Инфоурок Начальные классы Рабочие программыДоклад на тему "Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу"

Доклад на тему "Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу"

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ
       ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Цель интерактивного процесса – не только давать нужную информацию, а также  обучать учеников к самостоятельной работе.

 Purpose of the interactive process – not only provide the necessary information, and to train students to work independently.

 

          Тәрбие - ұлылар өсиетін сақтай отырып, олардың адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуші бірден – бір құрал. Тәрбиелеу теориясы түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі.

Адамгершілік тәрбие заман өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады себебі, тәрбие –қоғамдық құбылыс.

 «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңартуларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр.  «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста педагогикалық процесіндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады.

    Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында жаһандану  мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың жеке адамдардың адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр. Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиеленісе түсті. Бұл бір жағынан барша саланың  ғылымдануы, ал екінші жағынан рухани азғынудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, жалпы тәрбие жүйесі күрделенгендігін байқауға болады.

   Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болғаны абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы қажет. Адамды жақсы ететінде, жаман ететін де – тәрбие. Сондықтан, жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. Себебі мұндай негіздерді өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай бағаламай даму жолына түсу мүмкін емес.

Қазақ энцеклопедиясында «адамгершілік тәрбиесі» - тәлім тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы» - деп ұғындырылады.

  Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты және жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптың көлемі, мазмұны тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.Адамгершілік тәрбиесінде интерактивті тәсілді қолданудың тиімділігі өте маңызды. Инновациялық әдістердің ең негізгі әдістерінің бірі-интерактивті әдіс.

Интерактивті әдістің негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынынас диалогы арқылы жеке түлғаны қалыптастырып дамыту. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқушының жеке тұлғасын бағыттау. Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін аттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив- ағылшынның « өзара әрекет» деген сөзінен шыққан.

Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып жеке тұлғаны дамытуға бағытталған.(Қосымша 1 )

  Бұл әдіс тәсілдер оқушының қызығуы мен белсенділігін арттырып, мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

  Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу емес, үйрене білу. Үйрене білу - қажетті дағды, ол барлық дамыған және дамушы елдердегі азаматтар үшін қажет. Интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушы бойында шешендік өнер жетілдіріледі.

        1.Оқушының өзіне деген сенімі туады.

        2.Сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

        3.Өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады.

Интерактивті әдістерін қолдана отырып мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады.

         1.Уақыт үнемделеді.

         2.Оқу мен тәрбиенің сапасы артады.

         3.Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік жасалады.

         4 Оқушылардың  белсенділігі мен қызығуларын арттырады,сонд

   Адамгершілік-адамның күнделікті қарым – қатынасына қатысты ізгілік ұстанымдарын бейнелейтін моральдық қасиет.

 Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады.

Адамгершілік тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылығы бағдарын айқындайтын құрал. Сондай-ақ тұлғаның ар-ожданын, танымдық қызығуларын кешенді дамытады.

Тәрбиенің қоғамдық бағытталғандығы, өмірмен байланысы, тәрбие ықпалдарының бірлігі, мектеп, отбасы, жұртшылықтың тәрбиелік талаптарның бірлігі.

   Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны

 

·                    Орнықты адамгершілік сезімдерді, адамгершілік сапалары және жоғары мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру.

·                    Адамгершілік мұраттармен қоғамның талаптарымен таныстыру.

·                    Аламгершілік білімдерді адамгершілік сенімдерге айналдыру, осы сенімдер жүйесін құру.

·                    Адамгершілік әдеттерді қалыптастыру.

        «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Яғни адам бойындағы барлық игі қасиет мектеп қабырғасында қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз.

Жалпы адамгершілік тәрбиесі жас ұрпақтың адамгершілік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Демек оның жүйелі, сатылап қамтитын мәселелеріне адамдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлаумен ибалық, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, жомарттық, ізгілік пен достық ізгі қасиеттерді жатқызамыз.

П.Кропоткин адамгершілік қасиеті туралы   «...бұл өз бойына адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап, өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекеттеріне қиналу-мұның барлығы адам табиғатының ортақ ажырамас ерекшелігі» десе, В.Соловьев « адамгершілік бір адамныңекіншгі адамға сыйлай алатын заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы» деп адамгершілік құндылығын жоғары бағалап жоғарыдағы ойымызды дәйектей түседі.

  Оқушылардың рухани дамыту мәселелерін зерттеп жүрген ғалым Ш.Майғаранов тәрбие білім беру, оқыту арқылы және сыртқы әлемдік күштердің түрткісі негізінде адамның жан дүниесінің даму үрдісі болатынына тоқтала келе, тұлғаның руханилығы оның ізгіліктік бағыттағы дүниелік қатынастарға енуі.

  Адамгершілік тәрбие, адамгершілік құндылықтар барлық тәрбие       бағыттарының  негізге алатын - алтын діңгегі болып табылады.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әдептілігімен ардақталады.(Қосымша 2 )

Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын үрдіс. Осыны екі ауыз сөзбен топшалаған ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау» деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қадалаған. Адам тек қана тән емес, сонымен қатар үлкен қажеттігі бар жаны да. Нақты өз аттарымен айтатын болсақ  жан деп отырғанымыз-рух, ал тән-нәпсі. Қазақта мынадай сөз тіркестері бар: рухы жоғары, рухани бай адам, рухтанып кетті, рухани ұстаз. Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып «рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге байланысты. Оның адам басында кездесетін барлық жақсы қасиеттері мен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін аңғару қиын емес.

Сондықтан адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан  туындайды, ал барлық жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады

 Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын  түсіну және өзін-өзі үздіксіз бір қалыпты жетілдіру.

     Қай кезеңнің келелі мәселесі бола білген адамгершілік тәрбиесін әр уақыттың өзінің дана ойшылдары мен ғұлама ғалымдары еңбектеріне арқау еткен.

   Бүгінгі таңда ұстаздар қауымы алдында үлкен жауапкершілік, азаматтық міндет жүктеліп отырғанын бәрімізде білеміз. Ұстаз-ол шәкіртін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, алдында отырған әр жеткіншектің бойына адамгершіліктің дәнін сеуіп, жемісін көруді мақсұт ететін диханшы іспетті жан. Әсіресе өз бойына рухани адамгершіліктің қасиетін сіңіре білген сынып жетекшілердің шәкірт бойында осы рухани құндылықты ұштастыра білулері-үлкен өнер. Адамгершіліктің қарапайым қағидасы арқылы тәрбие негізі қалыптасып  күрделене береді. (Қосымша 3 )

Сонау Орхан жазба ескерткіштері мен Қорқыт ата кітабынан бастап орта ғасырлық ойшылдардың төл туындылары  мен даламыздың дана жырауларының поэзиясына,халық ұлдарының шығармаларына зер салсаңыз,кез-келгенінде адам бойындағы адамгершілік қасиет, олардың қалыптасуы туралы кеңінен сөз болған.

    Өзіміз үлгі ететін ұлы ғұламалардың адамгершілік туралы айтқан ойлары – ол адамгершілік академиясы.(Қосымшы 4 )

Сондықтан ұрпақты ұлылар үлгісінде тәрбиелеу адамгершілікке бастайтын жол. Шәкірттерді тәрбиелеу ісінде осы адамгершіліктің қарапайым қағидаларынан күрделі академиясына дейін көтеруді мақсат етуде нәтижесі жақсы болары сөзсіз.Адамның адамгершілігін оның жекелеген әрекеттеріне қарап емес,күнделікті өміріне қарап бағалау керек (Паскаль).

Қорытындылай келе халық педагогикасы-ұлттық қазына,ұлттық несібе.Оны жеткіншектің тұла бойына сіңіру әрбір берген тәрбие,сынып сағаты, пәндік сабақтар арқылы адамгершілікті одан әрі ұлттық бағытта ұстанып ұлттық ерекшеліктермен қатар, ұлттық менталитеттің қыр-сырын білу керек. Тәрбиелеу және тәрбиелену оңай жұмыс емес. Ол адамнан ұдайылықты қажет етеді. Заман талабына сәйкес өмір сүру тәртібі өзін-өзі өзгертуіне, өзіндік көзқарастың қалыптасуына, айнала қоршаған ортамен санасуына ықпал етпей қоймайды. Сондықтан оқушылардың рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып, тәрбиелеу үрдісін одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңартуға жасалынған қадамдар адамгершілік сипаттағы тәрбие болмақ.

    Олай болса рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз-бұл дұрыс дағдылармен өзін-өзі ұстау нормалары,ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығы, өзінің өмірдегі орнын атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бір қалыпты жетілдіру, ізгі қасиеттерді бойына сіңіру, жан дүниесін байыту. Өз елін өркениетті елдер қатарына жеткізіп, терезесін тең ұстау, яғни оларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу құндылықтарды қалыптастырудың өзегі болып табылады.

 

Қосымша 1

 

 

 

Проблемалық шығарма әдістері Интерактивті әдістерге жататындар: Пікірталас- тар
 


                                                                                                                             

Топпен жұмыс
 

 

 

 

 


Инсерт әдісіМиға шабуыл әдісі                                                      

                                                                                                                

 

 

Шағын зерттеулер
Винториналар
Іскерлік ойындар
 

 

 


                                                                                                                             

                                                            

 

 

 

 


ПрезентацияКейс-стадий әдісіСауалнамалар жүргізу әдісі                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

Тән тәрбиесіАдамның жеке басының     
         қалыптасуы
Жан тәрбиесі 

                                                                                                                    

 

 


                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АмандасуҚосымша 3

 

Үлкенді құрметтеу
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары,Тілін сыйлау
Дінін сатпау
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                                       

Отаның қорғау
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қосымша 4

 

«Арыңды сатпа, теріңді сат адалдықты ізде» 
(Шәкәрім)
                

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» 
(Абай)
                                                                                                 

 

 

Адамгершілік академиясы
«Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ» 
(Сайф Саран)

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» 
(Әбунасыр әл Фараби)
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                             Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан мектебі 2012ж.№5
  2. Тәрбие құралы журналы 2012ж №6
  3. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі 2012ж№3
  4. Информатика негіздері 2011 №2

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2015 1724
    • DOCX 96 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макамбетова Гульшат Алиякбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4708
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе