Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Доклад на тему «Сабақ барысында ойын технологиясын қолдана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру»

Доклад на тему «Сабақ барысында ойын технологиясын қолдана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!

Менің аты-жөнім Зия Нұршаш, мен бастауыш сынып мұғалімі болып Федоров ауданы білім бөлімінің №2орта мектебінде қызмет атқарамын. Менің өмірлік ұстанымым: «Адам мен адамды, халық пен халықты теңестіретін білім»-деген Мұхтар атамыздың айтқан сөзі.

Әдістемелік тақырыбым:

«Сабақ барысында ойын технологиясын қолдана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру.»

Мақсатым: Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыра отырып, ауызша сөйлеу тілдерін дамыту.

Біздің президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты, мәдениетті, патриот азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз», деп атап айтты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет мектеп табалдырығын аттайын деп, қазақша оқимын деп тұрған кішкентай 12 бүлдіршіндерді көргенде жүрегім қуанышқа , бір жағынан қорқынышқа да толы болды. Өйткені өзім алғаш рет жас маман ретінде келіп, бірінші жыл 1-ші сыныпты алдым.Кішкентай оқушылардың ішінен 3 оқушы ғана қазақ тілін жетік білді, ал қалған оқушыларым орыс тілінде сөйлейтін. Сондықтан жұмысымды бастамас бұрын, өз алдыма білім беру, тәрбиелеу мақсатын көздей отырып, тіл дамыту мақсатын қатар қойдым. Шәкіртті оқыту барысында тілін дамыту көкейтесті мәселе. Әрине, ана тілін, өз тарихын білмеген ұлт өз-өзін жоғалтқаны деп есептейміз. Өз ана тілін жоғалтпау үшін біз жас ұрпақты өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуіміз керек. Әр нәрсені жақсы көру, үлгі тұту құрметтеуден басталады. Баланың тілін дамыту үшін сабақтарда дәстүрден тыс формалар мен тәсілдерді қолдануыма тура келді.

Бастауыш сыныптарда пәнге деген қызығушылығын көтеруге жетелейтін жолдардың бірі, сабақ үстінде оқытудың белсенді формаларын пайдалану, жұмыс тәсілдері мен құралдарының әр түрлілігі болып табылады. Сабақты ұйымдастыруда әр түрлі тәсілдердің арасында білім алушылардың аса үлкен қызығушылығын арттыратын ойын және ойын жағдаяттар тәсілдері. Себебі, олар баланың ауызша тілін дамытуға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға көмектеседі, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойын дамытады және сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.

Жұмыс тәсілдері мен дәстүрлі емес формалардың әсері күшті. Бұл тәсілдер мен формаларды қолдану барысында білім алушылар өз еркімен еңбек етеді, жеңіл, тиянақты және тұрақты материалды меңгереді, тәжірибеде қолдана біледі.

«Құнды ақыл-ой дамуы ойынсыз болмайды, және болуыда мүмкін емес. Ойын-бұл үлкен, жарық терезе. Осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне ағыммен көрініс пен түсінік келеді. Ойын-білімқұмарлығы мен талпыныстың отын жағатын ұшқын»-деп Сухомлинский жазғандай, ойын баланы оқыту мен тәрбиелеуде қажет.

Ойындарды таңдаған кезде білім алушылардың ой-өрісін есепке алу қажет. Ойын балалардың құндылықты, жан-жақты психикасына әсер ететінін, олардың танымдылық қабілетін, тілін, үлкендер мен құрдастарымен қарым-қатынас дәрежесін, оқу қызметіне қызығушылығын ояту, балаға талдау, салыстыру, қорытындылау жасауды меңгеруге көмектесетін есте сақтау қажет.

Тіл дамытуда мақал-мәтелдер, ертегілер, диалогтар, ребустар, сұрақ-жауаптар арқылы дамыту әдісі өте қолайлы. Мысалы, математика пәнінен өзімнің құрастырған сабағым; «Мақта қыз бен мысық», сабақ тақырыбы «Қайталау». Ертегіге саяхат барысында пән аралық байланыс кеңінен байқалды және әр оқушы кейпкерлердің дауысын салып, рөлге еніп, ертегіні жалғастыра отырып мысыққа әр ертегінің кейіпкерлерінің тапсырмасын шығара отырып құйрығын қайтарып алуға көмектесті. Бұндай сабақтың баланың тілінің дамуына ғана емес, тәрбиелік маңызыда зор.

Ойындарды өткізу мақсатына байланысты төмендегідей етіп бөлуге болады.

  • ой-өрісті дамыту ойындар;

  • қарым-қатынас қабілетін дамыту үшін ойындар

  • шығармашылық елестетуді дамыту үшін ойындар

Өз тәжірибемде қолданатын ойындар:


Жоғалған сөз” (грамматикалық)

Мақсаты: Сөздерді мағынасына қарай құрастыра білу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтін құрастыра алу.

... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .



«Дыбыс таңдау» ойыны (шығармашылық)

Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын дамыту.

Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем құрайды.

Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады.

Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды;

Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды.

Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой - өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі артады.

Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады:

Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.

Бақыт бүгін бақшаға барды.





Заттың атын айт” (дидактикалық)

Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады.

Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.


Ойлан, тап! (логикалық)

Ойынның мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері дамыту.

*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?



«Сенің есіңде ме?»

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушының тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Өткен тақырыптардағы оқыған әңгімелерде үзінді ұсынылады. Әңгіменің атын, авторын атау керек, ол әңгіме не туралы қысқаша мазмұнын айтып беру.


Ойлау мен сөйлеу қызметін жандандыру үшін көмектесетін әлдеде көптеген ойын түрлері бар. Дәстүрден тыс жұмыс тәсілдері мен формаларды ойын-сауық деп санау дұрыс емес. Ойын- мақсатқа жету құралы болып табылады. Қолдануда меңгеруге немесе жаттығуға жататын жаңа білім.

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»-деп ата-бабаларымыз айтқандай келешек ұрпаққа білім-ғылым нәрін егу маңызы үлкен орын алады.

Менің оқушыларымның жетістіктері бар. Мектепшілік, аудандық өткізілетін олимпиадаларға қатысып , «Мен және төтенше жағдайлар», «Менің Отбасым», «Ананың аялы алақаны», «Дарында балалар фестивалі» атты іс-шараларына қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды.Бұл мен үшін үлкен жетістік.

Қазіргі таңда мен 1-сынып жетекшісімін,

Әдістемелік тақырыбым:

«Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолданып, оқушының ой-өрісін сыни тұрғыда оқыта отырып, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.»

Мақсатым: Мемлекеттік стандартқа сай жеке тұлғаның сөйлеу тілін жетілдіре отырып, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.

Міндетім: Өтілетін материалдың негізгі идеясын меңгерту, қазіргі өмір талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу.


Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолданып, оқушының ой-өрісін

Балаға білім берудегі негізгі тетік өз күшіне сендірту. Баланы өз күшіне сендірту әр қадамын нығайтып, батыр, өжет, ұйымшыл болуға жетелейтін күш.

«Орташа мұғалім айтып береді

Жақсы мұғалім-түсіндіреді,

Үздік мұғалім шабыттандырады, қанаттандырады»-демекші, өз оқушыларымызды ұлы мұғалім болып шабыттандырайық, қанаттандырайық, сол кезде ғана біздің болашаққа зор сенім артуға болады.

Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады.

Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілеймін!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДВ-412780
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх