Инфоурок Русский язык КонспектыДоклад на тему: "Применение технологии развивающего обучения на уроках казахского языка"

Доклад на тему: "Применение технологии развивающего обучения на уроках казахского языка"

Скачать материал

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ  САБАҚТАРЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Ысмағұл Жәния

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі

 

«Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп - өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңа табатын өнер», - деп тәлімгер – ғалым Ж.Аймауытов көрсеткендей, білім сапасын арттыру мұғалімді үнемі ізденіске жетелейді. Сапалы білім беру жолында, педагогтардың  шеберлігін дамытуда және іскерлігін  шыңдауда жаңа технологияны қолданудың  маңыздылығын аңғарып жүрміз. [1]

Оқытудың жаңа технологиясы -  оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, қолдануды, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді  жүзеге асырады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы -  оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін  дамытады.

Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді.Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің  бойында білімділік, біліктілік,  саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың мүмкіндіктері көп. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу  оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.

Құзіреттілік – кәсіби әрекет тәсілдерді жан – жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оған  В.М. Соколов былай деп  сипаттама береді:  «Кәсіби  құзіреттілік  - дамушы тұлғаны әлеуметтендіру, ішкі жағдай жасау, құнды бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тәжірибесінде әлеуметтік іс - әрекеттер жүргізе білу.»  Оқушының кәсіби мамандық игерде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен шығармашылықпен айналыса отырып, кез – келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін  тұлға қалыптастыру  құзыреттіліктің құрамы болып табылады. [2]

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті  - оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. 

Жаңа педагогикалық технология – бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы оқушылар мен мұғалімдерге жайлы жағдай тудырудың, біріктірілген педагогикалық қарым – қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). [ 3]

Технология дегеніміз -  бір істегі шеберлік пен өнердегі әдіс жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымдастыру, белгілі бір мақсатқа жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы. [4]

Тілдерді қолдану мен дамытудың  2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай туғызу қажет.» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде білім беру үрдісінің талаптары оқушыларға мемлекеттік тілді кәсіби бағытты оқытуды көздейді. Кәсіби бағытта оқытудың басты мақсаты – қазақ тілінен және өзі алатын мамандықтары бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, сөздік қорларын кәсіптеріне қатысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байыту. [5]

Бүгінгі таңда балалардың таңдаған мамандығына қарай, кәсіби білім саласына ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырады. Білімді, мәдениетті, кәсіби, білікті маман  даярлауда ана тілінің атқарар ролі, яғни қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудың маңызы зор.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту  мынадай міндеттерді қамтиды:

1. Жан-жақты  әдістемелік шеберлік тұрғысынан ізденіс жасай отырып, бағдарламада көрсетілген  сағат аясында тақырып бойынша мүмкіндігінше мағлұмат қарастыру;

2. Сабақ барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;

3. Қазақ тілі мен  әдебиеті сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлендіру ;

4. Әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт- сананы біліп өсуге тәрбиелеу, ықпал ету ;

5. Оқушыларды адамгершілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру;

6. Оқушының бойына жақсылық пен ізгілік негізін сіңдіру;

7. Шәкірт санасына асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық қасиеттерін ұялату.

Әрбір кәсіптік мамандық иелерінің  өзін-өзі тануына, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруына  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  орасан ықпалы бар. Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде, оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян.Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету сипатын аңғарту, сонымен қатар өнерлерімен өзектес болып жатқан өмірлеріндегі өнегелік үлгілерді шәкірт санасына сіңіре білу, құзіреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы.  Осы орайда жаңа технологиялар  сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Пәнді оқытудың тиімділігін арттыру ең алдымен, күнделікті оқу үрдісін жақсартудан, сабақтың сапасын арттырудан туындайды.

Сабақтың сапасын арттыруда жаңа технологияларды зерттеп, зерделеп, іс – тәжірбиемде қолданудамын. 1986 жылы Ресейде озық технология деп жарияланған, оқытушылар мен әдіскерлердің назарын аударған дамыта оқыту элементеріне назар аудардым. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау әрекетіне, шығармашылық қабілетінің өсуіне, өзіндік ізденіске, ақыл – ой жұмысының әр түрлі жағдайға бейімделуіне бірден – бір септігін тигізеді.

Сондықтан да дамыта оқыту технологиясын пайдаланғанда төмендегідей жайттарды мақсат еттім:

-          оқушының қабілеті мен  дарынына ықпал ету;

-          өзін -өзі жетілдіріп, дамыта және  тәрбиелей алуына көмек көрсету;

-          оқушының зерттеуін, ізденуін және іскерлік дағдысын қалыптастыру.

«Дамыта оқыту» жүйесінің құрылымы:

 I. Оқытудың үшжақты мақсаттарын нақтылау;
 II.Ұжымдық бөлініс іс -әрекеті;

III. Оқу міндеттерін қою, сатылап шешу;

IV. Ұғымдар мен әрекет тәсілдерін игеру;

V.   Өзіндік білім игеру іс -әрекеті;

VI. Теориялық ойлауды қалыптастыру;

VII. Алынған нәтижені талқылау, бағалау.

Сабақ қажетті оқу - әдістемелік құралсыз шешілмейді. Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен  балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пән сайлы болуы керек, » - деп аталған екі факторды ерекше көрсетеді. Сабақ барысында ақынның жанды тұлғасын шынайы және айқын көрсеткен өмір эпизодтары мен деректерді, өмірбаянына қатысты шығармаларды, замандастарының естелігін, түрлі сурет – картиналарды ұтымды пайдалануда ақпараттық технологияның  мүмкіндігі зор, әрі дамыта оқытуда көмегі көп. Өз тәжірибемде интернет ресурстарынан оқушыдан жазба жұмыстарын өз мамандығына байланысты алып, үй тапсырмасына да ізденісте, әрі бала қызығатындай, қабілеттерін дамытуына мән беремін. Өз мамандығына сәйкес суреттерді беріп, әңгіме, эссе,  сөйлем құрастыруға тапсырма беріліп, сөйлемге талдау жасалынады. Мақал – мәтелдерді беріп немесе жұмбақ жасырып  шешуші сөзге өз пікірін айтқызу, әңгіме, сөзжұмбақ  құрастыру оқушылардың тіл байлығын дамытуға көмегін тигізеді. Іс қағаздарын толтыруда,  коммуникативті құзырлықты қалыптастыруға «Қызметке қабылдау» ойыны,  рольдік ойын, тренинг, пікір алысу, проблемалық сұрақтар, пайымдау сұрақтар   әдісін қолданудың ықпалы барын аңғардым.

Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген  қызығушылықтың төмендеуі  ұстаздар қауымын ойландырып жүрген  жайт. Әдебиет пәнін дамыта оқытуда дамытушылық жаттығулармен жұмыс сөз байлығымен қатар интеллектуальдық қасиеттерді дамытып, өзіндік ізденіске жетелейді.Дамыту жаттығуларына мәтіннен нақыл сөздерді, мақал – мәтелдерді теріп, топтау жасау.Өлеңді шумағын, әңгімені өз сөзімен жалғастыру, оқылған мәтінге өз пікірін айту тапсырылады. «Өзін - өзі» тану пәнінің «Шығармашылық жұмыс», «Сахналау», «Бейнематериалдарды көру » әдістері өзіндік үйлесім табады. Ақындардың өмірбаяндарына қатысты басты дерек, көріністерді келтіріп, шығармашылығындағы имандылық мәселелерін насихаттай отырып, тарихи мәні бар шоқтығы биік туындыларды түсіндіруде М.Жұмабаевтың кеңейтіп оқыту әдісінің әсері мол екенін аңғаруға болады.

Оқушылардың әуезді, ырғақты мәнерлі сөйлеуі мен  оқығанын, көргенін, тыңдағанын, ойлағанын, жүйелі, түсінікті етіп баяндауы және  адамдармен әдепті әңгімелесуіне сабақтан тыс шаралардың көп көмегі бары баршамызға аян. Пән үйірмелерінде «Өлең сөздің патшасы» көркем оқу сайысы, «Ән көңілдің ажары» ақындар өлеңіне жазылған әндер жарысы, «XXI  ғасыр әдебиетшісі» интеллектуалдық ойыны, «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс, «Сахна сәні» әдеби қойылымдар мен көріністер, «Өнерге әркімнің – ақ бар таласы» көңілді тапқырлар сайысы т.б ұйымдастыра отырып, оқушылардың теориялық білімді меңгеруде ізденімпаздықпен бірге жеке тұлғалық қадір – қасиетін дамытуы көзделеді.

Осы орайда пән оқытушысының топ жетекшісі мен өндірістік оқу шеберімен, ата – аналармен байланысты үздіксіз жүргізе білуі ерекше орын алады.

Оқытудың барысында сергіту жаттығуларын жасатып, «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Поэзия минуты» ойындары арқылы жеке тұлғаның дамуындағы өзгерістер мен көңіл күйін анықтау жүргізілсе, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту оны үнемі ойландыру, іздендіру, оқытудағы әдіс –тәсілдің жүзеге асқанын білу үшін «Өзіндік бағалау», «Идеал тапсырма» әдісі, «Ия, жоқ» ойынын өткізу, сауалнама алу, пікір алысу  ұйымдастыруға болады.

Бұл әдіс – тәсілдерді қолдануда мынадай  тұжырымға  келдім:

-          дамыта оқыту жүйесінің құрылымын  сақтау;

-          дамыта оқыту  элементерін  барлық тарауға енгізу;

-          нәтижені  саралап, бағалауда өзіндік бағалауды қолдану және оқу әрекетінің бағалау көрсеткішін анықтау;

    -    жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар мен тапсырмалар  жасау;

    -     жетіспейтін дидактикалық құралдар мен көрнекілік  жүйесін қалыптастыру; 

    -  Кешенді әдістемелік қамтамассыз ету бағдарламасына пәннің тарау бойынша сабақ жоспарларын, барлық көрнекіліктерімен бірге енгізу.

Оқу бағдарламасына сәйкес «Тамақтану мекемесінің маманы» мамандығы тобында қазақ тілі пәні бойынша бір тарауға дамыта оқыту  жүйесінің  жасалынған құрылымын назарларыңызға ұсынамын.

 

Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс – қағаздарының түрлері мен тілдік – құрылымдық ерекшеліктері ( 10 сағат)

 

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Неге назар аудару керек?

Шығармашылық тапсырмалар

1

Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс – қағаздарының түрлері мен тілдік – құрылымдық ерекшеліктері

2

1.Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс – қағаздарының түрлерін топтастыру

2.Жаңа термин сөздерге аударма ( глоссари) жасау

Жаңа термин, терминдік тіркестерге сөзжұмбақ құрастыру

2

Хабарландыру, олардың құрылымдық – тілдік ерекшеліктері

1

Хабарландыру жазу

1.Мамандық жұмысына шақыру

2.  «Шебер аспаз» конкурсын хабарлау

«Өз мамандығының үздігі» конкурсының ережесін хабарлау

3

Жарнама, олардың құрылымдық – тілдік ерекшеліктері

1

Жарнама жасау

1.Өзінің сүйікті  тағамына

2.  Азық – түлік өніміне

Жарнама жасау

1.Супермаркет

2. Мейрамхана

4

Анықтама, олардың құрылымдық – тілдік ерекшеліктері

1

Анықтама дайындау

1. Жұмыс қызметі туралы

2. Жанұя туралы

Курстас достардың лицейдегі қоғамдық жұмысы туралы

5

Мәжілісхат, олардың құрылымдық – тілдік ерекшеліктері

2

Хаттама жазу

Күн тәртібінде :

  1. Оқушылардың

I ж/ж оқу үлгерім көрсеткіші

  1. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындық

Ұжымның жалпы жиналысы.

Күн тәртібінде:

1. Аспаз Әбекенованың өз жұмысына жауапкершілікпен қарамауы

2. Асхананың жұмыс жоспарын орындауы туралы

6

Бұйрық, олардың құрылымдық – тілдік сипаттары

1

Бұйрық жазу

  1. Жұмысқа қабылдау туралы
  2. Арнайы бұрық

 ( құттықтау, мадақтау)

  1. Іссапарға жіберу

Атқарылған жұмысқа байланысты

 ( ескерту, сөгіс)

7

Келісімшарттар, олардың құрылымдық –тілдік сипаттары

1

Келісімшарт жасау.

Мейрамхананы сатып  алу – сату туралы

Келісімшарт жазып келу

1.Ақша қаражатын қарызға алу, қарызға беру жөніндегі мәмілелер

2. Әлеуметтік серіктестермен (кәсіби практика)

8

Жазба жұмысы. Қайталау

1

Диктант

«Тамақтану  мәдениеті»

Диктант ішіндегі сөздерден хабарландыру жазып келу

 

Аталған әдіс – тәсілдерді қолдануда оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылық сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде дамыта оқыту жүйесінің тиімділігі мол екенін анғардым.

Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті - білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.       

Жаңа нәтижеге бағытталған білім - инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде  пайдалана алатын білім. [6]

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін, біліктілігін жетілдіріп, оқу сапасын арттыруға болады. Ұлттық болмыстың толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – білім ошағы. Елімізде білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылуына өз үлесімізді қосамыз.

 

                                                

                                                Пайдаланылған әдебиеттер:

1.       Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы

2.       «Тілдерді қолдану мен дамытудың  2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік       бағдарламасы» 2011 жыл

3.       Т.Қ. Жұмажанова  «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, 2009 ж

4.       «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №2, 2004 ж

5.       «Қазақстан кәсіпкері» журналы №10, 2010 жыл

6.       «Егемен Қазақстан» газеті 14 қазан 2009 жыл

7.    «Кәсіптік мектеп» журнал №4, 2008 жыл

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Применение технологии развивающего обучения на уроках казахского языка""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 694 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 776
    • DOCX 75 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ысмагул Жания Бакытжанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ысмагул Жания Бакытжанкызы
    Ысмагул Жания Бакытжанкызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6412
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель русского языка как иностранного

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 545 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Педагог дополнительного образования по русскому языку и культуре речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 478 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе