түсіну талап етіледі. Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыт; оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылық-тарының бүкіл жүйесін, нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін айқындайтын уақыт. Педагогиканың маңызды заңдылықтары-ның бірінде: «Оқыту процесінде жағымды эмоциялар қаншалықты мол болса, білім де соншалықты дәрежеде жылдам әрі сапалы меңгеріледі!» делінеді. Жасөспірімдік жас 11 жастан бастап 17 жасқа дейін бала мен оның ата-анасының өміріндегі ең күрделі де жауапты кезең болып табылады. Бұл жас даму мен өмірдің барлық жақтарын қамтитын сапалық өзгерістер болатындықтан, дағдарысты жас болып есептеледі.

Жасөспірім ағзасында болатын физиологиялық өзгерістер:

Ағзаның жыныстық қызметін реттейтін жаңа гормондар пайда бола бастайды; жыныстық жетілу процесі іске қосылады. Онымен бірге адамның бойында, салмағында, бұлшық еттерінде, ішкі органдарында үлкен өзгерістер жүреді. Бұл сыртқы келбеттің қатты өзгеруіне әкеп соғады, және өзгерістер өте жағымсыз болады (дене мүсінінің үйлесімсіздігі пайда болады; қалыптаспаған жүру мәнері орашолақ болып көрінуі мүмкін, терідегі майлылық мөлшерінің көптігіне байланысты безеулер шығады). Жаңа гормондардың әсерімен жасөспірімнің жүрек-қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады: қан қысымы мен күре тамыр қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді. Осыған байланысты, жасөспірімдерде жүрек тұсында болатын жағымсыз сезімдер жиі байқалады – ауыру, шаншу, жүрек соғысының қатты жиілеуі.Гормондардың әсері иммундық жүйенің әлсіреуінеәкеп соғады, нәтижесінде жасөспірімдер түрлі созылмалы ауруларға шалдыққыш келеді. Сыртқы келбетіне көңіл бөлу күрт өседі. Ата-аналар бұдан қандай қорытынды шығаруы тиіс? Олардың міндеті – жасөспірімге ағзаның есею процесімен пайда болатын физиологиялық өзгерістерді жеңуге көмектесу. Жасөспірімнің сыртқы келбетіне байланысты болатын уайымдау жағдайына мән бермеуге мүлде болмайды. Дене сұлулығы, физикалық тартымдылық туралы әңгіме – есейіп келе жатқан жасөспірімнің жүрегіне жол табудың ең қысқа тәсілі. Оны тыныштандыруға, оптимизм ұялатуға тырысып, көңілге қонымды сөздер таба біліңіздер. Сіздің сөздеріңіз оның өзін-өзі бағалауына (жақсы жаққа да, жаман жаққа да) орасан зор әсер етеді. Кейде ата-ананың ойланбай айта салған сөздері бүкіл өмір бойы ұмытылмайды және есейген адамның өзіне көзқарасын, ер мен әйел қатынасына көзқарасын айқындайды.Ең күшті өзгерістерге ұшырайтыны жасөспірімнің жүйке жүйесі: гормоналдық және физиологиялық өзгерістердің әсерімен оның эмоционалдық және мінез-құлық реакциялары өзгереді.Қызбалық пен ашушаңдық күрт өседі. Мазасыздық, агрессия туындайды, жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Тілазарлық, дөрекілік, жанжалшылдық, ересектерге себепсіз қарсы шығу байқалады. Мұғалімдерге қатысты теріс әрекет ету, өзінің тәуелсіздігін даңғойлықпен паш ету көрініс табады.Жасөспірім өз құқығын қорғай отырып, өмірінің көптеген тұстарын ата-аналардың бақылауынан қорғайды және олармен жиі жанжалдасады. Эмоционалдық тұрақсыздық көңіл-күйдің күрт ауытқуына әкеледі экзальтациядан бастап депрессияға дейін.Жасөспірімнің өзін ұстауы көбінесе күтпеген сипатта болады – қысқа мерзім ішінде ол мүлде кереғар реакциялар көрсетуі мүмкін: мақсатшылдық пен қайсарлық албырттықпен ұштасады; әрекет етуге деген арынды құлшыныс селқостыққа, бірдеңе істеуге ұмтылыс пен ықыластың болмауына алмасуы мүмкін; өзіне деген сенімнің жоғары деңгейі, ой-пікірде өз ойына ғана үзілді-кесілді сенімді болу қамкөңілділік пен өзіне сенімсіздікке жылдам ауысып отырады;мінез-құлықтағы жүгенсіздік кейде ұяңдыққа ұласады; романтикалық көңіл күй көп жағдайда арсыздық пен есепқорлықпен шектеседі;нәзіктік, еркелік балаға тән емес қатыгездік тұрғысынан көрініс табады;қарым-қатынасқа деген қажеттілік оңашалануға ұмтылысқа ауысады.Ең долы эмоционалдық реакциялар айналадағылардың бірінің (бәрінен бұрын ата-аналардың) жасөспірімнің намысына тиюге тырысқанда туындайды. Эмоционалдық тұрақсыздықтың ушығуы ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста болады. Бұрын сондай сүйкімді тілалғыш бала болған жасөспірім мінез-құлқындағы осы өзгерістерге жауап қайтаруда ата-аналар жіберетін басты қателіктер:

1) Баланы өз билігімен «басып тастауға» ұмтылу және әр түрлі дербестікке тыйым салу (тілазарлық үшін, ата-ананың өтініштері мен ақылдарын орындамағаны үшін жазалау жүйесін күшейту).

2) «Сен маған ештеңе айтпайсың, мен сенімен сөйлеспеймін!» принципі бойынша жасөcпірімнің ата-анасымен сөйлесуге ықыласты болмауына жауап ретінде «үндемес ойыны» тактикасын таңдау.

3) Ата-аналар тәрбие ықпалынан өздігінен алшақтау, және «Ертерек дербес болса, тіпті жақсы!» ұранымен баланың есею процесін «бетімен жіберу» кезінде болатын шамадан тыс жеңіл ойлылық пен «бәрі жақсы боларға» үміттену.Отбасы, туған үй жасөспірім үшін өзін қауіпсіздікте және қорғанышта, сүйіспеншілікте сезінетін орын болуы тиіс. Ал ата-аналар кез келген сәтсіздікте оны түсінуге және қабылдауға шыдамы мен ақылы жеткілікті адамдар болуы қажет. Баламен жақсы байланыс – кез келген жастағы басты тәрбие құралы. Жасөспіріммен осындай игілікті байланысты қалай орнату керек?  

Ата-ана ұстанымында бастысы – дұрыс ниет, жасөспірім кезінде өзінің басынан өткен тәжіриебені пайдалана білу және лайықты қарым-қатынастың басты ережелерін мұқият сақтау.Дұрыс ұстанымды таңдаңыз. Жасөспірім сіздің кез келген кеңесіңіз бен бұйрығыңызды сөзсіз қабылдайды және оны тез арада тілалғыштықпен орындайды деп күтпеңіз. Алдын ала ол бағынады және тілалғыш болады деп күтсеңіз, және сіз ойлағандай болмай шықса, стреске душар боласыз.Керексіз проблемалар мен жанжалдарды туындатпас үшін, өз үміттеріңізді балаңыздың мүмкіндіктеріне лайықтаңыз.Өзіңіздің өткен жасөспірімдік шағыңызды еске түсіріңіз – балалық шақты еске түсіру сізге балаңызды, оның мінез-құлқын, күйзелістерін түсінуге жақсы көмектеседі.Жасөспірім баланы жақсы түсіну үшін, ата-аналарға өздерінің жасөспірімдік шақтарын еске алу пайдалы. Сіздер өздеріңіз 11-15 жаста қандай болдыңыздар, еске түсіру үшін, өз ата-аналарыңыздан – балаларыңыздың әжелері мен аталарынан көмек сұраңыздар. Сіздің ұлыңызға немесе қызыңызға ескі фотосуреттерді қарап, талқылау, ол кезде сіз кездескен проблемалар туралы ашық айту, сіздің сол кездегі күйзелістеріңізді түсіну өте пайдалы болады. Бұдан кейін сіз жасөспірім үшін күтпеген өзге қырыңыздан танылуыңыз мүмкін, және онымен қарым-қатынаста сенімге құрылған жаңа деңгейге көтеріле аласыз.

Балаңызға сеніңіз.

Барлық ата-аналарды «Жасөспірімге еркіндікті қандай дәрежеде беруге болады?» деген сұрақ мазалайды. Және оған әрбірі өзінше жауап береді.Бірақ бастысы, ересектерге орта деңгейдегі ережені ұстанутым қатты кетпей, жасөспірім дербестігінің деңгейі мен ата-ана тарапынан болатын бақылау деңгейі арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұру маңызды деп санайды.Баланың дербестігін қабылдай отырып, оны жүгенсіздікке жеткізбеңіз. Ол үшін: Дәйекті талаптар мен мінез-құлық ережелерін пайдалану және оларды бұзғаны үшін шара қолдану, сондай-ақ мақтау жүйесін әзірлеңіз.Бала талқылауға қатысуы керек, осы ережелерден хабардар болып, жазалау шараларымен келіскені дұрыс. Талаптар мен ережелер дәлелді және балаға түсінікті болуы қажет.Жазалау шаралары құр сөзбен қорқыту емес, дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Ережелер (шектеулер, талаптар, тыйымдар) тым көп болмауы, және икемді болуы тиіс. Қандай да бір тыйымдар белгілеген кезде диалог процесінде мынадай бірізділікті сақтаған жөн:Балаға оның әрекетінде нақты не нәрсе ұнамайтындығын түсіндіріңіз (оның жеке адам ретіндегі бойындағы қасиеті емес).Өз тыйымыңыздың себебін түсіндіріңіз. Бала өз әрекетімен қандай мақсатты көздейтіндігін анықтаңыз, және бірлесіп мақсатқа жетудің өзге жолдарын іздеңіздер немесе орындауға болатын нақты мақсат қойыңыздар. Баланың да өз ұсыныстарын енгізгені маңызды. Жалпы балаларға ата-аналарынан бірдеңені жасыру тән емес. Құпиялар ата-ана кінә таққанда, тексергенде және ылғи баласына бір нәрсеге тыйым салғанда басталады. Егер ата-ана баласына сенуді үйренсе, олардан бала ештеңені жасырмайтын болады.Балаға сенім арту оңай емес. Әрқашан қорқыныш болады: ол өзін үлкендерше дұрыс ұстамаса не болады; оны алдап кетсе ше; бірдеңеге ұрынса не болады, тағысын тағы осындай күмәндар көп болады! Өз алаңдаушылығыңызды балаңызға түсіндіріңіз, оған: «Мен саған сенемін, жоспарлаған жеріңе бара ғой. Бірақ байланыста бол; ата-анаңа «Мен аманмын» деп смс жазуға 1-2 минутыңды бөл, және не істеп жатқандығыңды жаз» деп байыппен түсіндіріңіз.

Мынаны естеріңізге сақтаңыздар: «Балаңызбен детектив ойнап, олардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұзуға, баланың фотосуреттерін, баратын жерлерін аңду үшін олармен виртуалды достасуға талпынуға» мүлде болмайды. Егер сіздің бұл айыбыңызды бала біліп қалса, ол әрқашан сізден бәрін жасыратын болады. Сенім артқан екенсің, шын жүрегіңмен сен! Баладан сіздің алаңдайтындығыңызды ескеруін сұраңыз және оны қайда жүргендігін, аман екендігін растайтын смс-тер мен қоңыраулар туралы келісіп алыңыздар.

Баламен сөйлесуге әрдайым дайын болыңыз. Жасөспіріммен диалог түрінде сөйлесіңіз, диалогта ересек адам мен жасөспірім көзқарасы тең дәрежеде болады.Баланы қыспаққа алмаңыз, оған өз көзқарасыңызды таңбаңыз. Бірақ әрқашан жанында болыңыз және онымен әңгімелескенде әрқашан ашық болыңыз. Бала үндемей ме, ақтарылып сөйлеспей ме? Ренжімеңіз. Бірақ егер жасөспірім бірдеңемен бөліскісі келсе, оны ықыласпен тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қолдау білдіріңіз.Балаға дауыс көтермей байсалды сөйлесіңіз, төзім мен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз.Сыпайы болыңыз, жағымсыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз, ол мұны ұмытпайды.Үйіп-төгіп ақылды кеңестер беру, ұрысу, қорқыту және т.с.с әрқашан оңай. Бірақ бұл әрекетіңізден бұдан былай балаңыз сізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіңіздің ересек досыңызды тыңдағандай тыңдаңыз.Баламен сөйлесудің мәнісі дәл, нақты мәселені ғана қозғайтындай болуы керек.Бұл жағдайда баланың жеке тұлғасына сын жаудыруға («сен сондайсың, сен ондайсың») болмайды. Сіз «айналма қорғаныс», өз абыройын, өз «Менін» қорғау түріндегі тойтарысқа тап боласыз. Жанжалды жағдайларды шешкен кезде, баланың тек нақты әрекеттеріне ғана баға беріңіз. Ол сізге жеке тұлға ретінде емес, оның мінез-құлқы ғана ұнамайтындығын білуі тиіс.Ержеткен балаңыздың қызығушылықтары мен дәм құмарлықтарын қабылдау – ата-ана үшін жалғыз дұрыс шешім.Балаңыздың ұнататын нәрселеріне қызығушылық танытыңыз – оның сүйікті компьютер ойындарын, фильмдерін, музыкалық топтарын біліп жүріңіз. Міндетті түрде сізге ұнайтындарын айтып отырыңыз: бұл балаңызға ұнайды, оны таңқалдыратын болады, қуанып қалады.Баланың белгілі бір еркіндікке деген құқығын аяқасты етпеңіз: есік қақпай бөлмеге кірмеңіз, рұқсатсыз заттарын қозғамаңыз, оның аймағында өз тәртібіңізді орнатпаңыз.Оның таңдау құқығын, соның ішінде қателіктер жасау құқығын сыйлаңыз.  Оның бас тартуларын түсіністікпен қабылдаңыз. Сіз балаңызды қаншалықты дәрежеде мақтасаңыз, оның өзіне деген сенімі соншалықты артады және ол сізбен өз істерімен қуана бөлісетін болады. Әрине, мақтау баланың шынайы жетістіктеріне сай болуы тиіс, жетістіктер болмашы болса да, міндетті түрде мақтау сөз айтыңыз. Баланы шамадан тыс және еш себепсіз мақтау – өзіне деген сенімі негізсіз, өркөкірек адамды өсірумен тең.  Балаңызды көтермелейтін мейірімді сөздермен және сөз тіркестерімен сондай-ақ еркелетіп құшақтау, жақын тарту арқылы қолдап отырыңыз.Бет әлпетіңіздегі көңіл күйге назар аударыңыз – ол балаңызға сенім мен шабыт сыйлап, өз жетістіктерімен ата-анасын қуанту ынтасын туғызатын болсын.Баламен сөйлескенде зеку мен дөрекі дауыс ырғағына жол бермеңіз. Сондай-ақ «Бұл сенің қолыңнан келмейді»; «Бұндай салмақты дүниелерді қолға алу үшін сенің күшің аздық етеді»; «Мен сені ақылдырақ деп ойласам» деген секілді баланың өзіне деген, өз күшіне деген сенімін жоятын сөздерді айтуға болмайды.Отбасыңызда жүрек жылуына, махаббат пен сыйластыққа жағдай жасаңыз.Өз мақтауларыңызда балаңызды оның жетістіктері үшін емес, балаңыз болғаны үшін жақсы көретіндігіңізді көрсете біліңіз; Өз балаңызды ешқашан айналадағылармен салыстырмауға тырысыңыз (тіпті іштей), әсіресе өз балаңызды өзгелерден төмендетіп салыстыруға мүлде жол бермеңіз. Егер баланы отбасында қадірлемесе, ол ниеттестерін сырттан іздейтін болады. Және жаман ортаға тап болуы әбден мүмкін.Жасөспірімдер ересектер тарапынан болатын кез келген екіжүзділікті бірден сезеді. Сондықтан ата-аналарға, ең алдымен ұлынан немесе қызынан мәселен өз бөлмелерін жинауды талап етпес бұрын, өздері пәтердегі тәртіпке жиірек көңіл бөлу қажет. Егер ата-ана балаларының бірдеңеге шындап қызыққанын қаласа, олардың өздерінде шығармашылық қызығушылық болу керек, бітпейтін теле-сериалдардан бас тартып, отбасындағы бос уақытта қызықты жоспарлар жасаса және бірге орындайтын дамытатын және шығармашылық іс-әрекет ойлап тауып оны іске асырсаңыздар, - деп сөзімді қорытындылаймын.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Особенности ответственности несовершеннолетних""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 908 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 653
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баекеев Еркасым Толыбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баекеев Еркасым Толыбаевич
    Баекеев Еркасым Толыбаевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7646
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Нейропсихология детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 995 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 268 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе