Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Сабаққа сапалы дайындалу"

Доклад на тему "Сабаққа сапалы дайындалу"

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім сапасын арттыру

Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл - ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

  Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен қатар , оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ,бұл мәселе білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты .Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін, құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр оқушының өзіндік қабілетін, танымдық үрдісін білу қажет.

Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне, біліктілігіне  келіп тіреледі.
Жас ұрпаққа жан — жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі – жаңа технологияның  элементтерін тиімді қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.
Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт — ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің « Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» — деген қанатты сөздерді ұмытпауымыз керек.

Әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып деңгейлік жұмыс түрлері іріктеп алынды. 
Бұл жағдайда мұғалім алдында көптеген сұрақтар пайда болады: 
* Баланы не қызықтырады?

*Ол қоршаған ортадан нені танығысы келеді?
* Бала ақпаратты қалай қорытады:?

Күнделікті сабақта мұғалім оқушы бойындағы танымдық қасиеттерді дамыту үшін осы сұрақтарға жауап іздеуі керек.Ол сұрақтар қалай шешіледі,қай жолмен жеңіске жетуге болады-әр ұстаз өз ізденісі арқылы,өз тәжірибесі арқылы жетеді. 
Менің ойымша керекті компонент– адамның ақпаратты қатынасы. 
Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Оқу –танымдық құзыреттіліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты деңгейлерде қалыптастыруға болады. 
1-деңгей Қарапайым өзіндік жұмыстар. 
Білім алушы қарапайым тапсырмаларды мұғалім берген үлгісіне қарап орындауға дағдыланады. 
II деңгей – жылжымалы 
Оқушы мәліметтерді өз бетінше талдап, жинақтайды. Жинақталған анықтамалардың тиімділігін іріктеп, салыстырмалы түрде қорытынды жасайды. Кездескен қиындықтардан шығу жолын іздейді. 
III деңгей - өзіндік ізденушілік әрекет. Оқушы анықтамаларды салыстырып қана қоймай, өз бетінше мүмкін болатын жауаптарды іздестіреді, яғни зерттеу мәдениеті қалыптасады. 
IV деңгей – тұлғалық өзіндік таным. Оқушы жеке тұлғалық қажеттілігі мен қызығушылығын өтеу үшін өзіндік таным әрекетіне көшеді. 
Сондықтан, оқушылардың тілге қызығушылығын, олардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілінде жаттығулар жиынтығын дұрыс пайдалану маңызды. Жаттығулар тапсырмасы бірнеше топқа бөлінеді: фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, сөйлеу алды, сөйлеуге арналған, оқуға арналған. 
Мысалы: 1 деңгей-«Менің Қазақстаным» тақырыбына байланысты зат есімдер мен етістіктерді атаңыз. 
2 деңгей-Мәтінге сұрақ қояды 
3-деңгей-«Менің Қазақстаным » тақырыбында 5 жолдық өлең жазады т.б. жұмыстар орындалады 
Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың сөйлеу дағдысын ғана қалыптастырмайды, ол оқушыларды ойлауға, өз пікірін айтуға, өз талғамын қорғауға үйретеді, яғни оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға, танымдық белсенділіктерінің артуына мүмкіндік береді. 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушының білімді болуы тікелей ұстазға байланысты. Сондықтан мұғалімдердің білімін, біліктілігін арттыру мақсатында «Педагогикалық шеберлікті арттыру» тақырыбында үш айлық курс жұмыстары жүргізіліп келеді. Оның нәтижесінде оқушыларға әртүрлі жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, деңгейлеріне байланысты тапсырмалар беріліп, оқушылар түгел, ұйымшылдықпен сабаққа қатысып; бір-бірінің пікірін тыңдап; бірін-бірі сыйлап; берілген тапсырманы нақты орындап; бірігіп, белсенді жұмыс атқарып; бәсекелестікке қабілетті болуға тырысады. 

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.

            Бұл туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты» — деген еді.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек.

Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты- білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс -тәсілдерін іздестіру,жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Бәрінің алдына қойған өзекті мәселесі: — «Озық педагогикалық тәжірибені қолдана отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырып, нәтижелі білім сапасына қол жеткізу». Оған қол жеткізу үшін ең алдымен жаңа ақпараттық технологияларды еркін пайдалана білу керек. Нәтижелі білім сапасына қол жеткізу – әрбір ұстаздың өз қолында, әр ұстаздың біліктілігі мен шеберлігінде деп ойлаймын. 



















Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Калинов орта мектебі
















БАЯНДАМА


Білім сапасын арттыру







Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Акентаева А.К.








2015-2016 оқу жылы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров88
Номер материала ДВ-388860
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх