Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Физика / Конспекты / Доклад на тему: "Применение ИКТ на уроках физики"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

Доклад на тему: "Применение ИКТ на уроках физики"

библиотека
материалов

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Оспанова Айнұр Өмірзаққызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің

физика пәнінің оқытушысы


Оқушы жетістіктерін өрістетудегі

негізгі тұлға – мұғалім.


Қазақстанның білім беру саясатына сәйкес білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамассыз ету үшін - қоғамның және тұлғаның /оқушының/ өзекті әрі болашақтағы қажеттіліктерін ескере отырып, үздіксіз білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді қолдануымыз қажет.

«Біз Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды дамытуымыз тиіс. Әсіресе, өмірдің барлық саласында мультимедиялық технологияларды енгізу және дамыту қажет. Мультимедиялық әзірлеудің негізгі бағыты электрондық үкіметті дамытуға, білім сапасын жоғарлатуға,телемедицинаны және электрондық бизнесті дамытуға бағытталуы тиіс» - деп Елбасымыз атап көрсеткендей жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде тиімді қолдануымыз тиіс. Міне, сонда ғана оқу орындарындағы орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады және оқушы өркениетті бола бастайды. Ол үшін әрбір оқытушы өзінің пәнін жетік меңгере отырып, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды орынды пайдалана білуі қажет.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталынды. Бүгінгі таңда қоғам көшке ілесіп келеді. Кәсіптік білім алуға келген әрбір оқушының өзіндік құндылықтары бар және ойлары озық. Олар - өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім. Сондықтан, оқушыларға стандартқа сай сапалы білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияны әрбір оқытушы ұтымды қолдануы керек. Оқушылардың білім сапасын арттыру ең алдымен оқытушының кәсіби шеберлігі мен оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілгенімен оқулық пен керекті көрнекі құралдарға сабақ барысында жан бітіретін оқытушы. Міне ақпараттық технологияны жете меңгерген, компьютерлік сауаттылығы жоғары әр бір оқытушы – өз пәнін оқытуда электронды оқулықтарды, аctivstudio бағдарлама құралдарын, интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай жүйелі әзірлей алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, оқытушыларға сабақ беруде маңызды құрал болып отыр /МАН/. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – технология жөніндегі білімдері қамтиды, яғни теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет желісін, ұялы телефондар, ұтқыр қондырғылар, компьютер, ноутбуктерді пайдалана білу деп айтуға болады.

Сөздіктерге тоқталар болсақ, ақпараттандыру - оқытудың және оқу үрдісін басқарудың тиімділігін артыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және кіріктіру үрдісін айтады.

Ал коммуникация - қатынас жол деген мағынадағы сөз.

Ақпараттық технологияны әрбір пән оқытушысы білім беруді ұтымды қолдану үшін ең алдымен компьютерлік сауаттылығы болуы керек. Оқыту мен тәрбие беру үрдісінде ақпараттық технологияны жүйелі пайдалану барысында оқушы мен оқытушы арасындағы білімге деген сара жол ғылым мен техниканың дамуында өзіндік ерекшеленетін жаңалықтарына толып, жалғасып отырғанын аңғарамыз. Қазіргі уақытта оқыту процесінде компьютер, мультимедия құралдары,электрондық оқулықтар, электрондық бейне таспалар, интернет, интербелсенді тақта, сандық фотоаппараттар қолданып отырмыз. Ақпараттық оқытудың енгені әрбір пәнге байланысты оқытуда оқушының жұмысын оқытушы бақылап отырады, оқушы тапсырмалар жүйесін ретімен өз деңгейінде орындай алады және оқыту нәтижесін интерактивті тақта арқылы жариялы түрде көрсетіп отыруда толық мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану – әр бір оқытушы мен оқушы өз білімін әрі қарай жетілдіру болып табылады. Міне көріп отырғанымыздай өскелең ұрпақ уақытты тиімді пайдалана алатын, жан-жақты, іздемпаз, шығармашылыққа жаны құмар, ойлау қабілеті дамыған, белсенді, ақпараттық технологияны жете меңгерген болып шығады. Физика пәнін жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту-педагогиканың мүмкіндігін, іскерлігін, шығармашылығын күшейтеді ал бірақ ол оқытушының орнын алмастыра алмайды. Физика пәнін оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану өте тиімді. Себебі, пәнді оқыту кезінде кездесетін түрлі құбылыстар мен зертханалық жұмыстардың жүргізілуі, қосымша кестелер, физикалық формулалар, графиктер, кестелер, тәжірбиелерді және физикалық қажетті аспаптарды, ғалымдардың бейнесін, т.б көріністерді интерактивті тақта арқылы көрнекті етіп көрсете аламыз.

Физика пәнін оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары;

- Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізе алады (интернет,қашықтан оқыту)

- Тақырып шеңберіндегі физикалық құбылыстарды немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер қорын ұлғайтады

- Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру және оқу материалдарының сапасы арттады

- Компьютер көмегімен оқушы өз бетінше және өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасай алады

- Зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарды орындауға мүмкіндіктер алады

- Оқу курсындағы жаттығулар мен эксперименттік тапсырмаларды шапшаң, әрі нақты орындай алады.

- Өзін - өзі бағалай алады.

Жаратылыстану ғылымдарының қатарына жататын, табиғат құбылыстарынан терең сыр тартатын «физика және астрономия» пәнін меңгеру «инемен құдық қазғандай» тер төгуді және ой сарабына салып, әр түрлі еңбектенуді қажет етеді. Өйткені табиғат құбылыстары, қоршаған орта, табиғат пен техникадағы түрлі заңдылықтар мен құбылыстар, есептеулер, сынақ- тәжірибе, эксперимент әдісі, теориялық талдау мен тәжірибе жасауды толық қамтиды. Оқыту үрдісінде оқытушыға бірден –бір көмекші құралдар – интерактивті тақта және электронды оқулық. Интерактивті тақтаны пайдаланып электронды оқулықтың көмегімен оқушыларға тақырып төңірегіндегі түрлі суреттер, бейнекөріністер, сызбалар көрсетіп және тест тапсырмаларын орындатуға , есептер шығартуға мүмкіндік көп. Меңгерілуі қиын тақырыптарды ақпараттық – технологияның көмегімен оқушыларға түсіндірудің нәтижесінде оқушының жаңа тақырыпқа, пәнге деген қызығушылығы артады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар өзін–өзі және оқушыны шығармашылыққа баулиды.

Оқытудың ақпараттық және интерактивті технологияны қолдана отырып басқа пәндермен қоса физика пәнін оқыту, оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді жете меңгеруіне үлкен ықпалын тигізеді және физикалық үдеріске сергек қатысуға, компьютердің көмегімен физикалық құбылыстардың шешімін іздеуге ұмтылысын оятады.

Сабақ әзірлеу барысында оқытушы талғамға сай сапалы сабақты Activstudio Professional Edition – ды пайдалана отырып жасай алады. Activ-тақта әрбір оқытушы өзінің пәнін қызықты да көрнекті оқытуға арналған түрлі қондырғы құралдарды пайдалану мен қатар, тақтада бор есебінде Activ – қаламды ауыстыра алады.

Оқытушы сабақ әзірлеу барысында мынаған назар аударған жөн:

  1. Компьютер мен аctiv тақтаның дұрыс қосылуы

  2. Өзінің интерактивті тақтамен жүйелі жұмыс жасай алуы

Әрбір тақырыпқа өтілетін сабақты даярлағанда оқытушы мұқият болуы қажет. Себебі, оқушының қызығушылығын күн сайын өтілетін сабақ мазмұны арқылы және аctiv- тақтаның безендірілуі арқылы арттыра аламыз.

Сонымен бірге, сабақ барысында оқушылар өздері Activ- тақта көмегімен шығармашылық есептер, есептер нәтижесінде алынған түрлі графиктер, сызбалар, суреттерді қадағалай отырып, ол қандай құбылыстарды түсіндіретінін, онда қандай сыр жатқанын ұғатындай дәрежеге көтеріле алады.

Activ – тақтада электронды оқулықты пайдаланып оқушылар дыбыстармен естіп, бейнелерді көрсе және қозғалып тұрған кескінді немесе басқада тақырыпқа сайкес сызбаларды сызып және оның мазмұнын меңгере алса, онда физика курсындағы оқытылатын физиканың қозғалыс заңдарымен есептеулерді, форулаларды есте сақтап жедел және берік игере алады. Сонымен қатар, пәнге деген ақпараттық қызығушылығы артады.

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Физика пәнін оқытуда берілген зертханалық жұмыстарды орындауда есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады. Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын физика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интелектуальдық қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдылардың қалыптасуына әкеледі. Физика пәні табиғаттағы құбылыстарды зертейтін негізгі ғылым екені белгілі. Зерттеу жұмыстарында түрлі эксперементтік тәжірбиелер жасалынады, есептеулер жүргізіледі. Заңдылықтарды тұжырымдау барысында зертханалық жұмыстар жасалынып, дәлелдемелер келтірілді. Міне осындай жұмыстарға негізделген зертханалық оқу құралы Xplorer GLX –ті 2006 жылдан бастап PASCO scientific компаниясының авторлық құқығымен қамтамасыз етілген зртханалық оқу құралы физика, химия,биология пәндерін оқытуда қолданысқа енеді. Осы қолданысқа еніп отырған оқу құралында PASSPORT Xplorer GIXТМ құрылысы арқылы зертханалық жұмыстардың орындалуы көрсетілген , ол автономды қолмен басқарылатын есептегіш құрылғы. GLX бұл оқушылар мен оқытушыларға арналған құрал. Бұл-құрал деректерді жинайды, талдайды, графиктерді салады, керек кестелерді дер кезінде есептеп шығарады, қажет деректі қағазға баспа құралы (принтер) арқылы басып шығарып бере алатын мүмкіндіктері бар. Xplorer GLX екі температура сенсорын қоса алғанда,бір уақытта төрт PASPORT сенсорларымен жұмыс жасайды және тағы бір кернеу сенсорымен GLX порттарына бүйір жағына қосыла алады. Алынған мәліметтерді сараптама жасап және тапсырмаларды орындау үшін компьютерлерге қосуды талап етпейді.

Міне, физика пәнін оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың өзі -ғылым мен техниканың қарыштап дамығандығын көрсетеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №3, 2004ж

  2. «Физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №4, 200 9ж

  3. Физика Xplorer GLX –пен бірге. Физика бойынша зертханалық оқу құралы

  4. А.Ж.Қалығұлов «Физиканы оқыту методикасы». Алматы «Рауан» 1992

  5. «Физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №4, 2010 ж

  6. «Білім» ғылыми - әдістемелік журналы. №4,2011 ж

  7. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  8. «Қазақстан мектебі» Республикалық ғылыми – педагогикалық журналы. №3, 2012 ж





Автор
Дата добавления 06.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров173
Номер материала ДВ-235315
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх