Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Оқушылардың шығармашылығын дамытудағы іс-тәжірибем"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Доклад на тему "Оқушылардың шығармашылығын дамытудағы іс-тәжірибем"

библиотека
материалов



Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі



Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы іс-тәжірибем



Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі

Болеубаева Гулбану Азимбаевна











Аудандық тамыз маслихаты-2015



Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы іс-тәжірибем


Жалпы білім беретін мектеп реформасында негізгі бағыт « Аса маңызды міндет — оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту». Осынaу жауапты да күрделі міндетті шешуде, жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері сызу пәні мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктеледі. Бейнелеу өнері – оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді.

Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелеу, сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз еңбегі –ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады» дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет. Шығармашылық бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.  Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ұстаз ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. Арнаулы бір тақырыпқа пікірталастудыру. Қиялдау арқылы сурет салғызу ролге бөліп оқыту. Ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру. 
Ой шапшаңдығын сөз байлығын дамытуда салған суреттерін әңгімелей білу. Мәтін,ертегі, әңгіме бойынша сурет салғызу. Ал сабақтан бос уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері. Мұражайға апару, әр түрлі кездесулер өткізу, әр тақырыпта пікірталаста алған әсерлерін суретке бейнелеу. Журналдарға жазылу, үнемі пайдаланып отыру. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып ойын, ынтасын дамыта түседі. Мұның барлығына ұстаздың ролі өте зор. Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектер мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кездестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі адамды қуантпай таң қалдырмай қоймайды. Бейнелеу әрекеті жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді. Бала қолына карандаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселесін зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді. Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып, оның бастапқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.

Төменгі сынып оқушылармен жұмыс жасауда теориялық талдау қортындылары мен өзіндік бақылауды пайдалана отырып оқушының білім білік дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсыну керек. Бірінші сыныпқа келген оқушының бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сабақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатыны мәлім. 
 Бұл үшін жақсы сурет салатын оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырып өткізу тиімді болмақ. Жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып сурет салудың қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді. Сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін құрылыстың шешімін айтып талқылап алған жөн. Сонда дайындығы нашар оқушы, жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе өзінің жеке ой-түйінін сақтап қалады. Суретті жақсы салатын оқушыға көркем бейнені айқындау, анығырақ етуге мүмкіндік беретін бір емес бірнеше амалдарды қолданумен байланысты күрделенген тапсырмалар беру қарастырылады. Мысалы: салынған суреттегі бұйымға сәндік өнердегі өрнек түзгіштерін ендіру арқылы безендіріліп, суреттегі обьектілерге қозғалыс беретіндей етіп, олардың бір-бірімен байланысын көрсетуді ұсынған жөн. Осылайша жұмыс жасағанда мұғалімнің әрбір балаға жеке тәтпіштеп айтпай жатып-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндігі артады. Сыныпта сурет салу барысында сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір бірімен сөйлесіп ой бөлісіп қарым қатынас жасауы да пайдалы. Сол себепті өзімен парталас достарының дер кезінде айтқан кеңесі бейнелеудің кейбір өзіне тән бөлшектерімен толықтырылып байытылып отыруына септігін тигізеді. Оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: Суретші сурет салу барысында қандай көркемдік нәрсе құралдарды пайдаланатындығын көрнекі түрде көрсету үшін бір оқушыны суретші салған әр түрлі жанрдағы шығармалар, мольберт, кенеп, түрлі түсті әр түрлі химиялық құрамдағы бояулар (акварель, майлы бояу, гуашъ, сангина, туш, пастель, көмір ) қылқаламның бірнеше түрі, қағаз , қатты қағаз. Көрермендер суретшімен сұрақ-жауап арқылы қарым-қатынаста шығармамен және ол пайдаланған әр түрлі көрмені нәрселермен таныс бола алады. Бейнелеу өнер сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әр түрлі тұрпаттары мен әдіс – тәсілдер түрін пайдалану оқушының сурет салудағы шығармашылық тәсілдерін игеруге көмектеседі. 

Оқушының ізденімпаздық ойлау қабілетін дамытатын жолдарға сыныптық кезеңдер, сурет салу мен сызба жұмыстарын орындаудың бірізділік кезеңдері, оқыту саласының қажеттілігі педагогикалық сурет, тақырып бойынша сурет салу болып табылады. Сыныптық кезеңдерде оқушының мүмкіндігі мен жас ерекшелігі үлкен рөл атқарады. Сол себепті оқыту процесінде 1-2 сыныптарда бейнелеу өнері сабағында — сурет салуға арналған құралдармен танысу, жұмыс жасау, қағаз бетіне орналастыра білу, пішімдер мен түстерді ажырата білу жұмыстарымен танысу болса, ал 3-4 сыныпта қағаз бетіне бейнелерді орналастыра білу, бояу түрлерімен жұмыс, бейнелеу өнері түрлерімен танысу, реңдік, натюрморттық бейнелер, жарық — көлеңкені анықтау жұмыстары жүргізіледі. Орта буында, яғни 5-6 сыныптарда өнер түрлері ерекшеліктерімен, перспектива кескіндеме, сызықтық перспектива сияқты күрделі сурет түрлерімен жұмыс жүргізіледі.. Сонымен бірге оқушылардың шығармаларымен таныстыру формалары, яғни оқыту процесіндегі күнделікті сабақтан тыс үйірмелер, көрмелер ұйымдастыру және мектептен тыс мұражайларға, өнер мекемелеріне саяхат түрлері оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда және бейнелеу өнерін өз деңгейінде қабылдауда маңызы зор. Осындай іс-шаралар барысында оқушының сабаққа деген ынтасы мен талабы және оқушы мен оқытушының қарым — қатынасы арта түседі. Ал сабақ үстіндегі оқытушымен оқушы арасындағы қарым- қатынас оқушының іс — әрекетіндегі эмоциялық көңіл – күйі арқылы пайда болады. Сондықтан оқытушы оқушылардың оқу іс – әрекеттерін ұйымдастыра білу қажет. 

Мұғалімнің оқушымен бірге жұмыс жасауының тәрбиелік маңызы: 

  • Оқушының бейнелеуге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттырады. 

  • Сабаққа белсене қатысуына ықпал етеді. 

  • Оқушының жіберген қатесін жөндеуге ықпал етеді. 

  • Бейнелеу жолдары демонстрациялық түрде көрсетеді. Сол себепті мұғалім оқушымен жұмыс жасау кезінде тақтаға сурет салу кезінде тақтадағы сурет мүмкіндігінше көлемді болу қажет. Сурет салу кезінде әрбір орындау техникасының әр түріне қысқаша түсініктеме беріп отыру қажет.

Мектепте көрме ұйымдастырудың бір ерекшелігі оқушылардың өнерге деген қызығушылығын, жан-жақты білімінің жетілуіне, өнерге деген көзқарасының артуына ықпал етеді, көркемдік талғамы мен өнерге деген ұғымдарының қалыптасуына жәрдемдеседі. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өскелең ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу мәселесіне үлкен назар аударылуда. Болашақ жастар өз халқының бейнелеу өнері, қол өнері, 
тарих, әдебиет, музыка салаларының жетістіктері мен жақсы дәстүрлері негізінде тәрбиеленуде.
 
Мектепте ұстаздар оқушылардың, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай азамат болып өсуі үшін қызмет етуі тиіс. Оқушы мен оқытушының өнер жолындағы талпынысы. Қазіргі оқушыны эстетикалық пәндерден алған білімін өмірде қолдана алатын, жан-жақты логикалық ойы терең, сұлулықпен сусындаған ізденімпаз, терең білімпаз ету - әрбір бейнелеу өнері пәні мұғалімінің міндеті.



Автор
Дата добавления 22.04.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров102
Номер материала ДБ-047709
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх